Жалайыр қауымы бұрыннан көп болғандығы мен әр тармағынан ел басқарған әмірлер мен басшылар Иран мен Тұран жерінде, Шыңғыс ханның уағында да және бертін келе де біршама болғандығын айтады. Сонымен қатар, жалайыр тайпасының үлкен болғаны соншалық, өз ішінде он тармаққа бөлінгендігін жазған.
Қаңлы: «Басқалар оңай олжа мен ұрлық арқылы халықты тонағанда бұл қауым өздерінің қамын ойлап арба жасаған және олжадалары мен байлықтарын, дүниесін сол арбаға артатын болған. Ол арбаның түркі тіліндегі атауы қаңлы болған.
Меркіт тайпасын барлық тайпа ойрют деп атаса, моңғолдар мекрит деп атаған. Бұл ойрют меркіт тайпасы төрт тармақтан тұрады: мудан, тудақлин, оухармекрит, жиун. Әскер қатары ең үлкен тайпаладың бірі болып, Шыңғыс хан мен Оң ханмен соғысып отырған.
Қыпшақ тайпасының шығу тегіне де тоқталып өткен. Оғыз хан итбарақ тайпасымен соғысып, жеңіліс тауып аралда қалып кетеді. Сол соғыста қаза тапқан бір жауынгердің аяғы ауыр әйелі ағаштың қуысында босанады.Мұны Оғыз хан естіп, өз ұлым деп санап өсірген және ол баладан тараған ұрпақ «қыпшақ» деп аталатындығын жазған.
Наймантайпасының кейбірі көшпенді болған болса, кейбірі таулы аймақтарда, ал кейбіреулері шөлді жерді мекендеген. Олардың отырықшы жерлері: Алтай мен Үгедей қаған үлкен сарай салдырған Қарақорым жері болған.
Рашид–ад-Диннің
«Жами-ат-тауарих»
дерегіндегі түркі тайпалары
Қырғыз тайпасы жөнінде де біршама мағлұмат береді. Қырғыз бен Кәм кәмжиут көршілес ел болғандығы, моңғолдар жерінің бір бөлігімен, Ибир Сибир, тайжуиттар тайпасының мекені Селенга өзені маңы және үлкен өзен Анкара Муканмен шектесетіндігі жазылған.
Қоңырат тайпасы Аргун немесе Эркене ғунге кеткен екі адамнан таралады дей келе, Рашид ад Дин қоңырат тайпасының шығу тегі туралы қызықты тарихын айтады. Үш ұл алтын түтіктен пайда болады. Олар өте ақылды, өзгелерден білімі мен парасаттылығымен ерекшеленген.
Қарлұқ тайпасы жайында былай делінеді: Оғыз хан өз жұрты Ғуруғурстанға оралмақшы болып, жолай үлкен тауға кезіккенде қалың қар жауады. Оғыз хан жасақтарына қалып қалмауға бұйрық береді. Бірақ боранға шыдас бере алмай бірнеше үй бұйрықты бұзады. Оларды «қарлұқ» деп
атау содан қалған..