Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер



Pdf көрінісі
бет53/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   104
Байланысты:
растыр ан
1-ші сабақ Бір өлшемді массив, ОБӨЖ, Молдашева Ә СӨЖ 3-аптаа Психолингвистика, Weston · SlidesMania.pptx
Берел кезеңі (б.д.д.V— IV ғғ.) 
Берел кезенінде Шығыс Қазақстанның ежелгі мал өсірушілерінің мәдениеті 
бұдан да айқындалып, кемелдене түседі. Таулы аудандарда обалардың таспен 
нобайланған, жер шұңқырда ағаш қимасы бар және аттар көмілген бұрыннан 
белгілі тұракты түрі таралады. 
Ескерткіштердің бүл түрі Шығыс Алтайдың кеңінен мәлім Пазырық 
обаларынан ерекше айқын көрінеді. Олар Таулы Алтайдың баска жерлерінде де, 
соның ішінде Шығыс Қазақстан аумағында да тараған. Олардың ішінде ең 


маңыздысы Берел қорымы болып табылады; мұның атымен шартты түрде тұтас бір 
тарихи кезең аталған. 
Үлкен Берел обасы үстірттің шетінен кетеріліп, Бұқтырма жайылмасы үстінде 
асқақтап тұр. Оның үйіндісін тұрғызуға кемінде 1000 м
3
шамасында ірі тас кажет 
болғандығы есептеліп шығарылған. Тас үйіндісінің биіктігі 5 м және диаметрі 30 
метр; бірақ оның бастапқы диаметрі 20 м болып, биіктігі 9 метрге жеткен. Лақыт 
жерден барынша тереңдете қазылған: оңтүстік жартысы 7 метрге, ал солтүстік 
жартысы 5,5—5,7 метрге дейін жетеді. 
Шүңқырдың оңтүстік жағының кабырғасы тақтаймен тіреле қапталған. 
Шұңқырдың бұрыш-бұрышына ағаш бөренелерден салынып, қайын қабығымен 
жабылған ауыр төбесін ұстап тұру үшін жалпақ тастардан тіреуіш-бағандар 
тұрғызылған . Лакыттың еденінде қарағайдын жуан (диаметрі бір метрден астам) 
діңгегінен қақ жарып, қашап жасалған астау-саркофаг жатыр. Саркофагтың сырты 
қайың қабығымен қапталған, ал астаудың қақпағы қанаттары жазулы ғажайып 
құстардың төрт қола мүсіншелері салынып безендірілген. 
Шұңқырдын солтүстік жартысында жерлеу үшін өлтірілген он алты аттың 
сүйектері жатыр. Он жетіншісі астау-саркофагтың жанында. Өлтірілген аттар 
қабық тесеніш үстіне белгілі бір тәртіппен — әр катарға төрт атган төрт қатар етіп 
орналастырылған да, үстінен бірнеше қабат жалпақ қабықтармен жабылған. 
Аттардың үстерінде әр түрлі қабықтармен әшекейлеген ер-тұрман қалдықтары мен 
темір ауыздыктары және жапырақша алтынмен қапталған мүсінді ағаш 
қаптармалары бар қайыс жүгендер сақталған. 
Үлкен Берел обасының ағаштан, алтыннан және қайың кабығынан жасалған 
көптеген әшекейлерінің арасында заттардың негізгі екі түрі: бейнелей салынған 
аңдардың немесе олардың дене мүшелерінің мүсіндері (мысык тұқымдас 
жыртқыштар, таутекелер, арқарлар, бүлан, зооморфтық бейнелер) мен 
геометриялық және өсімдік өрнектерімен безендірілген бұйым-дар ерекше көрінеді. 
Үлкен Берел обасына, шамасы, тайпа көсемі немесе ру ақсақалы жерленген 
болуы керек. Оның моласы байлығымен және салтанаттылығымен ерекшеленеді, 
бірақ жерлеу ғұрпының қауымның көптеген қатардағы мүшелерін жерлеу 
салтынан айырмашылығы жоқ. 
Қарапайым жерлеу кұрылыстары өздерінің көсемдерінің молаларын 
кішірейтілген түрде қайталайды. Олардың ішінде ағаш астау-саркофаг болған жоқ, 
орнына 3-4 қатар бөренелерден қаланған аласа қима ғана болды. Көптеген дағдылы 
қабірлерде солтүстік жағындағы биіктеу басқыштарға аттарды көму ғүрпы да 


сақталған. Мысалы, сол Берел қорымының 2-обасында бес ат, ал үшінші обасында 
- үш ат көмілген. Иелерін аттарымен қосып жерлеу Шығыс Қазақстанның басқа 
таулы аудандарында да белгілі. 
Мұнда б.д.д.V—IV ғасырларда Ертіс бойы мен Зайсан ойдымындағы далалық 
көршілерінен әжептәуір өзгеше этникалық тайпалар тобы қалыптасты. 
Бұқтырманың жоғарғы бойының ескерткіштері - ареалы Алтай және Гува 
аумақтарын қамтыған, пазырық үлгісіндегі мәдениеттін, етене бөлігі. 
Шығыс Қазақстанның таулы аудандарының ежелгі тұрғындары көп уақытқа 
дейін берелдік жерлеу ғұрпының дәстүрлерін сақтап келді. Шамамен б.д.д.III 
ғасырдың басында бір жерлерде атгы қоса кемудің тоқтатылғаның айтпағанда, 
қалған салттар біздің заманымыздың шегіне дейін жеткен болуы керек. 
Берел кезеңінің мәдениеті ерекшеліктерінің бірі — жайпақ түпті қыш ыдыстың 
таралуы. Ол негізінен екі түрлі: мойны құсырылып жасалған және кейде тік болып 
келетін құмыралар мен жатаған көзелер. Кейбір ыдыстар кертілген жапсырмалы 
белдіктермен, таға тәрізді білікпен кемкерілген, тесіктермен әшекейленген. 
Құмыралардың бірінде қоңыр минералды боя-умен ангобтың үстіне салынған 
көркем сурет бар, кейбір ыдыстар ашық-қызыл түске боялған. 
Ертіс пен Зайсан көлі жағалауының ежелгі тұрғындарының жерлеу ғүрпы 
басқаша болды. Мұнда оба үйінділері малта тас араласқан топырақтан 
тұрғызылды, кабірлерде аттар көмілмеген және ағаш қималар жоқ. Усть-Буконь 
мен Усть-Бұқтырмада ағашпен жапқан төбені ұстап тұру үшін жер шұңқырлардың 
екі жағы кертпеш жар етіп қазылған. 
V—IV ғасырларға тән заттар — кұрсауының шетінде сабы бар немесе сырт 
жағында кішкене ілмесі бар шағын қола айналар. Қола қанжарлар азайып, олардың 
орнына темір қанжарлар шығады. Қанжарлар сабының ұшы түзу не сынған қайрақ 
түрінде болып келеді, олар грифондардың қарама-қарсы тұрған бастарымен 
безендіріледі, ал олардың сабы қанат немесе көбелек тәрізді болып жасалады. 
Соғыс жебелерінің ұштары бұрынғыша қоладан құйылып жасалынады және 
олардың тұрақты екі түрі: қысқа сапты ұш қалакты немесе қанды басы қырланып, 
төмен қарай созыла кертілген ұңғылы болды. 
Ағаш пен сүйектен, алтын мен қоладан, былғарыдан, аң терісінен және киізден 
жасалған қолданбалы өнер ескерткіштері өте көркем. Орталық сюжетінің бағыты 
аңдар шайқасы, жануарлардың серпінді бейнелері бола бастаған «аң» стиліндегі 
енер гүлденген шағына жетеді. 


Берел кезеңінің аяк кезіне таман барлық жерде коланы темір ығыстырып 
шығарады. Қола ауыздықтарының орнына шығыршықты темір ауыздықтар 
шығады; қыска ақинақ-семсерлер мен пышактар да темірден жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет