Тыныс алу жаттығулары
А.А. Бирюк «Пирамида»- түзу тұрып, аяқтарын иық деңгейлерінде қою; қолдарын жоғары көтеріп тартылу, демін ішке жұту, рет - ретімен қолдарын, иықтың тұсын, иығын, басы, денесін төмен түсіру, демін сыртқа шығарады
Қимылды ойын: «Көрінбейтін тақия»
Ойыншылар айнала шеңбер болып тұрады. Жүргізуші барлық ойыншыларды айналып өтіп, білдіртпей бір ойыншының артына тақияны тастап кетеді. Егер ойыншы бірден оны байқамаса, онда ол жүргізуші болады. Тақияны тапқан ойыншы жүргізушіні қуып жетіп, оған тақияны кигізу керек.
Релаксация: «Штанга»
Залға жүргізушінің кіріп көргендегісі.
Аулада қарсы алады ол
Топ адамдары, әрқайсысы ұйықтап жатыр..
Жүргізуші әр түрлі қалыпта тұрған балаларға жақындайды. Ол оларды оятқысы келеді, екі қолдарын көтереді, бірақ олар кері төмен түсіреді.
Қаңтар I апта
Жүру, жүгіру.
Шаңғышы, конькишілердің қимыл- қозғалыстарын келтіріп жүруге, шанаман сырғанауға, қар лақтырып ойнауға жаттықтыру.
Нүктелі массаж.
1 нүкте – сұқ және ортаңғы саусақтармен кеуденің ортаңғы, жоғарғы жақ және үштің ортаңғы бөліктеріне массаж жасау;
2 нүкте – сұқ саусағымен жеңіл түрде кеуденің негізгі ортасын басып 1 минуттай өткізіледі;
3 нүкте – кезектестіріп бірнеше рет оң және сол жақ ұйқы бездерін басу;
4 нүкте – бас бармақпен мойынның екі жағынан жеңіл басып массаж жасау; 5 нүкте – сұқ саусақпен мойынның жетінші және кеуде омыртқасының бірінші тұсын байыппен басады; құлақтың алдыңғы жақ сүйегі жағынан жеңіл массаж жасау ;
6 нүкте - сұқ саусақпен құлақтың алдыңғы екі жағынан жақ сүйегіне массаж жасау;
7 нүкте - ортаңғы саусақпен мұрынның екі жаны танау тұсынан массаж жасау; 8 нүкте - сұқ саусақпен қастың үстіңгі доғасына массаж жасау.
9 нүкте – ортаңғы саусақ пен бас бармақ арасындағы нүктені қысу, мұны сұқ саусақтың көмегімен жеңіл басып жасайды..
Саусақ гимнастикасы «Әтеш»
Әдемі әтеш.
Таң атпай тұрыпты,
Ойқастап жүріпті.
Айдарын тарапты.
Жан-жаққа қарапты.
Қимылды ойын: «Қар жауады, боран соғады, күн ашылады»
Қатысушылар қыс мезгілінің құбылыстарын келтіреді. Дене шынықтыру нұсқаушысының берілген дабылы бойынша, балалар өзін жүргізуші ретінде санап, өз дабылы бойынша қимылдайды.
Релаксация: «Түс періштесі»
Балалар орындыққа шеңбер болып отырады. Оларға қолында кішкентай таяқшасы бар қыз келеді, ол-түс періштесі. Ол әр ойыншының иығына тиеді, сол адам ұйықтап қалады... Періште барлық балаларға қарайды. Бәрі ұйықтап жатады, сосын ол жәйменен кетіп қалады.
Қаңтар II апта
Жүру, жүгіру.
Өкшемен, аяқтың ұшымен, табанның сырт жағымен жүру.
Аяққа арналған жаттығулар
«Түлкі» - аяқтың ұшымен көтеріліп, біртіндеп төмен түседі.
«Би» - аяқты кезекпен алға қойып, біресе өкшеге, біресе ұшына көтеру керек.
«Ванька - встанька» - 4 - 5 мәрте серіппелі қимылмен отырып тұру керек.
«Әлпеншектер» - аяқ ұшынан өкшеге қарай бірнеше өтпелі қимылдар жасау керек.
«Тарсылдақ» - аяқты тізеге дейін бүгіп, жоғары көтереді, тізе астынан шапалақ соғады.
Гимнастикалық шығыршыққа асылу. Арқанға өрмелеу.
Тыныс алу жаттығулары
С.М. Иванов «Паровоз» -қолдарымен кезектестіріп
қимылдар жасап, бөлме ішінде жүру; мұрын арқылы демді ішке жұтып, ауыздан «Чух-чух-чух» сөздерімен бірге демді шығарады.
Қимылды ойын: «Мысық пен тышқан»
Барлық балалар айнала шеңберге тұрып, «тышқан» мен «мысық» таңдайды. «Тышқандар» «мысықтан» қашады, дөңгелек ішінде жүругеде болады. «Мысықты» балалар дөңгелек ішіне жібермейді.
Релаксация: «Насос және доп»
Балалар жұптасып бөлінеді. Біреуі үлкен доп, екіншісі допты үрлейтін насос болады. Тізені жартылай бүгіп, кеудені тұрған допқа жақындатады. Насос допты «С» дыбысын шығарып, үрлей бастайды. Үрлеген сайын доп үлкейе түседі. Тігінен тұрып, аяғы, тізесі түзеліп, аузы, ұрты, томпайа бастайды. Досы, доптан насостың шлангасын жұлып алады. Доптан қатты «Ш» деген дыбыс шығады.
Қаңтар III апта
Жүру, жүгіру.
Жұптасып, шашырап, жүру, жүгіру. Күшпен сермеуге, секіргенде жеңіл жерге түсу.
Допты бір орында тұрып, бір қолымен соғу.
Нүктелі массаж.
1 нүкте – сұқ және ортаңғы саусақтармен кеуденің ортаңғы, жоғарғы жақ және үштің ортаңғы бөліктеріне массаж жасау;
2 нүкте – сұқ саусағымен жеңіл түрде кеуденің негізгі ортасын басып 1 минуттай өткізіледі;
3 нүкте – кезектестіріп бірнеше рет оң және сол жақ ұйқы бездерін басу;
4 нүкте – бас бармақпен мойынның екі жағынан жеңіл басып массаж жасау; 5 нүкте – сұқ саусақпен мойынның жетінші және кеуде омыртқасының бірінші тұсын байыппен басады; құлақтың алдыңғы жақ сүйегі жағынан жеңіл массаж жасау ;
6 нүкте - сұқ саусақпен құлақтың алдыңғы екі жағынан жақ сүйегіне массаж жасау;
7 нүкте - ортаңғы саусақпен мұрынның екі жаны танау тұсынан массаж жасау; 8 нүкте - сұқ саусақпен қастың үстіңгі доғасына массаж жасау.
9 нүкте – ортаңғы саусақ пен бас бармақ арасындағы нүктені қысу, мұны сұқ саусақтың көмегімен жеңіл басып жасайды..
Қимылды ойын: «Тасбақа»
Ойыншылар залда еден үстінде тасбақа болып жорғалайды. Нұсқаушының дабылы бойынша қолдарын, аяқтарын ішінің астына жасырады.
Релаксация: «Ғажайып түс»
Нұсқаушы өлең оқиды, ал балалар көздерін жұмып, тыңдап жатады. Жәй дауыс, ұзақ үзіліс үлкен тыныштық береді. «Кірпіктері жіберіліп, көздері жұмылады, біз тыныш демаламыз, ғажайып түспен ұйықтаймыз. Біз арқылы түс көріп, тыныш дем алдың. Демалған жақсы, бірақ тұратын уақыт та болды»
Қаңтар IV апта
Солтүстік полюске саяхат.
«Тюленьдер аралы», «Пингвиндер», «Ақ аюлар» жаттығулары.
Аяққа арналған жаттығулар
«Аттап созылу» - қолды белге ұстап, алға қарай бүгілген аяққа қарай иілу керек, дәл осы қимылды екінші аяқпен қайталайды.
«Аяқпен шеңбер жасау» - тік тұрып, қолды белге қояды, 1 -2 есебінде оң аяқты бір жаққа айналдырады, 3 - 4 есебінде б.ж; екінші аяқпен дәл осылай жасау керек.
«Отырып тұру» - тік тұру керек, өкшені бірге, аяқтың ұштарын алшақ ұстайды, қолды белге қояды, 1 есебінде аяқтың ұшына көтеріледі, 2 есебінде аяқ ұшына отырады, 3 есебінде 1-ші жағдайға оралады, 4 есебінде б.ж.
Хатка-йога арқылы толық демалу.
«Пурака» - денеңді босатып, мұрныңмен ауаны мүмкіндігінше жайлап жұтып, кеудені ауаға толтыру, ауаны ұстамай кәдімгідей мұрын арқылы демді шығару.
Қимылды ойын: «Ақ аюлар»
- Ақ аюлар өз аралдарында домалауды жақсы көреді. Нұсқаушының дабылы бойынша аюлар сияқты жүгіріп. Отырып домалау.
Релаксация: «Солтүстік полюсі»
Нұсқаушы өлең оқиды, ал балалар көздерін жұмып, тыңдап жатады. Жәй дауыс, ұзақ үзіліс үлкен тыныштық береді. «Кірпіктері жіберіліп, көздері жұмылады, біз тыныш демаламыз, ғажайып Солтүстік полюсіне барамыз. Ол жерде ақ аюлар, тюленьдер аралы, Пингвиндер, бар екен. Олар полюсте , күн суық у-у-у, боран соғады. Демалған жақсы, бірақ тұратын уақыт та болды.
Ақпан I апта
Жүру.
Жұптасып, текшелерді аттап жүру. Бір орында тұрып, бір қолымен қапты соғу. Кеудеге арналған жаттығулар
«Әткеншек» - қолды белге ұстап, денені жан - жаққа бұрады.
«Тағзым» - алға қарай еңкейіп, қолды аяқ басына дейін жеткізу керек.
«Қайық» - қолды алға созып, ішпен жатады, қолды, иықты, басты көтеріп, бүгілу керек.
«Бауырсақ» - тізерлей отырып, допты айналдыра домалату керек.
«Қоңыз» - төрт тағандап тұрып, қолды, аяқты бүгу және жазу керек.
«Иілу» - аяқты алшақ қойып, тік тұрады, алақанды сырт жағына қаратып, алға ұзартып, қолды жоғары көтереді, саусақтарды айқастырады, артқа шалқаяды, солға бұрылады, денені алға еңкейтіп, оңға бұрылады.
Хатка-йога арқылы толық демалу.
«Камбхана»- бұл да «Пурака» сияқты, тек демді бірнеше секунд ұзағырақ, қарын бұлшық етіне күш түсірмей, демді ішке ұстамай, мұрын арқылы демді бірқалыпты шығару .
Қимылды ойын: «Боран»
Балалар өз-өздерін «боран» деп елестетіп зал ішінде боран сияқты қимылдарды келтіреді. Нұсқаушының дабылы бойынша барлық ойыншылар ұшып келіп қонады.
Релаксация «Қарлы күн»
Өзін қарлы күнде жүргендей, аязды күні қар жауып тұрғанын көз алдына елестету. Қар ұлпасы, жайлап ауада қалқып, жерге түсіп жатыр. Орман іші тыныш. Талдар көлеңкеде тұр, жел жоқ, тып - тыныш. Бір кезде жел көтеріліп, әуелі жайменен қар ұлпалары аспанға көтеріледі. Жаттығулар алыстан көрмеушілікті алдын – алуға жасалады.
Ақпан II апта
Жүру.
Қолды ауыстырып жүру, аяқтың ұшында, тізені жоғары көтеру. Көлбеу қойылған тақтайға жүгіріп шығу, түсу, шығыршықтан тура және қырымен өту.
Кеудеге арналған жаттығулар
«Шеңберлер» - тік тұрып, аяқты иық деңгейіне қояды, қолды жоғары көтеріп, саусақтарды айқастырады, 1 - есебінде денені еңкейтіп, қолды солға бұрады, 2 - дене мен қолды алға еңкейтеді, 3 - оңға, 4 - артқа. (қолды желкеге қоюға болады)
«Маятник» - тік тұрып, аяқты бірге ұстайды, денені солға еңкейтеді, оң қолмен қабырғаны, сол қолмен саннан тізеге дейін сипалайды, дәл осылай екінші аяқпен жасалады.
«Болмашы» - тік тұрып, аяқты иық деңгейіне қояды, қолды кеудеге қояды; денені солға бұрып, қарама – қарсы бағытта (көлденеңнен сипалау) оң жақты сипалау;
дәл солай екінші жаққа жасайды.
«Піл» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды төмен түсіріп, қарын тұсынан бір-бірімен айқастырады, екі қолды бірдей жоғары көтеріп, алға еңкейеді, қолды иыққа дейін түсіріп, денені 90 градусқа бұрады, қолды жерге дейін түсіріп, бастапқы қалыпқа оралады.
Тазарту тынысы
«Ұшу» -тұрған күйі, аяғы бос, қолдарын белбеу тұсында жұдырықпен қысу; демін ішке тартып, тізелерін бүгіп, қолдарын ілгері сілтейді; көтеріліп, демін сыртқа шығарады.
Қимылды ойын: «Қоян мен қасқыр»
Ойыншылар «қасқырды» таңдайды, қалған ойыншылар «қоян» болады. Бір – бірінен ара қашықтығы 3 метр екі шеңбер орналастырылады. «қасқырдың» міндеті - бір шеңберден екінші шеңберге секіріп жүрген «қоянды» ұстап алуы қажет. Ұстап алынған «қоян» қасқыр болады.
Релаксация: «Қысқы дала»
Өзін қысқы далада жүргендей, аязды күні қар жауып тұрғанын көз алдына елестету. Қар ұлпасы, жайлап ауада қалқып, жерге түсіп жатыр. Орман іші тыныш. Талдар көлеңкеде тұр, жел жоқ, тып - тыныш. Бір кезде жел көтеріліп, әуелі жайменен қар ұлпалары аспанға көтеріледі. Жаттығулар алыстан көрмеушілікті алдын – алуға жасалады.
Ақпан III апта
Жүру.
Шаңғышы, конькишілердің қимыл-қозғалыстарын келтіріп жүруге, шанаман сырғанауға, қар лақтырып ойнауға жаттықтыру.
Кеудеге арналған жаттығулар
«Керік» - аяқты бірге қойып, тік тұрады да, бір иық деңгейіне қояды, қолдың саусақтарын бір - бірімен айқастырып, қарын тұсынан төмен түсіреді, денені алға еңкейтіп, алақандармен аяқты ұстайды, б.ж. қайта оралады. «Маймыл» - тік тұрып, аяқты бір – бірінен алшақ ұстайды, екі аяқтың өкшесін өзек қылып, 180 градусқа бұрылады, алға қарай 45 градусқа еңкейеді, аяқты айқастырады, сол аяқ оң аяқтың алдында болуы шарт, түзеліп, екінші жаққа бұрылып жасайды.
«Ләйлек» - тік тұрып, аяқты иық деңгейінен сәл алшақ ұстайды, алақанның сырт жағымен белден ұстап, денемен жартылай шеңбер жасайды. «Диірмен» - аяқты иық деңгейіне қойып, денені алға қарай еңкейту керек, қолды екі жаққа жібереді, алға қарап, қолды алма кезек алға, артқа сермейді. «Гүл» - қолды белге ұстап, тізерлей отырады, денені екі жаққа кезек бұрып, қолды жаяды.
Гимнастикалық шығыршыққа асылу
Тыныс алу жаттығулары
С.М. Иванов «Насос»- аяқтарын қосып, тік тұрып қолдарын кеуде тұсында ұстау; демін ішке жұтып, сосын кеудесімен жанына қарай еңкею; демін сыртқа шығару, дауыстап (ССССС) деп дыбыс шығарып, қолдарын жылжыту; тік тұрып демін ішке жұтып, екінші жағына дыбыс шығарып еңкейеді.
Қимылды ойын: «Апаңдағы аю»
Ойыншылар «аюды» таңдайды, қалған ойыншылар «қоян» болады. Бір – бірінен ара қашықтығы 3 метр екі шеңбер орналастырылады. «аюдың» міндеті - бір шеңберден екінші шеңберге секіріп жүрген «қоянды» ұстап алуы қажет. Ұстап алынған «қоян» аю болады.
Релаксация «Қысқы орман»
Өзін қысқы орманда жүргендей, аязды күні қар жауып тұрғанын көз алдына елестету. Қар ұлпасы, жайлап ауада қалқып, жерге түсіп жатыр. Орман іші тыныш. Талдар көлеңкеде тұр, жел жоқ, тып - тыныш. Бір кезде жел көтеріліп, әуелі жайменен қар ұлпалары аспанға көтеріледі. Жаттығулар алыстан көрмеушілікті алдын – алуға жасалады.
Ақпан IV апта
«Көңілді старт» спорттық эстафеталық ойын
Мақсаты: балаларды алдарына үлкен мақсат қоя отырып және сол мақсатқа жете білуге дағдыландыру, физикалық сапалықтарын, алғырлықтарын, шапшаңдық реакцияларын іске асыру, қимыл – қозғалыс жаттығуларына жаттықтырту, қызығушлығын, қабілеттілігін, тепе – теңдік сезімін, балалардың снарядтармен өзіндік әрекеттегі батылдығын айқындау.
Құрал жабдықтар: алаша – терезе, доптар, гимнастикалық орындық, себет, кеглилар.
Балалар өздерінің мықтылықтарына қарай екі топқа бөлінеді, олардың өздерінің басшысы және ұраны болады.
Жүргізуші:
Бәрін бүгін шақырамыз,
Спорттық алаңға жинап,
Мерекемізді де бастаймыз,
Денсаулық күнімен құттықтап!
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, «Көңілді стартқа» қатысушылар! «Алғырлар» командасына жалынды сәлем!
«Мықтылар» командасына жалынды сәлем!
Назарларыңызға! Көңілді старттың ашылу салтанатына шақырамыз! 1 «Қимылды қозғалысты, бір - бірімізді итермей жасаймыз». Мұнда екі топ бір - біріне қарама - қарсы сапта тұрады. Барлық айтылған қимыл - қозғалысты орындайды, қимыл – қозғалысты нақты техникасымен орындаған команда жеңімпаз атанады..
2 «Өткел» (астынан шық және үстінен түс)
3 «Терезеден терезеге» (екі аяқпен секіру)
4 «Допты домалату». Бірінші топ еден үстімен тақтадан бастап домалатады, ал екінші топ еден үстімен тақтаға дейін домалатады. Топтар бір - біріне қарама - қарсы біртіндеп жылжиды. Одан әрі орындарымен алмасады. Доптардың ара - қашықтығы – 3 см., 6 см., 10 см., 20 см..
5 «Қамал қорғанысы». Екі топ кезекпен - кезек секіргішпен секіріп, өзінің қарсыласының қолындағысын алуы қажет. Одан кейін барлық команда өздерінің орындарына қайтадан оралады. Ысқырық дауысын естігенде, екінші топ бастайды.
Жүргізуші: Көптеген сынақтардан өттіңдер, міне, Қуанышты кезеңдерде болды, әне, Енді көрейік сендерді. Қаншалықты мықты екендеріңді. 1«Допты себетке лақтыр». (Себетке қарай допты лақтыру) Соңында, топтың жеңімпазы жарияланады. Екі топта үлкен атақтарға және сыйлықтарға иеленеді.
Наурыз I апта
Жұптасып жүру, жүгіру.
Жұптасып тұру. Әртүрлі бағытта жұптасып жүру, жүгіру, шашырап жүру, «Дегелек», «Қоян», «Бүркіт» жүрістері, гимнастикалық шығыршықтан орташа қарқынмен жүру. Аяққа арналған жаттығулар
«Аттап созылу» - тік тұрып, қолды екі жаққа жібереді, алға сәл адымдап, сол аяққа отырады, оң аяқ түзу артқа созылады, артқа - алға денемен шеңберлер жасау керек. «Қаз» - тік тұрып, бүгілген аяқтың сирағынан ұстайды, жібереді. «Аяқтарды қозғау» - өкшені арқанға тіреп, аяқтың ұшын жерге тіреп бір жаққа қарай адымдап жүру.
Тыныс алу жаттығулары. М.И. Фонарёва бойынша «Демалыс»-арқамен жатып, қолды жоғары көтереді, демді ішке тартып, жоғары көтеріледі, қолды төмен түсіріп, тізені қапсыра құшақтап, кеудеге тартады, демді сыртқа шығарады, дәл осылай келесі аяқпен қайталайды (4-6 мәрте). Қимылды ойын: «Айгөлек» Ойыншылар екі командаға бөлінеді, бір - біріне қарама - қарсы 20 - 30 қадам жерде қолдарынан ұстап тұрады. Бірінші команда ойынды бастайды: Айгөлек, Айгөлек Айдың беті аппақ қардай дөңгелек. Таудан биік, көлден жүйрік, Бастаймыз біз, жүгірмек. Кәне, бізге кім керек? Келесі команда бұл сұраққа қажетті адамның атын атайды. Жүгірген ойыншы екінші команданың тізбегін ашуы қажет. Егер ашқан жағдайда, онда өзіне қажет адамды таңдайды, егер аша алмаса онда сол қалыпта қалады. Релаксация : «Шипалы күштер» 1 Жаттығу. Мен қолайлы орналастым. Менің денемнің жағдайы еркін, босаңдау, қолайлы. Менің зейінім физикалық денеге және өзімнің көңіл - күйіме аударылды. Мен толықтай өз денемді сезінемін. 2 Жаттығу. Маған өте ыңғайлы және тыныш. Менің ойым, балалық шағым уайымсыз. Мен өзімді бақылаймын. Менің «мен» дегенім менің денемнің әр түйіршіктерінен кіріп өтеді.Әрбір түйіршік менімен кездесуге қуанышты. 3 Жаттығу. Мен өз зейінімді бетіме қойдым.Мен маңдай, ерін, бет, мойын бұлшықеттерін сезінемін және босаңсытамын. Менің қабағыма салмақ түседі және жабылады. Менің ернім босаңсынып, тілім еркінсінеді. Менің түр - әлпетім босаңсынып, мен терең - терең жайлылықты сезінемін және қорқынышсыз боламын.
Наурыз II апта
Жүру, жүгіру.
Ысқырықтың үнімен жүруге, жүгіруге, шашырап жүруге жаттықтыру. Допты бір-біріне төменнен жоғары қарай лақтыру. Колбеу тақтайдың үстімен шашақты допты басына қойып жүру. Нүктелі массаж. 1 нүкте – сұқ және ортаңғы саусақтармен кеуденің ортаңғы, жоғарғы жақ және үштің ортаңғы бөліктеріне массаж жасау; 2 нүкте – сұқ саусағымен жеңіл түрде кеуденің негізгі ортасын басып 1 минуттай өткізіледі; 3 нүкте – кезектестіріп бірнеше рет оң және сол жақ ұйқы бездерін басу; 4 точка – бас бармақпен мойынның екі жағынан жеңіл басып массаж жасау; 5 нүкте – сұқ саусақпен мойынның жетінші және кеуде омыртқасының бірінші тұсын байыппен басады; құлақтың алдыңғы жақ сүйегі жағынан жеңіл массаж жасау ; 6 нүкте - сұқ саусақпен құлақтың алдыңғы екі жағынан жақ сүйегіне массаж жасау; 7 нүкте - ортаңғы саусақпен мұрынның екі жаны танау тұсынан массаж жасау; 8 нүкте - сұқ саусақпен қастың үстіңгі доғасына массаж жасау. 9 нүкте – ортаңғы саусақ пен бас бармақ арасындағы нүктені қысу, мұны сұқ саусақтың көмегімен жеңіл басып жасайды. Қимылды ойын: «Орамал »
Залдың ортасына орамал ілінеді. Қатарласып ойыншылар тұрады. Қолдарында шағын доп ұстайды. Ойыншылардың міндеті - орамалды доппен қағу. Релаксация: «Ғажайып түс»
Нұсқаушы өлең оқиды, ал балалар көздерін жұмып, тыңдап жатады. Жәй дауыс, ұзақ үзіліс үлкен тыныштық береді. «Кірпіктері жіберіліп, көздері жұмылады, біз тыныш демаламыз, ғажайып түспен ұйықтаймыз. Біз арқылы түс көріп, тыныш дем алдың. Демалған жақсы, бірақ тұратын уақыт та болды...»
Наурыз III апта
Жұптасып жүру, жүгіру.
Жұбымен секіру, жүру, қозғалысын өзгерте білу, шашырап жүру, жүгіру. Аяққа арналған жаттығулар «Аттап созылу» - тік тұрып, қолды екі жаққа жібереді, алға сәл адымдап, сол аяққа отырады, оң аяқ түзу артқа созылады, артқа - алға денемен шеңберлер жасау керек. «Қаз» - тік тұрып, бүгілген аяқтың сирағынан ұстайды, жібереді. «Аяқтарды қозғау» - өкшені арқанға тіреп, аяқтың ұшын жерге тіреп бір жаққа қарай адымдап жүру. «Атлет»- отырады, арқаны түзу ұстап, екі қолмен таяқшаны алға қарай көтереді, тұрып қолды төмен түсіреді «Құтқарушы таяқшасы» - екі қолмен таяқшаны ұстап, серіппелі қимылмен отырып - тұру. Тыныс алу жаттығулары. Т. Ф. Виноградова «Балдырған» -ауыздың бұрыштарына шынашағынды салып, осындай жағдайда ерніңді жұму; мұрныңмен дем алып, ауаны аузыңнан шығарады. Қимылды ойын: «Айдаһар»
Балалар бір - бірінен ұстап әр түрлі төсеніштермен, текшелердің арасынан өтеді. Дабыл белгісі соғылған кезде Айдаһар, ең соңғы тұрған баланы ұстап алады. Сол бала ойыннан шығады. Ойын балалар саны аяқталғанша ойналады.
Релаксация: «Босаңсу және қатаю» Тік тұрып, қолдарын ілгері көтеру, саусақтарын жұдырыққа жұму, иық алдының бұлшықеттерін қатайту (3 - 4 сек). Күшті болам деп ойлап тұру. Бұлшықеттерді қатайту. Енді тұла бойынды босаңсытып: қолдарынды еркін төмен түсіріп, маятник тәрізді қимыл жасайды.
Наурыз IV апта
Жайлауға саяхат.
Тауға шығып шынығамыз. Бәріміз бір тізбекпен жүріп, кедергілерден өтіп жайлауға барамыз. Нүктелі массаж. 1 нүкте – сұқ және ортаңғы саусақтармен кеуденің ортаңғы, жоғарғы жақ және үштің ортаңғы бөліктеріне массаж жасау; 2 нүкте – сұқ саусағымен жеңіл түрде кеуденің негізгі ортасын басып 1 минуттай өткізіледі; 3 нүкте – кезектестіріп бірнеше рет оң және сол жақ ұйқы бездерін басу; 4 точка – бас бармақпен мойынның екі жағынан жеңіл басып массаж жасау; 5 нүкте – сұқ саусақпен мойынның жетінші және кеуде омыртқасының бірінші тұсын байыппен басады; құлақтың алдыңғы жақ сүйегі жағынан жеңіл массаж жасау ; 6 нүкте - сұқ саусақпен құлақтың алдыңғы екі жағынан жақ сүйегіне массаж жасау; 7 нүкте - ортаңғы саусақпен мұрынның екі жаны танау тұсынан массаж жасау; 8 нүкте - сұқ саусақпен қастың үстіңгі доғасына массаж жасау. 9 нүкте – ортаңғы саусақ пен бас бармақ арасындағы нүктені қысу, мұны сұқ саусақтың көмегімен жеңіл басып жасайды. Қимылды ойын: «Кигіз үй құрамыз»
Төрт орындықты қояды. Әрбір орындықтың үстінде орамал жатады. Балалар орындықты айнала жүгіріп, нұсқаушының дабылы бойынша «киіз үй» құрады: орамалдың бұрышынан ұстап жоғары көтереді.
Релаксация: «Жайлау»
Міндетті түрде орындыққа отырып, денені алға қарай арқаны жай ғана еңкейту,басты төске қарай жібереміз, аяқты тік бұрыш жасап, қатар қою керек. Білек сүйектері жамбаста еркін жатады, қолымызды бос ұстаймыз, еркіндікке жібереміз. Көзді жұмып, бұлшықеттерді барынша босаңсыту. Қалып ат айдаушыны, жайлауды елестетеді.
Сәуір I апта
Жұптасып сапқа тұру.
Бір тізбекпен жұптасып жүру, жүгіру. «Сиқырлы ысқырық», «Жыланша» үріс түрлерімен, кедергілердің арасымен жүгіру.
Саусақ гимнастикасы.
Тық-так, тық-так,
Тұр орныңнан басбармақ,
Балаң үйрек сен де тұр,
Ортаң терек сен де тұр.
Шылдыр шүмек сен де тұр,
Титтей бөбек, қане тұр.
Саусақтарым, ал жүгір.
Тыныс алу жаттығулары
С.М. Иванов «Маятник»- түзу тұрып, аяқтарын иық деңгейінде қойып, таяқты арқасына жауырыннан төмен ұстау; денесімен жанына қарай еңкейу; уақытта «Т-у-у-х-х» - деген дыбыспен демін сыртқа шығарады.
Қимылды ойын: «Көбелек»
Балалар өз - өздерін «көбелек» деп елестетіп зал ішінде ұшып жүреді. Нұсқаушының дабылы бойынша барлық ойыншылар залда жатқан сақинаға келіп «гүлдеріне» ұшып келіп қонады.
Релаксация: «Көктемгі орман»
Сен өзіңді алаңда келе жатырмын деп елестет. Алыстан орман көрінеді. Орманға жол апарады. Алаң алтындай, жәй жел соғады да, жұмсақ шөптерді қимылдатады. Орман өмірге толы. Олардың барлық ағаштары сені қарсы алғандай шулап жатыр. Енді бірнеше адым... Қазір сен орманға кіресің. Кәне тоқтайық. Тоқта. Осы үзілісті есіңе сақта.
Сәуір II апта
Жүру, жүгіру.
Бағытты өзгертіп шашырап жүру, жүгіру. Шағын алаңда тұрақты тепе- теңдікті сақтап, басына қапшықты қойып жүгіру. Гимнастикалық орындықта етпесінен жатып өрмелеу, шығыршықтан шығыршыққа қос аяқтап секіру.
Аяққа арналған жаттығулар
«Түлкі» - аяқтың ұшымен көтеріліп, біртіндеп төмен түседі. «Би» - аяқты кезекпен алға қойып, біресе өкшеге, біресе ұшына көтеру керек. «Ванька - встанька» - 4 - 5 мәрте серіппелі қимылмен отырып тұру керек. «Әлпеншектер» - аяқ ұшынан өкшеге қарай бірнеше өтпелі қимылдар жасау керек.
«Тарсылдақ» - аяқты тізеге дейін бүгіп, жоғары көтереді, тізе астынан шапалақ соғады.
«Аттап созылу» - қолды белге ұстап, алға қарай бүгілген аяққа қарай иілу керек, дәл осы қимылды екінші аяқпен қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: |