оларды Түгіскен мен Ұйғарақтағы үлкен жер шұңқырға жерлеумен
жақындастыратын белгі — сырғауылдармен және бұтақтармен жабылуы.
Жерлеу кұрылыстарының осындай әр түрлі болуы, шамасы, отбасылық
қатынастар жүйесін ғана емес, сонымен катар әлеуметтік құрылымды, рулық
қауымның эволюциясын да көрсетсе керек. Бүл, әсіресе, Ұйғарак қорымындағы әр
түрлі обалар топтарының үлгісінде ерекше айқын байқалады. Абыз әйелдер көп
жерленген шығыс топтың молаларында кейінгі қола дәуірінен келе жатқан ғұрып-
дәстүрлері айқынырақ байқалады.
Ұйғарақ обаларынын орталық кешенін қалдырған рулык топ, мүліктердін
кұрамына және үлкен жер лақыттарға қарағанда, ең ықпалды топ болған. Оның
өкілдері әскери билік пен абыздык қызметті қатар жүргізген көсемдер болған.
Бұған билік белгісі -күрзінің және салттық айбалта-қанжардың табылуы дәлел. Бұл
жерде жерленген қару-жарақты салт атты жауынгерлердің зираттарының кепшілігі,
сірә, басқа рудың мүшелерінікі болса керек. Батыс жақ шетіндегі тікбұрышты тар
қабірлерге атағы жоқ және кедей рулық қауым мүшелерін жерлеген.
Түгіскенде б.д.д.V ғасырдағы бай қабірлер тобы айқын аңғарылады. Олардың
құрылымына тән нәрсе — кірер ауыздағы ұзын дәліз-дромос. Лақыттар өте терең
болуымен ерекшеленеді. Өліктің басы шығысқа - солтүстік шығысқа қаратып
жатқызылады. Шұңқыр әдетте, неғұрлым ертеректегі обалардағы сияқты
қабырғаларымен емес, бұрыштармен бағытталған. Жерленгендер шалқасынан
созылған күйінде, бастары шығыс-солтүстік-шығысқа қаратылып кейде оларды
лақыт шұңкырларын қиғаштай, аяктарын ромб тәрізді тізесінен бүгіп, өкшелерін
ішке қаратып (ат үстінде отырған кейіпте) жатқызылған. Лакыт шұңқырлары мен
дромос (ішінара) тегіс етіп жабылған.
Сонымен б.д.д.V ғасыр обадарына бұрынғысынша тән нәрселер: лақыттардың
бұрыштарындағы шұңқырлардың сақталуы, ілуде бір болғанымен, жерден
қазылған қабірлер мен жер үстіне салынған жерлеу құрылыстарының катар
қолданылуы, оттың жерлеу салтындағы елеулі рөл атқаруы.
Достарыңызбен бөлісу: