Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі



бет14/29
Дата20.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#132620
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
моя книга
docx1552205410
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Арқаның сұлу төрінің бірі- Павлодар облысының, Баянауыл ауданының ҚИ.Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында Сәтбаевтардың үлгілі - өнегелі ауылында дүниеге келді. Қаныштың жерлесі әрі досы Әлкей Хақанұлының мәліметтері бойынша, революциядан (1917ж.) бұрынғы қыр қазақтары арасында Сәтбаевтардан көп оқыған ауыл болған емес. «Қаныштың әкесі Имантай - ақылды, момын, терең ойлайтын, әр нәрсені ақылмен, сабырмен шешетін кісі болатын...» 1921 жылы жазда Қаныш Имантайұлы Баянауылға емделуге келген сол кездегі Сібір өңірінің ірі, мәдени орталығы Томск қаласының технология институтының профессоры (кейін академик болған) Михаил Антонович Усовпен танысады. Қанышқа М.А.Усов Қазақстанның геологиясы мен тау-кен байлықтары туралы көптеген қызықты әңгімелер айтады.
Тапсырма.
1. Геолог жайлы не білесің? Әңгімелеп жаз.
2. Мәтін бойынша жалпы есімдерді теріп жаз.
3. ғалым деген сөзді жікте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет