Сабақтың тақырыбы: ҚР-ғы білімінің даму перспективасы мен негізгі тенденциялары.
Сабақтың жоспары:
1.Білімнің даму перспктивасы.
2.Білімнің даму тенденциясы.
Теориялық мәліметтер:
1.“Білім” мемлекттік бағдарламасы ҚР Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 4.3.1.9.-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру жүйесін дамытудың 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттарын айқындайды.
Бағадарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, жалпы орта білімнің, бастауыш және орта, жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің басты аспектілерін қамтиды, елдегі білім беру саласының нақты жай-күйін бағамдайды, перспективаларын белгілейді, білім беру жүйесін одан әрі дамытудың басымдықтарын айқындайды және білім берудің әрбір деңгейі үшін қойылған мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақты іс-шаралардан тұрады.
2. Бағдарлама ауыл мектебі оқушыларына білім беру деңгейін арттыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін қазіргі ауыл мектебінің моделін жетілдірудің және жоғарғы кәсіптік білім алу үшін олардың түлектерінің бастапқы мүмкіндіктерін теңдестірудің қажеттілігіне елеулі көңіл бөлінеді, сондай-ақ балаларды мектеп алды даярлаудды қамтамасыз ету, мектеп жасына дейінгі балалар үшін жаңа білім беру бағдарламаларын дамыту бөлігінде “Білім туралы” ҚР Заңының ережелері ескеріледі.
Бақылау сұрақтары:
Перспектива ұғымының мағынасы қандай?
Білімнің даму перспективасын түсіндіріңіз.
Білімнің даму тенденциясын түсіндіріңіз.
9-апта 3,0 балл
Жоспары:
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Тәрбие әдістері.
Тәрбие әдістерін жіктеу
Сананы қалыптастыру әдістері.
Этикалық тақырыптағы әңгіме.
Этикалық әңгіме-сұқбат
ІІІ. Қорытынды.
Әдебиеттер:
Алдамұратов Ә.т.б.Жалпы психология. А., 1996.
Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. А., 2002.
Сейталиев Қ. Жалпы психология. А., 2007.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р:М. Педагогика. А., 2000.
Абай атындағы ҚҰПУ педагогика кафедрасы ұжымы. Педагогика. А., 2003.
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика.
1. Адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде бозаруы не қызаруы
А. эйдетикалық ес В. эмоциялық ес С. қимыл-қозғалыс есі Д. сөздік ес Е. механикалық ес
2.Қабылдағанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау
А. Тану В. Қабылдау С. Ұмыту Д. Тежелу Е. қозу
3. Өшкен, ұмытылған байланыстардың бір кездерде жаңғырып, еске түсуі
А. Ременисценция В. Ассоциация С. Амнезия Д. Аккомадация Е. афазия
4. Сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнеленуін қамтамасыз етуі
А. . қиял В. Түйсік С. Ойлау Д. Қабылдау Е зейін
5. Доминанта ілімін жасаған әйгілі физиолог
А. Ухтомский А.А. В. Кант С. Дж. Локк Д. Павлов И.П. Е. Сеченов И.М.
6. Мидағы қозу ошағының белгілі бір алабындағы қозу күшейіп, өзге алаптардың қызметіне үстемдік етуі
А. Ассоциация В. ретикулярлық формация С. доминанта принципі Д. Аффект Е. стресс
7. Зейіннің көлемі, бөлінуі, шоғырлануы, тұрақтылығы, ауысуы
А.зейін қасиеттері В.зейін түрлері С. Зейін Д. зейін бөлінуі Е. зейін көлем
8. Адам психикасының дамуының заңдарын зерттейді
А. Психология В. Педагогика С. Философия Д. Биология Е. социология
9. Алғашқы адамдардың жан жөніндегі жалпы түсінігі
А. тәннен уақытша бөлінеді В. тәнмен бірге өшеді
С. тәннен бөлек жасайды Д. тәннен ажыралмас құбылыс Е. тәнге жанның қажеті жоқ
10. Дене әрекетінің жанға ешқандай қатысы жоқ екендігін дәлелдеген ғалым
А. Декарт В. Аристотель С. Торндайк Д. Рубинштейн Е. Маслоу
11. Декарт тағылымының психологияда алған атауы
А. бихевиоризм В. субъективизм
С. Материализм Д. Объективизм Е. Дуализм
12. Лейпцигтегі алғашқы тәжірибелі психологиялық лабораторияны ұйымдастырушы
А. 1960, Торндайк В. 1879, Вундт С. 1760, Декарт Д. 1910, Фрейд Е. 1930, Крамер
13. Әрекет-қылық психологиясын ғылымға енгізген бағыт
А. Бихевиоризм В. Гуманизм С. Фрейдизм Д. Прагматизм Е. когнитивизм
14. Саналық психологияның әдіснамалық негізі
А. Дуализм В. Материализм С. Идеализм Д. Сенсуализм Е. метафизика
15. Диалектикалық материализмге негізделген психикалық дүниенің негізі
А. қабілет В. Материя С. Ой Д. Сана Е. іс-әрекет
16. Психикалық бейне негізі
А. материя қасиеті, ми қызметі В. табиғаттан тыс күштер С. тумысынан берілетін қабілет Д. адамға өздігінен қосылатын қасиеті Е. адам миының өзіндік қасиеті
17. Психологияның ғылымының міндеті
А. психологиялық құбылыстардың объектив заңдарын ашу В. субъектив ойды баяндау
С. процестерді сол күйінде суреттеу Д. табиғаттан тыс болмысты деректеу
Е. адам дүниесінен тыс жағдайларды зерттеу
18. Сана деректерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым
А. Психология В. Логика С. Психопатология Д. Хиромантия Е. Френология
Достарыңызбен бөлісу: |