Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер


Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан



Pdf көрінісі
бет55/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   104
Байланысты:
растыр ан

Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан 
Ескерткіштер топографиясы. Бұл кезде Орталық Қазақстанда ең көп таралғаны 
— обалы қорымдар. Ең ірі обалар: Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл, 
Қызылтас, Кент, Арқарлы, Қу, Кызылтау, Ортау, Ақтау таулары мен сілемдері 
аудандарында шоғырланған. Олар Ұлытау, Арғанаты, Желдіадыр тауларының 
бөктерлерінде, Желдітауда, Тайатқанда, Шұнакта жақсы мәлім, Солтүстік 
Бетпакдалаға дейін жетіп жатыр. Балқаш өңірінің шөлді аймағында обалар 
Қотанемел, Тесіктас, Қайрақтас, Жалғызтау, Жорға, Көксеңгір тауларында 
шоғырланып, шығысында Шыңғыс жотасына дейін жетеді. Солтүстік-шығыста 
обалы қорымдар Шідерті, Өленті өзендері мен олардың салалары жағалауындағы 
жарқабақты тегіс аймақтарда, солтүстікте Ерейментау таулы жазығына және Сілеті 
өзенінің бас жағына орналасқан. 
Мыс, алтын және басқа металдар өңдіру ертедегі темір дәуіріне жатады, олар 
сонау қола дәуірінде пайда болған. Бұлар — Солтүстік Балқаш өңіріндегі (Тесіктас, 
Кенелі, Саяқ, Ақоба, Қызылтас, Соркұдық), Нұра өзенінің бас жағындағы 
(Алтынсу, Бесшоқы), Атасу өзеніндегі, Баянауыл және Карқаралы далаларындағы, 
Ұлытау мен Имантаудағы, ақырында, Жезқазған кенді аймағының көптеген 
кеніштеріндегі мыс кенін өндіретін орындар. Есіл өзенінде, Көкшетау тауларында 
және Бетпакдаланың солтүстік алқаптарында қалайы өндірілген орындар мәлім. 


Степняк, Бестөбе, Майқайың, Жосалы аудандарының кеніштері алтын өндіретін 
негізгі орталықтар болған. 
Орталык Казакстанның ертедегі темір дәуіріне тән көрнекілік — жартасқа 
салынған суреттер-петроглифтер. Олардың көпшілігі тастардың жалаңаш тегіс 
беттеріне қашап салынған және жануарлардың, адамдардың әр түрлі тұлғаларын 
бейнелейді. Көптеген петроглифтер аңшылықтың, садакшылар шайқасының 
күрделі композициялық көріністері, аңды жан-жақтан қамалап аулау сюжеттері. 
Бұл сюжеттерден жайылып жүрген жабайы және үй хайуандарын, түйе керуендері 
мен түйе жегілген қос доңғалақты арбаларды көруге болады. Жартас бетіндегі 
гравюралар Ұлытау таулары өңірінен, Қалмаққырылғаң тауларынан, Сарысу 
өзенінің оң жағалауынаң, Абыралы, Шұнақ, Дегелең тауларынан, Нұраның 
жоғарғы және Өлеңтінің орта ағы-сынан, Баянауыл тауларынан, Балқаш маңынан 
және Солтүстік Бетпакдаланың баска аудандарынан табылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет