Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі



бет23/29
Дата20.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#132620
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
Байланысты:
моя книга
docx1552205410
Деңгейлік тапсырма.
1. Мына сөйлемді сөйлем мүшесіне талда:Ғалым Қорқыт ата мұрасын зерттеді.
2. Синоним сөздерді теріп жазыңдар:Ас, аспан, кент, мейрам, тамақ, гүл, шаһар, тағам, мол, жылан, ескі, ай,жаңа, мереке, көк, алма, бай, қалам, қала, сызғыш, көп.


Шәкен Айманов айтқан екен...
Әйгілі кинорежиссер, актер Шәкен Айманов бірде еңбекшілермен кездесуге шалғайдағы колхозға келіпті. Шағын ғана ауыл клубына ел толып, колхоз басқармасы жиынды ашып, біраз шаруашылықпен, ауыл адамдарымен таныстыру рәсімін жасайды. Сөз арасында астаналық қонақтар алдында көтеріле сөйлеп, шаруашылықтың артта қалғанын жуып-шайған болып, «...біз қадірлі қонақтардың алдында колхозымызды сексенінші жылдарға қарай миллионер колхоз етеміз деп уәде береміз» деген сөзді де айтып жібереді. Содан сөз кезегі Шәкен Аймановқа берілгенде: – Сексенінші жылға дейін он-он бес жыл бар екен, – деп әңгімесін бастайды. – Бұл дегеніңіз бір ғұмыр ғой. Менің есіме осыған орай мынадай бір әңгіме түсіп тұр. Ерте-ерте, ертеде, бір еріккен хан: «Кімде-кім көк есекке он жылда хат танытамын деп уәде берсе, ат басындай алтын беремін. Егер уәдеде тұрмаса басы алынады!» деп жарлық шашады. Сонда қасиетіңнен айналайын Жиренше ел ішінен суырылып шығып, «Мен хат таныта аламын!» депті де ат басындай алтынды алып, көк есекті жетелеп үйіне келіпті. Мұны көрген Қарашаш: «Ойбай-ау, о заманда бұ заман, есек хат танушы ма еді, бұл не қылғаның?!» деп қамығады. Сонда Жиренше шешен: «Бәйбіше, алаң болмай алтынды қажетіңе жарата бер, он жылда не мен өлемін не хан өледі, не есек өледі!» деген екен. Сондай-ақ, басқармаларыңыздың уәдесінде мін жоқ, тек әлгі Жиреншенің есебіндей болып жүрмесін! – деп Шәкен жұртты бір күлдіріп алған екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет