Пәнді зерделеу барлық өткен материалды қамтитын ауызша және жазбаша естиханмен аяқталады. Емтиханға бағдарлама бойынша барлық берілген тапсырмаларды орындау міндетті шарт болып табылады.
Әрбір тапсырма 0-100 ұпаймен бағаланады.
Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтарда жасалған барлық тапсырмалардың орташа арифметикалық санынан шығарылады (сабақтарға бару, үй жұмысы, СӨЖ тапсырмалары, практика тапсырмалары және т.б., межелік бақылау).
Пән бойынша қорытынды баға студент жіберу рейтингі және қорытынды бақылаудан жағымды баға алған жағдайда ғана қойылады. Қорытынды бақылауға себепсіз келмеу «қанағаттанғысыз» деген бағаға теңестіріледі. Емтихан және межелік бақылау нәтижелері студенттерге сол күні немесе жазбаша емтихан күннің екінші жартысында өткіілетін болса, келесі күні айтылады.
Қорытынды бағаны дұрыс есептеу үшін, межелік бақылауда және қорытынды емтиханда студент білімін пайыздық мөлшерде 0-ден 100%-ға дейін бағалайды.
Межелік бақылау бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылау бағасынан құралады.
«Хорды дирижерлау» пәні бойынша студенттердің оқу жетістіктері, көпбалдық әріптік оның сандық эквивалентіне және бағалардың дәстүрлі жүйесіне сай жүйе бойынша бағаланады: