В)одан тұрақты қосылыс; Г)тотығу-тотықсыздану өнімдері Жай бөлшектерден құралған комплекс ионы олардың өлшемінен үлкен болады.Оның қасиеттері мен беткейіндегі заряд тығыздығы өзгереді.Жай бөлшектерден комплексті қышқылдар түзілгенде Н иондарымен байланыс энергиясы азаяды,қышқыл күші артады Қасиеттері Комплексті қосылыстар тотығу-тотықсыздану реакцияларын көрсетеді: [Cu(NH3)4]²⁺+Zn=[Zn(NH3)4] ²⁺+Cu Комплекс түзілу үрдісі d-элментерінің потенциал шамаларына күшті әсер етеді.Егер катиондардың тотықсызданған түрі ,берілген лигандамен оның тотыққан түрімен салыстырғанда тұрақтырақ комплекс түзсе,онда потенциал шамасы өседі. Лиганда табиғатына қарай:аквакомплекстер,аммиакаттар, ацидокомплекстер,гидрокомплекстер,м акроцилді комплекстер болып бөлінеді. Комплекс зарядының таңбасына қарай катионды-комплексті қосылыстағы комлексті катион[Co(NH3)6]Cl3 анионды-комплексті қосылыстағы анион K[PF6],нейтрал-комплекс заряды 0-ге тең,сыртқы сферасы жоқ. Жіктелуі Кешенді қосылыстың белгілі бір класқа жатуына байланысты: Комплексті қышқылдар H2[SiF6] Кешенді негіздер [Ag(NH3)2]OH Кешенді тұздар K4[Fe(CN)6] А)кешен түзуші атом санынан қарай:монядролы-кешенді бөлшек құрамында бір атом кешен түзуші болады,мысалы-[Co(NH3)6]Cl3;көп ядролы кешенді бөлшек құрамында бірнеше атом кешен түзуші болады. Биологиялық маңызы Ағзадағы химиялық элементтердің рөлі сан түрлі.Микроэлементтердің (C, O, N, H, S, P, Ca, CI, Mg, K, Na) ең негізгі функциясы терінің құрауы,осмос қысымын қалыпты ұстап тұру. Микроэлементы (Cu, F, I, Fe, Mo, Zn, Br, Co), ферментер,гормондар,витаминдер құрамына кіреді де,зат алмасу,көбею,тері тыныс алу поцестеріне қатысады. Макро және микроэлементтер-сүйек пен тіс ұлпаларының материалы. K2[PtCl]4 құрылымы КҚ-ң биологиялық маңызы Ағзада кездесетін кешенді қосылыстарда өтпелі металдар ионы болады: Mn, Co, Fe V.Бұл металдардың ағзада мөлшері аз,сондықтан кешенді қосылыстардың ағза өмірі үшін маңызы зор.Себебі: негізінен кешенді қосылыстардың қызметі-атом немесе бүтін молекуланы тасымалдайды, молекулаларды белгілі жерге бекітіп, поляризациялайды.Кешен түзуші металдар-өмірге қажеттелірге жатады. Кешенді қосылыстарда орталық орын алып тұрған ион немесе атом кешентүзуші деп, ал оның айналасына жиналған, яғни координацияланған иондарды немесе молекулаларды лигандалар деп атайды. Кешен түзушінің айналасына координациаланған лигандалардың жалпы саны оның координациялық саны деп аталады. Кешентүзуші ион және лиганд ішкі сфераны құрайды, оны кешенді ион немесе кешен деп атайды. Координациялық сан немесе валенттілік ол орталық кешентүзуші ионнның айналасына координацияланатын лигандтар саны. Кешенді ионның заряды сыртқы иондар зарядының қосындысына тең, бірақ мәні кері болады. Кешен түзушінің зарядын табу үшін Кешенді қосылыстардың құрамына кіретін басқа иондардың барлығының зарядының алгебралық қосындысын шығарып, оған теріс мән қояды. Негізгі кешен түзушілерге хим. элементтердің периодтық жүйесінің қосымша топшаларында орналасқан d-элементтері жатады. Маңызды лигандтарға жататын полюсті молекулалар: H2O, NH3, CO, NO, NH2OH, т.б., аниондар: F, Cl-, Br-, Қ-, O2-, OH-, CN-, т.б. Полюсті молекулалар Кешенді қосылыстардың сыртқы сферасында аниондар немесе катиондар болуы кешен ионының зарядына байланысты. Егер қосылыстағы кешен ионының заряды оң болса, сыртқы сферада аниондар орналасады, ал кешен ионының заряды теріс болса, сыртқы сферада катиондар орналасады.
Кешенді қосылыстардың атауы кейбір электрбейтарап молекулалардың – лигандалардың қалыптасқан аты бойынша аталады, мысалы: H2O – аква, NH3 – амин, NO – нитрозил, т.б. Егер лигандалардың саны бірнешеу болса, олардың санын грекше көрсетеді: 2 – ди, 3 – три, т.б. Кешенді қосылыстар су ерітіндісінде диссоциацияланады. Кешенді қосылыстар химиялық талдауда, сирек кездесетін маңызды металдарды бөліп алуда, тазартуда т.б. қолданылады. Кешенді қосылыстардың өсімдіктер мен жануарлар организміндегі биологиялық зат алмасу процестеріндегі маңызы зор. Вернердің координациялық теориясы Вернердің координациялық теориясы - швейцариялық химик Альфред Вернер 1893 жылы ұсынған координациялық валенттілік пен кешенді қосылыс туралы теория. Альфред Вернер кез келген элемент өзінің әдеттегі валенттілігін толық қанықтырған соң да, тағы да қосымша координациялық валенттілік көрсетуге қабілетті болып келеді деген пікірді білдірді. Нақ осы координациялық валенттілік есебінен кешенді қосылыс түзіледі. Ал Вернер теориясы бойынша әрбір кешенді қосылыстағы ішкі және сыртқы сфера ажыратылады.Кешенді қосылыстар туралы түсініктің негізін Швейцария химигі Альфред Вернер ұсынса, мұны тұрақтандыра отырып, сәтті дамытуға Л.А.Чугаевтің, А.А.Гринбергтің, В.В.Лебединскийдің және т.б жұмыстары үлкен рөл атқарды