Тасмола мәдениеті.
Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Казақстанның ежелгі малшыларының
мәдениеті неғұрлым көлемді археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген Тасмола
қойнауының атына сәйкес Тасмола мәдениеті деп аталды. Оны ерекше бөліп алуға
тастар тізбегі бар обалар - «мұртты обалар» деп аталатын ерекше үлгідегі
ескерткіштер себеп болды. Мұндай ескерткіштер қазақтың ұсақ шокылы өңірінен
тыс жерлерден, мысалы, Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарынан (Оба,
Көктал, Ащысай және Еділ бойы («Үш ағайынды» аңғары) кездеседі, бірак
олардың кеңтараған негізгі өңірі Орталык, Қазақстан болып табылады.
Мұртты обалардың түрлері көп, бірак олардың барлығы дерлік біртұтас сәулет
өнері кешеніне кіреді. Үйілген топырақ астында өлікті жерлеу үшін қазылған терең
сопақша шұңкыры бар үлкен оба оның негізін құрайды. Үлкен үйіндіге жақын,
әдетте шығыс жағынан, кіші оба салынаты болған. Оның астына, сол заманғы
жердің бетіне, жанына қыш ыдыс қойылып, ат жерленген. Сонан соң кіші обадан
шығысқа қарай бағытталып, шет жақтарында дөңгелек тас құрылыстары бар, доға
тәрізді тас тізбектері қаланған.
«Мұртты» обалардың архитектуралық кешені кола дәуірі тайпаларының
табынушылык кұрылыс өнерінің дәстүрлерін айқын бейнеледі, бірак сонымен бірге
бұл б.д.д.VII—VI ғасырларға және онан кейінгі кезеңдерге де тән жана құбылыс.
Бұрынғы аттың терісі мен басың жерлеу ғұрпынан айырмашылығы - тасты
тізбектері бар обалардан өлген адамның аяк жағына көмілген жылқы қаңқасы
табылды. Сірә, атын құрбандықка шалатын бұл ғұрып күнге табынушылыққа
байланысты болса керек.
Тасты тізбектері бар обалар кешенінің элементтерінен күн құдайға атты немесе
оның белгілі бір мүшесін құрбан ету, үнемі «кірер аузы» шығысқа, тәңертеңгі
күнге қаратып салынатын тас тізбектері сияқты күнге табынушылықтың ерекше
белгілері деп топшылауға негіз бар. Ал доға тәрізді тас соқпақтар, сірә, алыста
қалған, Ригведаға сәйкес, күнге арнап Варуна құдай дайындайтын сүрлеумен
байланысты болса керек. Тізбектердің ұштарындағы дөңгелек тас құрылыстар
ішіне бата қылу кезінде жағылған оттардын іздері де күнге табынушылықпен
байланысты екені шүбәсыз.
Өлікке жылқы малын арнау және атты күн құдайға кұрбаңдыққа шалу
ғұрыптары көбінесе діни ұғымдардың негізі ретінде Орталык Қазақстанның ежелгі
малшылары арасына кең тараған.
Тасты тізбектері бар құрылыс кешендері салынуына енбектің көп жұмсалуы,
байлығы, сәнділігі жағынан ру-тайпа ақсүйектерін жерлеуге арналған. Әрбір рулық
зиратта ондай құрылыстар онша көп емес, ал олардың жандарында қатардағы
тайпаластары жерленген көптеген карапайым обашықтар бар.
Ескерткіштердің бұл түрлерінде адамды жерлеу ғұрпының неғұрлым мәнді-
мәнді сипаттары ұқсас. Булар — этникалық-тайпалық кұрылымы бір, бірақ әр түрлі
әлеуметтік топтардың ескерткіштері.
Тұрғындардын, антропологиялық үлгісі мен материаддық мәдениеттің аса
маңызды элементтері ертедегі темір дәуіріндегі Орталык Казақстаң тайпалары мен
олардан бұрын емір сүрген андронов тайпаларының сабақтастық бар екенін айқын
көрсетеді.
Тас тізбекті обалар ішіне тастан жәшіктер мен дөңгелектер салуда, б.д.д.VII—V
ғасырлардын кейбір обаларыңда тақта тастарды жалпағынан қалап, тас лақыттар
тұрғызу тәсілдерінде, қаруларда, өрнектерде (мысалы, Сыпыра-оба моласынан
табылған қорамсақтың алтын қалақшасында) андроновтық кұрылыс дәстүрі
сақталған.
Археологиялык деректер және ішінара жазбаша деректерден алынған үзінді
мәліметтер тасмола мәдениеті тайпалары сақ тайпаларының қуатты одағы
құрамына кіргенін көрсетеді. Қазакстан аумағының басқа аудаңдарының
көпшілігіндегі сияқты, Арал-Ертіс су айырығы аумағын мекендеген тайпалардың
да нақты этнонимін анықтау қиын. Дегенмен де ертедегі темір дәуіріндегі Орталық
Қазақстан тайпаларын негізінен Аристей Проконесский жылқыға, қой мен өгіздер
табынына бай сансыз көп және даңқты жауынгерлер деп сипаттаған исседондар
деп жорамалдауға болады. Баска ав-торлар, атап айтқанда, Гекатей Милетский,
олардың шығыс скифтеріне немесе сақтарға жататынын атап көрсетеді.
Обаларды қазғандағы материалдар бойынша тасмола мәдениеті тайпаларының
үш даму кезеңі шартгы түрде бөлінген.
Бірінші кезең б.д.д.VII-VI ғасырларды қамтиды. Бұл кезең туралы Тасмола-1—
5, Қарамұрын-1, Нұрманбет-4 қорымдары неғұрлым толық мәліметтер береді.
Екібастұздан солтүстік-батысқа қарай, далалық Шідерті өзенінің оң
жағасындағы әртүрлі кезде жерленген Тасмола-1 құрылыстар тобында 19-обаның
бейіті мейлінше назар аударарлық болып шықты. Жерден қазылған қабір
шұңқырында төселген қамыс үстінде қола айнасы, темір пышағы және қайрақтасы
бар әйел жатты.
Осында аттың басы, жауырыны және екі қойдың басы табылды. Аттың
басында жүгені бар, ал кайыс жүген әр түрлі қола бұйымдармен сәнделген.
Баска бір обаға (Тасмола-5, 2) жерленген адамның аяқ жағына жеті жылқының
терісі мен басы койылған. Осы жерден ат ауыздығының бай жиынтығы, таутеке
мүсіні түрінде қоладан жасалған әшекей заттар, салмақты коңыраулар табылды.
Алайда бұл жай ғана құрбан шалу, не арнау ғұрпы емес, қайта жеті ат жегілген
«аспан арбасын» жабдықтау салты. Бір ғажабы, Ригведада күн құдай Сурья нақ
жеті алтын түсті бие жегілген күймемен жүреді.
Карамұрын қорымынан (5-оба) жебелердің б.д.д.VII—VI ғасырларға тән
жиынтығы, нақ содан — Қазақстан аумағындағы ең ертедегі шұңқырдың бір
бүйірін үңгіл қою деп аталатын жерлеу құрылысы табылды, ол неғұрлым кейінгі
кезде де таралған. Обаға жерленген жауынгерге коса қайың сапты және екі түрлі —
қос қанатты ұңғылы және үш қалақты келте қола ұшы бар 46 жебе салынған,
жылқы терісінен жасалған қорамсақ көмілген.
Нұрмамбет-4 қойнауындағы жауынгер жерленген бейітте (1-оба) тасмолалык,
ескерткіштерге тән жер лақыт ішінен тақта тастармен шегенделген. Бұл арадан бір
бума жебе, мүсінді сабы бар қоладан жасалған ауыр ақинақ-қанжар мен сабы
сақиналы пышақ ілінген, металдан жасалған кұрастырмалы шомбал белдік табылды.
Тасмола мәдениетінің алғашқы кезеңінің обаларынан табылған заттар
жиынтығы тұрақты болып келеді; үңғылы, қос қанатты және үш қалақты жебе
ұштары, сабының жоғарғы ұшы кесек немесе саңырауқұлақ тәріздес қол
жылжымас үшін жасалған қаптамасы бар ақинақ-қанжарлардың айрық-шатүрі тек
осы кезеңге ғана тән. Ұштары кішкене үзеңгі тәрізді қола ауыз-дығы және қоладан
не мүйізден жасалған үш тесікті айшықтары бар, құрылымы ерекше жүген де сол
уақыттарға тән.
Қолданбалы өнерге басын бері бұрып тұрған жолбарыстардың алтыннан
соғылған мүсіндері, қос доңғалақты арбаны безендіріп тұрған таутекелердің қола
мүсіндері, қола айнаға бедерлеп салынған қабан мен бұланның мүсіндері,
бұратылып жатқан қабандар түріндегі сүйектен және мүйізден жасалған тоғалар
тән болып келеді. Б.д.д.VI ғасырдың аяғына таман «зоологиялык шытырман»
стиліндегі көп мүсінді композициялар пайда бола бастайды. Тасмола-5
қорымындағы 3-обадан табылған мүйіз тоғадағы бұл сюжет Евразияда өте-мөте
сирек кездеседі және бұған алыстағы Туванын сол уақыттардағы Алды-бел
ескерткіштерінен табылған заттар ғана ұқсас келуі мүмкін.
Түйірлеу мен көмкерудің күрделі де нәзік әдісімен безендірілген жаңа зергерлік
бұйымдар пайда болды (Жыланды, Шілікті, Арасан-1). Кейінірек Тынық мұхиттан
Шығыс Европаға дейінгі орасан зор аумаққа тараған полихромды стиль деп
аталатын стильдің техникасы шыға бастады.
Археологиялық материал Орталық Қазақстан тайпаларының Тасмола
мәдениетінің бастапқы кезеңінде-ақ темірмен таныс болғандыгын көрсетеді.
Қақтау әдісімен темірден сабы сақиналы және түзу сапты пышактар, сондай-ақ
айшықтар және жүгеннің бастырмалары соғылды.
Екінші кезеңде (б.д.д.V—III ғғ.) Тасмола тайпаларының мәдениеті көбінесе
өзінен бұрынғылардың дәстүрлерін жалғастырды. Жерлеу жоралғыларының кейбір
бөліктері ғана өзгерді, атап айқанда, өлікке ат арнап, бірге көму ғұрпы жойылды.
Қару-жарак, шаруашылық және тұрмыстық қажетке арналған заттарды жасауда
неғұрлым елеулі өзгерістер болды. Садақтың күрделірек және алысқа ататын
құрылымына байланысты жебелердің бұрынғы түрлерінің орнына қоладан жасаған
ұңғылы,
қанды
басы
үш
қырлы
стандартты
жебе
ұштары шықты. Темір анағұрлым кең пайдаланыла бастады. Одан бәйегі мүйізше
сияқтанған семсерлер, ұштары иіліп деңгелетілген ауыздыктар жасалынды.
Б.д.д.III ғасырда қарудың ең көп тараған түрі жебенің ұшын жасауда да темір
қоланы
ығыстыра
бастады.
Дөңгелегінің
кенересінде
биік
жиекшесі бар, коладан жасалған шомбал айна енді болмайды. Олардың орнына
сабы бар және дөңгелегі тегіс, шағын айналар шыкты, айналардың саптары мен
басқа да іс қажеттеріне арналған заттар «аң» стилінде жасалынған бейнелермен
безендірілген.
Көп мүсінді композиция дамыды, негізгі сюжеттік желінің бірі — аңдардың
таласуы, жыртқыштардың шабуыл жасау көріністері болып, жануарлар дүниесінің
реалистік бейнелерін стильдік және схемалық тұрғыдан бейнелеу тереңдей түсті.
Қорғантас қойнауынан табылған тікбұрышты қола тоғадағы барақ иттің бұғыны
бас салып жатқан кезін бейнелейтін сурет көз тартарлық өрнекке айналдырылған.
Сонымен бірге жерлеу кешендерінде неғұрлым ерте кезде тараған бұйымдар
тобы сақталып қалды. Олардың ішінде қыш ыдыстар, тастан жасалған кұрбандык
құралдары және қайрақ тастар ерекше көрінеді.
Орталық Қазақстандағы ежелгі малшылар тұрмысында ағаш және металл
ыдыстар кең орын алған болуы ыктимал. Тас тізбекті обалар кешендерінде қыш
ыдыстар кездеспейді деуге болады. Мүндай ыдыстар жиынтығы Қазақстан
аумағының баска аудандарының ертедегі керамикасынан мүлде өзгеше және
сонымен бірге Тасмола мәдениетінің барлық кезеңдері үшін дәстүрлі. Таспалап
жапсыру әдісімен істелген, түбі жайпақ үлкен ыдыстар ғұрыптық ыдыстар болған
және жерлеу ғұрпы үшін арнайы жасалған деп топшыланады.
Тастан жасалған құрбандык ыдыстары мен қайрақтар Тасмола мәдениетінің
бастапқы кезеңдеріне де, одан кейінгі кезеңдеріне де тән, олар тек әйелдерді
жерлеуге байланысты болады. Олар сопақша бітімді, аласа жиекті құмдак тастан
істелген шағын табақ түрінде қырналып жасалады, тегіс келген түбінде тұғырлары,
не аяқтары болмайды. Белдікке іліп қоятын тесігі бар құмдақ тас қайрақтардың
түрі тікбұрышты және ірі келеді.
Б.д.д.ІІІ-І ғасырларда обалардың дәстүрлі түрі сақталған. Алайда, жерлеу
ғұрпында тасмолалыктарға тән емес ерекшеліктер пайда болды. Бұл Нұрмамбет-1,
Карамұрын-2 қорымдарындағы үш құрылыстан айқын көрінеді. Жерленгендердің
басын оңтүстікке қаратып салу, түбі жайпак, түрі домалаңкы керамикалық ыдыстар
жиынтығы, алебастрдан жасалған, темекі салып тартатын ыдыс үлгілері —
бұлардың бәрі б.д.д.IV—II ғасырларда Оңтүстік Жайық өңірі мен Батыс
Казакстанды мекендеген сармат тайпаларының жерлеу ғұрпына жақын.
Сармат тайпаларының топтары, кейбір зерттеушілердің топшылайтынындай,
тек Орта Азияға ғана емес, Солтүстік Қазақстан аумағына да жылжуы мүмкін.
Керісінше, Орталық Қазақстанның оңтүстік-шығыс аудандары Жетісуды ертедегі
мекендеушілердің ықпалына ұшырады. Олардың қабірлерді ендік бағытта қазып,
өліктердің бас жағына қыш ыдыстар, қой еті мен темір пышақтар қойып жерлеу
ғұрпы Балқаштың солтүстік-шығыс өңірінің бірқатар ескерткіштерінде (Қайрақтас,
Құрбақанас, Жалғызтау) байқалады. Олардан оңтүстік-шығыс аудандарына тән
кеселер мен алмұрт бітімдес құмыра түріндегі қыш ыдыстар табылды.
Б.д.д.ІІІ-І ғасырлардың біркатар ескерткіштерінің тасмолалық шығу тегін
көрсететін тұтас топ Қараоба және Корғантас қорымдарының обалары болып
табылады. Оларға ортақ сипат: жерленгендерді меридиандық бағытта салу,
қабірдің бір бөлігін құрбандықка шалынатын малдың сүйектеріне арнап бос кою.
Жерлеу ғұрыптарындағы осыншама ала-құлалық пен қарама-қайшы көрініс
б.д.д.I мыңжылдықтын соңғы ғасырларында аймақта орын алған күрделі, бірақ бәрі
бірдей әлі де айқын емес саяси жағдайды бейнелейді. Малшы тайпалар Орталық
Азияның батысы мен шығысына көптеп қоныс аударды.
Достарыңызбен бөлісу: |