Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер



Pdf көрінісі
бет58/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   104
Байланысты:
растыр ан

Савромат ескерткіштері.
Батыс Казақстанның тарихи савроматтармен 
байланыстырылатын ең жарқын әрі айқын археологиялық кешендері Ақтөбе 
облысы шегінде, Елек өзенінің орта ағысы аңғарында шоғырланған. Мәдени-
типологиялық және хронологиялық жағынан алғанда бұл ескерткіштер Елек 
өзенінің төменгі бойындағы кешендермен біртұтас шағын топ құрайды. Бірқатар 
айқындамалары бойынша оларға Оралдың арғы жағындағы ескерткіштер жақын. 
Батыс Казақстан облысының ескерткіштері өз сипаттамалары бойынша Төменгі 
Еділдің сол жағалауының кешеңдеріне жақындайды. 
Електе көне ескерткіштер өте сирек. Олардың біреуі 100-ден астам үиіндісі бар 
және Орал өңіріндегі ең ірі Целинный-І қорымында зерттелді. Дөңгелек қабір 
шұнқырға екі қабат етіп адам жерленген. Үстіңгі жерленген адам басын батысқа 
қаратып, шалқасынан қойылған, оның қасында қой жілігінің сүйектері, жапсырма 
кыш ыдыс, шақпақ тас жаңқасы мен жебеге толы қорамсак, қола қаңылтыр мен 
темірден жасалған қорамсақ ілгіші жатыр. Астыңғы жерленгең адам да осылай 
койылған оның қасына да қой жіліктері, даланың ірі құсының еті және сопақша 
тақта тас койылған. Бірінші еліктің үстінен мола шұңқырларының айнала жиналған 
топырағына төмеңгі ұшы тіреліп, екінші, үстіңгі елік жерленгенге дейін ертеп 
жіберілген әлдебір ағаш кұрылыс салынғаны анықталды. Жебелердің ұшына қарай 
отырып, оба б.д.д.VII ғасырдың екінші жартысында үйілген деп белгіленді. 
Електегі обалардың басым көпшілігі осы мәдениеттің гүлдену кезеңіне 
— 6. э

б. VI—V ғасырлардың аяғына жатады. 
Сынтас қорымының І-обасында ертедегі жер бетінде, бөренелерден салынған 
шатыр тәрізді құрылыста бастары батысқа және онтүстікке қаратылған үш елік 
(олардың екеуі жауынгер) жатыр, олар бейнебір оздерінің арасына салынып, тайыз 
қабірге жерленген «әскер басын» қоршап жатқан сияқты. Өліктерге қоса салынған 
саймандар — қару (жебелердің қола ұштары, темір қанжарлар мен қорамсақ 
ілмектері), ат әбзелдері (темір ауыздықтар мен тоғалар, қола айылбастар, 
өткермелер және т. б.), тұрмыс заттары (қыш ыдыстар, темір пышақтар және 
басқалар). Сынтаста басын артқа қаратып, аузын ақситып жатқан касқыр мүсінімен 
және киіктің басымен, текелердің мүсінімен және жыртқыш аңдардың басымен 
шебер безендерілген сүйек қасықтар ерекше. 
Бесоба қорымының 3-обасының қабірі едәуір бай болып шыкты, оның биіктігі 
2 метрдей болатын үйіндісі бөренелерден, тал мен шептен жасалған шатыр сияқты 
құрылыспен жабылған, диаметрі 6 метрден асатын, терең дөңгелек аланды жауып 
тұр. Шұңқырдын, солтүстік жартысында басы оңтүстік-батысқа қаратылған абыз-
әйелдердің қанқасы шалқалай жатқызылған, оның қасына алуан түрлі көп заттар, 


соның ішінде алқызыл құмтастан жасалған, тістері ақсиған қасқыр басының 
түрінде соғылған үш аяқты, құрбан шалатын үстел, қола айна, жасыл және қызыл 
бояу т. б. қойылған. Алтыннан жасалған бұйымдар жиынтығында ірі қуыс 
түйірлермен әшекейленген сырғалар, алқа, моншақтар және т. б. бар. 
Нагорный қорымында көп адам жерленген дромостық қабірлер тобы ерекше 
көрінеді. Көлемі 200—250 шаршы метрге дейін жететін орасан зор үлкен ағаш 
құрылыстардың астында кейде ор қазып нобайланған, 10—15 өлікті орналастыруға 
жететіндей көлемдегі төрт бұрышты құрылыстар бар, өліктер мазарға бөренеден 
жасалған арнаулы дәліз арқылы біртіндеп енгізілген. № 2-обаға он екі өлік 
жерленген, олардың біреуі - жауынгерлер де, біреуі — жасөспірім қыз, оларға 
арнаулы табыну құрылысын жапқан беренелерге салынған 12 аттын, бас сүйегі мен 
терісі сәйкес келеді. 
Батыс Казақстан облысында мұндай алып жерлеу құрылыстары әлі толық 
зерттелген жоқ. Мұнда бүрыштары иілген, кең көлемді тікбұрыш түріндегі обалар 
астынан жерден қазылған, савроматтарға дағдылы қабір шұңқырлары көп. 
Мәселен, Алебастрово-2 қорымының түбінен бастап тас қалап бекітілген үйіндісі 
бар 7-обасынан тікбұрышты, батыстан шығысқа қаратылған, көлемі 2,2x1,8 м, 
терендігі 1 м бір қабір шұңқыры табылды. Түбінде басы шығысқа қаратылып, 
шалқасынан жатқызылған әйел сүйегі жатты. ¥рылар ақтарған жерлеу саймандары 
үлкен екі қабыршақтан, көзді және жылтыраған моншақтардан, екі аяқты сопақша 
тас үстелшеден, тас ұнтактағыштан және қой сүйегінен тұрады. 
Савромат кезеңінің аяғына таман Батыс Қазақстан облысында үңгілген лақыт 
қуыстарға жерлеу пайда болады. 
Батыс Қазақстан савроматтарының жерлеу ғұрпы Оңтүстік Орал өңірі мен 
Төменгі Еділ бойының савроматтық ескерткіштерінің бүкіл жиынтығына дағдылы 
ерекшеліктермен сипатталады. Қарастырылып отырған аумақта біршама үлкен, 
кең, бірақ онша терең емес, әдетте басы батыстан шығысқа бағытталған, 
тікбұрышты сипаттағы қабір шұңқырларына жерлеу басым болып келеді. Өліктер 
әдетте жеке жерленеді, қосарлап жерлеу сирек кездеседі. Сүйектер әдетте 
шалқасынан, басын батысқа, кейде шығысқа қаратып жатқызылады. Молалардан 
ақ бояу (бор) мен жанған нәрселердің іздері жиі кездеседі. Ілек тобы 
ескерткіштерінің негізгі ерекшеліктері мыналар: ағаш құрылымдар процентінің көп 
болуы, олар кейде әдейі өртелген; жерлеу құрылыстарының әр алуан үлгіде болуы 
(тікбұрышты, дөңгелек және сопақ шұңкырлар, дромостық молалар, жер бетіне 
жерлеу және т. б.), көп адам жерлеудің (соның ішінде — көп қабатты) көп кездесуі, 
басын оңтүстікке қаратып жерленгендер процентінің жоғары болуы. 


Жерлеу саймандары заттардың негізгі топтары үлгілерінің тұрақтылығымен 
сипатталады. Тұрмыс заттары арасында құрал-саймандардың ең көп кездесетіңдері 
— жапсырып істелген, жайпак түпті ыдыстар, дегенмен б.д.д.V ғасырда Електе 
тегіс және дөңгелек түпті ыдыстар пайда болады. Дағдылылары — кішкене немесе 
керісінше, керінеу ұзартылған, жүзі шағын темір пышақтар, саздан немесе тастан 
жасалған ұршық бастары және т. б. Қару үстіңгі жағы жалпақ (кейде үшкір) және 
көбелек тәрізді, кейде алқымы дөңес темір семсерлер мен қанжарлардан тұрады. 
Б.д.д.V ғасырдан бастап Електе жүзі доға тәрізді және алқымы күрт кесілген 
сияқты семсерлер болғаны мәлім. Жебелердің екі қырлы (ертеректегі жиынтықтар) 
және үш қырлы үңғылы кола ұштарынан тұратын қорамсақ кешендері ерекше көп 
және типологиялық жағынан алуан түрлі; олардың арасынан «сақтар-дын» сапты 
ұштары да жиі кездеседі, Қорамсақ ілмектерінің темір болуы дағдылы. Қорғаныш 
жарақтарының қалдықтары өте сирек. Ат жүгендерінде тура немесе «S» тәрізді 
сулықтары бар темір ауыздықтар, кола айылбастар және түрі мен мақсаты әр алуан 
қанылтырлар, өткермелер және т. б. көп. Заттардың көбісін өрнектегенде аң стилі 
жиі қолданылған. 
Алдыңғы сармат ескерткіштері. Алдыңғы сармат (прохоров) уақытында Жайық 
өңірі—Еділ бойы тұрғындарының мәдениетінде елеулі өзгерістер болады. Ең 
алдымен, көшпелі тұрғындардың батысқа ағыла жылжуы аңғарылады. Еділдің 
арғы жағы мен Жайық өзенінің орта және төменгі ағысы бойындағы ескерткіштер, 
тегінде, көшпелілердің Електен кетуі есебінен болар, едәуір көбейген. Сапалық 
және сандык өзгерістер айқын біліне бастайды. Ақтөбенің теңірегінде ауқатты 
және ақсүйек әулеттердін мүшелері көп мөлшерде жерленген алып ағаш 
құрылыстары бар үлкен обалар жойылады. Олардың орнын қатардағы 
жауынгерлердің қатты сиреп кеткен жеке қабірлері алады. Сонымен бірге Орал 
ауданында көбінесе Таяу Шығыстан, Орта Азиядан немесе Римнен әкелінген 
ғажайып саймандар салынған едәуір бай қабірлер пайда болады. 
Олардың біреуі екі қабат етіп жерленген Володарка № 4 обаның үлкен (6x3 м) 
моласынан табылды. Бір қабір түгелдей дерлік қираган, шұңқырдың оңтүстік 
жартысындағы екіншісі тонаушылардан аман қалыпты. Жерленген адамның сол 
жак жамбасында — үзын семсер, сол қолының білезігінде сырт жағында білігі 
және шығынкы сабы бар қола айна жатыр. Өлген адамның оң жағында жылқы 
сүйектері сақталған. Оның оң жақ білегі бес орамды алтын сым білезікпен 
сәнделген. Оң жақ қолының басынан орақ тәрізді ұшы бар қысқа қанжар, 
аяқтарының арасынан, оң жак тізесінен күмістен жасалып, алтын жалатылған екі 
үлкен фалар (аттың сәндік бұйымы) табылды. Өліктің қасында қыш ыдыс тұр. 


Өлген адамның кеудесінде бәйекке бекітілген, катты бұзылып кеткен жебелердің 
үсақ темір ұштары бар қорамсақ жатыр. 
Фаларлар эллин дәуірі торевтикасының тамаша үлгілері болып табылады. 
Бұлар — алтын қанылтырмен оралған және сырт жағында бекітуге арналған үш-
үштен құлағы бар, диаметрі 24 см және салмағы 500 грамға дейін жететін күміс 
дөңгелектер. Дөңгелектердің шетінде екі білік бар, олардык біреуі — пунсондық 
өрнекпен, екіншісі лавр жапырағының бейнесімен өрнектелген. Дөңгелектердің 
ортасында кысқа женді көйлек пен етік киген, оң қолы жоғары көтеріліп, канатты 
атқа мініп жатқан еркек адам бедерленіп көрсетілген. Пырақтың алдыңғы аяқтары 
тепкелі тұрғаң жерге арыстанның, теке мен жыланның бейнесі ұштастырылған 
ғажайып жануар бейнеленген. Қазба жұмыстарынын авторы фаларларда гректің 
тажал түріндегі зұлымдыққа қарсы күресуші Беллерфонт пен Пегас туралы аңы-
зының сюжеті бейнеленген деп санайды. 
Прохоров мәдениетінің жерлеу ғұрпында, савромат кезіндегі сияқты кең емес, 
қайта алуан түрлі басқыштармен, иіндермен және т. б. қиындатылған тікбұрышты 
әрі неғұрлым терең тар шүңқырлар басым болады. Жерленгендердің едәуір 
проценті денені орналастыруға арналған арнаулы қуыстары - лақыттары мен 
үнгімелері бар шұңкырларға салынады. Лақыттарының көлемі мен құрал-
саймандарының молдығы женінен орталық қабірлері ерекше көрінетін обалар 
кездеседі, оларға, сірә, әулеттін аты аңызға айналған батыр бабалары жерленіп, 
оны жағалай туыстарының қабірлері орналастырылған болса керек. Өліктердің 
басы батыска каратып қойылудың орнына, б.д.д.V ғасырдың өзінде-ақ Електе 
мәлім болғанындай, оңтүстікке қаратып қойыла бастайды. 
Қабірлерде, соның ішінде әйелдердің кабірлерінде де бұрынғысынша қару көп 
кездеседі. Жебелердін ұңғылы қола ұштарын сабы бар темір үштар қолданыстан 
бірте-бірте ығыстырып шығарады. Жауынгерлерді ұзын семсерлермен қоса қысқа 
қанжар косып жерлеу сипатты бола түседі. Бір қызық-тысы, бұл ретте семсердін 
жүзі орақ тәрізді аздап иіліңкі болса, қанжардың алқымы көбінесе сақина тәрізді 
және керісінше жасалады. Байлардың молаларында қорғаныш жарақтары – 
кабыршақ тәрізді сауыттар да кездеседі; Еділ бойында ертедегі қола дулығалар 
табылғаны мәлім. Ол уақытқа катаф-рактарий деп аталатын ауыр жарақты атты 
әскер тән бола бастайды, ал олардың пайда болуына сарматтар да елеулі рөл 
атқарады. 
Сол кезендегі және келесі кезеңдердегі көптеген қорымдарда топырақ үйіп 
қоршалған дөңгелек, көбінесе тікбұрышты немесе төрт бұрышты етіп арнайы 
салынған алаңшалар пайда болады. Бірнешеуін қазған кезде олардың табыну 


мақсатына арналғанын көрсетті: дуалдың ішінен от жағылған жер, керамиканың 
ұсақ сынықтары, жануарлардың сүйектері табылды. 
Ертедегі сарматтар тарихының проблемаларымен айналысушы археологтардың 
кепшілігі прохоров мәдениеті Оңтүстік Орал өңірінде жергілікті савроматтардың 
мәдениеті негізінде қалыптасып, Төменгі Еділ бойына дайын күйінде әкелінген деп 
санайды. Нақ Електе және Орал сыртында б.д.д.V ғасырдың өзінде-ақ жерлеу 
мәдениеті мен жерлеу ғұрпында савромат мәдениеті қойнауында келесі, б.д.д.IV—
II ғасырлардағы алдыңғы сармат кезеңінде үстемдік алған жаңа белгілер пайда 
болады. Бұларға жерленгендердің басын оңтүстікке қаратып қою, түбі дөңгелек, 
өрнектері кеп күйдірілген ыдыстар, алқымы орақ тәрізді семсерлермен қанжарлар, 
сопақша жәнетік-бұрышты қарапайым жер шұңқырлардың орнына ақым және 
лақыт шығарып қою түріндегі күрделірек жерлеу құрылыстары және т.б. жатады. 
Бұл көзқарасты жақтаушыларға азын-аулақ карсы шығушылар, керісінше. Орал 
өңірі мен Еділ бойының алдыңғы сармат ескерткіштерінің әркайсысы тиісінше 
өзінің жергілікті негізінде қалыптасқан, мұның өзі Орал өңірінен шыққандардың 
Еділ бойына және т.б. көшуі жөніндегі болжамның қажеттігін бекерге шығарады 
деп пайымдайды. 
Соңғы жылдарда алдыңғы сармат мәдениетінің хронологиясы туралы мәселе де 
шиеленіскен пікір алалықтарын туғызуда. Атап айтқанда, б.э.б. IV—II ғасырлардан 
прохоровканың дәстүрлі мерзімін А. С. Скрипкин шамамен бір ғасырға жасартуға 
тырысып, жалпы жұрт кабылдаған датаның орнына б.э.б. III—I ғасырларды 
ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет