Құрастырған: Айтжанова Ж. Н



бет9/21
Дата07.02.2022
өлшемі73,21 Kb.
#94628
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
кешен

Адам факторы
Хортану әдебиеттерінің көпшілігінде хор спецификасы ең біріншіден оның вокалдық табиғатымен байланыстырылады және вокалды қызметке қажетті жауапты сапалар мен дағдыларға арналған. Назар аударылмай қалатын мына факт, бұл хорды дауыстар құрамайды, дауыс иелері – тірі, ойлай алатын және сезіне алатын адамдар, шығармашылық қызмет процесіне олардың айқын қарым-қатынастары бір-бірімен қалай болса, дирижермен де солай болады. Соған қарамастан, маңызды кезең, айқындаушы специфика және хормен ән айту «аспап» және хормен орындаушылық, хордың сапасы дауыстардың дыбысталуына ғана тәуелді емес, сонымен қатар әншілердің бір-бірімен қатынасы, өз жетекшісіне, қаншалықты олардың эстетикалық қажеттіліктерінің ұқсасатығына, қызығушылыққа, ұмтылуға, ұжымда қандай шығармашылық өнегелі, эстетикалық атмосфера, олардың қаншалықты көркемдік қажеттілікті түсінуіне байланысты.
Дирижердің әсер етуші объекті адам болып табылады, оның ақылы, жаны мен жүрегі, ол педагогикалық тәрбиелілікпен дирижерлық қызметті жақындатады. Тәрбиелілік жағынан дирижерлік, режиссерлік, педагогикалық шығармашылық эмоциялық – коммунативтік сферада көптеген жалпы ұқсастықтары болады.Дирижердің өнерін режиссер өнерімен теңестіруге болар еді. Өйткені, дирижер да музыкалық шығарманың қоюшы – режиссері болып табылады. Басқа жалпылық маңызды белгі дирижерлік, режиссерлік және педагогикалық процестердің мақсаттары бірдей.Үшінші көрсеткіш олардың бірізділік аспапқа әсер етеді, бұлардың барлық оқиғаларында психофизикалық табиғат алға шығады, субъектіге әсер етеді (дирижерға, режиссерға, ұстазға).
Сөйтіп, біз дирижерлық, режиссерлық және педагогикалық қызметтің жалпылығын байқаймыз мақсатпен (адамға адам әсер және әсерленуші шақырады), құрылымымен (коммуникативтік шығармашылық процесс), аспаптық (дирижердің, режиссердің, педагогтың психофизикалық табиғаты).
Қазіргі педагогикалық ғылымда негізгі педагогикалық қабілеттерді былай белгілейді:

  1. дидактикалық қабілеттілік;

  2. конструктивтілік қабілет;

  3. перцептивті қабілет;

  4. экспресивті қабілет;

  5. коммуникативті қабілет;

  6. организаторлық қабілет;

Атап айтылған қабілеттерді музыкалық-орындаушылық қызмет жағынан қарастырсақ, бірінші мен екінші аналитикалық аспектіге қарайды, ал кейінгі төртеуі тірі тәжірибеде болады.
Сонымен қатар, аталған қабілеттіліктерден басқа суггестивті (латын тілінен suggestio) және адаптивті (латын тілінің adaptatio) сапалары бар.
Коммуникация ұғымына тоқталатын болсақ, ұжымды меңгеру процесі толық мағынада байланысты.
Коммуникация (лат. Gommunicare – біреумен кеңесу) қатынас белгілеуші категория. Бұл термин кең мағынада жиі қолданылыды.
Дирижердің хормен ән айту педагогикалық қатынастарының құралдарына орындаушылық көрсету (дауысқа немесе аспапқа), сөйлеу, сонымен қатар сөздік құралға жатпайтын құралдар – кейіп, жест, мимика, екпін.
Интонация сөйлеу мәнерінде өте маңызды кезеңді айқындайды. Интонация (лат. Intonatre – қатты айту) сөйлеу тоны, оның ырғақтық-әуендік характерлерін, дауыстардың төмендеуі мен жоғарлауының алмасуын білдіреді.
Дирижердің «эмоциональді сөйлеуі» орындаушылармен және онымен педагогикалық қатынас жасау барысында көрінеді.
Хор жетекшісі оорындаушыларға батыл тік қарап, бет пішіні ашық мимикалық қозғалыстарды шығарманың мазмұнына сай (мысалы қаспен, көзбен, иық, баспен көрсету) пайдалана қолдана білуі керек. Қолдың қимыл қозғалыстары біркенлкі тез, бірақ аса қатты құлашталмай үнемі дәл және нақты болуы талап етіледі. Дирижер орындалатын музыкалық шығармасынын партитурасын жатқа біліп, бір дауысты екі үш, төрт хорды басқарғанда оның әр дауысын жақсы естіп, қате дыбыстарды түзеп, оларды жеке орындап көрсете білуі керек. Оның ерні дикциялық жаттыққан, ешбір дыбыссыз сөйлеу алатын қалыпқа дағдыланған, есту сезімі жақсы жетілген, дамыған дәрежеде болуы керек.
Әлеуметтік психологияда екі аспектпен шектеледі: 1).жекелік қабілеттерді қолдану арқылы іскерлікті комуникативті мақсатқа жеткізу;
2). Жалпылама орындаушылық қабілет.
Хор жетешісінің абыройлы болуы үшін оның сөйлеуі мен ісеген жұмысы өте маңызды.
Әрине, хор ұжымын басқарушы әрқашанда өз бойындағы жақсы және жаман сапаларын мойындап, өзінің мінез –құлқымен, темпераментімен, интелегентілігімен, ақыл шамасымен, мәдениеттілігімен музыкалық дәрежені хормейстерді арнайы дайындау кезінде өз жұмысының шеберлігін көрсетуі керек. Өйткені біреу өзін музыкант ретінде, басқа біреу өзін педагог, ал кейбіреуі жек адам ретінді жайғастырады. Абсолютті біркелкі шамалардың сапалары дирижерлік шығармашылыққа өте маңызды. Дамуға және толық жетілуге ұмтылу әрбір хор жетекшісінің міндеті, өйткені оған тірі адамдар өздарынын, өз дауыстарын, өз уақыттарын тапсырады, ол өте үлкен жауаптылық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет