Құрастырған: Айтжанова Ж. Н



бет20/21
Дата07.02.2022
өлшемі73,21 Kb.
#94628
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
кешен

Жеке сабақ № 30
Бақылау тыңдау

Семестр бойы дайындаған бағдарламаны көрсету


Студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар

1. Хор ұжымына арналған бағдарламалар мен репертуарды құрастыру дағдысын


тәрбиелеу мақсатымен арнайы музыкалық ой – өрісті дамыту.

4. Түрлі стильдер мен бағыттардағы шетел, орыс, қазіргі заманғы отандық хор


музыкалары, халықтық әндер; хор өнері тарихындағы маңызды оқиғалар
(баяндама, реферат).
2. Студенттік хор ұжымымен дербес жұмыс істеу. Бітірушілердің дербес
кәсіби жұмысының болашағын анықтайтын жоғары орындау деңгейін
қалыптастыру. Дыбысты құрудың бірыңғай жүйесін жасау; арнайы вокалдық,
орындаушылық, есту дағдылырын қалыптастыру; әнді орындаудың ерекше
әдістерін меңгеру; вокалдық естуді, әншілік дауысты және вокалды хорлық
орындау дағдыларын дамыту; теориялық білімді жүйелеу және бекіту. Ұжымның
дайындық концерттік - жұмысын ұйымдастырумен таныстыру. Дирижерлық ым-
ишарат пен шығарма орындалуының байланысы мен өзара ықпалы.
Дирижерлау, вокалдық ансамбль мен үйренушілердің хор ұжымын басқарудың
кәсіби дағдыларын меңгеру.
3. Концерттік бағдарламаны орындау. Хор сыныбы – жұмысының қорытындысы,
оның «концерттік формасы» мен «шығармашылық ритмі».

5. 4. Өтілетін шығарманы музыкалық – теориялық, вокалды – хорлық және


орындаушылық талдау.

6. Партитураны детальды талдау қабілетін және аннотация (ауызша және


жазбаша, қысқаша және толық) сияқты жұмыс түрі арқылы өз ойын бірізді
және анық жеткізу дағдысын қалыптастыру. Онда партитураны талдаудың
негізгі жақтары және дербес пікір, жалпылау мен қорыту элементтері
болады.
7. Жоспар
8. Музыканың авторы туралы мәліметтер: қысқаша өмірбаяны; дипломдық
шығармасының толық сипаттамасы (қашан және қайда жазылған, жазуға не
себепкер болған, осы шығарма қандай да бір циклге кіре ме және т.б. ) .
Шығарма туралы жалпы мәлімет. Шығарманың дәл және толық атауы. Жазылған
жылы. Музыкасы мен мәтінінің авторлары. Композитордың өмірі мен
шығармашылығы туралы мәлімет. Өмір сүрген жылдары. Шығармашылығының
жалпы сипаттамасы. Негізгі шығармалары. Хорлық шығармашылығының толық
сипаттамасы. Әдеби мәтіннің авторы туралы қысқаша мәлімет. Өмір сүрген
жылдары. Шығармашылығының жалпы сипаттамасы.
9. Хор жанры ( а capрella хоры; сүйемелдеумен орындалатын хор; ұлттық
әнді өңдеу; сюитаның, контантаның, ораториидің бір бөлімі, операдан
үзінді сахналау және т.б.). егер таладанатын шығарма көлемді туындының
бір бөлімі болса, онда бүкіл цикл туралы жалпы түсінік болуы үшін
шығарманың басқа да бөлімдері қысқаша сипатталады (орындаушылардың
құрамы, бөлімдердің саны , хордың рөлі және т.б ).
10.
11. Музыкалық – теориялық талдау
12. Формасын анықтау: бір бөлімді (кезең), екі бөлімді, үш бөліміді
(қарапайым және күрделі), шумақты (шумақтардың саны), куплетті –
баламалы және т.б. осы шығармады өз ойын бейнелеу кезінде композитордың
дәстүрлі музыкалық формаларды қолдану ерекшеліктері (бөлімдердің көлемі
мен ара қатынасы, музыкалық сөйлемдердің көлемі мен саны және т.б. ).
13. Шығарманың жанры (лирика, гимн, марщ, би және т.б.). Музыкалық –
тақырыптық материалды талдау. Әуеннің сипаттамасы – тақырыбы
(тақырыптары), оның мінездемесі, интонациялар, метро – ритмикалық және
ладтық ерекшеліктері. Қарқыны. Хор партияларына музыкалық – тақырыптық
материалды бөлу.
14. Шығарманың ладо – тональдық ерекшеліктері. Негізгі тональдықтар
анықтау. Тональдық жоспардың сипаты (ауытқу, модуляция). Ладтық
ерекшеліктері композитордың ұлттық диатоникалық ладтарды немесе өзіне
тән ладтық оралымдарды қолдануы. Гармониялық талдау. Әрбір аккордтың
атауы мен қызметі жалпыға ортақ белгілерімен көрсетіп, гормонияны толық
талдау. Осының негізінде шығарманың гаомониялық тіліне, оның
ерекшеліктері мен күрделілігіне сипаттама беріледі.
15. Фактураны сипаттау: гомофонды – гармониялық, полифониялық
(имитатциялық – дауыс асты), аралас. Фактура мен шығарманың мазмұнын
және хордық айқындағыш құралдарының байланысы.
16. Вокалды – хорлық талдау
17. Хордың типі мен түрін анықтау (біртектес, аралас, партия –
дауыстардың саны). Хор партияларындағы бөліну, унисон.
18. Хор партияларының және бүкіл хордың диапазондары. Тесситорлық
жағдайлар. Хор мен жекелеген партиялардың вокалдық күрделену дәрежесі.
Партиялардың арасындағы тесситорлық және динамикалық ара қатынас бөлігі
(хорлық ансамбль). Шығармадағы түрлі партиялардың рөлі (негізгі әуенді
материалды, дауыс астыларын, аккомпанименті және т.б орындау). Хорға
тән тембрлік айқын сапаларды және оның партиялар қолдану (хорлық, tutti
, хорлық топтарды салыстыру, таза тембрлер және т.б).
19. Шығармаға тән вокалдық ерекшеліктерді анықтау. Әдебиет мәнінін
вокалдағы және оны орындауды ерекшеліктері (дикция, орфоэпия). Дыбыстың
сипаты («айқын», « күңгірт» және т.б). Орындаушылық тыныс алудың
ерекшеліктері (фразалық , тізбектік)
20. Осы шығарманы орындауға қажетті хордың құрамын (үлкен, кіші, орта)
және біліктілігін (кәсіби, тәжірибелі көркемөнерпаздық , жас).
Дайындалу үрдісі: техникалық және мазмұндық жақтарын, талданатын
партитурамен хордың жұмыс істеу әдістері.
Орындаушылық үрдіс: дирижерлау дыбысталуды басқару, шығарманы
орындаудың мақсаты ; орындалып жатқан шығарманың мағынасын түсінуді
көрсету. Шығарманың мазмұнын ашуды және әдеби музыкалық, хорлық,
талдауларды негізге ала отырып орындаушылық жоспарды жасау.
Шығарманың және оның бөлімдерінің жалпы сипаты. Ырғақтақ жоспар (барлық
ырғақтық таңбалауларды дәл аудару және түсіндіру). Динамика. Нюансировка.
Орындау сипатын белгілеу. Агогика.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет