Жерлеу ғүрпы жасалып, дене қойылған соң лақыт қыска бөренелермен
жабылып, шұңкыр топырақпен кемілген де, сонан соң топырақ үйілген.
Антропологтардың анықтауынша, Есік обасына жерленген адам 17— 18 жасар,
бет бітіміне қарағанда ол сақтарға жатады. Ол алтынмен мол тігілген сәнді киім
киінген. Басына түгелдей түрі де, көлемі де әр түрлі алтын қаптырмалармен
сәнделген, төбесі шошак, биік (65—70 сантиметрге дейін) бас киім киген. Бас киім
жылкы барыс, тау теке, құс бейнеленген 150-дей алтын қаптырмалармен және
тоғалармен сәнделген. Есік жауынгерінің мойнында — ұшы жолбарыстың басы
іспеттес алтын алқа, сол жақ сырғаларында — перузадан жасалған салпыншақтары
бар, көз салған алтын сырға болған. Үстіне мата көйлек кигізілген, оның өңірі мен
жендері неше түрлі алтын қаптырмалар мен тізбелер араластырып, әшекейлеп,
кестеленген; көйлектің сыртынан киілген қызыл бояумен боялған былғары
бешпенттің өн бойы жолбарыстың басы бейнеленген алтын тоғалармен және үш
сала жапырак формасындағы кішкене тоғалармен қапталған. Бешпенттің сыртынан
зооморфтық стильде жасалған, көздің жауын алатын он алты көлемді қаптырмамен
капталған құрама белдік тағылған. Белдіктің оң жағына кызыл қынға салынған
ұзын темір семсер, сол жағына бұлан мен жылкы бейнеленген алтын қаптырмалар
шегеленген кыны бар темір ақинак ілінген. Шалбар тігіс-тігісі бойымен ұсақ алтын
шеттіктермен әдіптелген және балақтары бешпенттегідей алтын қаптырмалар
шегеленген саптама етікке сұғындырылған. Сақ жауынгері саусағына екі алтын
жүзік таққан, олардың біреуі — сәнді бас киім киіп қырын қарап тұрған адамның
бас бейнесі бар алтын (жүзік-мөр). Есік обасындағы қабірдің мерзімі б. з. б. IV
ғасырдың алғы — ІІІ ғ. деп белгіленіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: