Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі



бет26/29
Дата20.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#132620
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
моя книга
docx1552205410
Деңгейлік тапсырма

  1. Есептік сан есімдерді жазбаша түрде дәптеріңе жаз.

40,86,92,2012,192,605,120,555,3225,800.
2.Берілген сөздерден туынды етістік жасап,сөйлем құра.
Тіс,оқы,арқа,кел.
3. Етістікті тіркестерді қалау рай тұлғасында жазыңыз.
Айтып келдім, күлкісі келді, біліп отырмыз, жақсы оқы, қолыңды көтеріп отыр, ән айтып бер.

Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929) - әнші, ақын, композитор. Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің маңында дүниеге келген. Әкесі Байжан кедей болған. Анасы Нақыш ертеректе дүние салып, Мұса Байжанның ағасы Тайжанның қолында тәрбиеленеді. Жеті жасында хат таниды.Жастайынан халық музыкасымен, ауылға келіп-кетіп жүрген әнші-күйшілер өнерімен танысады. Өзі де ән салып, домбыра тартады. 1851 жылы Қызылжарға (қазіргі Петропавл) келіп, орыс тілін үйренеді. Ол домбыра, қобыз тартумен қатар, сырнай мен скрипка ойнауды да меңгереді. Қаладағы оркестрлердің, әншілерң орындауындағы концерттерді қызыға тыңдайды. Бұл оның музыкалық-эстетикалық талғамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Жаяу Мұсаның Шоқан Уәлихановпен бірге жүруі, Ыбырай Алтынсариннің өлеңіне («Кел, балалар, оқылық») ән шығаруы, өлеңмен күнделік жазуы, Абайға өлең арнауы, Л.Н. Толстой кейіпкерінің атын баласына қоюы - оның заман лебін терең сезінгендігін байқатады. 1854 жылы Омбы қаласындағы орыс мектебінде оқыған. Осындағы кітапханадан Санкт-Петербор, Мәскеу, Қазан, Орынбор, Ақмола, тағы басқа қалаларда шығатын газет-журналдармен, кітаптармен танысады. Жаяу Мұсаның тырнақалды туындысы «Қыздар-ай» Омбыда дүниеге келді. Ол туған ауы-лына сауатты азамат, музыкалық аспаптарда шебер ойнайтын өнерпаз болып оралады.
Тапсырма
1.Мәтінді мазмұндап,негізгі ойын анықта
2.Мәтінді мазмұндап,негізгі ойын анықта.
3.Мәтін бойынша сөздік құрастыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет