. Шапық Шоқыұлы Шөкин (1912-2003) - көрнекті қазақ энергетигі, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, КСРО-ның құрметті энергетигі, Халық Қаһарманы. Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ш.Шөкинге ғалым-академиктердің арасындағы алғашқысы болып Қазақстанның ғылымы мен энергетикасын дамытуға сіңірген аса зор еңбегі үшін - «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - «Алтын жұлдыз» тапсырылған. Ол 1944-1950 жылдары Іле өзенінің суы мен энергетика қорын кешенді түрде пайдалану мәселесін зерттеп, Қапшағай бөгені мен Қапшағай су электр стансасын салу ісіне үлкен үлес қосты. 1949-1958 жылдары Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мәселесін Ертіс өзенін бұру негізінде шешуге болатындығын дәлелдеді. Мұның өзі Ертіс - Қарағанды каналының салынуына себеп болды.
Тапсырма. 1. Энергетика жайлы не білесің? Әңгімелеп жаз.
2. Мәтін бойынша марапат атауларын теріп жаз.
3. ғалым деген сөзді тәуелде