Реакцияның сезімталдық көрсеткіштерін есептеу әдістерін көрсетіңіз.
Реакция сезімталдығы деп, аналитикалық реакция кезінде сол реактив көмегімен ерітіндідегі анықтайтын ионның ең төменгі мөлшерін ашу мүмкіншілігін айтады.
Реакция сезімталдығының сандық мөлшері бірі – бірімен байланысты – ашу минимумы және минималдық концентрациясы түсініктерімен белгіленеді. Ашу минимумы дегеніміз деп берілген реактивтің жәрдемімен ерітіндідегі анықтайтын ионның ең төменгі мөлшерінің ашылу мүмкіндігін айтады. Оны микрограммен (1г = 10ˉ6 мкг) өлшейді және "m" әрпімен белгілейді.
Мысалы, ерітіндідегі платина (IV) ионын гексахлорплатина калий тұзы күйінде ашу минимумы 0,1 мкг, яғни m (K2PtCl6) = 0,1 мкг Минималдық концентрациясы (c) деп ерітіндінің белгілі бір көлемге дейін сұйытылғанда анықтайтын ионның ашу мүмкіншілігін айтады. Ашу минимумы мен минималдық концентрацияның арасындағы байланысты мына формула арқылы көрсетуге болады:
m = c∙ V ·106
Мұндағы: С – минималды концентрация;
m – ионды ашу мүмкіншілігі, мкг;
V – реакцияны орындауға алынған ерітіндінің көлемі, см³.
Мысалы, 0,03 см³ ертіндіде 0,15 мкг Pb2+ ионын қорғасын хроматы түрінде ашуға болады, сонда тағы да көрсетілген формула бойынша
С = 1: 0,03·10*6(онның алты дәрежесі) / 0,15 = 1: 200000
Демек, қорғасын ионын қорғасынның хроматы түрінде анықтау үшін ертіндінің 200,000 см³. Көлемінде қорғасын ионы 1 грамнан төмен болмау керек.
Сапалық реакцияларда ашу минимумы (m) 50 мкг артық және минималды концентрациясы 1:1000 кем болмауы керек. Реакция сезімталдығы аналитикалық реакцияларын өткізу жағдайларына, оның ішінде, реактив концентрациясына, реакциялық ортаға, температураға және басқа иондардың ерітіндідегі мөлшеріне байланысты.