Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі



бет21/29
Дата20.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#132620
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
моя книга

Деңгейлік тапсырма.
1. Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?
2. Мына сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
Өлең-жырмен әңгіме баяндайды.

Шорманов Мұса– Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны, би, шешен. Қаржас руынан шыққан атақты би Шорман Күшікұлының үлкен ұлы. Шорман бидің Мұсадан басқа: Мұстафа, Иса, Аужан атты үш ұлы мен Зейнеп атты қызы болған. Шорманов өз заманы үшін жеткілікті білімді, көпке танымал және беделді адам болған. Александр Лукин деген офицердің қолында екі жыл оқып, орысша сөйлеу мен жазуды үйренеді. 1833 ж. Баянауыл сыртқы округі ашылғанда үмбетейлердің болысы болып сайланды, 1843 жылдан округтік қазысы болды. 1844 ж. Баянауылда мешіт құрылысын ұйымдастырып, медресе ашты. 1847 – 49 ж. Сібірден 60 мыңдай қазақтарды көшіріп әкеліп, округке таратып қоныстандырды. 1854 жылдан – аға сұлтан. Шорманов Мәскеу мен Петербургте екі рет: 1855 ж. Ресей патшасы Николай І қайтыс болғанда, 1856 ж. Александр ІІ патша таққа отырған салтанатына барған. Қоғамдық істермен белсене араласып, өзінің туған жиені, белгілі ғалым Ш.Уәлихановпен тығыз байланыста болды. Абайдың әкесі Құнанбай істі болып, Омбыға тергеуге шақырылғанда, Дала генерал-губернаторына кепілдеме беріп, қамаудан босатып алған.
Тапсырма.
1. Мәтінді мәнерлеп оқы.
2. Мәтін бойынша етістіктерді тауып жаз.
3. Мәтінде қандай атақты ақынның атын кездестірдің?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет