Хатка-йога арқылы толық демалу.
«Речака» «Камбхананы» меңгергеннен кейін мұрын арқылы бірқалыпты демді ішке жұтып, бірнеше секундке демді ішке ұстау; содан кейін үзік - үзік демді шығару; одан кейін керісінше, демді ішке үзік – үзік етіп тарту және демді ауаны мұрын арқылы бірқалыпты шығару. Қимылды ойын: «Жаңбыр»
Дене шынықтыру нұсқаушысының дабыл белгісі бойынша балалар жүгіреді. Жаңбыр белгісі берілген кезде балалар қолдарын көтеріп, шатыр жасап отырады.
Релаксация: «Құстардың әні»
Маған өте ыңғайлы және тыныш. Мен құстардың әнін тыңдап, оларды бақылаймын.
Сәуір III апта
Жүру. Орташа қарқынмен, берілген белгімен «Тұр», «Фигура жаса» жаттығуларын орындап, жылжып жүгіру.
Аяққа арналған жаттығулар
«Аяқпен шеңбер жасау» - тік тұрып, қолды белге қояды, 1 -2 есебінде оң аяқты бір жаққа айналдырады, 3 - 4 есебінде б.ж; екінші аяқпен дәл осылай жасау керек..
«Отырып тұру» - тік тұру керек, өкшені бірге, аяқтың ұштарын алшақ ұстайды, қолды белге қояды, 1 есебінде аяқтың ұшына көтеріледі, 2 есебінде аяқ ұшына отырады, 3 есебінде 1-ші жағдайға оралады, 4 есебінде б.ж.
«Аяқтарды бұру» - тік тұрып, оң аяқты алға созады, аяқ ұшын өзіне қарата ұстау керек, 1 есебінде аяқ ұшын сыртқа қаратады, 2 - б.ж. 3 - аяқ ұшын ішке қаратады, 4 - б.ж, дәл осылай екінші аяқпен жасалады.
«Аяқты жазу және бүгу» - тік тұрып, қолды белге қояды, 1 -аяқты барынша артқа қарай бүгеді, 2 - осы қалыпта барынша созу керек, 3 - 1 қалпына қайта оралады, 4 -б.ж., дәл осылай екінші аяқпен қайталанады.
«Табанды жазу және бүгу» - тік тұрып, қолды белге қояды, оң аяқты алға созады, 1 - табанды өзіне қарай бүгу, 2 - б.ж., дәл осылай екінші аяқпен қайталанады. «Табанмен шеңбер жасау» - тік тұрып, қолды белге қояды, 1 - 2 есебінде аяқты бір жаққа жылжытады, 3 - 4 есебінде б.ж.; екінші аяқпен дәл осылай жасау керек.
Тыныс алу жаттығулары.
А.А Бирюк «Тук-тук»- түзу тұрып, қолдарын иығына ұстау; демін ішке алғанда белді айналдыра, шынтақтарын артқа жіберіп, жауырынды қосады; содан кейін кері жайып, тұрып, демін сыртқа шығарады.
Қимылды ойын: «Құстар»
Бұл ойынды өткізу үшін міндетті түрде дөңгелек қажет. Одан кейін «құстар» және «күзетшіні» таңдайды, құстар дөңгелек ортасында отырады, ал күзетші басқа ойыншылардың шабуылынан қорғап жүреді. «Күзетші» шабуылдың біреуін ұстап алуға тырысады. Егер ол тырысып, ойыншының біреуін ұстап алса, ол «күзетші» атанады.
Релаксация: «Гүл алаңы»
Әрбір гүл өзінше, ерекше иіс таратады, оған жәндіктер жиналады, өзінің әдемілігімен тіршілікке қуаныш сыйлайды. Айналаға тараған хош иіске балалар рахаттанады.
Сәуір IV апта
Жүруге арналған жаттығулар
«Биші әйел» - аяқтың ұшымен, табанмен жүру.
«Балапан» - өкшемен жүру.
«Пингвин» - табанның ішкі жақтарымен қысқа және алшақ қадаммен жүру. «Жылан» - қойылған заттар арасымен әр түрлі жағдайда: қолды белге қойып, екі жаққа жіберіп, артқа ұстап жүру.
Жүгіруге арналған жаттығулар
«Құс» - аяқтың ұшымен бірқалыпты жеңіл жүгіру.
«Құлыншақ» - тізені жоғары көтере жүгіру.
«Қасқыр» - кең қадаммен жүгіру.
«Жылан» - қолдарын алдыңғы қатарда тұрған ойыншының беліне қоя отырып, бірінен кейін бірі қойылған заттар арасымен жүгіру.
«Ит» - секірмелі жүгіріс .
Тыныс алу жаттығулары
Б.С. Толмачёва бойынша «Үйректің балапаны» -түзу тұрып, аяқты иық деңгейінде қойып, аяқтың ұшымен, қолды жоғары көтеру, жан - жағына созу; аяғын түсіріп ілгері еңкейу, терең демалып қолдарын кеудесіне айқастыру; демін жіберіп жайлап көтеріледі.
Қимылды ойын: «Орныңды тап»
Бұл ойынның тағы бір аты - «Үшіншісі артық» деп те аталады. Ойыншылар жұптасып, екеуден бір - біріне арқасымен дөңгелек құрып тұрады. Ойынды бастаушы және жұбы жоқ ойыншы бастайды. «Артық» ойыншы қашып, бастаушы оны қуады. Міндеті - қашушы кез - келген жұптың алдына барып тұра қалады. Осы жұптағы үшінші ойыншы «артық» болады.
Релаксация «Салқын-ыссы»
Аю ана кетіп қалады. Қатты жел соқты да, саңылаулар арқылы ішке кіреді. Қонжықтар тонып қалады. Олар кішкентай будақдарша бүктетіліп жылынады. Өте ыссы болып кетеді. Қонжықтар жазылады. Тағы да өте қатты жел соғады.
Мамыр I апта
Жүруге арналған жаттығулар
«Биші әйел» - аяқтың ұшымен, табанмен жүру. «Балапан» - өкшемен жүру.
«Пингвин» - табанның ішкі жақтарымен қысқа және алшақ қадаммен жүру. «Жылан» - қойылған заттар арасымен әр түрлі жағдайда: қолды белге қойып, екі жаққа жіберіп, артқа ұстап жүру.
«Түлкі» - бүкіл табанмен қалыпты, жұмсақ жүру.
Секіру.
Екпінмен ұзындыққа екі аяқпен секіру (ара қашықтығы 40-50 см) Төрт тағандап еденнің үстімен еңбектеу, заттардың арасымен ирелеңдеп жүру. Допты тура бір бағытта домалату «Кеглиді соқ»
Тыныс алу жаттығулары.
М.И. Фонарёва бойынша «Үйшік»- тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды бастан асыра көтеріп, «үйшік» сияқты біріктіреді, демді ішке тартады, қолды төмен түсіріп, денені босатып демді шығарады.
Қимылды ойын: «Сарбаздар»
Тегіс жерге дөңгелек сызып, радиусына тең жіп алынады. Жүргізуші дөңгелек ортасында тұрып, тізе тұсында жіпті жай, біресе тез айналдырып, ойыншыларды ілуге тырысады. Қалған ойыншылар жіпке ұрынбай аттап не секіріп кетуі керек.
Релаксация: «Жасыл орман»
Өзін жасыл орманда жүргендей, жылы күні қағаштардың тұрғанын көз алдына елестету. Күн сәулесі, жайлап ауада қалқып, әлемге жылуын таратады. Орман іші тыныш. Талдар көлеңкеде тұр, жел жоқ, тып - тыныш. Бір кезде жел көтеріліп, жаңбыр жауады. Музыка әуенін тыңдау.
Мамыр II апта
Жүгіруге арналған жаттығулар «Құс» - аяқтың ұшымен бірқалыпты жеңіл жүгіру.
«Құлыншақ» - тізені жоғары көтере жүгіру.
«Қасқыр» - кең қадаммен жүгіру.
«Жылан» - қолдарын алдыңғы қатарда тұрған ойыншының беліне қоя отырып, бірінен кейін бірі қойылған заттар арасымен жүгіру.
Шығыршықтан тура және қырымен өту. Биіктікке секіру (20см). Келбеу тақтайдың үстіне жүгіріп шығу, түсу.
Аяққа арналған жаттығулар
«Реттеуші» - тік тұрып, аяқты бірге, қолды дене бойымен ұстайды, 1 - қолды жоғары көтереді, аяқты ұшымен артқа қарай жібереді, 2 - б.ж; екінші аяқпен дәл осылай жасау керек.
«Төңкеріліп жатқан қоңыз»- арқамен жатып аяқ - қолмен әр түрлі қимылдар жасайды.
Нүктелі массаж.
1 нүкте – сұқ және ортаңғы саусақтармен кеуденің ортаңғы, жоғарғы жақ және үштің ортаңғы бөліктеріне массаж жасау;
2 нүкте – сұқ саусағымен жеңіл түрде кеуденің негізгі ортасын басып 1 минуттай өткізіледі;
3 нүкте – кезектестіріп бірнеше рет оң және сол жақ ұйқы бездерін басу;
4 нүкте – бас бармақпен мойынның екі жағынан жеңіл басып массаж жасау;
5 нүкте – сұқ саусақпен мойынның жетінші және кеуде омыртқасының бірінші тұсын байыппен басады; құлақтың алдыңғы жақ сүйегі жағынан жеңіл массаж жасау ;
6 нүкте - сұқ саусақпен құлақтың алдыңғы екі жағынан жақ сүйегіне массаж жасау;
7 нүкте - ортаңғы саусақпен мұрынның екі жаны танау тұсынан массаж жасау; 8 нүкте - сұқ саусақпен қастың үстіңгі доғасына массаж жасау.
9 нүкте – ортаңғы саусақ пен бас бармақ арасындағы нүктені қысу, мұны сұқ саусақтың көмегімен жеңіл басып жасайды.
Қимылды ойын: «Күн мен түн»
Балалардың кеңістікті бағдарлай білуін, жылдам
жүгіруге, белгі бойынша жылдам әрекет жасауға үйрету.
Релаксация: «Жайлау»
Міндетті түрде орындыққа отырып, денені алға қарай арқаны жай ғана еңкейту,басты төске қарай жібереміз, аяқты тік бұрыш жасап, қатар қою керек. Білек сүйектері жамбаста еркін жатады, қолымызды бос ұстаймыз, еркіндікке жібереміз. Көзді жұмып, бұлшықеттерді барынша босаңсыту. Қалып ат айдаушыны, жайлауды елестетеді.
Мамыр III апта
Жүгіруге арналған жаттығулар
«Ит» - секірмелі жүгіріс .
«Бала қораз» - тізені шапалақтай жүгіру .
«Жіп» - аяқты айқастыра жүгіру .
Доппен жұмыс. Допты бір қолмен ұрып, алға қарай жылжу.
Өрмелеу. Гимнастикалық орындық үстімен тізелеп өрмелеу, екі қолы арқылы алға қарай жылжу
Секіру. Екі аяғының ортасына құм салынған қапшықты қысып алып, алға қарай жылжи секіру.
Ішке арналған жаттығулар.
Тыныс алу жаттығулары
А.А. Бирюк «Итеру» -түзу тұрып, аяқтарын иықтарының деңгейіне қою; қолын жоғары көтеріп, тізе бүгіп отыру, демін ішіне тарту, түрегеліп қолдарын төмен жіберіп демін сыртқа шығарады
Қимылды ойын: «Аңшылар»
Ойынға 4 - 6 бірдей доптар қажет. Балалар екі топқа бөлінеді. Біреуі «аңшылар», ал екіншісі «қасқырлар» болады. Біреуі диаметрі 4 метрдей дөңгелектің сыртында, екіншісі ішінде болады. Аңшылар доппен атқылап, дөңгелек ішіндегі қасқырға тигізуі қажет, олар орнында тұрып, бұғады, иіледі, айналады немесе допты қағып алады. Әрбір тиген доп үшін аңшылар 1 ұпай алады, ал егер қасқырлар допты қағып алса, ұпай жойылады.
Релаксация: «Күн»
Балалар дөңгелене тұрып күнге қарай қолдарын созады.
Күн өз шуағын адамдардың жүрегіне, балаларға сыйлайды.Әр баланы күн нұрына бөлейді. Ал балалар өз кеудесінен күннің сәулесін айналасындағы тіршілікке жолдайды.
Мамыр IV апта
Жүгіруге арналған жаттығулар
«Ит» - секірмелі жүгіріс .
«Бала қораз» - тізені шапалақтай жүгіру .
«Жіп» - аяқты айқастыра жүгіру .
Төрт тағандап жүріп, допты баспен итеру (ара қашықтығы 7-8м). Секіру
Бір орында екі аяқтап секіру- аяқ бірге, аяқты алшақ қойып, оңға, солға өзін айнала секіру,- «Қояндар» екі аяқпен секіру.
Ішке массаж жасау
Тыныс алу жаттығулары
А.Н. Стрельникова. «Үлкен маятник»- түзу тұрып, аяқтарын иығынан сәл кішілеулетіп қою; ілгері еңкейіп, еденге қарай созу, демін ішке алу; тоқтамастан артқа шалқаю, қолымен иықтарын құшақтау; жаттығулардың арасында демін сыртқа шығару.
Қимылды ойын: «Жаңбыр»
Дене шынықтыру нұсқаушысының дабыл белгісі бойынша балалар жүгіреді. Жаңбыр белгісі берілген кезде балалар қолдарын көтеріп, шатыр жасап отырады.
Релаксация «Гүлдер алаңы» Әрбір гүл өзінше, ерекше иіс таратады, оған жәндіктер жиналады, өзінің әдемілігімен тіршілікке қуаныш сыйлайды. Айналаға тараған хош иіске балалар рахаттанады.
Қорытынды
Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуға және өз беттерімен қимылдар жасай білуді үйретуге бағытталған.
Жас ұрпақты жан – жақты дамыған, ой - өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады.
Олай болса, осы ұсынылып отырған «Мықты батырлар » кітапшасында әрбір дене шынықтыру нұсқаушысы қажетті оқу материалдарын таба алады деген сенімдемін.
Пайдаланылған әдебиеттер
Дене шынықтыру әдістемелік құрал 2014
«Зерек бала» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту бағдарламасы (3-5) жас.
ҚРМЖМБС.1.001.-2012. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.
Мектеп жасына дейінгі дене шынықтыру Астана 2010.
Интернет-ресурстар:
http://www.studfiles.ru/preview/2459846/page:13/
Мазмұны
Түсінік хат.................................................. ........................................................................................
«Мықты батырлар» сауықтыру үйірмесінің жылдық жоспары..................................................
Қыркүйек 1 апта............................................... ................................................................................
Қыркүйек 2 апта..............................................................................................................................
Қыркүйек 3 апта............................................... ................................................................................
Қыркүйек 4 апта............................................... ................................................................................
Қазан 1 апта......................................................................................................................................
Қазан 2 апта......................................................................................................................................
Қазан 3 апта......................................................................................................................................
Қазан 4 апта......................................................................................................................................
Қараша 1 апта....................................................................................................................................
Қараша 2 апта....................................................................................................................................
Қараша 3 апта....................................................................................................................................
Қараша 4 апта....................................................................................................................................
Желтоқсан 1 апта.............................................................................................................................
Желтоқсан 2 апта.............................................................................................................................
Желтоқсан 3 апта.............................................................................................................................
Желтоқсан 4 апта.............................................................................................................................
Қаңтар 1 апта ...................................................................................................................................
Қаңтар 2 апта ...................................................................................................................................
Қаңтар 3 апта ...................................................................................................................................
Қаңтар 4 апта ...................................................................................................................................
Ақпан 1 апта.....................................................................................................................................
Ақпан 2 апта.....................................................................................................................................
Ақпан 3 апта.....................................................................................................................................
Ақпан 4 апта.....................................................................................................................................
Наурыз 1 апта...................................................................................................................................
Наурыз 2 апта...................................................................................................................................
Наурыз 3 апта...................................................................................................................................
Наурыз 4 апта...................................................................................................................................
Сәуір 1 апта .....................................................................................................................................
Сәуір 2 апта......................................................................................................................................
Сәуір 3 апта .....................................................................................................................................
Сәуір 4 апта .....................................................................................................................................
Мамыр 1 апта....................................................................................................................................
Мамыр 2 апта....................................................................................................................................
Мамыр 3 апта....................................................................................................................................
Мамыр 4 апта....................................................................................................................................
Қорытынды.......................................................................................................................................
Пайдалынған әдебиеттер тізімі.......................................................................................................
Достарыңызбен бөлісу: |