Формат – Регистр командасын орындағанда ашылған сұқбат терзесінің көмегімен құжаттың әріптерін – сөйлемдегідей, яғни нүктеден кейін бас әріп, барлығы кіші, барлығы бас әріп, сөзді бас әріптен бастау, регистрді керісінше ауыстыру әрекеттерін жүзеге асыруға болады.
8.3-сурет. Регистрсұхбат терезесі.
Тапсырмалар 1. Мәтінді теріңіз:
Информатиканы оқыту әдiстемесiнде математика меп информатика қурстары арасында пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшiн үлкен мүмкiндiктер бар. Информатика мен математика үшiн жалпы ұғымдар: ақпараттар теориясы, шамалар, графиктер және функциялар болып табылады.
П.б. жүзеге асыруда дидактиканың негiзгi принциптерiне сүйену қажет. Бiздiң жұмыста да өзге пәндермен п.б. негiзге ала отырып, информатиканы оқыту әдiстемесiнде дидактикалық принциптер қарастырылады. Олар барлық оқу пәндерiмен өзара тығыз байланысуда жалпыға бiрдейлiк қасиетi арқылы өз кезегiнде жалпы дидактиканы өзiнiң негiзгi категорияларымен байыта түседi.
Пәнаралық байланыстың әр алуандығын толық ашып зерттеу - бұл күрделi мәселе. Бiздiң мiндетiмiз: бiлiм берудiң негiзiн қалауда және оқу пәндерiнiң өзара байланысуының негiзгi бағытын белгiлеп қоюдағы байланыстарды орнықтырудың үлкен мүмкiндiктерiн көрсету.
Регистрдегі барлық әріптерді бас әріптерге ауыстырыңыз. Интервал бүктемесіндегі кернинг жалаушасын қойыңыз. Түзету менюіндегі Көшіру, Енгізу командаларын қолданып, мәтіндегі п.б-ны пәнаралық байланысты сөздеріне ауыстырыңыз.
2.Тізім жазаңыз. Түзету менюіндегі Көшіру, Енгізу командаларын қолданып сөйлемдердің кезегін кері ретке ауыстырыңыз. Тізімнің аты ортаға қарай тураланған, қаріп түрі–Times New Roman, қаріп көлемі–16, жазылуы – кәдімгі. Тізім мәтінінің де қаріпі және жазылуы да дәл сондай, қаріп көлемі -14.