Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі


Тапсырма. 1. Мәтінді мәнерлеп оқы. 2. Мәтін бойынша сөздік құрастыр. а) Оқылым



бет24/29
Дата20.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#132620
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
моя книга

Тапсырма.
1. Мәтінді мәнерлеп оқы.
2. Мәтін бойынша сөздік құрастыр.
а) Оқылым: Оқушылар мәтінді жылдам әрі мұқият оқып шығулары керек.
б) Айтылым:
1 топ: мәтін бойынша сұрақтар құрастырады
2 топ: блиц турнир сұрақтарына жауап береді.
Шығармашылық тапсырма

  • Оқушылар, келесі шығармашылық тапсырма. Топтың атауына сәйкес Шәкен Аймановтың әртістік және режисерлік жұмысын жазу. Тақтаға шығып оны айтып беру. Сендерге ватман қағазы, тақырыпқа сәйкес суреттер және фломастерлер беріледі. Іске сәт!

Түсірген кинофильмдер
1954 «Дала қызы»
1954 «Махаббат туралы аңыз» 
1956 «Біз осында тұрамыз»
1957 «Біздің сүйікті дәрігер»
1961 «Бір ауданда»
1961 «Әуен шақырады»
1962 «Жол торабы»
1964 «Алдар көсе»
1966 «Атамекен»
1968 «Тақиялы періште»
1970 «Атаманның ақыры»
Фильмография:
1938 «Амангелді» — эпизод
1940 «Райхан» — Сәрсен
1943 «Ақ раушан» — майдангер
1945 «Абай әндері» — Шәріп
1948 «Алтын мүйіз» — Жәкен Досанов
1953 «Жамбыл» — Жамбыл
1956 «Біз осында тұрамыз» — Бейісов
1957 «Біздің сүйікті дәрігер» — эпизод
1961 «Алдар көсе» — Алдар көсе
1969 «Найзатас бөктерінде» — Бейсембай


Кәукен (Әбдірахым) Кенжетаев (1916 - 2008) - әнші, Қазақстанның халық артисі. Ол Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1936-41 жылдары Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясында оқыған. 1959 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1942-46 жылдары Хабаровскідегі шекарашылар ансамблінде қызмет атқарады.1946 жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрында еңбек етеді. 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады.
Кәукен Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семён (Е.Г. Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Дударайында»), Жанбота (М.Төлебаевтың «Біржан Сарасында»), Эскамильо (Ж.Бизенің «Карменінде»), Князь Игорь (А.П. Бородиноның «Князь Игорінде»), Руслан (М.И. Глинканың«Руслан мен Людмиласында»), Демон (А.Г. Рубинштейннің «Демонында»), Алексо (С.В. Рахманиновтың «Алекосында») партияларын шебер орындады. 1957 жылданбастап киноға түсіп, Бауыржан Момышұлы («Ел басына күн туса да»), Нұртаза («Ән қанатында»), Танабай («Тұлпардың ізінде»), Жаппас («Таудағы шынарда»), Базарбай («Қыз Жібекте»), Қазанғап («Боранды бекетте») т.б. рөлдерін ойнады. Кәукен Кенжетаев режиссер ретінде Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Амангелді», С.Мұхамеджановтың «Айсұлу», Е.Рахмадиевтің «Алпамыс», П.И. Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі» т.б. операларды қойды.
1979 жылдан өнер академиясында дәріс береді. «Дархан дарын», «Мәжит Бегалин», т.б. кітаптардың авторы. Гастрольдік сапармен Польша, Моңғолия, Румыния, Туркия, Грекия, Египет, Сирия, Ливан т.б. елдерде болған. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
Тапсырма.
1. Мәтінді мәнерлеп оқы.
2. Мәтіндегі атақты актерлердің атын тауып жаз.
3. Мәтіннен сан есімдерді тауып топтап жаз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет