Зевакино селосы, Қанай аулы, Сарыкөл көлі, Қаражал мен Кіші Қойтас,
Нұрмамбет атыраптары маңындағы, Усть-Буконь селосы түбіндегі қорымдарды
қазу кезіндегі алынған материалдар қола дәуірі адамдарының шаруашылығы,
тұрмысы, кескін-кейпі туралы біздің мағұлматымызды кеңейтіп, толықтыра түседі.
Ертістің оң жағалауындағы Зевакино қорымы әр кезеңге жататын 500-ден
астам бейіттен тұрады. Зерттеу нәтижесінде бұл бейітке адамдарды тас жәшіктерге,
цисталар мен ағаш қималарға салып жерлеген. Жерленгендер сол және оң
қырынан, басы батысқа қаратылып, бүктетілтіп жатқызылған. Ерлер мен әйелдер
қабірлеріндегі қоса көмілген құрал-саймандар көзе сияқты бүтін ыдыстар, ернеуі
қайырылған құмыралар, қола тоғалар, туйреуіштер, моншақтар және еңбек
құралдары, қару-жарақтар табылды.
Шідерті өзенінің оң жағалауына орналасқан Нұрмамбет қорымындағы екі
адамның қаңқасы шыққан қабір ерекше көңіл қоярлық. Жерленгендер бір-біріне
бетпе-бет құшақтастырылып салынған: ері – сол қырынан, әйелі – оң қырынан
жатқызылған. Ер адамның бас жағына қола қанжар қойылған. Әйелдің
саусақтарында бес қола сақина, ал білектерінде қола білезік, аяқтарында қола
моншақтар бар. Бас жағына қола біз бен ине қойылыпты.
Достарыңызбен бөлісу: