Құрамы күрделі химиялық



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі25,57 Kb.
#92781
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
Князова А СӨЖ 8-9 АПТА ХБ-101


Кешенді қосылыстар
Кешенді қосылыстар, координациялық қосылыстар - жай химиялық
қосылыстардың әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін құрамы күрделі химиялық
қосылыстар. Кешенді қосылыстарға кристаллогидраттар CuSO4*5H2O,
аммиакаттар CaSO4*4NH3, ашудас KAl(SO4)2*12H2O, т.б. күрделі қосылыстар жатады.Кешенді қосылыстар теориясын алғаш (1893) Швейцария химигі А.Вернер ұсынды және оны координациялық теория деп атады.
Құрылымы
Кешенді қосылыстар теориясын алғаш (1893) Швейцария химигі А.Вернер
ұсынды және оны координациялық теория деп атады. Бұл теорияға сәйкес
Кешенді қосылыстарда орт. орын алып тұрған ион немесе атом кешен түзуші
деп, ал оның айналасына жиналған, яғни координацияланған иондарды
немесе молекулаларды лигандалар деп атайды. Кешен түзушінің айналасына
координациаланған лигандалардың жалпы саны оның координациялық саны
деп аталады. комплекс түзілу реакциялары электрон жұптарының тасымалдануымен жүзеге асады және бұл комплексті қосылыстарының түзілуіне не бұзылуына әкеледі. Комплксті қосылыстардың ерекшелігі болып,олардағы донорлы-акцепторлы механизм арқылы түзілген координациялық байланыстың болуы.
Комплекс қосылыстар
Комплексті қосылыстар ерітінді күйде болуға қабілетті,жай молекулалардан
тұратын жоғары ретті қосылыстар деп қарастыуға болады. Комплексті қосылыстар деп лигандалармен қоршалған орталық атомның болуымен ерекшеленетін,кристал күйде де,ерітінді түрінде де бола алатын қосылыс. Кешенді ионның заряды сыртқы иондар зарядының қосындысына тең, бірақ
мәні кері болады. Кешен түзушінің зарядын табу үшін Кешенді қосылыстардың
құрамына кіретін басқа иондардың барлығының зарядының алгебр.
қосындысын шығарып, оған теріс мән қояды. Негізгі кешен түзушілерге хим.
элементтердің периодтық жүйесінің қосымша топшаларында орналасқан dэлементтері жатады. Маңызды лигандтарға жататын полюсті молекулалар:
H2O, NH3, CO, NO, NH2OH, т.б., аниондар: F, Cl-, Br-, Қ-, O2-, OH-, CN-, т.б.
Полюсті молекулалар Кешенді қосылыстардың сыртқы сферасында аниондар
немесе катиондар болуы кешен ионының зарядына байланысты. Егер
қосылыстағы кешен ионының заряды оң болса, сыртқы сферада аниондар
орналасады, ал кешен ионының заряды теріс болса, сыртқы сферада
катиондар орналасады.
Химиялық байланыс
Комплекс қосылыстардың түзілуі орталық атом мен лиганда арасындағы
донорлы-акцепторлы әсерлесуге байланысты.Әдетте электрон жұбының
доноры лиганда болса,акцепторы бос орбитальды болатын орталық атом.Бұл
байланыс өте берік және комплекстің еуі кезінде үзілмейді,оны
координациялық байланыс деп атайды.
Изомерия
Химиялық байланыс
Кешенді қосылыстарда δ-байланыстармен қатар донорлы-акцепторлы
механизм бойынша PI-байланыстар түзіледі.Мұндағы донор өзінің dэлектрондарының лигандаға беруші метал ионы,ал акцептор - энергетикалық
тиімді вакантты орбитальдары болатын лигандалар.Бұл байланысты дативті
деп атайды.
Химиялық қасиеттері
Комплекс түзілу процестері клмплексті ионды түзетін барлық бөлшектердің
қасиеттеріне әсер етеді.Лиганда мен комплекс түзушінің арасындағы байланыс
беріктігі жоғары болған сайын қасиеттері соншама аз дәрежеде
байқалады.Комплек қосылыстар орталық атомның координациялық
қанықпаған және лигандалардың бос электрондары болуынан химиялық
белсенді болады. Мұнда комплекс орталық атоммен лигандалар қасиеттерінен
жоғары электрофильді және нуклеофильді қасиеттерге ие.
Комплекс реагентпен әрекеттесу порцесі мына қосылсытар түзілгенде жүреді:
А)аз диссоциаланатын қосылыс;
Б)аз еритін қосылыс;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет