Құрастырған Б. Ж. Кибатова «Мықты батырлар» сауықтыру үйірмесінің жылдық жоспары әдістемелік құрал


Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің жоспары



бет2/4
Дата19.02.2017
өлшемі0,7 Mb.
#10789
1   2   3   4

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің жоспары

Қыркүйек I апта

Нүктелі-сауықтыру массажы 1 нүкте – сұқ және ортаңғы саусақтармен кеуденің ортаңғы, жоғарғы жақ және үштің ортаңғы бөліктеріне массаж жасау;

2 нүкте – сұқ саусағымен жеңіл түрде кеуденің негізгі ортасын басып 1 минуттай өткізіледі; 3 нүкте – кезектестіріп бірнеше рет оң және сол жақ ұйқы бездерін басу;

4 нүкте – бас бармақпен мойынның екі жағынан жеңіл басып массаж жасау;

5 нүкте – сұқ саусақпен мойынның жетінші және кеуде омыртқасының бірінші тұсын байыппен басады; құлақтың алдыңғы жақ сүйегі жағынан жеңіл массаж жасау ; 6 нүкте - сұқ саусақпен құлақтың алдыңғы екі жағынан жақ сүйегіне массаж жасау; 7 нүкте - ортаңғы саусақпен мұрынның екі жаны танау тұсынан массаж жасау; 8 нүкте - сұқ саусақпен қастың үстіңгі доғасына массаж жасау.

9 нүкте – ортаңғы саусақ пен бас бармақ арасындағы нүктені қысу, мұны сұқ саусақтың көмегімен жеңіл басып жасайды.

Тыныс алу жаттығулары.

М.И. Фонарёва бойынша «Көкек» жаттығуы.

«Көкек» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды белге қояды, демді ішке біртіндеп тартады, «Ку-ку, Ку-ку» деп дыбыстап демді сыртқа шығара денені алға еңкейтеді.



Спорттық құралдармен ойнауға арналған қимылды жаттығулар

«Қарлығаш» ойыны. Бұл ойынды өткізу үшін міндетті түрде дөңгелек қажет. Одан кейін «қарлығашты» және күзетшіні таңдайды, «қарлығаш» дөңгелек ортасында отырады, ал күзетші басқа ойыншылардың шабуылынан қорғап жүреді. Күзетші ойыншылардың біреуін ұстап алуға тырысады. Егер ол тырысып, ойыншының біреуін ұстап алса, ол күзетші атанады.

Релаксация: «Арамен ойнау»

Аю қонжықтарды, араны бірге ойнауға шақырады. Балалар үйшік жасай отырып, тізелерін көтереді. Ара тізе астынан ұшып жүреді. Аю анасы «Ұшты» деп айтқанда, қонжықтар аяқтарын созады, бірақ ара аяқтардың арасынан ұшып өтуге тырысады.



Қыркүйек II апта

Жүру

Бір қатарда және шашырап жүргізу, қолға арналған жаттығуларды (үй құстары, қояндар,ұшақтар) орындату;

тар жерде балаларға тепе-теңдікті сақтап, допты түзу домалата білу.

Кеудеге арналған жаттығулар

«Әткеншек» - қолды белге ұстап, денені жан - жаққа бұрады.

«Тағзым» - алға қарай еңкейіп, қолды аяқ басына дейін жеткізу керек.

«Қайық» - қолды алға созып, ішпен жатады, қолды, иықты, басты көтеріп, денені бүгу керек.

«Бауырсақ» - тізерлей отырып, допты айналдыра домалату керек.

«Қоңыз» - төрт тағандап тұрып, қолды, аяқты бүгу және жазу керек.

«Иілу» - аяқты алшақ қойып, тік тұрады, алақанды сырт жағына қаратып, алға ұзартып, қолды жоғары көтереді, саусақтарды айқастырады, артқа шалқаяды, солға бұрылады, денені алға еңкейтіп, оңға бұрылады.

Қимылды ойын: «Жаяу көкпар»

Бақылаушы таңдалады, ол ойын ережесінің дұрыс жүрілуін бақылайды және ойын барысында тәртіп бұзбауын қадағалайды; ол ойыншыларды бір сапқа тұрғызады, сыйлықтан 30 қадам жерде финиш анықталады. Саптағы әр ойыншының міндеті қалған ойыншыларды жығып, сыйлыққа дейін жүгіріп жетіп, оны алып финишке жету керек.



Релаксация: «Жаяу ат айдаушы қалпында» Міндетті түрде орындыққа отырып, денені алға қарай арқаны жай ғана еңкейту, басты төске қарай жібереміз, аяқты тік бұрыш жасап, қатар қою керек. Білек сүйектері жамбаста еркін жатады, қолымызды бос ұстаймыз, еркіндікке жібереміз. Көзді жұмып, бұлшықеттерді барынша босаңсытамыз. Қалып ат айдаушыны елестетеді.
Қыркүйек III апта
Жүру және жүгіру. Бір қатармен жүру, шашырап жүгіру, текшелерді айналып жүгіру; еденде төрттағандап алдына, артына еңбектеу.

Кеудеге арналған жаттығулар

«Шеңберлер» - тік тұрып, аяқты иық деңгейіне қояды, қолды жоғары көтеріп, саусақтарды айқастырады, 1-есебінде денені еңкейтіп, қолды солға бұрады, 2-дене мен қолды алға еңкейтеді, 3-оңға, 4–артқа (қолды желкеге қоюға болады).

«Маятник» - тік тұрып, аяқты бірге ұстайды, денені солға еңкейтеді, оң қолмен қабырғаны, сол қолмен саннан тізеге дейін сипалайды, дәл осылай екінші аяқпен жасалады.

«Болмашы» - тік тұрып, аяқты иық деңгейіне қояды, қолды кеудеге қояды; денені солға бұрып, қарама – қарсы бағытта (көлденеңнен сипалау) оң жақты сипалау; дәл солай екінші жаққа жасайды.

«Піл» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды төмен түсіріп, қарын тұсынан бір-бірімен айқастырады, екі қолды бірдей жоғары көтеріп, алға еңкейеді, қолды иыққа дейін түсіріп, денені 90 градусқа бұрады, қолды жерге дейін түсіріп, бастапқы қалыпқа оралады.

Тыныс алу жаттығулары. К. П. Бутейко бойынша бақылау үзілісі.

1–2, 3-4 есебінде танаудың әр тесігінен кезек - кезек демді ішке тартады; 1 – 10 (16) есебінде дем алуды бөгеп, сыртқа шығарады.



Қимылды ойын: «Қарлығаш»

Бұл ойынды өткізу үшін міндетті түрде дөңгелек қажет. Одан кейін «қарлығашты» және «күзетшіні» таңдайды, қарлығаш дөңгелек ортасында отырады, ал күзетші басқа ойыншылардың шабуылынан қорғап жүреді. «Күзетші» шабуылдың біреуін ұстап алуға тырысады. Егер ол тырысып, ойыншының біреуін ұстап алса, ол «күзетші» атанады. Релаксация: «Теңіз өмірі»

Теңіздегі тіршілікті: теңіз балықтары, шабақтар, теңіз жұлдыздары, шаяндар, дельфиндер атаулары күн нұрына бөленіп, теңізде жүзген кездегі бейнелеріне ену, сезіну.
Қыркүйек IVапта

Дәрігер Айболитке қонаққа бару.

Бір қатармен жүру, жүгіру, қолға арналған жаттығуларды аңдардың қимылына салып жасату.



Кеудеге арналған жаттығулар

«Керік» - аяқты бірге қойып, тік тұрады да, бір иық деңгейіне қояды, қолдың саусақтарын бір - бірімен айқастырып, қарын тұсынан төмен түсіреді, денені алға еңкейтіп, алақандармен аяқты ұстайды, б.ж.қайта оралады.

«Маймыл» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, екі аяқтың өкшесін өзек қылып, 180 градусқа бұрылады, алға қарай 45 градусқа еңкейеді, аяқты айқастырады, сол аяқ оң аяқтың алдында болуы шарт, түзеліп, екінші жаққа бұрылып жасайды.

«Ләйлек» - тік тұрып, аяқты иық деңгейінен сәл алшақ ұстайды, алақанның сырт жағымен белден ұстап, денемен жартылай шеңбер жасайды.



Тыныс алу жаттығулары

Б.С. Толмачёва бойынша «Балдырған» - аяқты иық деңгейіне қойып, алақанды жоғары қаратып, саусақтардың арасын барынша ашып, қолды екі жаққа, содан соң артқа жібереді, демді қатты сыртқа шығарып, қолды кеуде тұсында айқастырып, саусақтармен жауырыннан қағу керек, қолды қайта екі жаққа жібереді, балалар өзін-өзі құшақтағандай болады.



Қимылды ойын: «Аңшылар мен бұғылар»

Ойынға 4 - 6 бірдей доптар қажет. Балалар екі топқа бөлінеді. Біреуі «аңшылар», ал екіншісі «бұғылар» болады. Біреуі диаметрі 4 метрдей дөңгелектің сыртында, екіншісі ішінде болады. Аңшылар доппен атқылап, дөңгелек ішіндегі бұғыларға тигізуі қажет, олар орнында тұрып, бұғады, иіледі, айналады немесе допты қағып алады. Әрбір тиген доп үшін аңшылар 1 ұпай алады, ал егер қасқырлар допты қағып алса, ұпай жойылады.



Релаксация: «Менің орманым»

Сен өзіңді алаңда келе жатырмын деп елестет. Алыстан орман көрінеді. Орманға жол апарады. Алаң алтындай, жәй жел соғады да, жұмсақ шөптерді қимылдатады. Орман өмірге толы. Олардың барлық ағаштары сені қарсы алғандай шулап жатыр. Енді бірнеше адым қазір сен орманға кіресің. Кәне тоқтайық. Тоқта. Осы үзілісті есіңе сақта.


Қазан I апта

Жүру және жүгіру

Ирелеңдеп шашырап жүруге, жүгіруге жаттықтыру; алдына бір адым аттап, допты жолдасына дәлдеп лақтыру, гимнастикалық орындықтың үстімен төбесіне құм салынған дорбаны қойып жүру.



Нүктелі-сауықтыру массажы

1 нүкте – сұқ және ортаңғы саусақтармен кеуденің ортаңғы, жоғарғы жақ және үштің ортаңғы бөліктеріне массаж жасау;

2 нүкте – сұқ саусағымен жеңіл түрде кеуденің негізгі ортасын басып 1 минуттай өткізіледі;

3 нүкте – кезектестіріп бірнеше рет оң және сол жақ ұйқы бездерін басу;

4 нүкте – бас бармақпен мойынның екі жағынан жеңіл басып массаж жасау;

5 нүкте – сұқ саусақпен мойынның жетінші және кеуде омыртқасының бірінші тұсын байыппен басады; құлақтың алдыңғы жақ сүйегі жағынан жеңіл массаж жасау;

6 нүкте - сұқ саусақпен құлақтың алдыңғы екі жағынан жақ сүйегіне массаж жасау;

7 нүкте - ортаңғы саусақпен мұрынның екі жаны танау тұсынан массаж жасау; 8 нүкте - сұқ саусақпен қастың үстіңгі доғасына массаж жасау.

9 нүкте – ортаңғы саусақ пен бас бармақ арасындағы нүктені қысу, мұны сұқ саусақтың көмегімен жеңіл басып жасайды..

Қимылды ойын: «Бүркіт»

Балалар «Бүркітті» таңдайды. Қалған ойыншылар - «қосаяқтар», «тышқандар», «құстар» болады. Тәрбиешінің берілген дабылы бойынша «бүркіт» ұясында отырады, ал қалғандары секіріп, жүгіріп, ұшып жүреді. Дабыл бойынша - бәрі тұрған жерінде қатып қалады, ал «бүркіт» ұшып шығып, қозғалып қалған ойыншыны тауып алады да, ол ойыншы «бүркіт» атанады.



Релаксация «Күн»

Балалар дөңгелене тұрып күнге қарай қолдарын созады. Күн өз шуағын адамдардың жүрегіне, балаларға сыйлайды.Әр баланы күн нұрына бөлейді. Ал балалар өз кеудесінен күннің сәулесін айналасындағы тіршілікке жолдайды.


Қазан II апта
Жұппен арналған жаттығулар

Жұппен секіріп және бүйірмен жүріп, жүгіруге жаттықтыру. Алақан мен табанға тіреліп, шалқадан жатып еңбектеу.



Нуктелі массаж

1 нүкте – сұқ және ортаңғы саусақтармен кеуденің ортаңғы, жоғарғы жақ және үштің ортаңғы бөліктеріне массаж жасау;

2 нүкте – сұқ саусағымен жеңіл түрде кеуденің негізгі ортасын басып 1 минуттай өткізіледі;

3 нүкте – кезектестіріп бірнеше рет оң және сол жақ ұйқы бездерін басу;

4 нүкте – бас бармақпен мойынның екі жағынан жеңіл басып массаж жасау;

5 нүкте – сұқ саусақпен мойынның жетінші және кеуде омыртқасының бірінші тұсын байыппен басады; құлақтың алдыңғы жақ сүйегі жағынан жеңіл массаж жасау ;

6 нүкте - сұқ саусақпен құлақтың алдыңғы екі жағынан жақ сүйегіне массаж жасау;

7 нүкте - ортаңғы саусақпен мұрынның екі жаны танау тұсынан массаж жасау; 8 нүкте - сұқ саусақпен қастың үстіңгі доғасына массаж жасау.

9 нүкте – ортаңғы саусақ пен бас бармақ арасындағы нүктені қысу, мұны сұқ саусақтың көмегімен жеңіл басып жасайды.

Қимылды ойын: «Теңіз толқыны»

Теңіз толқиды бір, отырады.

Теңіз толқиды екі, еңкейеді

Теңіз толқиды үш, орныңда тұр тік.



Релаксация: «Гүлдер» Әрбір гүл өзінше, ерекше иіс таратады, оған жәндіктер жиналады, өзінің әдемілігімен тіршілікке қуаныш сыйлайды. Айналаға тараған хош иіске балалар рахаттанады.

Қазан III апта

Жүру және жүгіру. Ысқырықтың үнімен жүруге, жүгіруге, шашырап жүруге жаттықтыру. Допты бір-біріне төменнен жоғары қарай лақтыру. Колбеу тақтайдың үстімен шашақты допты басына қойып жүру.

Тепе – теңдікке арналған жаттығулар

«Леген» - қолды алға созып қапшықпен жүру.

«Көпір» - аяқ ұшы арқылы кедір-бұдырлы жолмен жүру .

«Бала қораз» - қолды екі жаққа жіберіп,тақтай үстімен жүру.

«Тау» - еңкейтілген тақтайша үстімен жоғары, төмен жүру .

«Арқан бойлап жүруші» - қолды әр түрлі жағдайда ұстап арқан бойымен жүру.



Тыныс алу жаттығулары

А.Н. Стрельникова. «Қуғыңдар» тік тұрып, аяқты қосу, қолды жіберу; қолдарын жанына көтеріп одан кейін денесінің алдына қарай былғалау; демдерін тез шығару.



Қимылды ойын: «Ат шабыс»

Ойыншыларда сандық реті тағылған, олар салт атты бейнесін бейнелейді. Салт аттылар белгілі ара қашықтықта жарысады. Олардың шабысын тәрбиеші бақылап отырады. Кім де кім қалып қойса не итерсе, ол ойыннан шығады. Алда болып, жақсы жарысқан ойыншы жеңімпаз атанады.



Релаксация: «Көбелек»

Табандарын қатарластырып отырып, тізесін бүгіп, аяғын барынша жайып, білектерін айқастырып, табанын құшақтайды. Тізеден бүгілген аяқпен, ырғақты серіппелі тербеліс жасайды. Бала өзін гүлде отырған тәрізді сезініп, тізесін көтеріп, қолын түсіреді. Балмен нәрленген көбелек қолдарымен қанат қағып алысқа ұшып кетеді.


Қазан IV апта

Кемемен саяхатқа шығу.

Капитан бірінші тұрып, штурвалды өзі алады. Әртүрлі жүріске бір тізбекпен жүгіруге, отырып жүруге жаттықтыру. Жүгіріп ұзындыққа секіру.



Тепе – теңдікке арналған жаттығулар

«Кедергі» - текшелерді аттай отырып, гимнастикалық орындық үстімен жүру. «Жұлымыр» - дабыл қағылған соң жүгіріп текшеге тұра қалу.

«Ұшақ» - гимнастикалық орындық үстімен жүріп, ортасына келіп отыру, қолды екі жаққа созу.

«Іздер» - қолды белге қойып ізбен жүру .

«Кедір - бұдырлар» - заттардан аттап жүру.

«Тышқан» - аяқ ұшы арқылы кедір - бұдырлы жолмен адымды ауыстыра жүру.



Тыныс алу жаттығулары М.И. Фонарёва бойынша «Серуенге дайындық» - аяқты бірге ұстап, қолды төмен түсіріп тік тұрады, қолды екі жаққа жіберіп демді ішке тартады, екі қолмен тізені қапсыра ұстап, демді сыртқа шығарады.

Қимылды ойын: «Теңіз толқиды»

Теңіз толқиды бір, отырады.

Теңіз толқиды екі, еңкейеді

Теңіз толқиды үш, орныңда тұр тік.



Релаксация: «Күз»

Жылы, талдарда сары жапырақтар, олар желмен тербеліп тұр. Жел күшейіп кетіп еді, бір жапырақ талдан үзіліп, көңілді шайқалып, жайлап аударылып, ұша жөнелді.


Қараша I апта

Жұбымен арналған жаттығулар. Жұбымен секіруге, жүруге, қозғалысын өзгерте білуге, шашырап жүруге жаттықтыру. Еңбектеуге, өрмелеу ге арналған жаттығулар «Жылан» - қойылған заттар арасымен төрт тағандап еңбектеу. «Қырықбуын» - шеңбер арқылы еңбектеу . «Ирек» - бір-біріне бекітілген шеңбер арқылы еңбектеу. «Ұлу» - қолды барынша созып, гимнастикалық орындықта ішімізбен еңбектеу. «Көлік» - аяқты алға қарай түзу созып, бөксемен жылжу. «Өрмекші» - табан мен білезікке сүйене отырып еңбектеу . «Бөлтірік» - төрт тағандап өзін - өзі айналу . Тыныс алу жаттығулары Т. Ф. Виноградова «Жүргінші» - басын тік ұстап иықтарын сәл артқа алып, төмен ұстайды. Кеудесін жазып, ішін тартып, жауырынды арқаға жақындатып, тізесін тік ұстайды; 3 адым жүргенде демін жұтып, 4 адымда демін шығарады, 3 - 4 күннен кейін демін шығаруды бір санға көбейтеді. Қимылды ойын: «Автомобильдер» Қатысушылардың қолдарында әр түрлі түсті рөлдер бар. Тәрбиешінің берілген дабылы бойынша әр түрлі түсті таяқшалармен балалар өзін жүргізуші ретінде санап, өз дабылы бойынша қимылдайды. Релаксация. «Босаңсу және қатаю»

Тік тұрып, қолдарын ілгері көтеру, саусақтарын жұдырыққа жұму, иық алдының бұлшықеттерін қатайту (3 - 4 сек). Күшті болам деп ойлап тұру. Бұлшықеттерді қатайту. Енді тұла бойынды босаңсытып: қолдарынды еркін төмен түсіріп, маятник тәрізді қимыл жасайды.



Қараша II апта

Жұптасып жүру, жүгіру. Жұптасып жүруге, үлкен кіші адыммен, шашырап жүру, жүгіру. Допты екі қолмен қабырғаға, еденге ұру. Отырғыштың ортасымен жүріп тұру. Еңбектеуге, өрмелеу ге арналған жаттығулар «Тергеуші»- кем дегенде 10м ара қашықтыққа еңбектеу. «Қонжық» - бір - біріне бекітілген шеңберлермен төрт тағандап еңбектеу . «Пілдің баласы» - допты сырғыта төрт тағандап еңбектеу . «Трактор» - аяқты түзу ұстап артқа қарай бөксемен жылжу. «Қаз» - шеңберден қолды еденге тигізбей еңбектеу. Тыныс алу жаттығулары М.И. Фонарёва бойынша «Кернейші»-гимнастикалық орындыққа отырып, қолды керней тартатындай күйде ұстап, ауызға жақындатады, демді ішке кең, баяу тартып, «Тру-ру-ру» деп дыбыстайды. Қимылды ойын: «Торғайлар мен мысық» -бірінші «мысықты» таңдайды, қалған қатысушылар «құстар» болып зал ішінде жүгіріп жүреді. Дабыл бойынша «мысық» жүгірі шығады да, оларды ұстай бастайды. Ұсталған «құс» енді «мысық» болады. Релаксация: «Факирлер»- балалар аяқтарын айқастырып еденге отырады, қолдарын тізелеріне қойып, бел және мойын денелерін еркін ұстайды, көзін жұмып, басын жібереді. Әуен шырқалады, факирлер демалады.

Қараша III апта

Жүру, жүгіру.

Бағытты өзгертіп жүру мен жүгіру, шашырап отырып жүгіру. Қысқа секіртпемен секіру. Нүктелі-сауықтыру массажы. 1 нүкте – сұқ және ортаңғы саусақтармен кеуденің ортаңғы, жоғарғы жақ және үштің ортаңғы бөліктеріне массаж жасау; 2 нүкте – сұқ саусағымен жеңіл түрде кеуденің негізгі ортасын басып 1 минуттай өткізіледі; 3 нүкте – кезектестіріп бірнеше рет оң және сол жақ ұйқы бездерін басу; 4 точка – бас бармақпен мойынның екі жағынан жеңіл басып массаж жасау; 5 нүкте – сұқ саусақпен мойынның жетінші және кеуде омыртқасының бірінші тұсын байыппен басады; құлақтың алдыңғы жақ сүйегі жағынан жеңіл массаж жасау ; 6 нүкте - сұқ саусақпен құлақтың алдыңғы екі жағынан жақ сүйегіне массаж жасау; 7 нүкте - ортаңғы саусақпен мұрынның екі жаны танау тұсынан массаж жасау; 8 нүкте - сұқ саусақпен қастың үстіңгі доғасына массаж жасау. 9 нүкте – ортаңғы саусақ пен бас бармақ арасындағы нүктені қысу, мұны сұқ саусақтың көмегімен жеңіл басып жасайды.. Тазарту тынысы. «Ха» - мұрын арқылы толық дем алу; бір уақытта қолдарын жоғары көтеріп, алақандарын қосады; демін «Ха» деген дыбыспен, толық сыртқа шығарып, ілгері еңкейіп қолдарын төмен жібереді; демін шығару, жұтудан екі есе көбірек. Қимылды ойын: «Кигіз үй» -төрт орындықты қояды. Әрбір орындықтың үстінде орамал жатады. Балалар орындықты айнала жүгіріп, тәрбиешінің дабылы бойынша «киіз үй» құрады: орамалдың бұрышынан ұстап жоғары көтереді. Релаксация: «Шаңсорғыш»

Күн сәулесінде шаңдар көңілді болып билейді. Шаңсорғыш жұмыс жасайды. Ақырын - ақырындап шаңдар айналып кетеді де, еденге барып шөгіледі. Шаңсорғыш шаң жинайды; кімге тисе, сол орнынан тұрып кетеді.

Қараша IV апта

«Бала мен Карлосон» (ертегісінің желісімен) Акробатика жаттығуларымен жаттықтыру. Гимнастикалық отырғыштың үстімен жүруді үйрету, ортасына дейін жүріп барып отырып, қайтадан орындықтың шетіне дейін жүріп барып, шығыршықтың ішіне секіру. Тыныс алу жаттығулары. Б.С. Толмачёва бойынша «Үйректің балапаны» -түзу тұрып, аяқты иық деңгейінде қойып, аяқтың ұшымен, қолды жоғары көтеру, жан - жағына созу; аяғын түсіріп ілгері еңкейу, терең демалып қолдарын кеудесіне айқастыру; демін жіберіп жайлап көтеріледі. Қимылды ойын: «Орныңды тап»

Бұл ойынның тағы бір аты - «Үшіншісі артық» деп те аталады. Ойыншылар жұптасып, екеуден бір - біріне арқасымен дөңгелек құрып тұрады. Ойынды бастаушы және жұбы жоқ ойыншы бастайды. «Артық» ойыншы қашып, бастаушы оны қуады. Міндеті - қашушы кез - келген жұптың алдына барып тұра қалады. Осы жұптағы үшінші ойыншы «артық» болады. Релаксация «Салқын-ыссы»

Аю ана кетіп қалады. Қатты жел соқты да, саңылаулар арқылы ішке кіреді. Қонжықтар тонып қалады. Олар кішкентай будақдарша бүктетіліп жылынады. Өте ыссы болып кетеді. Қонжықтар жазылады. Тағы да өте қатты жел соғады.

Желтоқсан I апта

Жүру, жүгіру.

Аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені жоғары көтеріп жылдам және баяу қарқында жүгіру. Көлбеу қойылған тақтайшаның үстімен аяқтың ұшымен жүгіріп шығу, түсу және допты жоғары лақтырып, бір қолмен ұстап алу.



Тастау, лақтыру және қағып алуға арналған жаттығулар

«Секіргіш» - допты жоғары лақтыру .

«Серіппе» - допты лақтыру және қағып алу.

«Достар» - жұптасып бір - біріне доп лақтыру .

«Допты домалат» - допты екі қолмен әр бағытқа домалату.

«Себет» - допты бастан асыра лақтыру.

«Сайқымазақ» - допты жоғары лақтырып, қолды шапалақтап барып қағып алу.

Тыныс алу жаттығулары.

М.И. Фонарёва бойынша «Серуенге дайындық» -аяқты бірге ұстап, қолды төмен түсіріп тік тұрады, қолды екі жаққа жіберіп демді ішке тартады, екі қолмен тізені қапсыра ұстап, демді сыртқа шығарады.



Қимылды ойын: «Қыз қуу»

Ойынға қыз бен жігіт қатысады. Екеуі де атпен шауып келеді. Жігіт атпен қыздың артынан қуады. Егер қызға жете алмаса, онда қыз жігітті айыптап, қамшымен қуады.



Релаксация «Қысқы орман»

Өзін қысқы орманда жүргендей, аязды күні қар жауып тұрғанын көз алдына елестету. Қар ұлпасы, жайлап ауада қалқып, жерге түсіп жатыр. Орман іші тыныш. Талдар көлеңкеде тұр, жел жоқ, тып - тыныш. Бір кезде жел көтеріліп, әуелі жайменен қар ұлпалары аспанға көтеріледі. Жаттығулар алыстан көрмеушілікті алдын – алуға жасалады.


Желтоқсан II апта
Жүру, жүгіру.

Бір тізбекпен қолды алға созып, белге қойып, жоғары көтеріп, алақанмен шапалақ ұрып жүру. Айналып, шашырап, отырып жүгіру. «Қалын қарішімен жүру»- тізеден бүгілген аяқты көтеріп жүгіру.



Тастау, лақтыру және қағып алуға арналған жаттығулар

«Сақина»- допты шеңбердің ортасынан лақтыру және қағып алу.

«Қабырға» - допты қабырғадан лақтырып, қағып алу.

«Көңілді доп» - 5 реттен допты оң, сол қолдарымен соғу.

«Тиін» - допты мақсатқа дәлдеп лақтыру .

«Лақтыру» - допты бастан асыра екі қолмен жұптасып лақтыру.



Тыныс алу жаттығулары

А.Н. Стрельникова «Итбалық» - отырып бір қолын ішіне, екінші қолын кеудесіне қою; ішін тартып демін ішке алу, кеудесін төмен түсіріп, ішін жіберіп томпайтып ауаны сыртқа шығару.



Қимылды ойын: «Сақина»

Дөңгелек ортасында тұрған жүргізуші, алақанының арасына сақинаны салып, қалған ойыншылардың алақандарына салған болып шығады. Ойыншылардың біреуінің алақанына сақинаны салып: «Менің сақинам қайда?» - деп дауыстап сұрайды. Сұрақты естіген соң, сақинаны алған бала ортадан жүгіріп шығуы қажет. Ойын шарты бойынша көршісінің мсіндеті сақинасы бар баланы ұстап жібермеуі керек.



Релаксация: «Ұйықтап жатқан мысық»

Балалар төсеніш үстінде ұйықтап жатқан мысықтың ролін ойнайды. Мысық демалғанда оның іші жай қампиып, кері орнына түседі.




Желтоқсан III апта

Жүру, жүгіру.

Бір тізбекпен қолды алға созып, белге қойып, жоғары көтеріп, алақанмен шапалақ ұрып жүру. Айналып, шашырап, отырып жүгіру. «Қалын қарішімен жүру»- тізеден бүгілген аяқты көтеріп жүгіру. Көзді түйістіру.

Саусақ қимылдарын бақылау. Мұрынның ұшына саусақты тигізу.

Саусақ гимнастикасы.

Тық-так, тық-так,

Тұр орныңнан басбармақ,

Балаң үйрек сен де тұр,

Ортаң терек сен де тұр.

Шылдыр шүмек сен де тұр,

Титтей бөбек, қане тұр.

Саусақтарым, ал жүгір.



Тыныс алу жаттығулары

С.М. Иванов «Сағаттар»- екі аяқты бос ұстап, қолын жіберу; түзу қолдарын ілгері кейін қозғап «тик-так,тик-так» - деп айту; мұрнымен демін ішке тартып, дыбыспен демін сыртқа шығарады



Қимылды ойын: «Көкпар»

Бұл ойын «ат шабыс» ойыны тәрізді тек аттың үстінде отырған болып елестету арқылы ойналады.



Релаксация: «Шар»

Шарды үрлеп жатырмын деп елестет, қолдарыңды іштеріне қойып, ішімізді де шар сияқты қампитамыз. Қарын бұлшықеттері қатаяды. Иығымызды көтермейміз. Дем аламыз, демді шығарамыз. Қарын бұлшықеттері босаңсынып, жұмсақтанады.


Желтоқсан IV апта

«Алдаркөсенің ғажайып тоны» ертегісінің желісімен.

Шоқырақтап жүгіру, гимнастикалық отырғыштың үстімен басына қапшықты қойып, тұрақты тепе-теңдікті сақтап жүру.



Еңбектеуге, өрмелеу ге арналған жаттығулар

«Мысық» - қолға және тізеге сүйене отырып еңбектеу, заттың астына оң және сол жанымен кіру .

«Крокодил» - қолға сүйене отырып еңбектеу .

«Туннель» - құбыр арқылы еңбектеу.

«Маймыл» - гимнастикалық қабырғаларға өрмелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет