Құрастырған: Айтжанова Ж. Н



бет17/21
Дата07.02.2022
өлшемі73,21 Kb.
#94628
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
кешен

Жеке сабақ № 16,17
Тақырып: Өлшемдердін өзгеруі.

Негізгі сұрақтар:


1.Ауыспалы өлшемдер
2.Аралас өлшемдер
Әдістемелік нұсқау:
Музыкалық шығармадағы бастапқы метр мен өлшемнің өзгеруін ауыспалы өлшем
дейді.
Аралас өлшемдер. Екі үлесті жай өлшем мен үш үлесті жай өлшемгің қосындысы
аралас өлшем деп аталады:
5 2 3 5 3 2 7 3 4 7 4
3
8 8 8 8 8 8 8 8 8 8 8
8


Жеке сабақ № 18,19
Тақырып: «Ауфтакт» түсінігін кеңейту және ауфтактты меңгеру дағдыларымен
жұмыс.

Негізгі сұрақтар:


1.Ауфтакт, оның түрлері.

2.Қол қимылындағы ескерту белгілері.


Әдістемелік нұсқау:


Ауфтакттің үзілмейтініне байланысты дирижер алдына ала өзінің шығармашылық
теорияларын жүзеге асыру керек. »Ауфтакт дирижерлауда үзілмейтін байланысты
жалғау болып табылады, яғни керек жерде белгі беріп, жарқ етіп,
өзгерілмейтін нұсқау болуы тиіс. Дирижер мен орындаушы арасында, дыбыстық
образдың көпірі, дирижердің есінде өмір сүретін, табиғи дыбыстардың
дирижердің көрсетуі де маңызды»,- деп А.П.Иванов- Радкевич жазды.
Сонымен, ауфтакт түсінігін келесі форматтарда көрсетуге болады: бұл ымдасу,
алдын ала әрбір такттің орындалуына, бірдей уақытта бітірілуіне белгілі бір
кезде аяқталды. Ауфтакттің көмегімен дирижер басталу нүктесі мен дыбыстың
пайда болуына дейінгі сәтті , әрбір такттің басталуын қадағалап көрсету,
динамикалық, темптік өзгерістерді, дыбыстың қатты не жүмсақтығын айыра
білу, сонымен қатар дыбыстың нұсқаулық сипатын көрсетеді. «Дирижер, өзінің
міндеттілігін техникалық білімі арқылы, хордың алдында, уақыты бойынша
хорға ымдап бастауы қажет. Яғни, мазмұнын да өзінің қолдары арқылы ымдап,
хордың оның айтуы бойынша ілесіп, хордағы әуенді әрі қарай жалғастыруға
мүмкіндіктерін қадағалауы керек».( К.Б.Птица)
Музыка пәнінің мұғалімі ауфтактпен ән айтушы хордың деңгейін көтеріп, әнді
орындауға деген қызығушылығын көркем және оқу барысында
арттырады.Ауфтактпен дирижер ұжымның бірқалыпты және жарасымды айтуына
кепілдік береді.
Ауфтакт толық жәнетолық емес болыр екіге бөлінеді.Толық ауфтактта толық
үлеске бітірілген тактті, ал толық еместе паузадан немесе толық
бітірілмейтін нотадан болғанды айтады. Дирижер ауфтактті, шығарманың
басталуына немесе бөлімдеріне, эпизодтарына, фразаларына, кейде тіпті
мотивіне де береді.
Ауфтакттің көмегімен инструментальды топқа бастау беріледі немесе жеке
партиядағы хорға, жеке солистерге;ауфтактты темп өзгергенде, ритмикалық
өзгеріс енгенде, шығармадағы ерекше болатын жайттарды ерекшелендіруге
көмектеседі. Дыбыстың жоғалып кеткен кезінде де ауфтакттің көмегінсіз
болмайды.
Ым, бұл дирижердің көмекші құралы. Ол ,шығарманы бастаймын деген
көзқараспен, үлестің қозғалысын немесе талпынысын, бітіру пзициясын, секіру
