Диаграммаға атау енгiзу.
Егер диаграмма шеберi арқылы тұрғызылған диаграммаға атау енгiзiлмесе немесе оны өзгерткiңiз келсе, оны төмендегi әдiстердiң бiрiмен орындауға болады;
1-әдiс. Тышқан курсорын екi рет басып, атауға өзгертiп жазу арқылы;
2-әдiс. ұяшық адресiнiң формула қатарында мәтiн енгiзу арқылы;
3-әдiс. Диаграмма шеберiн қайта шақыру арқылы.
Диаграммаға мәтiндер енгiзу
Кез келген мәтiндi диаграмма аумағына жазғыңыз келсе, электрондық кестенiң формула қатарына өтiп, қажет мәтiндi енгiзе аласыз. Енгiзiлген мәтiндi белгiлеп , көшiруге де болады.
Диаграмма элементтерiнiң көлемiн өзгерту
Диаграмма элементтерiнiң көлемiн өзгерту үшiн, өзгерiске ұшырайтын аймақты белгiлеп алып, пайда болған төртбұрышты қара квадраттарын әрi-берi тарту арқылы өзгертедi.
Тапсырма 2 Фирма кірістер көрсеткіштерін абсолюттік және пайыздық қатынаста есептеңіздер. Осы мәндер бойынша фирма кірістерінің өсу диаграммасын тұрғызыңыздар.
Фирма кірістерінің абсолюттік және проценттік қатынастағы көрсеткіштері
Достарыңызбен бөлісу: |