«Хорды дирижерлеу» пәнінен
ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
оқу әдістемелік материалдар
Қызылорда 2020 жыл
Құрастырған: Айтжанова Ж.Н. – Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің «Хорды дирижерлеу» пәнінен оқытушысы
Хаттама «____» __________ 2020 жыл, № __.
ПЦК жетекшiсi ___________ Ким И.Ф.
Колледждiң оқу-әдiстемелiк кеңесiнiң мәжiлiсiнде мақұлданды
Хаттама «____» __________ 2020 жыл, № __.
ОӘК төрағасы _____________
Мазмұны
1.Кіріспе
2.Глоссарий
3. «Хорды дирижерлеу» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарды жүргізуде әдістемелік нұсқау
4.Жеке практикалық сабақтар
5. Студент білімдерін тексеру кестесі
Кіріспе
Дирижер (фр. dіrіger – бағыттау, басқару) – музыкалық шығармаларды орындаушылар тобын басқаратын жетекші. Ол музыкалық шығармалардың екпініне, динамикалық ырғағына бет құбылысы, қас-қабақ, көзқарасы мен ым, қол қимылдары, яғни қалыптасқан дирижерлік тіл арқылы жетекшілік жасайды.
Музыканттарды шабыттандырып, қол қимылдарына негізделген белгілі бір тәртіп пен жүйеде басқарады. Ол орындаушылардың ансамбльдік үйлесімі мен орындаушылық шеберлігін қамтамасыз етіп, шығармаға өзінің көркемдік түсінігі беруге тырысады. 18 ғасырда вокалдық немесе аспаптық капелланың, сондай-ақ, операның, кейін әскери үрмелі аспаптар оркестрінің дирижерлері капельмейстер деп аталды. 19 ғасырда симфониялық оркестрлердің дирижерлері арагідік осылай атала бастады. Хор басқарушысы хор дирижері немесе хормейстер, ал христиандардың шіркеу хорының дирижері регент деп аталады. Қазақстандағы ұлттық дирижерлік өнердің туып, қалыптасу тарихы Қазақ ұлт аспаптары оркестрін құрып (1934), алғашқы дирижері болған А.Жұбанов есімімен байланысты. Сондай-ақ дирижерлер - Л.М.Шаргородский, Ш.Қажығалиев, Е.Г. Брусиловский, С.Шабельский, Р.Кацман, А.Мырзабековтерді атауға болады.[
Музыка мұғалімдерін даярлау саласында музыкалық білім беру мамандығы бойынша оқытылатын пәндердің бірі- дирижерлау пәні. Оның мақсаты- болашақ мамандарға дирижерлау техникасын меңгерту, мектеп қабырғасында оқушылдар хорын ұйымдастыра білігу баулу.
Дирижерлау пәнінің керегі қанша? Оның болашақ жұмыс істегенде қажеті жоқ екен деген қате пікір айтылып жүр. Бұл теріс ой, себебі музыка пәнінің мұғалімі мектепке барғанда көптеген сабақтан тыс жұмыстарды атқаруға тура келеді, хор үйірмесі, түрлі мерекелік іс-шаралардың бәріне музыкант мұғалім араласып, басы-қасында болады. Көркем өнерпаздар байқауына дайындау вокалды топ, хор ұжымын ұйымдастыру кезеңінде дирижерлық ету өте қажет. Сонымен, дирижерлау қандай пән және неге үйретеді? Соған мақаланың негізгі ретінде тоқталайық. Дирижерлау пәні күрделі де жан-жақты процесті қамтиды. Дирижер хорды басқарушы, яғни музыкалық шығарманы дұрыс орындатып шығатын үйірме жетекшісі. Ол өзінің қимылы арқылы, орындаушыға әсер етіп, сол арқылы шығарманың дұрыс орындалуын реттеп жүргізіп тұрады. Хор жетекшісі орындаушыларға батыл, тік қарап, бет-пішіні ашық мимикалық қозғалыстарды шығарманың мазмұнына сай. Мысалы (көзбен, қаспен, иегпен көрсету, баспен көрсету) пайдаланып қолдана білу керек. Қолдың қимыл қозғалыстары бір келкі тез, бірақ аса қатты құлашталмай үнемді және нақты болуы талап етіледі. Дирижер орындалатын музыка шығармасының партитурасын жатқа біліп, бір дауысты екі, үш, төрт дауысты хорды басқарғанда оның әр дауысын жақсы етіп, қате дыбыстарды түзеп, оларды жеке орындап көрсете білу керек.
|