Құрамында Al2(SO4)3 (C=0,004 моль/л) + Na


Экстракция ұғымына мысал келтіре отырып, таралу коэффицентінің маңызын көрсетіңіз



бет18/22
Дата24.12.2023
өлшемі10,11 Mb.
#199016
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
аналитика 3 деңгей

80. Экстракция ұғымына мысал келтіре отырып, таралу коэффицентінің маңызын көрсетіңіз
Экстракция деп зат қоспасының құрамындағы жекеленген компоненттерді қандай да бір еріткіште таңдамалы еріту процесін айтады. Заттар қоспасы қатты дене болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда экстракция ұғымын қатты дене – сұйықтық жүйесінде қарастырады. Аналитикалық химияда заттар қоспасы ретінде ерітінділер қолданылады, оларға араласпайтын еріткіш қосу арқылы бір немесе бірнеше заттарды таңдамалы экстракциялайды. Мұндай тәсіл сұйықтық-сұйықтық жүйесіндегі экстракция немесе сұйық экстракциясы деп аталады. Сұйықтық экстракциясының теориясы ерітінділер теориясына, фаза аралық тепе-теңдік және заттардың бір фазадан келесі фазаға диффузиялану теориясына негізделген. Сұйықтық экстракциясы бойынша заттардың бір еріткіштен екіншісіне өту процесі сол жүйенің термодинамикалық параметрлері мен заттардың еріткішпен әрекеттесу сипатына тәуелді.
Сұйықтық экстракциясын екі жағдайда жүргізуге болады: химиялық реакция қатысында және химиялық реакция қатысынсыз. Бірінші жағдайда заттың сулы ерітіндісін қандай да бір реагентпен өңдеп, оның қосылысын алады. Бұл қосылыс сумен араласпай, еріткіште жақсы экстракциялануы тиіс. Бұл жағдайда көбінесе органикалық еріткіштерде жақсы еритін комплексті қосылыстар қолданылады. Химиялық реакция қатысынсыз жүргізілетін сұйықтық экстракциясында заттардың судағы және органикалық еріткіштердегі ерігіштігі ескеріледі.
Заттардың сулы ерітіндісіне органикалық еріткіш қосқанда бір-бірімен араласпайтын екі фаза арасында заттардың таралуы байқалады. Бұл кезде диффузияның әсерінен заттар фазаның бөліну шекарасы арқылы келесі фазаға өтеді. Осымен бір мезгілде заттардың жекеленген молекулалары кері ығысады. Таралу процесі кезінде заттардың бір фазадан екіншісіне өтуі процеспен теңеседі, яғни жүйеде химиялық тепе-теңдік орнайды. Егер зат бір немесе екі фазада да ионизацияланатын, ассоциацияланатын немесе химиялық реакцияларға түсетін болса, онда тепе-теңдік жағдайды таралу константасы сипаттайды.
Бір-бірінде араласпайтын сұйықтықтарда еріген зат (А) формасының активтіліктерінің қатынасын таралу константасы деп атайды:

Реальдыжағдайлардареальдытаралуконстантасынқолданады:

Бір-бірімен араласпайтын еріткіштер немесе өзара қаныққан еріткіштер жағдайында бұл қатынас А затының органикалық еріткіштегі ерігіштігінің (SA (o)) оның судағы ерігіштігіне (SA (c)) қатынасына тең:

Химиялық тепе-теңдікті сипаттаушы келесі шама – таралу константасы (D) алынады, олорганикалық фазадағы зат концентрациясының С0 сулы фазадағы концентрациясына Сс қатынасын береді:

Экстракция процесі аналитикалық химия практикасында кеңінен қолданылады. Бұл әдіс заттың үлкен көлемді ерітіндісінен аз ғана мөлшерін бөліп алуға, сондай-ақ сумен араласпайтын еріткіштің аз көлемінде бөлініп алынатын компонентті концентрлеуге мүмкіндік береді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет