Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер



Pdf көрінісі
бет51/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   104
Байланысты:
растыр ан
1-ші сабақ Бір өлшемді массив, ОБӨЖ, Молдашева Ә СӨЖ 3-аптаа Психолингвистика, Weston · SlidesMania.pptx
 
 
Ертедегі темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан
Жалпы сипаттама 
Ертедегі темір дәуірі ескерткішінің едәуір бөлігі Шығыс Қазақстанның ең 
басты су артериясы — Ертіс өзенінің аңғарларына орналасқан. Оның сол жақ 


жағалауындағы обалы қорымдар Қалба жотасының солтүстік және оңтүстік 
баурайына шоғырланған, ал онан әрі оңтүстік-батысқа Шыңғыс-тауға және 
Тарбағатайдың батыс аудандарына дейін созылады. Өлкенің онтүстігінде олар 
Зайсан ойдымында тараған. Шығыстағы таулы аудандарда обалар Нарым, 
Бұқтырма өзендерінің жағалауларына және Бұқтырманың көптеген салаларына 
тарай орналасады да, Таулы Алтай аудандарының ескерткіштерімен ұштасып 
жатады. 
«Патша» обалары деп аталатын ең үлкен обалар Зайсан ойдымының Шілікті 
аңғарында және Оңтүстік Алтай тауларында Бұктырма өзенінің жағалауында 
шоғырланған. Шығыс Қазақстанның тастары мол таулы аудандарында обалардың 
көбінің тас үйінділері бар (Берел, Катон, Күрті, Майәмір). Жоғарғы Ертіс өңірі 
аңғарларында обалар малта тас араласқан топырақтан үйілген, ал жерлеу 
кұрылыстарына әрқашан дерлік, кейде алыстан әкелінген тас пайдаланылған 
(Құлажорға, Баты, Шілікті, Усть-Бұқтарма). Ортаңғы Ертістің Құлынды даласына 
іргелес жазык аудандарында обалар топырақтан үйілген (Жолқұдық, 
Чернореченск, Ертіс, Боброво, Леонтьевка). 
Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары қола дәуірінде ғана емес, ертедегі 
темір ғасырыңда да игерілген. Кенді Алтайдың полиметалл белдеуінде 850-ге 
жуық кеніштер мен кен орындары бар. Олардың көпшілігі кезінде ертедегі, 
«керемет» кен орындарының іздері бойынша ашылған. Оларда мыс, қалайы, алтын 
өндірілген. Мұнда металлургия мен мал шаруашылығы ежелгі кәсіпшіліктің 
жетекші салалары болды. 
Шығыс Қазақстанның ежелгі халқы б.д.д.VII—IV ғасырларда Қазақстан 
аумағын мекен еткен көптеген тайпаларды біріктірген сақ тайпалары одағына кірді. 
Орталық Қазақстанның және Жетісудың туыстас тайпаларымен материалдық 
мәдениеті жағынан көптеген ұқсастықтары болғанымен, олар этникалық жағынан 
біртектес емес еді. Шығыс аудандардағы таулы жерлерді мекендеушілер көршілес 
алтай тайпаларының этникалык-мәдени ықпалын қабылдады. 
Зайсан 
ойдымының 
далалық 
аудандарының 
ескерткіштері 
Жетісу 
ескерткіштеріне неғүрлым жақын болды, бұл археологиялық деректерден басқа 
палеантропологиялық материалдармен де дәлелденеді. Солтүстік Қазақстан 
мәдениетімен тығыз байланыста болған павлодарлык Ертіс өңірі тұрғындарының 
мәдениеті Батыс Сібірдің орманды дала мәдениетіне, атап айтқанда, саргат 
мәдениеті деп аталатын көшпелі угор тайпаларының мәдениетіне бейім болды. 
Шығыс Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың өздерін қалай атағаны 
бізге дейін жеткен жоқ және бұл мәселе осы кезге дейін шешілмей қалып отыр. 


Тарихи әдебиетте Солтүстік Казақстан және Шығыс Казақстанның таулы 
белдеуіне көбіне аты анызға айналған аримаспылар тайпаларын орналастырады. 
Мұндай оқшаулауға антикалық авторлардың аримаспылар жерінде ірі-ірі алтын 
кеніштері бар деген деректері негізге алынады, ал бұл кеніштер дегенде Степняк 
қаласының маңайы мен Қалба жотасындағы ертедегі алтын өндіру орталықтары 
айтылған деп болжанады. 
Шығыс Қазақстанның оңтүстік, далалық аудандары сақтардың есімдерімен 
байланыстырылады. 
Шығыс 
Қазақстан 
тұрғындарының 
этникалық 
айырмашылықтарын әсірелемеу керек. Сірә, бұлар жақын туыс тайпалар тобы 
болған. Ғылымда олардың материалдық мәдениетінің ең басты үш кезеңі бөліп 
көрсетіледі, олар: б.д.д.VII—VI ғасырлардағы майәмір, V—IV ғасырлардағы берел, 
III—I ғасырдардағы құлажорға кезендері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет