Құрастырған: Бактыгалиев Лес Калдыбаевич Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, И.Құрманов атындағы орта мектебі


Құрастырған: Бактыгалиев Лес Калдыбаевич



бет2/2
Дата01.05.2017
өлшемі383,38 Kb.
#15318
1   2

Құрастырған: Бактыгалиев Лес Калдыбаевич

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы,

И.Құрманов атындағы орта мектебі

Құрастырған: Бактыгалиев Лес Калдыбаевич – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

«Ұлттық ойындар » бағдарламасы негізгі білім беретін мектептерде оқушының пәнге деген қызығушылығын оята отырып, дене қасиеттерінің дамуына ықпал береді.Сынақтар,бақылау жаттығуларын орындау қорытындылары бойынша пайдаланатын әдістемелік құрал ретінде қолдануға болады.



Түсінік хат

Бағдарлама мектептің 1-11 сынып оқушыларына арналған 34 сағатқа есептелген,аптасына 1 сағаттан «Ұлттық ойындар» курс бағдарламасы оқушылардың ойынға деген қызығушылығын арттыра отырып,арнайы денені дамытатын жаттығулар үлкен мүмкіндік береді.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сыныптан тыс жұмыстарды ұтымды пайдалану керек.



Мақсаты:

Денсаулықты нығайтумен қатар мектеп оқушыларынан қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген көзқарасын қалыптастырып, дене жаттығулары мен ойындарын өз беттерінше дамытуға тәрбиелеп, оқу- ойын материалдарын бір жүйе ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін, дене тәрбиесін тәрбиелеуге баулуды қалыптастыру.



Міндеттері:
-Дене тәрбиесі саласы бойынша оқушылардың өмірлік маңызы бар білімге ие болуын қамтамасыз ету;

-Ұлттық ойындарды үйрете отырып,жұмыс қабілеттілігін арттыру аясында оқушылардың денсаулығын нығайту;

-Оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру;

-Ұлттық ойынға деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру;



-Жарыстар өткізу,ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру;

1. Кіріспе

Ұлттық ойындар туралы негізгі түсінік.Жаттығулармен айналысу

нәтижесінде сауықтыру тиімділігін арттыру.Ойын барысында зақымданудың алдын-алу туралы түсінік беру.
2. Ұлттық ойындар

Мақсаты:

-ойын түрлерімен жете танысу.

Негізгі ұғымдар:

-ойын түрлерін тереңдете түсіне отырып,жүзеге асыру

-қозғалыс дағдысын меңгерту
З.Жаяу көкпар

Шарты:-ойын күні бұрын белгіленген жерде өтеді.Оқушылар бір сызық бойында қатарға тұрады.Жүргізушінің белгісі бойынша ортадағы көкпарды

көмбеге салу керек.Екінші ойыншы жол ортасында бірінші ойыншыға қуып жетіп,қолындағы көкпарды тартып алып екінші көмбеге салуға болады.
4.Қазақша күрес(5)

(Жамбас,арқадан тарту,арқадан лақтыру,аяқ лақтыру)

Күрестің бүл түрі 1938 жылдан бастап жүргізіліп келеді.Халқымыздың ежелгі спорттарының бірі.Қазақша күресте грек-рим,самбо күрестерінің де тәсілдері кездеседі.
5.Жекпе-жек

Ортага екі оқушы шығып,табан тіресіп таяқшаны екі қолдап тартады. Таяқты өзіне тартып алған оқушы жеңіске жетеді

б.Арқан тарту

Жерге үш панелъ сызық сызылады.8-10метрлік арқанның ортасына қызыл шүберек байланады.Оцушылар екі топқа бөлініп арқанды тартысады.Арқанды тартып алған команда жеңіске жетеді.Арқанды жұлқып тартуга болмайды. Әр тартыстың ұзақтыгы 30-40 секунд.
7.Көтеріспек

Оқушылар өздері келісіп біреуі сақасын алысқа тігіп,екіншісі атады.Асықты атқан қарсыласы сақага тигізсе,сол аралыққа екіншісі арқалап барады.Сөйтіп ойын кезектесіп қайталана береді.
8.Мерген

Команда құрамында 8-10бала болады.Оқушының қолдарында құм толтырылған бір-бір дорба болады.Сол дорбаны белгілі қашықтықта сызылған шеңберге лақтырып салу керек.Көп салған команда жеңіске жетеді.
9.Әтештер қақтығысы(І)

Оқушылар диаметірі 3-5м шеңбер ортасына жұпталып шығып көрсетеді.Мұғалім нүсқауы бойынша бір қолымен аяғын ұстап,бір аяқпен иықтары арқылы шеңберден бір-бірін итеріп шығарады.Шығып кеткен бала ұтылған болып есептеледі.
10.Аударыспақ

0йын командалық жарыс түрінде өтеді.Әр команданың оқушылары бір-бірін арқалап, белгілі сызыққа дейін жүгіріп баруы керек.Бірінші құламай аяқтаган команда жеңіске жетеді.
11.Омпы

Асық ойынының бір түрі.Бес ойыншы ойнауга болады.Шеңбер ортасына әр ойыншы өз асықтарын тігеді.Асықтардың ортасына бір асықты омпы түрінде қойады.Омпыға тигізген бала жеңген болып есептеледі.
12.Алшы

Жарыс жекелей есепте өтеды.Ойыншылар бір-бір асықтан тігеді.Ойнау кезегін асықтарын иіру арқылы келіседі. Ойын соңында көп асық алған оқушы болып есептеледі.
13.Бес тас

Бұл ойынды бес оқушыдан команда құрып ойнайды. Ойынға 5 тас немесе асық керек.Ойынды кезектесіп,шартты бұзғанша ойнайды.Осылай ойын жалғаса береді.Тасты жоғары лақтырып қолдың сыртымен қағу шарт.
14.Бірлік

Бес тасты жерге иіріп тастаған соң,біреуін қақпа тас етіп алып,қалған төрт тасты қақпа тастыжоғары лақтырав отырып бір-бірлеп қағып алады.
15.Екілік

Тастарды жерге иіріп тастап,қалған жердегі екі тасты екі-екіден қағып алады.
16.Үштік

Үш тасты бірге,бір тасты бөлек қағады.
17.Төрттік

Мұнда алақандағы бес тастың ішінен қақпа тасты жоғары лақтырып,,ол қайта түскенше төрт тастыжерге қойып үлгереді де,тағы лақтырып,жердегі тастың төртеуін де қағып алады.


18.Жалақ

Ойында үш немесе бес жалақ болады.Қақпа тастарды жоғарыбиіктете лақтырып жіберіп,сұқ саусақпен жердіүш немесе бес рет жалатып үлгеру керек.
17.Алақан

Қақпа тасты лақтыра отырып,қалған төрт тасты бір-бірлеп екінші қолдың алақанына жинайды.
18.Төрт бұрыш.

Төрт тасты төрт жерге қойып,содан-соң қақпа тасты биіктікке лақтырып,тастардың төртеуін де жинап қағып алу керек.
19.Арттан тастау

Ойынның бұл түріндежерден бірінші тасты қағып алған соң,екінші тасты қағып алу үстінде бірінші тасты қолдың артынан тастау керек.Үшінші тасты қағып алу үстінде екінші тас тасталады.Бәрін тастап болған соң жердегі тастарды бір ретте тұтас жинап қағып алу керек.
20.Үндемес.

Бес тас тың бұл ойыны барысында тас бір-біріне тиіп тарсылдамау керек.Ойынның шарты бойынша ойын барысында ойыншы даа үндемеу керек.Ойыншының қарсыластары ойын барысынды ойыншыны күлдіруге тырысады.Ойыншы күліп қойса, ойын тоқталады.
21.Сарт-сұрт

Бес тасты жерге иіріп тастаған соң,біреуін қақпа тас етіп алып,қалған төрт тасты қақпа тасты жоғары лақтырып отырып бір-бірлеп қағып алады.Тастар бір-біріне соғылып құлаққа естілу керек.

22.Қаршу

Ойыншы бес тасты жерге иіріп тастап,қақпа тасын қолына алады да ,оны әрбір жоғары лақтырған сайын жерден бір тас алып,қақпа тасты қаршып қағып алады.
23.Нәби

Ойынның бұл түрінде сол қолдың бас бармағы мен сұқ саусағын жерге тірей қақпа жасап ұстайды.Сонан соң оң қолмен сол қолдың сыртынан бес тасты алдыға қарай иіріп тастап,қақпа тасты қолына алады.Ал басқа ойыншылар жердегі төрт тастың бірін «Нәби» ата сайлайды.Ойыншы нәбиді ең соңына дейін басқа тасқа тигізбей қақпадан өткізу керек.Бәрін болғаннан соң нәби тасты қақпаға кіргізеді.

24.Сиқырлы таяқ

Жүргізуші ойыншыларды шеңберге тұрғызып, нөмерлейді.Өзі шеңбер ортасына тұрып кез-келген нөмерді айтып, таяқты лақтырады.Нөмері аталган оқушы таяқты қағып алуы керек.Ойын осылай жалғасады.
25.Жігіт қуу.

0йынға 10-12 оқушы қатысады.Оқушылар бір-біріне қарсы тұрады.Қарсы бетке екі жалауша тігіледі.Ортасына белбеу тасталады.Берілген белгі бойынша бір оқушы белбеуді алып қашады,екіншісі қуып ұстауы керек. Ойын осылай жалғасады.

26.Ақсүйек

Қазақ жастары арасында көп тараган ойын.Ұл мен қыздар бөлініп ойнайды.Оған кепкен жілікті пайдаланады.Алдымен жүлде тағайындап алып,жүргізуші сүйекті қашыққа лақтырады.Екі команда іздеп табуы керек. Тапқан топ жүлдені алады.
27. Атқаума

Ойын топтасып ойналады.Екі топтан 3 оқушы шығып,екеуі біреуін қолдарын білектесіп ұстап ортаға отырғызып белгілі жерге дейін жүгіріп барады.Қай топ бұрын болса ,сол топ ұтқан болып есептеледі.
28. Белбеу тастамақ

Ойын топталып ойналады. Ойын басшысы белбеуді бір балаға береді де ол бала белбеуді біреуінің артына жасырады.Екінші ойыншы белбеуді табуы керек.Таппаса айыбын төлейді.Ойын осылай жалғаса береді.

Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы

(барлығы 34 сағат.аптасына 1 рет)

1-11 сыныптарға сабақ жоспары




Сабақтың тақырыбы

Дене қасиеттерін дамыту

Сағ.

саны

уақыты

1

Кіріспе




1




2

Ұлттық ойындар

ұғымдарын тереңдету

1




3

Жаяу көкпар

ептілікті ,жылдамдықты

1




4

Қазақша күрес

өзінің дене және психикалық саулығын нығайту

1




5

Жамбас

шапшаңдықты,күштілікті

1




6

Арқадан лақтыру

шапшаңдықты,күштілікті

1




7

Аяқ орап лақтыру

Ептілікке,шапшаңдыққа тәрбиелек

1




8

Аяқтан шалып лақтыру

Спортқа қызығушылықтарын арттыру

1




9

Жекпе-жек

қозғалыс белсенділігінің мәдениетін тәрбиелеуге бағыттау

1




10

Арқан тарту

оқушыларда оңтайлы қозғалыс белсенділігіне қажеттілікті тәрбиелеу

1




11

Көтеріспек

ептілік пен күштілікті

1




12

Мерген

оқушыларда оңтайлы қозғалыс белсенділігіне қажеттілікті тәрбиелеу

1




13

Әтештер қақтығысы

күштілік пен ептілікті

1




14

Аударыспақ

қозғалыс белсенділігінің мәдениетін тәрбиелеуге бағыттау

1




15

Омпы

мергендікті төзімділікті.шапшаңдықты

1




16

Алшы

Қимыл-қозғалыстарын дамыту

1




17

Бес тас

ептілікті төзімділікті.шапшаңдықты

1




18

Бірлік

қозғалыс белсенділігінің мәдениетін тәрбиелеуге бағыттау

1




19

Екілік

оқушыларда оңтайлы қозғалыс белсенділігіне қажеттілікті тәрбиелеу

1




20

Үштік

оқушыларда оңтайлы қозғалыс белсенділігіне қажеттілікті тәрбиелеу

1




21

Төрттік

Қимыл-қозғалыстарын дамыту

1




22

Жалақ

қозғалыс белсенділігінің мәдениетін тәрбиелеуге бағыттау

1




23

Алақан

қозғалыс белсенділігінің мәдениетін тәрбиелеуге бағыттау

1




24

Төрт бұрыш

оқушыларда оңтайлы қозғалыс белсенділігіне қажеттілікті тәрбиелеу

1




25

Арттан тастау

Қимыл-қозғалыстарын дамыту

1




26

Сарт-сұрт

қозғалыс белсенділігінің мәдениетін тәрбиелеуге бағыттау

1




27

Үндемес

төзімділікті.шапшаңдықты

1




28

Қаршу

оқушыларда оңтайлы қозғалыс белсенділігіне қажеттілікті тәрбиелеу

1




29

Нәби

қозғалыс белсенділігінің мәдениетін тәрбиелеуге бағыттау

1




30

Сиқырлы таяқ

Қимыл-қозғалыстарын дамыту

1




31

Жігіт қуу

шыдамдылықты төзімділікті.шапшаңдықты

1




32

Ақсүйек

Қимыл-қозғалыстарын дамыту

1




33

Атқаума

шапшаңдықты төзімділікті.шапшаңдықты

1




34

Белбеу тастамақ

ептілік пен шапшаңдықты

1





Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық ойындардың орны 

Әр халықтың өз ұрпағын өмірге әзірлеуде,баулып тәрбиелеүде өзіне ғана тән ерекшеліктері болады.Ол ерекшеліктері ең алдымен сол халықтын әдет-ғұрпын,салт-санасы тұрмысы мен дәстүрлеріне байланысты қалыптасады.Сондықтан осы ұғымды өз бойына жинаған барлық тәрбие құралдарын біз бүгінде халық педогогикасы деп атаймыз.Халық педогогикасының бір саласы-ұлт ойындары.Қазақ халқының ұлт ойындарының өзіне тән бір ерекшелігі сол ол тек көңіл аулап,қызық құып,уақыт өткізу үшін емес,белгілі бірбілімділік тәрбиелік мақсат көздейтінінде.Қазақ халқынын ұлт ойындары негізінен үш саладан тұрады.1)Ойын- сауық ойындары.2)Оймен келетін ойындар.3)Дене шынықтыру спорт ойындары.Сондай-ақ халық ойындары оқушылардың денелерін шыңдап оларды икемділікке,төзімділік пен шапшаңдыққа,тапқырлық пен алғырлыққа,дәлдік пен ептілікке баулыйтынын айтады.Дене шынықтыру сабағы жоғары адамгершілік рухта тәрбиелеудің белсенді құралы ретінде мектепте берілетін барлық білім негіздерімен астасып,жалпыға бірдей орта білім беру идеяларын іске асырып соның нәтижесінде қоғамдық пайдалы еңбекке араласуы мен отан қорғау ісіндегі жүйелі тәрбиенің негізін қүрайды. 
Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарын пайдалануда мен күнбе-күнгі сабаққа әзірлену кезінде белгілеп, сабақ жоспарында көрсетемін.Ойындарды негізінен сабақтың басында да,ортасында да,соңында да пайдалануға болады.Осыған орай оқушылардың дене шынықтыруымен ынта жігерлерін арттырудың тамаша құралдарының бірі өз ұғымдарына түсінікті қимыл ойындары болып келеді.Алғашқы бірнеше сабақ бойы ойыннан негізгі материалға,одан қайта ойынға,одан қайта негізгі материалға өтемін. сабақтын аяғын ойынмен аяқтаймын. Ойындарды әр сыныптың жас ерекшеліктеріне, күш қозғалыс дамуына байланысты өзгерістер енгізіліп,ойын күрделене түседі.Әдетте арнайы берілген жаттығулар оқушыларға қиын соғады,олар оны орындай алмайды,ал ойын түрінде өтсе онда олар қиындықты тез меңгереді.Егерде оқушылар өздерін еркін ұстап,сабаққа бар бейімдерін беріп,белсене қатысса,онда бұл сәтсіздікті тез жеңүге болады.Ондай құралдардың бірі-халық ойындарын дене шынықтыру сабағында пайдалану.5-7 сыныбындағы дене шынықтыру сабағы оқушылардың бастауыш сыныптарда алған білімнің негізінде өрістетіледі.Олай болса бұл сыныптардағы дене шынықтыру сабағында қолданылатын ойындарды бастауыш сыныптарда пайдаланылған халық ойындарын күрделендіру арқылы жүргіземіз.Қорыта айтқанда денешынықтыру сабағына ұлт ойындарын қолдануға болады деп ойлаймын,ол сабақтың маңызын арттырып,сапасын көтере түседі.Менің пікірімше ұлт ойындары дене шынықтыру сабағында оқушыларды өзінше әрекеттенуге,қабылдау мүшелерінің жұмысын арттырады және ойлай білу,мақсатқа жету,өзін-өзі ұстай білуге үйретеді. Өзіне-өзі сенуге, белсенділікке тәрбиелейді, ойын тәртібін сақтау оларды ұйымшылдыққа баулиды. 

Тақырыбы: Ұлттық ойындар.

Мақсаты:

  1. Қазақ халықының ұлттық ойындаы туралы түсінік беру, үйрету

  2. Денсаулықтарын нығайту, денесін шынықтыру. Өз денелерін дұрыс ұстап,  жаттығуларды тез, әдемі, тиімді орындауға үйрету.

  3. Ептілік, күштілік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту. Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту.

  4. Адамгершілікке, алғырлыққа,  белсенділікке, ұйымшыл болуға тәрбиелеу


Сабақтың түрі: ойын сабағы

Қолданылатын әдістер: әңгіме, сұрақ-жауап

Өткізілетін орын:  спорт алаңы

Сабаққа қолданылатын құралдар:  көз байлайтын орамал, құл салынған қалташа, түйілген орамал, ысқырық т.б

 

                               Сабақтың барысы:



  1. 1.     Кіріспе-дайындық бөлімі.

    1. 1.     Ұйымдастыру.  Сапқа тұрғызу. Ойындардың аттарын атап, ережелерімен таныстырып, ойынға әзірлеу. Алғашқы бой жазу жаттығуларын орындату. Оқушылардың дене құрылысын икемдеп, негізгі ойынға әзірлеу.

           2. Негізгі бөлім (30 минут)      

Оқушыларды екі топқа бөлу. Ойындарды үйрету. Ойын ережесін түсіндіру.



1)     «Соқыр теке» ойыны

Ойыншылар:

Соқыр теке бақ,бақ

Біз айтамыз тақпақ

Мықты болсаң, кәнеки

Бірімізді тап, тап

Соқыр теке:

Мен текемін бақ, бақ

Қимылдаңдар сақ, сақ

Ал ұстадым мінеки

Шығып кеті-ау қап,қап

2)    «Теңге алу» ойыны

3)    «Көтермек» ойыны

4)    «Оқтау тартыс» ойыны     Таяқшаны тарту

5)    «Жаяу көкпар» ойыны       2 жұп, бірі  ат, бірі атқа мінген

6)    «Орамал тастамақ » ойыны

 

3.Қорытынды бөлім.  (5 минут)

Белсенді қимылдап кейін денені салқындатып, жай жүріп, жеңіл жаттығуларын орындау.

Ойындарды қорытындылау.

Белсенді қатысқан топты және жеке оқушыларды атап  өту

Марапаттау.

 

Пайдаланылган әдебиеттер:



1. «Дене тәрбиесі»бағдарламасы Авторлары.С. Тайжанов

Ю. Тілеугалиев С. Қасымбекова
2. «Дене тәрбиесі» кітабы Алматы «Атамұра»2001ж.

Авторлары:Б. ТөтеновС. Тайжанов
3. «Мектептегі дене шынықтыру» әдістемелік журнал №3 2004ж.
4. «Дене тәрбиесі» кітабы
6-сынып Авторлары.С. Тайжанов А.Қулназаров

5. «Мектептегі дене шынықтыру» әдістемелік журнал №5,6 2005ж.

6. «Дене тәрбиесі» кітабы Алматы «Атамұра» 2004

7. «Казахская национальная борьба» Алма-ата «Мектеп»1987

8.АРТСПОРТ №1 (01) 2010

9. «Мектептегі дене шынықтыру» №03 2012жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет