Құрастырған: Айтжанова Ж. Н



бет18/21
Дата07.02.2022
өлшемі73,21 Kb.
#94628
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
кешен

Жеке сабақ № 20,21,22
Тақырып: Дирижерлік аппараттың орналасуына көмектесетін жаттығулар,
мануальды техниканың кемшіліктерін түзету.
Негізгі сұрақтар:
1. Дирижерлік аппараттын орналастыру жұмысы және дирижердің мануальды
техникасы
Дирижерлік аппараттын орналастыру жұмысы және дирижердің мануальды
техникасын үздік дәрежеге жеткізу кейбір кемшіліктерді түзеумен байланысты.
Ең ауыр және жиі кездесетін кемшілік – бұл иық белдеуінің тартылуы, одан
кейінгісі қолдың басы тартылуы, одан кейінгісі қолдың басы тартылуы не
ырыққа көнбеуі.
Иық белдеуінің тартылуынан алғаш бастап жүрген дирижер өзінің қолын үстіге,
астыға түсіре алмайды, жан-жағына қозғалта алмайды, иық буыны мен иық
бұлшық етінің қимыл-қозғалысы шектеліп қалады. Иықтың қозғалысынан
кедергіге ұшырау не тоқтап айқын байқалады. Иық түсіңкі, бас аз қозғалады,
бұлшық ет, мойын және мойын омытқасының епсіздігі көрініп тұрады. Иық
белдеуінің тартылуы әсіресе forte шығармаларда, яғни күшті еркін
жест(ишара, ым) мен қозғалыстың үлкен екпіні қажет кезде өте айқын
көрінеді.
Адам ағзасында бұлшық еттер, ағзаларда бір-бірімен байланысты және барлық
қозғалысты орталық жүйке жүйксі басқарып отырады, сондықтан ертеде
қалыптасқан қате дағдыларды өзгерту қиынға соғады.
Мануальды (қол техникасы кемшіліктеріне жөндеу сабағын толық бұлшық еттік
еркіндіктен бастау керек. Бұларды әр түрлі гимнастикалық жаттығулармен
жүйелі айналысумен жәек бұлшықеттің тартылуына, босанып, дұрыс дирижерлік
техниканы меңгеруге көмектесетін физикалық жаттығуларды жасаудан бастау
керек..
Дирижерлік аппаратты жөндеумен негізі аптасына екі рет 45 минуттай айналасу
керек. Неден бастау керек: иық белдеуін еркін ұстау үшін бірнеше жаттығулар
орындау керек. Ең алдымен бұлшық еттің еркіндігі мен тыныштығын сезінуге
қөмектесетін жаттығулардан бастау қажет. Орындыққа арқаны тигізіп нық
отырып, Қол-аяқты еркін түрде төмен түсіріп, тізеге еңкейіп, тірелу керек.
Бұлшық еттерді жақсылап тынықтыру, толық тыныштықты сезіну, өзіңді жай ғана
демалып отырғандай ұста. Одан кейін қолыңды айқастырып жоғары көтеріп,
тізеге лақтырып жіберу.Егер бұлшықеттер жақсы тынықса, қол еріксіз және
жұмсақ құлайды. Ең алғашында бұлшық еттерді аяғына дейін тынықтыру және өз
қолыңның салмағын сезіну қиынға түседі.Бұл жаттығуда еске алатын нәрсе,
қозғалыстың біркелкі, еркін, жүзбелі, жалқау мінезді және қол мүлде бос
болуы керек. Одан кейін осы жаттығуды тұрып істеу қажет. Еркін және түзу
тұрып, барлық қысымнан арылу керек, аяқты бір-біріне қашықтықта қойып,
қолды жоғары көтеред, бастан асырып оны бөтен не басқа біреудің қолы сияқты
төмен тастай салу керек. Қолмен бірге басты та салбыратып төмен түсіру
керек. Бұл жаттығу бірінші қолмен, одан кейін келесі қолмен, сонан соң
екеуімен бірге жасау керек. Бұл жаттығу бірден орындала қоймайды, өйткені
қол «саналы» түрде әрекет етеді
Қолдың бұлшық еттерін еркінеәлі беруде профессор М.И.Паверманның
жаттығулары өте пайдалы: ақырындап босату, және олар еріксіз құлауы керек.
Бұдан кейін қолдың барлық бұлшық еттерін босатуға көшу керек. Қол
вертикальды жоғары көтеріледі, одан кейін жеке-жеке босатылады және сонан
соң қолдың ұшы, одан кейін шынтақ және қол, бәрінен соң төмен түседі, қол
босаңсыған иықпен , бірақ көтерулі шынтақпен қалады, ең соңғы болып қолдың
ұшы мен шынтақ құлайды. Жаттығу бір қолмен екі қолмен де орындалады.
Жаттығу кезінде үнемі аяқты қадағалап отыру керек, уақыт сайын оқушыға оң
және сол аяғын көтеріп не түсіріп отыруға жәжбүрлеу керек. Иық буынының
еркіндігін ие болу үшін, салмақ пен бостандықты сезіну үшін , қолмен
«диірмен» жаттығуын жасауға болады. Қол еркін түрде төмен күйде, одан кейін
қол бастан жоғары және кері қарай айналып, еркін түрде төмен түсіп, алғашқы
қалыпқа келеді. Осылайша, қол ауада дөңгелекті бейнелейді. Мұндай дөңгелек
тәріздес жаттығуларды біркелкі жасау қажет. Бұл жаттығу бірінші бір қолмен
, сонан соң бірге жасалады.Алғашында баяу басталып, бірте-бірте жылдамдай
түседі.Бұл үшін дем алуды қадағалау керек, ол қолдың қозғалысынан тыс
ритмді және біркелкі болуы керек. Бұл жаттығуды вальс музыкасымен орындаған
жақсы, «1,2,3» есебі бойынша . «Диірменді» күрделендіру иықтан бастап,
барлық қолды айналдырумен басталады. «Диірмен» жаттығуы қолды алға және
артқа айналдыруға арқылы мүмкін болады.
Бұл жаттығу қолдың барлық бөлігінің қозғалысын дамытады және иық,
шынтақ және қол ұшының қозғалыс еркіндігін тудырып, дирижерлық жест пен
дирижерлау техникасында дәлдікті қамтамасыз етеді. Және осылайша forte-дегі
иықтың «ірі» жесті дирижерлеудің музыканың мазмұнына байланысты «кіші»
жестке айналуы мүмкін, онда қозғалыста шынтақ қатысады және өте кішкентай
жест болады, ол қол ұшымен ғана орындалады.
Үйренуші бұлшық еттеріне жақсы тынықтырғанда оның қолы алдыға жан-
жағына еркін жылжиды, мойын бұлшық еттері тынықты, енді келесі жаттығуға
көшуге болады:столға отыру, иықтар еркін, қолдын алақаны столға салмақты
қойылып, бір уысқа жиналған, яғни рояьда аккордты алғандай. Мұндай жаттығу
барлық қол салмағы саусақ ұшына жиналғанын көрсетеді. Кейінгіректе бұл
саусақтардың күші арқылы жазықтың суреттеліп, қолдың бар күші жазықтықты
сезінеді, онда ауадағы шынайы күшсіз болады. Бұл жаттығуларды «3», «4»
тактілеуге күрделендіруге күрделендіругк болады. Қолдар алдыға швғады –
ауфтакт, еркін түрде төмен түседі.»4» -ші тактілеу де дәл осындай:қолды бір-
біріне қашықта столға қою, жоғары көтеру, қолдар столға құлады, алақандар
жақындады – бұл екінші бөлік, бірінші көтерілу, қолдардың түсуі, бір-
бірінен тағы да алыста- үш бөлік, жоғары көтеріледі- төрт бөлік.
Дирижерлік аппаратты орналастырудағы жұмыстың ең қиын кезеңі-бұл
қолдың беріктігін сезіну, ауада қозғалысын сезіну.
Қолдың араласпауы тырнақтар жоғары көтерілген, жан-жаққа кетіп
қалған, қол ұшы бір жаққа бұрылған: оң жақ оңға, сол жақ солға. Мұндай
жағдайда иық буыны, тырнақ буындары табиғи күйде тұрған жоқ, қол
бұлщықеттері тартуы, қолдар қандай-да бір қорқынышты бейнеге айналғандай.
Дирижердің қолының дұрыс орналаспауы, кейде скрипкашы мен пианистікі
секілді профессионалдық ауруға әкелуі мүмкін.
Дирижердің қолы еркін, күшті, жұмсақ, ұштары қозғалмалы, Жұмсақ
болуы керек.Дирижердің таяқшасын ұстап тұрғаны анық көрінетін фотосын
қарауға ұсыныс айтамыз, онда ол табиғи және оның қолда әдемі көрінеді.

Жеке сабақ № 23,24,25,26


Тақырып: Оқытушының көмегінсіз көркем бейнесін суреттерде өз түсінігінше әр
түрлі әрекеттермен амал іздеп, дирижерлық техниканы пайдалану.

1. Темптін әсерінен өлшемдердін көрсетілу жолы (жәй немесе жылдам темпке


дирижерлық қимылдың шапшандығы немесе үзіліп көрсетілуі
2. Аспапта хор шығармасын орындаушылықты көрсету

Әдістемелік нұсқау:


Внимание должно быть направлено на выработку общего ансамблевого
исполнения, для чего дирижер ведет работу сначала над отдельными
законченными тематическими кусками, а затем постепенно объединяет их в одно
целое. Одновременно он работает над осознанием взаимосвязи между
содержанием музыкального произведения и формой его исполнения.

Художественно-творческое познание данного произведения волей дирижера


постепенно переходит в сознание и чувство хорового коллектива, превращая
его в реального выразителя замысла композитора и дирижера.Концентрация
внимания на развитии профессионально- психологических качеств (воли,
самообладания, эмоционального начала, артистизма и т.п.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет