Құрастырған: Бокаева Нургул Сайлауовна



бет2/3
Дата05.11.2016
өлшемі0,55 Mb.
#551
1   2   3

ІV. Жаңа сабақ.

2.Балықшы тапсырмасы: «Сөзжұмбақты шешіп көр».

Ерекше жолдағы сөзге түсіндірме жұмыс жүргізу.



Ережені түсіндіру жұмысы.

Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу сәті:Зз әрпі.

V. Жаңа сабақты пысықтау.

1.Дәрігер мамандығының тапсырмасы:Мақалды көшіріп жаз. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.

VI.Сергіту сәті:

Аппақ болып таң атты,


Түтін тік боп шығады.
Гүлге қонған көбелек,
Самғап биік ұшады.
Қоюланып қара бұлт,
Төкті жаңбыр себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек

VІ.Шығармашылық жұмыс.

Тігіншінің тапсырмасы: Өз бетінше жұмыс.377-жаттығу Суреттегі не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді жазу.

VІІДәлелдеу.

Сазгердің тапсырмасы:379-жаттығу.Сөздерді оқып,зат есім екенін дәлелдеу

VІІІ.Ойын «баспалдақ».

Суретшінің тапсырмасы:


З




А







Т










Е













С
















І



















М


















2,3,4,5,6,7әріптен тұратын заттың атын білдіретін сөздерлі тауып жазу.

ІХ.Қорытындылау:

Құпия кестедегі сұрақтарға жауап беру.

1.Зат есім дегеніміз не?

2.Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?

3.Зат есімге мысал келтіру.

Х.Үйге тапсырма:

Күнделікті енді ашайық


Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.

378-жаттығу.

Кім?сұрағына жауап беретін зат есімдерді бір бағанға,не? сұрағына жауап беретін зат есімдерді екінші бағанға бөліп жазу.

ХІ.Бағалау.



Сабақтың тақырыбы׃Сын есім

Мақсаты׃″Сын есім″тақырыбын тапсырмалар орындату бойынша меңгерту,өз бетімен жұмыс.Дамыта оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың шығармашылық қабілетін,ғылыми ойлау жүйесін арттыру.Оқушыларды адамгершілікке,Отанын сүюге,еліміздің табиғатын қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың принциптері׃Біртұтастық,жүйелілік,саналылық,

белсенділік.

Сабақтың әдіс-тәсілдері׃Сұрақ-жауап,көрнекілік,топтау,жинақтау, ізденімпаздық

Сабақтың көрнекілігі׃Кеспе сөздер,тірек-сызба

Сабақ барысы:Психологиялық дайындық жұмыстары.

Оқушылар шеңбер құрып ортада тұрады.

Сұрақ-жауап׃-Балалар жер бетіне жылу не арқылы таралады?

-Күн болмаса жер бетінде не болар еді?

Оқушылар ойы тыңдалады

-Олай болса,анаға тілек айтып көрейік.

Көк аспанда күн күлсін!

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда Күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын!

Күн анаға ризашылығымызды білдіре отырып, күннен алған шуақты сезініп,бір-бірімізге жылы,мейірімді тілектер айтып көрейік.

Оқушылар шеңберде тұрып бір-бірінің қолын ұстап,жақсы тілектер айтады

Мұғалім өзі бастайды:

-Айбек,бүгінгі күнің сәттілікке толсын.

-Рахмет.

-Назерке,мен саған қуаныш тілеймін.

-Рахмет.

Оқушылар орындарына отырады.

-Адамдардың бір-біріне айтқан осы жақсы тілектерін,күннің жылуын ,қайда тұрып тыңдап,қайда тұрып сезінеміз?

-Жер бетінде.



  • Жер-Күн жүйесіндегі тіршілік бар жалғыз планета.Ол шексіз үлкен,дөңгелек,тегіс болуы мүмкін.

-Олай болса дәптерімізге жер,күн сөздерін әдемі етіп жазайық.

1-тапсырма:Көркем жазу сәті:Жер,күн

-Шексіз,үлкен,дөңгелек,тегіс сөздеріне сұрақ қойыңдар?

- Қандай?

-Осы сұраққа жауап беретін сөз табын қалай атаймыз?

-Сын есім.

-Жер бетіндегі тіршілік иелерін атаңдаршы?

-Адамдар,жануарлар,өсімдіктер.



  • Суреттермен жұмыс.

Оқушылар суреттерді атап отырып,сұрақтар қояды.

Суреттердің әрқайсысына кеспе сөздерді сәйкестендіріп қойыңдаршы.

2-тапсырма.

-Ендеше,кеспе сөздерге қатысты сын есімдерді ойлап жазып,жазған сын есімдерді тірек-сызба бойынша сын есімнің түрлеріне қарай ажыратып,дәлелдеңдер.Сын есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

мейірімді

хош иісті

ақ

ақылды


қызыл

сұр


төзімді

ақ


жабайы

еңбекқор


сары

үй қояны


шебер

көркем


қорқақ

қайырымды

жүгіргіш

адал


Сын есім түрлерін тірек-сызба бойынша мысалдар келтіре отырып,ажырату

Сын есім


Сұрақтары

Қандай? Қай?



Мағынасына қарай

Сапалық Қатыстық

қызыл нулы

гүл орман



Құрамына қарай

Дара күрделі

Негізгі туынды

Ақ ақылды


4-тапсырма.

Оқулықпен жұмыс:

430,432,434 жаттығулар жазбаша орындалады.

430-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқу,сын есімді сызба арқылы табу.

Шыршамызға тағылған

Қызыл-жасыл моншақтар.


Жер ақ көрпе жамылған

Қандай қызық сол шақтар.

Оқушылар сұрақтарын қою,сын есіммен қай сөз табы байланысты екенін түсіндіру.

5-тапсырма

432-жаттығу

Сөздерді оқы,қай сөз табына жатады?Осы сөздерден сын есім жаса,сұрақ қой.

Ақыл,ой,білім,өнер,біл,жүз,тап,тер

Ақылды,ойлы,білімді,өнерлі,білгіш,жүзгіш,тапқыр,тергіш

-Бұлар қандай сын есім.

-Туынды сын есім дегеніміз не?

Туынды сын есімдерді қатыстырып,сөйлем құрап ,жазу.

434-жаттығу

Заттың түсін,көлемін,дәмін білдіретін сын есім тауып жаз.


ақ үлкен дәмді

. . . . . . . . .

Сын есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

6-тапсырма

Түрлі-түсті үлестірме кеспелерге жазылған сын есімдерге зат есім ойлап,сөйлем құрастырыңдар.

7-тапсырма

Ой сергіту жаттығуы:″Таңдау″ойыны

Ойын шарты:Балалар өз таңдаулары бойынша заттарды таңдап алады.Оны не үшін таңдап алғанын айтады.Таңдаған затына сай сын есім түрлеріне мысал келтіру.Мысалы:Мен қонжықты таңдадым,өйткені ол мейірімді,жұмсақ,жылы .

8-тапсырма

1-топ ″Бір сын есімге көп зат есім″ойлап жазу.

:кітап,,кино,ойын,бала,оқушы

2-топ ″Көп сын есімге бір зат есім″ойлап жазу.

Әсерлі,көңілді,баяу,әуенді-

3-топ.Сын есімге зат есімдердің лайықтысын жаз

-ой

бала


суретші

-ат


9-тапсырма

Сөйлеу жаттығуы

Мұғалім жағдаятты,мәтінді оқып таныстырады.Оқушылар тыңдап,ойларын тиянақтайды.Сіз шөл далаға саяхатқа барасыз.Төменде көрсетілген заттардан өзіңізбен бірге тең бес затты ала аласыз.

Радио,су,шұлық,компас,кітап,қолшатыр,шоколад,карта,жіп.

Аталған зат есімдерге сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрастыру,мағынасына қарай ажырату,талдау жасау.

Сабақты қорытындылау.Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма:435-жаттығу.Суреттер бойынша мәтін құрастырып,сын есімдердің астын сызу.

Тақырыбы: Сан есім (қайталау)

Мақсаты:1.Өз бетімен жұмыс жасау арқылы оқушылардың сан есім туралы білімдерін пысықтау, толықтыру,бекіту;

2.Оқушылырдың теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту

3.Адамгершілікке,табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,көрнекілік,талдау,топтау, дәлелдеу,қорытынды жасау .

Көрнекілігі:тірек-сызба,кеспе сөздер,адамды,қойды бейнелейтін суреттер.

Сабақ барысы:I.Бағдарлау–мотивациялық кезең.Психологиялық дайындық жұмыстары. Оқушылар ойын жинақтап, назарын сабаққа аудару. Баласына ж2ріп,

Ұрысып жатыр к2лік,

«2леніп, с2ріп,

Алып қапсың 2лік.»

2ншілей 2ңді

Көрсетпе деп ж2рді.

- «Көңілді санамақта» қандай құс туралы айтылған?

- Балалар,құс екеш құстар да балалары нашар баға алса ренжиді екен.Сендер де нашар баға алсаңдар,аналарың ренжиді.Сондықтан жақсы баға алуға тырысалық.

(өзін-өзі бағалау парағы үлестіріледі)

Суретпен жұмыс. Суретті сызбаны көрсетіп айтқан сандарды тақтаға сөзбен жазу.

1-тапсырма:- Бұлар қандай сөздер?

-Дара және күрделі сан есімдер құрастыр

- Олармен сөйлем құрау

Сұрақтар:-Суреттегі адамның көздері неше

-Қойдың аяғы нешеу?

- Аяқтары неше-нешеден орналасқан?

Жарайсыздар,балалар,олай болса сан есім туралы білетінімізді топтастырайық

2-тапсырма



II. Операциялық-орындаушылық кезең.

Көркем жазу минуты.Тақтадағы сан есімдерді көшіріп жазу.

Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс.Оқулықтағы 413–жаттығу.

3-тапсырма.Берілген сөйлем ішіндегі сандарды сөзбен жазып,сан есімдердің астын сыз.

414-жаттығу.

4-тапсырма.Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, көшіріп жазыңдар.Сан есімдердің астын сыз,қай сөзбен байланысып тұрғанын айтыңдар.

Ойын «Кім тапқыр» мақалдар оқылады.

5-тапсырма.Жоқ сөздің орнына керекті сан есімді табу.

1. . . . теңгең болғанша, . . . досың болсын.

2.Білекті . . . жығады, білімді . . . жығады.

3.Ер . . . рет өледі, қорқақ . . . рет өледі.

4.Ағайын - . . . ,

Ана - . . . .

5.Ерінбеген . . . асар.

6.Еріншектің ісі - . . . .

Мәтінмен жұмыс. Жарыс

Мектепте спорттық жарыс өтті. Жарысқа 2 команда қатысты.Олар спорттың 5 түрінен сайысқа түсті.

1-ші команда 80 ұпай жинады.2-ші команда 100 ұпай жинады.2-ші команда жеңіске жетті.Жарыс қызықты өтті.



6-тапсырма. Сан есімдерді сөзбен жазып,түрлеріне ажыратыңдар.

III. Рефлексиялық–бағалау кезеңі.

Ойын «Кім шапшаң ойлайды?»

7-тапсырма.Кім ішінде саны бар сөздерді көп ойласа, сол көп ұпай жинайды.

Мысалы: тү + 1, к+3+ік, т.б.

Балалар, біз сан есімнен басқа да сөз таптарымен таныспыз.Олай болса,оларды да еске түсірелік.Ол үшін «Әр баланы өз үйіне қондыр» ойынын ойналық.

Бағалау.Сабақ басында үлестірілген «Өзін-өзі бағалау» парағы бойынша оқушылар өзін-өзі бағалайды.



Оқушының аты-жөні

ТАПСЫРМАЛАР

Оқушы бағасы

Мұғалім бағасы

1

2

3

4

5

6

7






























Үйге тапсырма: -оқулықтағы 416-жаттығуды орындау;

-Сан есімдерді қатыстырып,«Менің класым» тақырыбына шағын әңгіме жаз;

-Сан есімі бар жұмбақтар жазып келу.




Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға өз бетімен жұмыс жасату арқылы «Хабарлы сөйлем» туралы теориялық ұғым қалыптастыру.

Оқушылардың әр түрлі жұмыс түрімен шұғылдану арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Оқушылардың ойын жүйелі жеткізуге,орнықты сөйлеуге,сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс–тәсілдері:көрнекілік,талдау,ой-қозғау,сұрақ–жауап, дәлелдеу,жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі:сөзжұмбақ, тірек-сызба,карточкалар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Психологиялық даярлық

Қазақ тілім өз-тілім, ана тілім

Абай, мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл–қызың мәңгі сені

Балалығым,бақытым,қазақ тілім-дей келе ақын жазушыларымыздың тілі-қазақ тілін бастаймыз.Сабаққа дайын болсаңдар, ойымызды жинақтайық.

3 қатарға тапсырма:


1-қатар

Қазақ тілінде неше әріп бар?

2- қатар

Дыбыс түрлерін ата?



3-қатар

Сөздерден не құралады?

1.Бағдарлау – мотивациялық кезең.

«Ой қозғау» әдісі

«Сөйлем» сөзіне дыбыстық талдау.

С-дауыссыз,қатаң

Ө-дауысты,жіңішке

Й-дауыссыз,үнді

Л-дауыссыз,үнді

Е-дауысты,жіңішке

М-дауыссыз,үнді.

2.Операциялық-орындаушылық кезең.


2-қатар

Сол сөзден сөйлем құра



3-қатар

Сөйлемде неше сөз бар?

1-қатар

Бір сөз айту



Сөйлем дегеніміз не?

Сөзбен сөзден тұрамын

Белгілі ойды құрамы

(сөйлем)


Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығару.

 

 

 

 

 

 

1.Теледидардан берілетін бағдарлама (хабар)

2.Ұлттық ойын (асық)

3.Жақсы баға (бес)

4.Қыс айы (ақпан)

5.Анаң сенің базардан алма сатып әкелді,не деп барып жеу керек?(рахмет)

6.Құстың төресі (лашын)

7.Көңілді білдіру (ықылас)

Балалар,міне сөзжұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын таптық.

3.Тірек–сызба бойынша жұмыс

Сөйлем түрлері

хабарлы сөйлем

сұраулы сөйлем лепті сөйлем
-Сонымен,балалар сөйлем түрлері неше түрге бөлінеді?

-3 түрге бөлінеді.

-Бірінші түрі-хабарлы сөйлем.

Олай болса,хабарлы сөйлемге мысал келтірейік.

Сергіту минуты

«Мен қандаймын?» ойыны

Әсет-әдемі,әсем.

Камшат-көңілді,көрікті.

Азамат-ақылды,ажарлы.

Біздің класс ақылына көркі сай екен.

4.Ой тұжырымдамасы.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы балалар қандай екен?

а) оқулықтағы мәтінді оқу

ә) мәтін дегеніміз не?

б) мәтін неше сөйлемнен құралады?

в) өзің үйде не істейсің?

Дәптермен жұмыс.

Тапсырма-1.

182-жаттығу.Мәтінге тиісті тыныс белгісін қойып, көшіру.Мәтінге ат қою.

Тапсырма-2.

184-жаттығу.Заттың атын білдіретін сөздерге қимылды білдіретін сөздерді қосып, хабарлы сөйлем құрастырып жаз.

Құс, бота, жаңбыр, сабақ.

5.Рефлексиялық-бағалау кезең.

Зерделі сұрақ,дәлелді жауап.


Мысал

Ереже

Құс

Бота


Жаңбыр

Сөйлем

Б-қатаң


1-буын

Анықтамаға сай ма?

6.Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы.




Р/с

Тапсырмалар. Жұмыстың түрі.

Мұғалімнің беретін ұпайы

Оқушылардың жинаған ұпайы

Бағалау жүйесі

1

Сұраққа жауап

10







2

Дыбыстық талдау

5







3

Қосымша тапсырмалар

10







4

Сөзжұмбақ шешу

10







5

Ойынға қатысу

5






5-10 ұпай- «3»

15-20 ұпай -«4»

20-25 ұпай -«5»

7.Үйге тапсырма:

1.Берілген сөздерден хабарлы сөйлем құрау.183-жаттығу.

2.Ереже арқылы мысал келтіріп жаттығу


Тақырыбы: Сөз таптары

Мақсаты:1) Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру.Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.

2) Сын тұрғысынан ойлауын, шығармашылық қабілетін,тіл байлығын дамыту.

3) Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, бірінің сөзін бірі зер салып тыңдай білуге, құрметтеуге үйрете отырыпадамгершілікке тәрбиелеу.

Түрі:Тренинг

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері;топтау,бес жол өлең,көрнекілік, Венн диаграммасы, БҮҮ, болжау,т.б.

Көрнекілігі:Суреттер, кестелер,плакат,маркер,т.б.

Пәнаралық байланыс:ана тілі,математика,дүниетану

Сабақтың жүрісі:1.Психологиялық ахуал

(Сынып оқушылары төрт топқа бөлініп отырады.)

Қызығушылығын ояту

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дара тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дана тілім.-деп сабағымызды бастаймыз.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

- Түбір сөз дегеніміз не? мысал келтір

- Қосымша нешеге бөлінеді?

- Жұрнақ пен жалғау туралы айтып көр.

- Туынды сөз дегеніміз ?

Ой қозғау

Келді тағы қыс,

Дала аппақ түс.

Екі аяқты шаңғымен

Дөңге шықтық бәріміз.

(Өлеңнен заттың атын,қимылын,түсін,санын білдіретін сөздерді табу)

Мағынаны түсіну

Зат есім Сын есім



Сөз таптары






Сан есім Етістік

Болжау әдісі арқылы әр топ өз аттары туралы не білетіндерін сызба арқылы көрсетеді.

І топ:Зат есім ІІІ топ:Сан есім


ІІ топ:Сын есім ІVтоп: Етістік

3.Оқулықпен жұмыс:

1-жаттығу (Өз жазғандарымен салыстырылады)

3-жаттығу

Ітоп:Жұлдыз,тау,ата,ақын,адам,құс

ІІтоп:Көк,үлкен,биік,жасыл

ІІІ топ: Екі,жеті,отыз

ІVтоп:Оқыды,жуынды,жүзді

5-жаттығу Жаңылтпашты жатқа айтып,әр топ өз сөз табын табу керек.

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім.

Неше кіші ішік піштім?

4. Сергіту

5.Ситуациялық сұрақ

І-ІІ топ ІІІ- ІVтоп:

6. Бес жол өлең құрастыру

Ітоп: Абай ІІІ топ:Кітап

ІІтоп: Қыс ІV топ: Торғай

7- жаттығу Әр топ өз сөз таптарына қатысты сөздерді тауып жазады да, сөйлем ойлап, тақтаға жазады.

Зат есім; Аққу, емен, оқулық, ауа.

Сын есім; Әдепті, қызық, қоңыр, қышқыл

С Сан есім; Жеті, тоғыз, жиырма, елу, мың

Е Етістік; Биледі, өсті, тазалады, ұшты.

6-Көркем жазу

7. Ой толғаныс: Венн диаграммасы

З Зат есім Сын есім Сан есім Етістік




8.

« Жақсы –жаман» ойыны

І 1-топ: Қар(жақсы жағы) ІІІ топ: Мұз (жақсы жағы)

ІІ 2-топ: Қар(жаман жағы) ІVтоп: Мұз(жаман жағы)


9. «Қыс қызықты күндері» туралы шағын эссе жазу

Ү Үйге: 4-жаттығу

1. Бағалау.

"Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау"

атты соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі



Қазақ биі.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет