қаптырма мен қалақша арқылы әшекейлеген, олардың көпшілігі скиф-сақ кезіндегі
«аң» стилінде орындалған. Есік қабірінен табылған күміс тостағанның маңызы
ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу, тегінде, әліпбилік жазба болуы
ықтимал.
Берікқара қорымының обасын (Талас өзенінің аңғарында) топографиялық
зерттеу мүндағы үлкен обалардың топырақ үйінділері
тастан каланған шеңбер,
төрт бүрыш, жол, құйрықты жұлдыз сиякты нәрселер түріндегі әр алуан
тұлғалардың қайран қалдырарлыктай ұштасуын толықтыра түсетіндігін көрсетеді.
Олардың сақ тайпаларының сол дәуірде болған діни және әлемнің шығуы туралы
ғарышнамалық түсініктерін керсеткеніне күмән жоқ.
Оңтүстік Қазақстандағы, Аралдың шығыс өңіріндегі сақ кезінің материалдық
мәдениетін Оңтүстік Түгіскен және Үйғарақ корымдарының
обаларынан көруге
болады. Табылған алуан түрлі олжалар — қару, үй тұрмысына қажетті заттар және
алуан түрлі сәндік заттар сақ-массагеттердің материалдық мәдениетінің деңгейін
сипаттайды. Табылған заттар арасында алтын тоғалар мен қоладан жасалған ат
әбзелдеріндегі аңдардын бедерлі бейнелері ерекше ынта туғызады. Ал шағын
обалар — катардағы кауым мүшелерінін жерлену ескерткіштері (ал олар
ақсүйектердің ескерткіштеріне қарағанда әлденеше есе көп) шаруашылык және мал
табыньшың тұр құрамы туралы, аймақтағы ежелгі мекендеушілер өмірінің тұрмыс
салты туралы күнды мәліметтер береді.
Қорымдардьщ материалдарын көптеген кездейсоқ
табылған олжалар мен
көркемдік кола бұйымдар көмбелері: қазандар, кұрбандық ыдыстары,
шырағдандар, еңбек құралдары, қару және ер-тұрман
заттары едәуір толықтыра
түседі. Олардың көпшілігі жануарлар мен аңдардың, кейде адамның бедерлі және
мүсінді бейнелерімен сәнделген. Олар сактардың құю техникасы мен көркемдік
мәдениетінің жоғары, Жетісу мен Оңтүстік Қазакстанның ертедегі темір дәуірінде
Орта Азия мен Қазақстандағы металлургия өндірісінің ірі орталығы болғанын
дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: