Саймандар жинағы
Сайман таңдап алу үшiн саймандар жинағындағы (1.5.сурет)
оның басында шерту керек.
Paint-та 16 инструмент бар.
1) Кез-келген аймақты белгiшелеу.
2) Тiктөртбұрышты сурет фрагментiн белгiшелеу.
3) Өшiргiш суреттiң жеке бөлiктерiн өшiруге арналған.
4) Құю (Заливка) сайманы тұйық контурларды көркемдеу (изображения) түсiмен немесе құю түсiмен толтырады. Сайман палитраның қажет түсiн таңдап, салынған сызықтың түсiн өзгертугемүмкiндiк бередi.
5) Түстi таңдау сайманы кескiндi (изображения) немесе фонның түсiн суреттiң кез-келген нүктесiнiң түсiне өзгертедi.
6) масштаб суреттiң жеке фрагменттерiн үлкейтугемүмкiндiк бередi.
7) Қалам (карандаш) түрлi қалыңдықтағы кез-келген сызықты салуға арналған.
8) Бояғыш (кисть) – ретсiз сызықтарды салуға арналған. Бояғыштың қажеттi (сәйкес) пiшiнi саймандар жинағының астында орналасқан үлгiлер жинағынан таңдалып алынады.
9) Бүрiккiш бояуды экран бетiнiң белгiлi бiр аймағынамайда түйiршiктер түрiнде шашыратады. Бүрiккiштiң өлшемi саймандар жинағының астында орналасқан үлгiлер жинағынан таңдалып алынады.
10) Жазба–мәтiн фрагменттерi бар сурет жасауға мүмкiндiк бередi.
11) Сызық - түзу сызықтар салу үшiн.
12) Қисық сызық – үйлесiмдi (плавные) сызықтарды кекiндегенге. Сызық қалыңдығы үлгiлер жинағынан берiледi.
13) Тiктөртбұрыш – берiлген толтыру түрлерiмен тiктөртбұрыштармен квадраттар салуға арналған.
14) Көпбұрыш – кез-келген пiшiндегi тұйық көпбұрыштар салу үшiн.
15) Эллипс – эллипстермен шеңберлер салуға арналған.
16) Дөңгелектеу тiктөртбұрыш шеттерi дөңгеленген тiктөртбұрыштармен квадратты салуғамүмкiндiк бередi. Тiктөрбұрыш, Көпбұрыш, Эллипс және Дөңгелектеу төртбұрыш саймандарымен жұмыс iстегенде саймандар тақтасының астындағы үлгiлер жинағынан ұсынылып тұрған толтырғыштың үш түрiнiң бiрiн таңдап алуға болады. Толтырғыштың түсi палитрадан оң жақты шерту арқылы таңдалынады.
Суреттегi мәтiндi енгiзумен форматтаудың ретi:
Саймандар жинағындағы Жазба батырмасында шерту.
Мәтiн енгiзiлетiн аймақ шекараларын беру: аймақ төбелерiнiң орналасатын нүктелерiнiң бiрiнде шертiп, тышқанды басып iшiндемәтiн орналасатын пунктирлi тiктөртбұрыштың диагоналi бойынша созу.
Тышқан батырмасын жiбергеннен кейiн пайда болған Қарiптер терезесiнде қарiп түрiн, оның өлшемiмен сызылымын таңдау.
Пунктирлi тiктөртбұрыштың iшiнде шертiп, пернетақтаданмәтiн енгiзу. Жолдың оң жақ шетi пернесiн басқанда пайда болады.
Мәтiннiң өлшемiмен орнын өзгертуге болады. Қарiптiң түсiн палитрадан таңдап алып, өзгертуге болады.
Мәтiн тышқанды пунктирлi тiктөртбұрыштың сыртында шерткеннен кейiн суретте сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |