Сабақтың тақырыбы: «Нұра өзенінің геоэкологиялық жағдайы»
Өтілу мерзімі: 14 қараша 2008 жылы
Өтілетін орны: Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектеп-интернаты
Өтілетін уақыты: 10.00 – 10.45
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға су қорлары мен қоршаған ортаның ауқымды және жергілікті өзгерістерінің өз ара байланыстарын көрсету арқылы құзыреттілігін дамыту.
Сабақтың міндеттері:
- су қорлары мен қоршаған ортаның ауқымды және жергілікті өзгерістерінің өзара байланыстарын анықтау;
- қоршаған ортаның су қорларын ластауының себептерін ашу;
- экономиканың қарқынды дамуының салдарынан экологиялық проблемаларының туындау себептерін шешу;
- Нұра өзенінің геоэкологиясының тірі ағзаларға әсер ету жолдарын анықтау;
- экономиканың негізгі мәселелерін шешу механизмдерін көрсету.
Күтілетін нәтижесі:
- су қорлары мен қоршаған ортаның ауқымды және жергілікті өзгерістерінің өзара байланыстарын анықтай алуы;
- қоршаған ортаның су қорларын ластауының себептерін аша білуі;
- экономиканың қарқынды дамуының салдарынан экологиялық проблемалардың туындау себептерін шешуі;
- Нұра өзенінің геоэкологиясының тірі ағзаларға әсер ету жолдарын анықтауы;
- экономиканың негізгі мәселелерін шешу механизмдерін көрсетуі.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ (география, экология, математика, химия, қазақ әдебиеті пәндері және экономика).
Сабақтың әдіс-тәсілі: Топтық жұмыс, рольдік ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд-презентациялар, «ҚР атмосфераға шығарылған зиянды заттар үлесі» (диаграммалар, графиктер), ҚР физикалық картасы, зертханалық жұмыстарға қажетті құралдар: су, жіп, май, өлшеуіш лента.
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Мұғалімдердің кіріспе сөзі.
ІІІ. Топтық жұмыстар.
ІҮ. Түйіндеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды топтастыру, жағымды психологиялық ахуал тудыру.(Ақырын музыка ойнап тұрады)
ІІ. Кіріспе. Географ- Биосферадағы тіршілік иелерінің бәрі де биосферадағы ең асыл да бағалы зат судың қатысуымен өтеді. «Су атасы- Сүлеймен пайғамбар»- дейді қазақ. Су бар жерде тіршілік бар, өмір бар: сыңсыған ну орман, жайқалып өскен егін, мәуелі бау-бақша бар. Ұлы Абайдың қара сөзіндегі биосфера туралы терең пайымы оның ғылыми көзқарастарын танытады. Ол биосфераның бар байлығы адамзат баласының таусылмас азығы екенін көрсете келіп, «Кім өзіңе махаббат қылмағың парыз» деп, өскелең ұрпаққа биосфера ананы аялап сүюге үндейді. Дүние жүзіндегі барлық халықтар сияқты қазақ халқы да ерте заманнан өзен, көл, бұлақ, әсіресе, құдық суының тазалығына көңіл бөлген. Ата- бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадірлеу, суды ластамау, сабамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Мысалы: «Суды сабама- балығын шошытасың, бұлақты лайлама- құсын кетіресің» деген.
2.Экономист- Аса қадірменді министр және халық қалаулары, құрметті депутат мырзалар, бүгінгі отырысымызда «Үкіметтің ашық есік күнінде» қарастыратынымыз- еліміздің экономикалық-экологиялық мәселелері. Қазақ металлургиясының қара шаңырағы болып саналатын Қарағанды облысының әлуметтік-экономикалық дамуына тоқталайық. ( Слайд №1, №2)
Сұрақ: 1.Облысымыздағы өндірістің дамуы біздің экологиямызға қандай әсер етуде? Осы сұрақты ашайық.
Әлеуметтік-экономикалық дамумен қатар экологиялық мәселелер де бар (Слайд №3)
Оқушылар: Нұра өзені туралы мәлімет (Слайд №4)
Нұра өзенінің суын Қарағанды және Теміртаудан құйылатын өнеркәсіп қалдықтарынан комплексті тазартуды қажет етеді.Облыс ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда Нұра өзенінің табанында млн.тонна сынап қалдықтары шөгіп жатыр. Бұған кінәлі деп «Карбид» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» ААҚ деп ашық айта аламын.(Слайд №5)
Математика-экономикалық есептер. (3 мин.)
Экологияалық мәселелерді сөз жүзінде емес, нақты сандар арқылы есептеп шығарып көрейік.
1-есеп Қазақстанның жерінің аумағы 2724,9 мың шаршы км.(S= 2724.9 мың шаршы км.) Қазақстанда бір шаршы шақырым ауданға 30000 текше м.(м) таза су келеді.(1шаршы км= 30000текше м. таза су) Еліміздегі бір жылдағы ластанған су көлемі 160 млн. текше метрді құрайды. Қазақстандағы жалпы таза судың көлемін табыңдар және лас су таза судан неше есе көп?
2 – есеп. Қазақстанда қылқан жапырақты ағаштар қорының жалпы көлемі 165 мың 330 текше метр, оның 3,7 % Семейде орналасқан. Ай сайын 23 мың текше метр ағаш кесіледі. Семейдегі қылқан жапырақты орманның ауданы қанша? Семей түбіндегі қылқан жапырақты орман қанша жылда жойылады.
3-есеп.165 кг жасанды талшық алу үшін 1 м3 ағаш өңделеді. 1000 кг талшықтан 400 костюм дайындалатын болса, 66 мың костюм дайындау үшін қанша ағаш өңделеді.
4 – есеп. Дүниежүзілік стандартқа сәйкес табиғатын қорғайтын аймақ, сол елдің жер көлемінің кемінде 10% құрау керек екен. Осы аймақтың ауданын есептеу керек?
Мұғалім: Есептің нәтижесі қорытындыланады.
Нұра өзенінің экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсыныңыздар?
ІІІ.Топтық жұмыс (7 мин)
1-Топ. Суды тазалау құралдары жағдайына үкіметтік бақылауды күшейту , қоршаған ортаны қорғау үшін ел бюджетіне қосымша қаражаттар әкелетін айыптар жүйесін жасау.
2-Топ. Ластанған суды тазартатын құралдар жасау.
3-Топ. Суға төгілген мұнайды тазартудың әдісі (зертханалық жұмыс)
4-топ. Министрлердің Білімнің тұрақты даму тұжырымдамасы.
5. Топтар өз жобаларын қорғайды. Әр топқа 3 мин. беріледі
Депутаттардың міндеті-өздері таңдап алған тәсілді дәлелді және сезіммен қорғай білу. Министрлер ең ақылды, қажетті және арзан жолды таңдап алуы керек. Әр министрге оның ролінің лейтмотиві бар карточка тапсырылады, ол онымен басқа ойынға қатысушылардан жасырып танысады.
6. Мұғалім сөзі:
«ҚР Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстары және Астана қаласының тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаны жақсарту» атты Үкімет жобасы көлемінде проблема шешілуде. Жобаны дүние жүзілік қайта жөндеу және дамыту Банкі қаржыландыруда. Жобаның құны – 63,2 млн. АҚШ доллары, соның ішінде, мемлеккеттік бюджеттен 22,8 млн. АҚШ доллары қаржы бөлінген.
Жоба үш бағыттан тұрады. Соның бірі - Нұра өзенінің салалары мен алабын тазарту. Оны «Китай- строй» фирмасы атқаруда. Әлемдік талаптарға сай жұмыстың дұрыс жүруін техникалық қадағалайтын фирма «Пош-энд Партнерс» (Австрия).
6.Қорытынды. Оқушылардың өз ойлары мен пікірлері.
Бір оқушы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның президентіне хат (ағылшын тілінде) жазады. Бір оқушы Үкіметке хат жазады (қазақша).
7.Рефлексия Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз. (Слайд №6)
Дайындағандар:
Жакенова Г.К. – география пәнінің мұғалімі
Садуова Ж.К. – экономика пәнінің мұғалімі
Достарыңызбен бөлісу: |