үлесін байқату инструменті.
Ауфтакт ерекшелік көрініс болып табылады. Шығарманың музыкалық бет-әлпетін
көрсету мәнері. Сондықтан оның көрсету аралығы және күші әрқашан динамика
мен темптің музыка арқасында шығуы да ауфтакт болвп табылады.
Дыбыстың қатты шығуы, ол ауфтакттің белсенді де қозғалысы жағына мықты
болуына, ал ақырын шығуы – белсенділіктің азаюына байланысты.Ауфтакт анық
дәл, ерекше болуы тиіс. Себебі дирижердің ойындағы мақсатын орындаушылардың
ұғынуы шарт.Ауфтакт ұзақтығы көрсетілімнің басталуынан кейін, толық темппен
шығарманың ұзақтығы бір есептеулі үлеспен теңеседі. Ақырын темпке ақырын
ауфтакт керек, ал тез ауфтактке жылдам, олардың ұзақтықтары мен күштері
музыкалық кеіпке байланысты. Барлық үлестер тұрақты темте дыбыстың ұзақтығы
бойынша бірдей, сол себепті ауфтакт жылдамдығының артуы такттық үлестің
ұзақтығын қсқартады.
Жалғыз үлеске бастауды беру үшңн, ауфтактті одан кеінгі үлеске ілестіріп
алып кетуі қажет. Мысалы, егер 4/4 өлшемінде хор мен оркестр бірінші үлеске
ұқсатып алуға тура келеді.
Басталу нүктесіне басқа да алғашқы тактілерге ауфтакт беру екі қозғалыстың
көмегімен жасалады: қозғалыстар, төменге қарайғы бағыт және келесі үлеске
жалғастыратын қимыл. Бұл қимыл-қозғалыстар әрине музыканыңырғағы арқылы
жүзеге асады. Мысал ретінде П.Чесноковтың «Қыста»атты шығармасын алйық.
Бұл шығармада ауфтакттің әр түрлі үлестік такттен кейін алуымызға
болайтынын көреміз.Алғашқы, яғни шығарманың басталу нүктесін көтсету үшін,
қол басталу нүктесінде тұрып, келесі үлеске қарай қимыл жасайды. Жоғарыға
жұмсалған қол, сол тұрған күйінде біраз кідіреді. Бұл жағдайда қолдың ең
жоғарғы позицияда болғаны ыңғайлы. Бұл жердегі басты принцип, басталу
нүктесінен кейінгі, бөлшектегі өлшемде назар аударып, мұқият болу:»Бөлшкті
дирижерлауда, дирижер қатты келген үлесті, ерекшелендіру керек.»(К.Б.Птица)
Бөлшекті дирижерлауды бастағанда, кіддірмелі ауфтакт қажет тудырады.
Кідірмелі ауфтакт қолданғанда, дирижер басталу нүктесінен серпіліс беруі
арқылы бөлшекті тактті өте нақты қозғалыспен орындаушыларға көрсетеді. «Осы
және келесі қозғалыстың үзіліс арасында дыбыстың пайда болуы, дирижердің
қолының биік нүктеде тұрып, ауфтакт беруінде.»(Л.М.Андреева)
Осы айтылғандардың барлығы анық, яғни ауфтакттің мағынасы мәнерлі,
ымдасудың өзінде нақты болуы қажет. Келесі бөлікке ауысардың өзін, тікелей
дайын қимылдармен көрсету.
Ансамбльдік қасиеттер, динамика, темп, орындаушылық сипаты да, топтық
дауыстардың дұрыс айтуы да дирижердің түсінікті ауфтакт алуына
байланысты.Дирижердің мәнерлілігі, органикалық қатынастың орындаушылық
қатынастың орындаушылық шеберлікпен шарттастырып ұштастыруында және көңіл-
күйін, мәнерін, темпін түсініп сезінуде жатыр. Егер ол музыканың басыналдын-
ала біліп тұрса, ол ымдасудың келесі ретін бірден келтіреді. Яғни керекті
эмоциялық бояуларын және ерекшелігін, темптік, метроритмикалық және
динамикалық белгілерін анықтатады.
Темпті бірінші қозғалыста көрсету қажет емес болғанда, ауфтакт тек бір
дыбыспен ғана айқындалады. Яғни, инстументальды құрамда, дауыстарда,
динамикада, ұзақтығында, логикалық ойлау қабілетінде – бір сөзбен, түгел
дауысты қосып шығарылған дыбыс кезінде. Бұл жайт шығармалардың бас жағында,
көбінесе ақырын темпте, әсіресе ұзақ ноталардың алдында және фетматаның
алдында болады. Ұзақ емес ауфтакттар қысқа, тез, өткір, тоқтаудағы тез
кідірістер (ауфтакт stoccatto) немесе тасқындап және асықпай
(ауфтактlegato)не болмаса негізгі қозғалыстан түспей, онымен тығыз
байланысты қарқынды жүріп отырады.Бұның бәрі, дирижердің қозғалысының қай
дыбыспен ұштасып тұрғанын және дирижердің өздігінен көрсеткен қимылдарына
байланысты болып табылады.Ұзақ ауфтакт, келесі басталар негізгі такттің
толықтырылған үлесі, орындаушыға темптің қандай екенін айтады. Бұл
ауфтактта өзінен өзі темптің көрсеткіші болады, сонда орындаушылар
шығарманың ауфтактін бастап аяғына дейін нақты біледі. Ауфтакттің басы және
аяғы аралығындағы уақытта қолдар үнемі қозғалыста болады.Әр түрлі ауфтакт
беру үшін, әрине қол өзінің орнын табуы керек, яғни өлшемнің берілуі
бойынша. Бірінші үлесті көрсетпес бұрын қол бір нүктеде орналасады, сәл оң
жаққа қарай және өз орналасқан нүктесінен жоғары болады. Қолдың түгелдей
ауфтакт жасауы үшін, максималды ыңғайлылық керек, сонымен қоса оның
орналасқаны музыканың анықтылығына және мінезіне сай болуы да тиіс.
Ауфтактің дайындығы және қозғалысы үш элементтен тұрады: серпіліс, не
болмаса дем алыс(замах), - жоғары қарай тырысу;не болмаса қозғалыстың
төменге қарай бағыты, нүктеге серпіліс беру арқылы бітіру, және
қайтарылымды қозғалыс, секіру қозғалысы,- жоғары қарайғы бағыт. Осы
элементтердің шешілімдері – серпіліс және құлау; итеріліс қозғалысы,
соққыдан соң пайда болды, бастапқы моменттегі үлес оған онша әсер ете
қоймайды. Осы себептен, дирижердің ымдасып, орындаушылармен сөйлесуі, ән
айтушылық қасиеттің, метроритмикалық музыка ерекшелігінің және төрт
бөлшекті құрайтын келесі үлеске әсерін тигізеді.
Дирижерлық көрсеткіш әрқашан өзінің шынайы көрсететін дыбысымен уақытында
таң қалдырады. «Әрбір дыбыстың орындалуы ол орындаушының әрбір қимылына
байланысты, ол: ән айтып, үрлемелі аспаптарда ойнағанда, дем алысы және
диафрагманың көмегімен әрбір тактті дұрыс айтқанда, дауыс созылымдары,
тілі, қолы, саусағы т.б...

...Қол көрсеткіштері, дауыстың шығуы, дайын болудың міндеттілігі, келесі


орындалатын дыбыстың әрбір ырғағы ерекшеленеді.Осы дайындық нәтижесін
ауфтактыда»-деп Н.А.Малько көрсеткен еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет