Құрамы мен оның адам ағзасын тазалаудағы әсері Секциясы



бет3/10
Дата02.10.2022
өлшемі371,45 Kb.
#151376
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы мен оның адам ағзасын тазалаудағы әсері

7. Зерттеудің базасы: Дәрілік өсімдіктердің фармокологиялық жағдайы.
8. Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы ретінде Қазақстан флорасы оның дәрілік өсімдіктерін тиімді пайдалану және оны формокологиялық тұрғыдан кешенді зерттеуге алынып, зерттеу барысында :
Әр өсімдік организмінде заттардың пайда болуы және жинақталуы көптеген факторларға бағынышты: қоршаған ортаға, жасына, тіршілік жағдайына, дамуына, қоректенуіне. Динамикалық процестің жоғарыда аталған факторларға және басқа жағдайларға байланысты өзгеруі. Оған қосымша әрбір өсімдік онтогенез процесінде вегетациялық түрлену, гүлденуі, жемістену және тыныштық фазаларынан өтуі. Онтогенез барысында өсімдіктердегі заттар мөлшері оның әртүрлі мүшелерінде әрқалай болуы мүмкін. Өсімдіктер құрамында 21 химиялық элемент табылған (Муравьева, 1991). Олардың 16 элементі (Н, C, N, O, P, S, Na, K, Ca, Cl, Mn, Fe, Co, Cu, Zn) барлық өсімдіктерде кездеседі, ал 5 элементі (B, Al, V, Mo, J) тек кейбір түрлерде ғана кездеседі. Сандық құрамына байланысты оларды макро (K, Ca, Mg, Na, Cl, P, Si) және микро (Cu, Zn, J, Co, Mn, Al, S, Fe) элементтерге бөледі. Қарапайым органикалық емес қосылыстар (Co2, H2O, NO3, SO4­­-2 және PO4-) өсімдіктерге 6 негізгі элементтерді береді ­– С, H, O, N, S, P, ал олардан ұлпалардың көптеген компоненттері құрамында белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, липидтер және т.б. қарапайым қосылыстар негізінде өсімдіктерде күрделі қосылыстар синтезделеді (алкалоидтар, фенолды қосылыстар, терпеноидтар және т.б.).
9. Жұмыстың практикалық маңызы: Зерттеу барысында жасалған тұжырымдамалар, алынған мәліметтер адам денсаулығы үшін қажетті материал. Ал көрсетілген іс-шаралар тізімін практика жүзінде іске асыруға болады


Кіріспе
Дәрілік өсімдіктер және олардың шығу тарихы
Мындаған жылдар бойы адамзат адамның әртүрлі аруларымен күресуге дәрілік өсімдіктерді пайдаланды. Әрине ол әртүрлі елдерде әрқалай, әртүрлі дәрежеде пайдаланылады. Өркениетті елдерде дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың өте бай тәжірибесі жинакталды. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде фармакологияда синтетикалық химияның дамуы көптеген ауруларды емдеуге пайдалануға болатын жасанды препараттарды өмірге әкелді. Соның нәтижесінде көптеген елдерде сол синтетикалық препараттарды пайдаланудың нәтижесінде дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгере бастады, яғни қызығушылық төмендеді. Бірақ та соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерге деген көзқарасы өзгеріп, оларды кеңінен пайдалана бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүние жүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Индия бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық емшелерінің емдерін кеңінен қабылдауда.Америка Құрама Штаттарында дәрігерлердің жазған рецептерінің 25%-ы өсімдік препараттары. Халықтың арасында сұрау жүргізгенде сол мәлімет берген адамдардың Голландияда және Бельгияда 60%, Англияда 74% қосымша медицинаны халықтың пайдалануға мүмкіншілігі болу керек деген. Қазақстанда дәріханаларда сатылатын қымбат дәрілердің 70-90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елімізде фармацевтикалық өндірісті дамыту үшін әрине көп уақыт керек. Сондықтан мұндай жағдайда біздің еліміз үшін әрине дәрілік өсімдіктерден препараттарды алуды тезірек ұйымдастыру елдеқайда тиімдірек. Ол үшін медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерін кеңірек пайдалану қажет.Соңғы жылдары осы мәселенің өзектілігін ескере отыры Қазақстан үкіметі Республикалық ғылыми техникалық бағдарламаларға көңіл бөліп қаржыландырып келеді.
Ерте заманғы, жабайы адамдар жергілікті флорамен танысқанда өздері үшін көптеген пайдалы өсімдіктерді таба білген, оның ішінде әрине, шипалық қасиеті бар өсімдіктер де болған. Ол туралы әдебиетте мәліметтер жеткілікті. Мысалы: халықтың ауруға, аштыққа төзімділігін арттыру үшін Шығыс Азия халықтары шай ішкен, Орталық Америка халықтары какао ішкен, Оңтүстік Америка халықтары мате жапырақтарын пайдаланған. Амазонка индеецтері гуарананы (Gyarana) пайдаланған. Дәрілік шикізат ретінде гуарананың тұқымдары пайдаланылады, оның құрамында белсенді зат гуаранин, кофеин бар. Гуарандар Америкада шығарылатын энергетикалық коктейль «Солтүстік энержи» құрамына кіреді. Осы алынған өсімдіктердің бәрінде кейіннен жалпы бір дәрілік зат – кофеин алкалоиды бар екендігі анықталған.
Гельминттермен (паразит құрттар) күресу үшін Африка тұрғындары куссо гүлін, Азия тұрғындары камалу деген өсімдікті, ал солтүстік халықтары папоротниктің тамыр сабағын қолданған. Бұл өсімдіктерде гельминтке қарсы әсер ететін заттар бір класқа жататын табиғи қосылыстар екендігі анықталған.
Көпжылдық байқау және тәжірибе жүзінде қат-қабат тексерілген және ұрпақтан-ұрпаққа көп ғасырлар бойы берілген мәліметтердің нәтижесінде фармакогнозия деген фармацевтикалық ғылымның бір саласы өмірге келді. Фармакогнозия (гректің pharmakon – дәрі, у және gnosis – зерттеу, білу) дәрілік өсімдіктерді, дәрілік қасиеті бар шығу тегі өсімдікке байланысты шикізатты және шығу тегі өсімдік және жануарларға байланысты өнімдерді алғашқы өңдеуді зерттейтін ғылым.
Оңтүстік – Шығыс Азия халықтарында көптеген дәрілік өсімдіктер белгілі болды. Олардың ішінде ең ерте дамығаны Қытай медицинасы болды. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша біздің дәуірімізден 3000 жыл бұрын Қытайда дәрілік өсімдіктердің 230 түрі пайдаланылған. Жануарлардан алынған 65 дәрілік заттар, 48 дәрілік минералдар болған. Қытайда жазу пайда болғаннан кейін ол мәліметтердің бәрі «Книга о травах» деген кітапта жазылған. Ең белгілі «Травникті» Қытайда Ли-Ши-Чжен құрастырды. Ол ХVІ ғасырда басылып шыққан. Бұл «Травникте» 1892 объект, соның ішінде 900 дәрілік өсімдіктер жазылған.
Индия медицинасының да Қытайдікі сияқты өзіндік орны бар. Индияда ең белгілі еңбек ол «Аюрведа» («Наука о жизни» - өмір туралы ғылым). Ол еңбек бірнеше рет қайта өңделген. Олардың ішіндегі ең белгілісі ол Индия дәрігері Сушруттың (IV ғасыр б.д.д.) өңдегені. Ол еңбекте дәрілік өсімдіктердің 700 түрі келтірілген. Тибет медицинасы Индия медицинасы негізінде пайда болған. Ол Тибетке буддизм арқылы еңген. Тибет медицинасындағы белгілі еңбектердің бірі ол «Чжуд-Ши» (сущность целебного – «Шипалықтың мәні») ол Индиядағы «Аюрведа» негізінде жазылған. Медицина және фармацияның даму тарихына Араб ғалымдары үлкен үлес қосты. Джундишапур және Александрия қалаларында медициналық мектептер гүлденіп дами бастады. Бұл мектептерде Грецияда және Римде шыққан медициналық кітаптар араб тіліне аударылды. Тарихта көптеген араб дәрігерлерінің еңбектері туралы мәліметтер бар. Олардың ішінде атап айтсақ, Абу Манзу Мувафикті келтіруге болады. Ол 997 жылы фармакогнозия туралы кітап жазды. Ол кітапта 466 дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер бар. Бірақ та, бұл кезінде ең белгілі болып дүние жүзіне атағы жайылған тажик халқының ұлы Абу Али Ибн - Сина болды (Авицена) Бухарадан. Ол 980-1037 жылдары өмір сүрді. Абу Али Ибн – Синаның дүние жүзіне әйгілі болған еңбегі ол «Канон врачебной науки». Ол еңбек латын тіліне аударылған. Содан кейін көптеген тілдерге аударылған. Ол еңбек Еуропада ұзақ уақыт үлкен құрметпен пайдаланылды. Сол еңбектің екі томы № 2 және № 5 түгелімен фармацеяны қамтыған. Ибн Сина шығу тегі өсімдік, жануар және минералдар болатын дәрілік заттарды әсіресе өсімдіктерден алынған дәрілік заттарды кеңінен пайдаланған. Ибн Синаның замандасы, өзбек ғалымы энциклопедист Хорезм шахарынан Абу Райхан Бируни болды (973-1048). Бирунидің негізгі еңбегі «Фармакогнозия в медицине» (Китаб ас-Сайдана Фит-т-Тибо). Европа ғылымына бұл еңбек 1902 жылға дейін белгісіз болды. 1932 жылдан бастап бұл еңбек басқа тілдерге аударыла бастады. 1973 жылы У.И.Каримов бұл еңбекті бірінші рет орыс тіліне аударды. Бұл еңбек «Сайдана» деген атпен белгілі. «Сайданада» 1116 тарау бар, соның 880 тарауында дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер жазылған.Еуропада Орта ғасырда медициналық білім төмен болды. ХІІ ғасырдан бастап Еуропаға Испания, Сицилия арқылы Араб медицинасы ене бастады. Арабтардың жобасы, нұсқасы бойынша ауруханалар және дәріханалар ұымдастырыла бастады. Медициналық еңбектерді араб тілінен латын тілдеріне аудары бастады.Фармацевтер өсімдіктерден әртүрлі әсер ететін заттарды ажыратып алуды бастады. Ең алғаш алкалоидті морфиннен Француз фармацевті Сертюрнер бөліп алды. Патшалық Россияда фармакогнозияның және фармацияның дамуына І Петр үлкен үлес қосты. Петр патшаның жарлығымен Ресейде дәріханалар және дәріханалық бақшалар ұйымдастырылып салына бастады. Бұл саланың әрі дамуына 1724 жылы ұйымдастырылған Ғылым Академиясының да әсері мол болды. КСРО-да отандық дәрілік өсімдіктер каталогын жасау және дәрілік өсімдіктерді жинау, оларды шикізат ретінде пайдалану фармакогнозияның алдына бір қатар маңызды проблемалар қойды: химиялық, ресурстық, тауартанушылық салаларында. Бұл өз кезегінде фармакогнозия бағдарламасында үлкен теориялық бөлімнің пайда болуына жалғасты. Ал практикалық тұрғыдан морфология-анатомиялық практикумнан басқа, дәрілік өсімдіктерге химиялық талдау жасау туралы лабораториялық сабақтары және тауартанушылық практикумдар ендірілді. Методикалық тұрғыдан әртүрлі жүйелер, классификациялар саласындағы мамандар бір тұжырымға келді. Олар бір классификацияны яғни шикізаттағы әсер ететін биологиялық белсенді заттардың құрамына қатысты химиялық классификацияны мойындап қабылдау туралы шешім қабылдады. Сондықтан студенттер және магистранттар дәрілік өсімдіктердің биологиялық – ботаникалық ерекшеліктерімен қатар химиялық құрамын білуі керек деген мақсатпен сол туралы қысқаша түсінік беруді дұрыс көрдім.
Өсімдік организмі өзінің химиялық құрамы және атқаратын қызметі жағынан өте күрделі. Табиғатта тек өсімдіктер ғана органикалық емес заттардан органикалық заттар түзе алады, ал оларсыз адамдардың және жануарлардың тіршілік етуі мүмкін емес. Өсімдіктер танқаларлық әртүрлі зат алмасу процесіне және көмірқышқыл газынан, судан және органикалық емес зат қосылстарынан алуан түрлі қосылыстарды синтездеуге қабілетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет