Сабақтың тақырыбы: Психика және сана. Сана құрылымы.
Сабақтың жоспары:
Сананың қоғамдық-тарихи сипаты.
Сана құрылымы
Теориялық мәліметтер:
1. Сана қоғамдық-тарихи дамудың ұзақ та қиын жолын өткерді. Алғашқы адамның санасы табындық(табын, стадный) сипатта болды.
Адамның өмір сүру салты қандай болса, саналар да сондай сипатта болды. Өмір сүрудің шаралары даму барысында және материалды өндірістің дамуына орай, адамның санасы да өсіп дамыды. Өмір жағдайларын өзгерістермен адамдар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, отты ойлап тапты, бірте-бірте 100-мыңдаған жылдар бойы қолданып келген тас қару-жарақтардан темір, қалайы т.б. қару-жарақтарға көшті.
Аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығы, одан кейін қол өнері пайда болды. Қолөнерден адамдар машина өндірісіне көшті және қазіргі уақытта информатика, компьютер дәуіріне кірді.
Еңбек құралдарының дамуымен қатар адамның қарым-қатынастары өзгерді және күрделенді, адамдардың өздері дамыды, олардың қажеттіліктері, өмірлік тәжірибелері, саналары, қабілеттері және т.б. психикалық қасиеттері дамыды.
Адам санасының тарихи-дамуының жүзеге асуы әрбір ұрпақ келесі ұрпақты денелік дамуы жағынан тудырып қана қоймай, оған өндірістік және мәдени даму өнегесін де беру арқасында болды.
Адамды көруі жетілді, обьектілердің кеңістік қасиеттерін нәзік ажырату мүмкіндіктері пайда болды, кеңістіктегі заттар т.б. құбылыстарының пішінін, әдеміліктерін ажырата білуі, бұл адамның көруінің жануарлардан айырмашылығын білдірді.
Адамның естуі де ерекше қабілетке ие болды, бұл өзге адамдармен қарым-қатынас нәтижесінде туындады.
Еңбек және өзге қимыл-әрекеттері арқылы адамның қолы өте жоғары деңгейде жетілді, өмірге түрлі өнер туындылары келді. Өзге де сезімдік таным түрлері сапалы өзгерістерге қол жеткізді.
Психика мазмұнына орай жаңа адавмдарға ғана тән естің түрлері формалары дамыды.
Сөздікке бай, грамматикалық құрылымы жетілген, тілмен тікелей байланысты адамның ойлау формалары жетілді.
2. Сананың құрылымдық сипаты ретінде:
Айнала шындық, табиғат, қоғам туралы білімнің болуы. Сана деңгейі жеке адамның білімді игеру және жеке тәжірибесіне тәуелділік сипатында болуы.
Адамның қоғамдық-тарихи даму барысында танымдық әрекеттің түрткісі, басты қозғушы күш ретіндегі білімге деген қажеттілік дамыды.
Адамның өзін-өзі заттық өмірден ажыратады,”мен”,”мен емес” деген заттық өмірмен өзін салыстыруы. Өзін-өзі тану-өзін-өзі сезіну негізі бола отырып, өзінің яғни дене, адмгершілік психологиялық сапа күштерін тануына жетті.
Мақсатқа бағытталу, өз әрекетін және мінез-құлқын жоспарлау, оның нәтижелерін алдын ала көре білу. Сананың бұл жағы өз әрекеттерін жөндеуде, өзін-өзін бақылауда, ол әрекеттерді қайта құруда, жағдайға қарай әдіс-тәсілдері өзгертуде көрінеді.
Обьективті шындыққа, өзге адамдарға, өзіне деген адамның қатынасы.
Бақылау сұрақтары:
Сананың құрылымдық сипаты қандай?
Сананың қоғамдық – тарихи сипатын түсіндіріңіз.
11-апта 3,0 балл
(Студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші кезекте студенттің өзіндік “Мені” көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі.)
1. Интеллектуалды әрекеттің негізі
А. Дағдылану В. Тітіркену С. Инстинкт Д. жаттығу
Е. заттар арасындағы күрделі қатынастарды тану
2. Сананың пайда болу негізі
А. Табиғаттан В. адамның өзіндік әрекетінен С. табиғаттан тыс күштен
Д. тума беріледі Е. еңбек пен қоғамдық қатынастардан
3. Ерлік пен жанпидалыққа бару байланысты
А. Дағдыға В. тума қасиетке С. жоғары санаға Д. Инстинктке Е. интеллектке
4. Жануарлар қылығының түпкі мақсаты
А. қару дайындау В. өз қажетін қанағаттандыру С. Болжастыру Д. мән білідіру
Е. қоғамдық қатысқа келу
5. Тілдің шығу негізі
А. Тума В. қоғамдық еңбектен С. Сезуден Д. адам қалауынан Е. рухани өмірден
6. Сана қалыптасуының негізгі себебі
А. үлгі мен өрнек В. тума қасиеттер С. тіл мен еңбек Д. қоршаған орта Е. инстинк
7. Саналы тіл белгісі
А. сөз –сөйлем В. Таңба С. ым-ишара Д. Қозғалыс Е. бейне
8. Сана -бұл
А. қоғамдық болмыс В. табиғат өнімі С. Дағдылану Д. табиғаттан тыс қасиет Е. инстинкт
9. Психикалық әрекетті туындатушы орган
А. Эффектор В. Рецептор С. Жұлын Д. Анализатор Е. ми
10. Рецептор қызметі
А. Ойлау В. сөйлеу С. сигналдарды қабылдау Д. сиганлдарды өңдеу Е. қозғалысты басқару
11. Шартты рефлекстердің жасалуынан мида түзілетін физиологиялық процесс
А. Иррадиация В. Тежелу С. Қозу Д. орта ми Е. уақытша байланыстар
12. Шартты рефлекстердің жасалу заңдарын ашқан
А. Декрат В. Рубинштейн С. Павлов И.П. Д. Сеченов Е. Выготский
13. Көрнекті орыс физиологы А.А.Ухтомский ашқан жаңалық
А. индукция заңы В. рефлекстер теориясы С. Дедукция Д. доминанта теориясы
Е. уақытша байланыстар теориясы
14. Жүйке процесіндегі қозу мен тежелу бірін бірі күшейтеді не әлсіретеді, бұл құбылыс
А. Радиация В. Иррадиация С. өзара индукция Д. кері индукция Е. оң индукция
15. Кері индукция нәтижесі
А. Қозу В. Тежелу С. Жайылу Д. сөну Е. таралу
16. Американ ғалымы Э.Торндайк бастауын салып, дамытқан психологиялық теория
А. бихевиористік психология В. генетикалық психология С. тұңғиық психологиясы
Д. Гештальтпсихология Е. гуманистік психология
17. “Гештальт” ұғымын алғашқы рет ғылымға енгізген
А. Эренфельд В. Дж.Уотсон С. Торндайк Д. Маслоу Е. Пиаже
Сабақ тақырыбы: Мінез-құлық және іс-әрекет.
Сабақтың жоспары:
Мінез-құлық.
Іс-әрекет.
Теориялық мәліметтер:
1. Іс-әрекетсіз адам өмірі мүмкін емес. Іс-әрекет үрдісінде адам қоршаған дүниені, оның заңдылықтарын танып біледі, әртүрлі құбылыстарды қабылдайды.
Іс-әрекет үрдіснде рухани құдылықтарды – саз, бейнелеу өнері, поэзия, ғылымды жасау іске асады. Сонымен, іс-әрекет – бұл адамның қоршаған дүниеге белсенді қатынасының түрі.
Адамның іс-әрекеті саналы сипатқа ие болады, ол мақсатқа бағытталған, демек, адам мақсатты және оған жетудің тәсілдерін түсінеді, іс-әрекеттің кейбір бөлімдерін жоспарлайды, мүмкін болатын қиындықтар мен кедергілерді ескеріп отырады, қажет болған жағдайда іс-әрекетті қайта құрады, нәтижені алдын ала көре біледі.
Адамның іс-әрекеті еңбек құралдарын дайындаумен, пайдаланумен және сақтаумен байланысты. Адамның іс-әрекеті қоғамдық сипатқа ие болады, ол ұжымда және ұжым үшін іске асады. Іс-әрекет үрдісінде адам басқа адамдармен күрделі қатынастарға енеді.
Іс-әрекет қоғамдық-тарихи жағдайлармен анықталады. Адам өзінің іс-әрекетін қоршаған өмірден, өзі өмір сүрген қоғамның талаптарынан бөліп қарй алмайды. Жеке тұлға іс-әркетте қалыптасады, адам өжет, ержүрек қасиет танытады.
Адамның іс-әрекеті алдына қойған мақсаттарымен, міндеттерімен анықталады, адамды осы іс-әрекетке итермелеген, себеп болған белгілі түрткілермен байланысты. Алдына қойған мақсаттары мен міндеттері іске асыра отырып, адам іс-әрекетте өзінің белсенділігін білдіреді. Іс-әрекет құрылымына қарай қарастырылады. Кез келген іс-әрекеттер төмендегідей бөліктерді атап көрсетуге болады (құрамдас бөліктері, бөлімдері, іс-әрекеттің кезеңдері):
мақсат қою кезеңі (нақты міндеттерді анық түсіну);
жұмысты жоспарлау, әрекеттің тиімді тәсілдерін таңдау кезеңі; іс-әрекетті орындау, іске асыру кезеңі;
жұмысты қорытындылау, одан әрі нәтижелерін тексеру, қатесін түзету, алынған натижелерді жоспрланған нәтижелерімен салыстыру.
Психикалық үрдістер адамды қоршаған ортаға бағдарлайды, оның іс-әрекетін бағыттайды, оны ойлап істейді, әрекеттерді іске асатын жағдайлрға сәйкес ретке келтірді. Екінші жағынан, бүкіл психикалық үрдістер іске асады, қалыптасады және іс әрекет үрдісінде реттеледі. Бала психикасы оның іс-әрекетінде қалыптасады. Іс-әрекеттің мақсаты және түрткілері психикалық үрдістерді реттеп және оны басқарып отырады
2. Іс-әрекеттің құрылымы.
Іс-әрекет – бұл қоршаған ортаға белсенді қатынастың, түрі ол арқылы оны қоршаған адам мен дүнинің байланысы қалыптасады. Іс-әрекет арқылы адам табиғатқа, заттар мен құбылыстарғ, басқа адмдарға әсер етеді.. Іс-әрекетте өзінің ішкі қасиеттерін іске асыра отырып, ол заттарға субъект ретінде, ал адамдарға жеке тұлға ретінде қызмет атқарады. Заттар мен құбылыстар объект ретінде іске асса, ал адамдар-жеке тұлға қызөметін атқарады.
Іс-әрекеттің құрамды бөлігі, жекелеген қызметі әрекет деп аталады. Адам әрекеті көп жағдайда саналы болады. Олар белгілі түрткілер бойынша іске асады. Және белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Әрекеттер сананың бақылауында болып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |