Мәдениет ескерткіштерді және құнды архитектуралық құрылыстарды қорғау үшін жоғарымолекулалық қосылыстармен (силикондар, т.б.) жабады. Металдық бұйымдарды қорғау үшін қышқылдарға тұрақты оксидті қабықшаны түзетін жабындар қолданылады.
Аталған барлық шаралар «шығыстың бақылауы» («контроль на выходе») әдісін жүзеге асырады. «Шығыстың бақылауы» - ластаушыларды атмосфераға түсудің алдында олардың концентрациясын азайту болып табылады. Экологиялық көзқарастан «шығыстың бақылауы» әдісінің ең тиімдісі жанармайды потенциалды ластаушылардан тазарту – экологиялық таза энергия көздерін қолдану және қалдықсыз технологияларды – технологиялық процестерді қолдану.
Жаңа энергиясыйымдылығы жоқ және қалдықсыз технологияларды енгізу, альтернативті энергия көздерін қолдану шаралары - атмосфералық ластанулардың барлық шараларын шеше алады, Жер биосферасындағы жағымсыз теріс өзгерулердің қаупін жоя алады.