Деңгейлік тапсырма.
1. Мына сөздерді сөз құрамына талда.
Өнершебері, әншілер, шәйнегі, жәдігерлер.
2. Мына сөздердің қарама-қарсы мәнін тап.
Атақты-
Келді-
Өмір-
3. Мына сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Кітап, журнал, әдебиет.
Майра әнші. Майра Уәлиқызы Шамсутдинова – халық әншісі, композитор. 1896 ж. 6-мамырда Кереку (қазіргі Павлодар) қаласында дүниеге келген. Майра жасынан гармон тартып, ән салған. Кереку, Баянауыл, Семей аймағындағы жәрмеңке, той-думандарда өнер көрсетіп, есімі елге жайылған. 1890 жылы қазіргі Павлодар облысы Павлодар қаласында дүниеге келді. Майра 13 жасынан бастап көптеген тыңдаушылар алдында өнерін көрсете бастаған. Дауысының ауқымдылығы класскалық, жеке және сол заманғы шығармаларды орындау мүмкіндігін беретін. Әміре Қашаубаев және Иса Байзақовтардың қатарында өзінің өнерін Баянауыл және Қоянды жәрмеңкелерінде көрсеткен. 1926 жылы әйгілі этнограф-музыкант А.В. Затаевичпен кездесіп, өзінің орындауындағы жеке әндері мен 13 халық әндерін жазған. «Майра» әні өте танымал болды (басқа атауы— «Убайра», «Райра», «Хару-раку-райра»)- ақындар өнерінің салтында шығарылған өзіндің әуендік «автопортрет».
Тапсырма.
1. Мәтінді түсініп оқы.
2. Мәтінді мазмұндап,негізгі ойын анықта.
3. Туған жер,Отан,тіл туралы 8 -мақал-мәтелді есіңе түсіріп, жазбаша жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |