Құрастырған: Жақсыбаева Ж. Б. Тойжанов Б.Қ Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді


Материалды-техникалық жабдықталуы



бет3/8
Дата24.04.2017
өлшемі1,32 Mb.
#14651
1   2   3   4   5   6   7   8

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. 5 мин (6%)

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 мин (16%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Адамға әсер ететін қоршаған орта факторларының бірі –топырақ. Топырақ – жер қыртысының борпылдақ жоғарғы қабаты, ол минералды, органикалық, органикалық - минералды қосылыстардан және микроорганизмдердің көп мөлшерінен тұрады. Қоршаған ортаның бір элементі ретінде топырақ адамның денсаулығына және санитарлық жағдайына үлкен әсер етеді.

Жер асты суының құрамы, сапасы және оның тереңдігі топырақтың физикалық - химиялық қасиетіне байланысты болады.

Топырақты құрайтын бөлшектер әр түрлі болады, 2 – 3 мм- ден басталып 0,01-0,001мм-ге дейін. Топырақты құрайтын бөлшектеріне байланысты топырақ түрі анықталады. Құмды топырақтың 90% -дан астамы құмнан тұрады, батпақты топырақтың 50% -дан астамы батпақтан тұрады. Органикалық заттарға бай топырақтар да болады, оны торфты топырақ дейді. Топырақтың түрі ол жерден үй және басқа да бір ғимараттар салуға жер таңдағанда маңызды рөл атқарады.

Топырақты құрайтын бөлшектердің көлемі топырақтың борпылдақтығы деп аталады. Топырақ бөлшектері ірі болса, борпылдақтығының көлемі аз болады. Бөлшектер арасында ауа болады, егер топырақ бөлшектері арасынан ауа, су жақсы өтсе, ол топыраққа түскен қалдықтар, яғни органикалық заттар ыдырайды, топырақтың құрамында аэробты биохимиялық процестің жақсы жүруіне әсер етеді.

Ірі құмды топырақ суды және ауаны жақсы өткізеді, арасында ауа жақсы өтетін болғандықтан ол топырақ кебу болады, ол топырақта ауа алмасу жақсы жүреді. Мұндай топырақтың гигиеналық маңызы зор, ол жерде үй және басқа да ғимараттар салуға ыңғайлы.

Топырақтың тағы бір көрсеткіші - ол топырақтың ылғалдылығы, яғни белгілі бір мөлшердегі топырақтың құрамындағы судың мөлшерін анықтау. Борпылдақтығы аз топырақта судың көп мөлшері ұсталып қалады.

Белгілі бір аймақтың топырағының құрамында жеке бір химиялық элемент шамадан тыс көп немесе шамадан тыс аз болған жағдайда ол жерді биогеохимиялық провинция деп атайды. Ол туралы су және сумен қамту тарауында толық жазылған.

Тәжірибеде кеңінен қолданылатын топырақтың маңызды қасиетінің бірі ол өзін-өзі тазалау қасиеті. Топыраққа түскен қатты және сұйық қалдықтар органикалық заттарға бай болады, сонымен қатар олардың құрамында жұқпалы ауру қоздырғыштары мен гельминт жұмыртқалары да көп болады. Егер елдімекенді тазарту дұрыс ұйымдастырылмаған болса, ол жердің топырағы ластанады. Топырақтың құрамына органикалық заттардың көп мөлшерде түсуі оларда шіру процесінің белсенді жүруіне, соның салдарынан ауаны ластайтын жағымсыз иістің шығуына әкеліп соғады. Топырақтың құрамына түскен патогенді микроорганизмдер жер бетіне жақын жатқан жер асты суларын, өсімдіктерді ластайды және шыбындар, кеміргіштер және топырақ шаңы арқылы жан жаққа таралады. Қазіргі ғылыми – техниканың, химия мен атомдық энергетиканың дамуына байланысты топырақтың зиянды химиялық заттармен және радиоактивті заттармен ластану қаупі артып отыр. Топырақты атмосфералық ауадан тұнатын зиянды заттар, қатты қалдықтар, суландыру алаңдарына және сүзу алаңдарына зиянсыздандыру үшін жіберілген өндірістен шығарылған қалдық сулар ластайды. Топырақты ластайтындардың ішінде қауіптісі болып, ауылшаруашылығында кеңінен қолданылатын, қоршаған орта факторларының әсеріне төзімді – пестицидтер саналады. Олар ыдырамайды және ұзақ уақыт топырақта жиналып, жер асты суларын ластайды және өсімдіктерге өтеді, одан ары қарай тағамдық тізбек арқылы: ет, сүт, көкөністермен, сумен адамның ағзасына түседі. Жоғарыда айтылғандардан басқа химиялық ластану топырақта жүретін биологиялық процестерге де теріс әсерін тигізеді, көкөністердің органолептикалық қасиеттеріне және оның құрамына да теріс әсерін тигізуі мүмкін.

Топырақ арқылы жұқпалы аурулар мен инвазиялы аурулардың таралуының алдын алу елдімекенді тазалауды дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Ол қатты және сұйық қалдықтарды жинау және әкету, канализация орнату, көгалдандыру, көшелерді үнемі жуу, тазалау.

Елді мекендердің санитарлық маңызы үш негізгі тұрғыдан анықталады: эпидемиологиялық, гигиеналық және биогеохимиялық. Топырақтың эпидемиологиялық маңызы: вегетативті және спора түріндегі патогенді бактериялар мен вирустардың өмір сүру қабілетттілігімен, топырақтың гельминттер дамуының аралық тізбегі ретіндегі рөлімен және топырақтың шыбындардың таралуындағы рөлімен анықталады.

Топырақтың гигиеналық маңызы: топырақтың адам ағзасында жұқпалы емес патологияның дамуына әсерімен, топырақтың өзін-өзі тазарту мүмкіндігімен, ағынды суларды тазарту әдістері мен тұрмыстық қалдықтарды жоюмен, ластанған топырақтың өсімдік өнімдерінің сапасына әсерімен, топырақтың атмосфералық ауаның құрамындағы химиялық заттармен екіншілік ластануына әсерімен анықталады. Топырақтың биогеохимиялық рөлі мемлекеттің, облыстың, ауданның аймақтарында биогеохимиялық провинциялардың (табиғи және техногенді) болуымен анықталады.

Жоғарыда аталған үш позицияның ішінде топырақтың эпидемиологиялық маңызының тәжірибелік рөлі бірінші орында тұрады.

Топырақтың химиялық ластануы. Адам ағзасында Д.И.Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтері кездеседі деп есептелінеді, бірақ қазіргі күні биологиялық рөлі көп жағдайда жұмбақ болып отыр. Адам үшін аса қажетті элементтер биологиялық белсенді заттар немесе биотиктер деп аталады. Оларға темір, мыс, мырыш, кобальт, йод және басқа да элементтер жатады. Химиялық элементтер адам ағзасында шекті деңгейге дейін болуы қажет, өйткені олардың артық немесе кем мөлшері патологиялық өзгерістер тудырады.
Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері



Баға

Санитарлық

сан

Коли -титр

Анаэроб

титры

1кг топырақтағы гельминт жұмыртқаларының саны

1

Таза

0,98 көп

1,0 және одан жоғары

0,1 одан да жоғары

0

2

Әлсіз ластанған

0,85-0,98

1,0-0,01

0,1-0,001

10 дейін

3

Ластанған

0,7-0,8

0,01-0,001

0,001-0,0001

11-100

4

Қатты ластанған

0,7 төмен

0,001 төмен

0,001 төмен

100 және одан да төмен


11. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)

Топыақ түзуші факторлар жайында айтып беріңіз?

Топырақтың түрлерін айтып беріңіз?

Биогеохимиялық провинция дегеніміз не?

Топырақтың химиялық ластануы және адам денсаулығына әсері?

Топырақтың биоилогиялық ластануы дегеніміз не?

Топырақтың биологиялық ластануы және оның эпидемиологиялық маңызы?

12. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
7- тақырып

1. Сабақтың тақырыбы: Топырақтың токсикологиялық маңызы. Топырақтың өзін-өзі тазартуы. Топырақты санитарлық қорғау бойынша шаралар.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға топырық гигиенасын, топырақтың адам ағзасына тигізетін әсерін. Топырақ арқылы таралатын аурулардың, таралуын алдын алу шараларымен таныстыру.

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: оқытудың жаңа дағдыларын және тәсілдерін дамыту.

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. 5 мин (6%)

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 мин (16%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Жақсы топырақ – деп су мен ауаны жақсы өткізетін, сондай-ақ органикалық және минералдық заттармен ластанбаған жер қыртысын айтамыз. Сондықтан да гигиеналық тұрғыдан топырақтың ылғал және ауа өткізгіштігінің маңызы зор.



Ылғал өткізгіштігі топырақтың кеуектілігіне (кеуектердің жалпы көлемі) байланысты және оның сүзу қабілетін анықтайды. Егер топырақтың ылғалдылығы 70 пайыздан көп болса, ол ылғалмен шамадан тыс қанығады да, нашар топырақ болып есептеледі, себебі мұндай топырақта судың сүзілуі топырақтың кеуектері сумен толық қаныққаннан кейін ғана жүреді. Топырақтың қалыпты кеуектілігі шамамен 60 пайыздай болуы қажет.

Ауа өткізгіштігі кеуектердің жалпы көлеміне емес, олардың мөлшеріне байланысты. Кеуектердің көлемі үлкен болған сайын топыраққа көп мөлшерде ауа енеді де, органикалық ластаушы заттардың тез ыдырауына ықпал етеді. Бірақ мұндай топырақ атмосфералық жауын - шашынның нашар сүзіліп, жерге жақын орналасқан жер асты суларының ластануына алып келеді.

Қазақстанда жер қыртысын санитарлық сипаттау мақсатында ҚР

«Елдімекеннің топырағының санитарлық жағдайын бағалайтын көрсеткіштер» әдістемелік нұсқауы енгізіліп, қазіргі кезде бірнеше бағалау көрсеткіштері ұсынылды.



Санитарлық - химиялық көрсеткіштер:

а) Н.И.Хлебниковтың санитарлық саны, топырақтағы гумус азотының органикалық ыдырамаған азотқа қатынасы. Санитарлық санның мөлшеріне байланысты топыраққа санитарлық сипаттама беріледі: іс жүзінде таза топырақта 0,98 және одан жоғары, әлсіз ластанған – 0,85 - тен 0,98 -ге дейін, ластанған – 0,70 -тен 0,85 -ке дейін, қатты ластанған – 0,70 - тен төмен.

б) санитарлық-химиялық көрсеткіштерге топырақтағы аммиактың, нитриттердің және нитраттардың болуы жатады. Азот қосылыстарының болуына қарап топырақтың ластану ұзақтығын анықтауға болады. Егер топырақ құрамында аммиак пен нитриттер көп болса, ластану салыстырмалы түрде жақында болған, ал тек нитраттар ғана болса, онда ластану бұрын болған және нитрификация реакциясы аяқталғанын көрсетеді.

Санитарлық микробиологиялық көрсеткіштер:

а) жалпы микроб саны – 1 г топырақтағы сапрофиттік бактериялардың жалпы саны. Анықтау үшін топырақ суспензиясын қоректік орталарға себу қолданылады, бірақ микроскопиялық анықтау әдісі нақты болып табылады.

б) ішек таяқшалары тобы бактерияларының жалпы санын анықтау, топырақтың нәжісті ластануын коли-индекс (1г топырақтағы ішек таяқшалары тобы бактерияларының саны) және коли – титр (қоректік орта ішек таяқшалары тобы бактерияларының дамуына алып келетін, 1г топырақтағы өсірілетін материалдың ең аз мөлшері) бойынша бағалайды. Коли-титр таза топырақта 1,0 – ден жоғары; әлсіз ластанған топырақта 1,0-0,001; орташа ластанған топырақта 0,01-0,001; өте әлсіз топырақта – 0,001 және одан төмен.

в) арнайы эпидемиологиялық зерттеулерде топырақтағы патогенді микроорганизмдерді анықтау үшін талдауға алады. Қолайсыз факторларға аса төзімді спора түзуші бактериялар ерекше қауіпті топты құрайды. Оларға Cl.tetani, Cl.botulinum, Cl.antrax (сіреспе, ботулизм, сібір жарасы) және Cl.perfringens (газды гангрена) жатады.



Санитарлық гельминтологиялық көрсеткіштер. Нәжістермен ластанбаған топырақта гельминт жұмыртқалары болмау керек, аз ластанған топырақта 100-ден жоғары. Топырақтың гельминт жұмыртқаларымен ластануын бағалағанда міндетті түрде олардың өмір сүру қабілетін және инвазиялығын (дернәсілдердің жұмыртқадан еркін шығуын) ескеру қажет.

Санитарлық энтомологиялық көрсеткіштер. Топырақтың санитарлық жағдайы ондағы шыбындардың дернәсілдер мен қуыршақтарының саны бойынша бағаланады. Таза топырақтың 0,25 м2 беткі қабатында болмайды, әлсіз ластанған топырақта – 1-ден 10-ға дейін, өте ластанған топырақта – 100-ден көп болады.

Жоғарыда берілген мәліметтерді белгілі бір жер телімін санитарлық бағалауда қолданады. Балалар немесе мектеп мекемелері құрылысына жерді таңдаңағанда гельминт жұмыртқаларына, соның ішінде ең алдымен ішексорғылар мен власоглавтарға зерттеу жүргізіледі. Топырақ шамадан тыс ластанған болса, оны дегельминтизациялау жүргізеді.



Топырақтың құрамындағы химиялық заттарды нормалау. Топыраққа қоршаған ортаның басқа нысандары, яғни ауа мен суға қарағанда тікелей емес, жанама әсер (су, тағамдық өнімдер, ауа арқылы) береді. Сондықтан болар отандық гигиенада ауа мен суға қарағанда топырақтың құрамындағы химиялық заттарды нормалау кеш басталған және нормативтердің өзі де аталған орталармен салыстырғанда едәуір аз.

Ауа мен суда химиялық заттардың 4 қауіптілік класы болса, ҚР «Елді мекеннің топырағының санитарлық жағдайын бағалайтын көрсеткіштер» әдістемелік нұсқауына сай жер қыртысының антропогенді ластануы бойынша химиялық заттарды 3 класқа бөледі: 1 класс – аса қауіпті заттар; 2 класс – орташа қауіпті заттар, 3 класс – қауіптілігі аз заттар.

Әрбір қауіптілік класы заттың улылығына, топырақта сақталу уақытына, миграциялану деңгейіне, өсімдіктерде сақталу уақытына, өсімдікті өнімдердің тағамдық құндылығына әсер етуі бойынша бөлінеді.

1 - қауіптілік класына мышьяк, кадмий, сынап, селен, қорғасын, цинк, фтор, бенз(а)пирен;

2 - класқа кобальт, никель, бор, молибден, мыс, сурьма, хром;

3 - класқа барий, ванадий, вольфрам, марганец, стронций жатады. Сондай - ақ әрбір класқа бірқатар пестицидтер жатады.



Жер қыртысының химиялық ластану деңгейін бағалау көрсеткіштеріне ШРЕК – шекті рұқсат етілген концентрация және БРЕК – болжамды рұқсат етілген концентрация жатады. Құрамында бекітілген нормативтерден мөлшері жоғары ластаушы заттар кездесетін топырақ ластанған болып есептелінеді.

Топырақтың санитарлық жағдайына баға берген кезде физикалық, химиялық, гельминтологиялық, бактериологиялық, энтомологиялық, радиометриялық зерттеулер жүргізіледі. Зерттеулер алдына қойған мақсатына байланысты болады. Топырақ жаңа елдімекен орналастыратын жер таңдағанда тексерілсе, онда ол топыраққа толық санитарлық анализ жасау керек. Толық санитарлық анализге: механикалық құрамы, жаңа алынған сынаманың ылғалдылығы, гигроскопиялық ылғалдылық, аммоний тұздарын анықтау, нитриттер, нитраттар, хлоридтерді, жалпы, органикалық және топырақтық азотты, табиғи микро- және макроэлементтік құрамын, зиянды химиялық заттар, микроорганизмдердің жалпы саны, коли-титр, анаэробтар титры, гельминт жұмыртқалары, шыбынның дернәсілдерін анықтау жатады.

Жасанды топыраққа, егер эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз болса, қысқаша санитарлық анализ жасайды. Ол анализге мыналар кіреді: хлоридтерді, қышқылдануын, ылғалдылығын, санитарлық санды, гельминттер, коли-титр, анаэробтар титры, гельминт жұмыртқасын, шыбын қуыршағы мен дернәсілдерін анықтау жатады.

Егер эпидемиологиялық жағдайы жақсы болмаса, онда ол анализдерге патогенді бактериялар мен вирустарға тексеру қосылады.



11. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)

1. Топырақтың химиялық құрамы және адам ағзасына әсері?

2. Топырақтың химиялық ластануы?

3. Топырақтың биологиялық ластануы және эпидемиологиялық маңызы?



12. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
8- тақырып

1. Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар гигиенасы.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың жарықталуына, желдетілуіне, микроклиматына қойылатын талаптарымен таныстыру

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау.

- дамыту: оқытудың жаңа дағдыларын және тәсілдерін дамыту.

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі
7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. 5 мин (6%)

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 мин (16%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Тұрғын үй маңызды әлеуметтік – гигиеналық мәселе болып саналады. Тұрғын үйде адам өзінің өмірінің көп уақытын өткізеді, сондықтан тұрғын үй адамның денсаулығына, көңіл - күйіне, жұмыс қабілеттілігіне әсер етеді. Үй адамды қоршаған орта факторларының теріс әсерінен: ыстық, суық, қар, жаңбырдан қорғану үшін, жұмыс істеуге және дем алуға оңтайлы жағдай жасау үшін қажет.

Әлеуметтік және ғылыми – техникалық дамудың өркендеуін байланысты адамдардың тұрғын үйге деген талаптары өсті.

Микроклимат

Үйде даладағы микроклиматтық жағдайға қарамастан тұрақты климат болу керек, оны микроклимат деп атайды, ол адамға жақсы жағдай тудырады.

Тұрғын бөлме микроклиматы дегеніміз, ол сол бөлменің:


  1. температурасы;

  2. ылғалдылығы;

  3. ауа жылдамдығы;

  4. бөлменің ішкі қабырғасының температурасы.

Микроклимат адам ағзасына үлкен әсер етеді. Ол сол жердегі өмір сүретін адамдардың дұрыс өсіп жетілуіне, физикалық көрсеткіштерінің дұрыс жетілуіне, денсаулығын сақтауға және күшейтуге, өмірде болып жатқан барлық процестердің қалыпты жағдайда өтуіне әсерін тигізеді.

Егер тұрғын үйдің микроклиматы нашар болса, адамға қолайсыз жағдай (дискомфорт) туындатады. Ол адамның өзін нашар сезінуіне, жұмыс қабілетінің төмендеуіне, ағзада әр түрлі патологиялық аурулардың туындауына әкеліп соқтырады. Мысалы, тұрғын үй салқын болса, адам суықтап ауырып қалуы мүмкін.

Адам тұрғын үйде өзін жақсы сезіну үшін ең алдымен жылулық қолайлы жағдай (комфорт) болуы керек, бұл кезде жылу субъективті түрде жақсы сезіледі. Адамның денесінің температурасы бір қалыпты болуы үшін, сыртқы температура өзгерсе де, адамды қоршаған бөлме температурасы бір қалыпты болуы керек. Қоршаған ортада температураның төмендеуі немесе жоғарылауы адам ағзасында жылу алмасудың бұзылуын туындатады. Ағзада жылу алмасуды реттеген кезде негізгі рөлді жылу беру анықтайды, ол үш жолмен жүргізіледі:


    1. адам денесіне жақын ауаның жылуы (конвекция);

    2. температураның арасында айырмашылық болғандықтан (радиация) адам денесі жылуының оны қоршаған заттарға өтуі;

    3. адамның терісінен ылғалдың шығуымен (тер бөлініп шығу) жылу бөлінумен байланысты.

Конвекция арқылы жылу беру тек қоршаған орта температурасы адам денесінің температурасынан төмен жағдайда ғана жүреді.

Жылу берудің негізгі жолы – радиациялы түрде жылу беру, яғни жылуды қоршаған заттарға беру, ол бөлмеде жылу режимі жақсы сақталғанына ғана байланысты емес, оның ішкі қабырғаларының, еденнің, терезенің де температурасына байланысты.

Егер бөлме температурасы, қоршаған заттар температурасынан жоғары болса, ол кезде жылу конвекция және радиация түрінде берілмейді, бұл кезде жылу тек жылу бөлу (терлеу) арқылы шығарылады. Егер адам көп терлесе, бұл кезде жылу бөлу көбірек болады, терді бөліп шығару деңгейі қоршаған орта ауасының ылғалмен қаныққанына және ауа жылдамдығына байланысты болады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы аз болса, онда жылу бөлу жоғары болады. Ыстық климаттық жағдайда тер шығару арқылы жылу беру негізгі болып саналады, кейде жылуды реттеу механизмінің жалғыз жолы болып табылады.

Жылулық қолайлы жағдай жылу алмасуды реттеген кезде қиындықтардан сақтайды.

Бөлме температурасы әр түрлі жолмен жылу бөлуді және адам ағзасында жылу өндіруді қажет етпейтін болуы керек. Біздің климаттық жағдайда тұрғын бөлменің температурасы нормада 18 - 20˚С болу керек.

Радиация жолымен жылу бөлуді азайту үшін бөлмелердің ішкі қабырғаларының температурасы жеткілікті болу керек. Қабырғалардың температурасы төмендеген сайын радиация жолымен жылу беру артады. Бөлменің ауасының температурасымен ішкі қабырғаларының температурасының арасындағы айырмашылық 6˚С -ден көп болмауы керек.

Микроклиматқа температурадан басқа ауа ылғалдылығы да әсер етеді.

Бөлмеде ауа ылғалдылығы нормада 40- 60 % болуы керек.

Қоршаған ауаға жылу беру мөлшері ауа жылдамдығына байланысты.

Ауа жылдамдығы өскен сайын конвекция жолымен жылу бөлу өседі. Тұрғын бөлмеде жайлы жағдай жасалу үшін көптеген шаралар қолданылады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет