топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны
туралы көптеген
болжамдар айтады.
Орыс зерттеушісі В.Струев парадарай-сақтарын Амудариямен Сырдарияның
төменгі ағысына орналастырып Бехустин жазбасындағы І-Дарийге қарсы
массагеттермен, дайлармен бірігіп соғысқандарға қосады.
В.Григорьев парадарай-сақтарын Оңтүстік Ресей жеріне, яғни Қара теңіздің
солтүстігіне орналасқан болу керек дегенді айтады. Орта Азия мен Қазақстанның
сақтарының екі тобы /хаумаварга мен тиграхауда/ Таяу Шығыстың халықтарына
көбірек мәлім болған. Кир мен Дарий жорықтар
жасаған тиграхауда-сақтар
Ахаманид бедерлері мен мөрлерінде бірнеше рет бейнеленген. Олардың Скунха
деп аталатын көсемінің тұлғасы Дарийдің бұйрығымен Ирандағы Бехустин
шаткалындағы жартасқа қашап салынған.
Ежелгі Шығыстың ең көне және аса маңызды саяси құжаттарының бірі
Бехустин жазбасында сақ көсемен тұтқынға алынғандығы жайлы Ү-бағанасының
20-30 жолдарында былай делінген: «Мен /Дарий/ әскер мен Сақтарға аттандым.
Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де, бүкіл
әскермен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата
талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым.
Скунха деген көсемін қолға
түсіріп, маған алып келді. Сол жерде мен өз дегеніммен екінші біреуін көсемі
қалып тағайындадым. Будан кейін ел маған қарады». Бұл текст шошақ бөрік киетін
тиграхауда-сақтар туралы ақпарат беретін, сақталып қалған бірде-бір жазбаша
құжат болып табылады. Осы оқиғалар туралы мағұлмат беретін Геродот
деректерінде массагеттер жері Каспий теңізінен шығысқа таман, «Арана
өзенінің
арғы жағындағы күннің шығу бағыты бойынша орналасады». Сондай-ақ
тиграхауда-сақтар Шашты, Тянь-Шаньды және Жетісуды мекендеген деген пікір
бар.
Страбонның айтуы бойынша, массагеттерден солтүстікке таман, «Меотидадан
жоғары» жерлерде дай тайпалары қоныстанған.
Парсы сына жазуларындағы, Геродот деректеріндегі ең ірі тайпалар тобы –
хаумаварга-сақтар. Олар Сырдарияның арғы бетінде, осы күнгі Ташкент облысы
аудандарында, Ферғана алқабында тұрған. Ежелгі
грек деректемелеріндегі
мәліметтерде савроматтар тайпасы туралы да айтылады. Савроматтар туралы
алғашқы деректер Геродотта бар: «Танайс өзенінің /қазіргі Дон өзені/ арғы жағы
скиф өлкесі емес, онда савроматтар тұрады. Савроматтар Меотия көлі ойпатынан
бастап солтүстікке қарай он бес күнде жүріп өтуге болатын жерді мекендейді». Бұл
қазіргі кездегі Донның құйлысынан Еділге дейінгі аралықты қамтиды.
Геродот «Аракс өзенінің арғы бетінде күншығысқа қарай, исседондар тұрады»
- дейді, шамамен Исседондар Орталық Қазақстан мен Батыс Қазақстанның бір
бөлігін мекендеген сияқты. Сөйтіп жазба деректер бойынша б.э.д. ҮІІ-ІҮ
ғасырларда Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтары, батыста-савроматтар,
орталық аудандарда –
исседондар, ал солтүстік-шығыста – аримаспа тайпалық
одақтары мекендеген.
Достарыңызбен бөлісу: