Рапишева Жанат Дабылқызы. «Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология» курсының оқу бағдарламасы



бет15/57
Дата24.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#74451
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
Байланысты:
Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология 7M01701701

Негізгі әдебиет: 1-3, 5-8.

Қосымша әдебиет: 1-4, 5-6.
7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
1 семинар сабақ тақырыбы: Терминология пәнінің мазмұны. Курстың мақсаты мен міндеттері, оның зерттеу нысаны. Қазақ тілі терминологиясының негізгі зерттеу объектісі – термин сөздер.

Сұрақнама:

1. Термин, терминология, терминологиялық лексика дегеніміз не?

2. Термин мен термин емес сөздің айырмашылығын анықтаңыз.

3. Терминологиялық өріс деген не?

4. Терминологияның зерттелуі.

Тапсырмалар:

1-тапсырма.

Берілген мәтіннен ғылыми стильдің негізгі белгілерін тауып көрсетіңіздер:



Сұрыптаудың екі әдісі белгілі. Олар: жаппай және жеке сұрыптау.Жаппай сұрыптауды көбінесе айқас тозаңданатын өсімдіктермен жұмыс жүргізуде пайдаланады. Бұл кезде егістіктегі өсімдіктердің бір немесе бірнеше қажетті сыртқы, яғни фенотиптік белгілері бойынша үлкен бір тобын таңдап бөліп алып, келесі жылы қайта отырғызады.

Жеке сұрыптау өсімдіктердің таза салаларын алу мақсатында жүргізіледі. Ол үшін бірнеше қайтара өздігінен тозаңдандыру жүргізіп, әрдайым тиімді белгісі көрінген жеке дараны бөліп алып өсіреді. Мұндай өсімдіктен алынған ұрпақ барлық гендері бйынша бірте-бірте гомозиготалы жағдайға көшеді, яғни генотиптері біркелкі таза салалар (линиялар) пайда болады.

(Тіршіліктану, 10-11 сыныптарға арналған оқулықтан).



2-тапсырма.

Мәтіндегі термин сөздердің жасалу жолдарын түсіндіріңіз.



3-тапсырма. Мәтіннің ғылыми стильде жазылғандығын дәлелдеңіз. Терминдердің қолданысына назар аударыңыз.

Жарық жылдамдығын алғаш рет 1676 жылы дат ғалымы О. Ремер өлшеді. Ремер астроном болған, оның өлшеген жарық жолы - өте ұзақ болды, табысқа жетуіне де себепші болған да сл еді. Ол жол – күн жүйесіндегі планеталардың ара қашықтығы.

Ремер күн жүйесіндегі ең үлкен Юпитер планетасы серіктерінің тұтылуын бақылады. Юпитердің жерден өзгешелігі сол, оның он серігі бар. Ремер олардың ең жақынын – ИО серігін бақылады. Ол Ионың Юпитер алдынан қалай өткенін, содан кейін оның көлеңкесіне кіріп, көзден қалай ғайып болғанын көрді. Содан соң ол лезде жарқ еткен шам тәрізденіп, қайта көрінді. Осы екі от алудың уақыт аралығы 42 сағат 28 минутқа тең болып шықты. Сөйтіп, бұл «ай» әрбір тең уақыт аралығында Жерге сигнал жіберіп тұратын, үлкен аспан сағаты болып шықты.

(Физика-астрономия оқулығынан)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет