АІИ алдын алу шараларының кешені
Алдын-алу жөніндегі шаралар
|
І.Өзіне тән емес (спецификалык емес) алдын алу
|
Сәулеттік-жоспарлау
|
• Секцияларды, палаталарды, операция блоктарын, бөлімдерді оқшаулау
• Жүретін жолдарды таза және лас жолдарға бөлу
• Аурухана аумағын зоналарға бөлу
• Қабылдау бөлімін ұтымды орналастыру
• Бөлімдерді ұтымды орналастыру
|
Санитарлық эпидемияға қарсы.
|
• Инфекцня көздерін, оның шінде бактерия тасмалдаушыларды да, анықтау
• Бактерия тасмалдаушыларды жұмысқа жібермеу және оларды санациялау (тазалау)
• Ауруларды оқшаулау
• Ауаны, заттың беттерін, саймандарды және басқаларды дезинфекциялау және стерильдеу
• Қызметкер мен аурулар гигиеналык тәртіпті сақтауы.
• Стационардың санитарлык жағдайы мен режимін, аурухана- ішілік ортаның бактериялармен ластануын бақылау.
• Қызметкер мен аурулар арасында санитарлық-ағарту жұмысын жургізу.
|
Санитарлық- техникалык
|
• Желдету
|
Медицина қызметкері мен ауру нау қас адамдардың инфекцияға спецификалык емес резистенттілігін арттыру
|
• Шыныктыру, тъшыс алу гимнастикасын жасау, қосымша дәрумендер беру, УК-сәулеге түсіру және т.б.
|
2. Өзіне тән (спецификалык) алдын алу
|
Иммундау
|
• Пассивті (антибиотиктер колдану, гамма-глобулин, анатоксин және басқалар енгізу)
• Активті (вакцина егу)
|
Егер жұқпалы аурулар бөлімі, жалпы соматикалық аурухананың құрамында болса, онда оны учаскенің түкпір жағында, бөлек ғимаратта, басқа корпустардан 30 м кем емес қашықтықта орналастырады және дуалмен қоршайды. Жұқпалы аурулар бөлімінің зонасына өз алдына бөлек, көлік кіріп-шығатын жол қарастырылады. Жұқпалы аурулар ауруханасының немесе бљлімінің аумағында, бір-бірінен егілген бұталармен және ағаштармен оқшауланған таза және лас зоналарға бөледі.
12. Жаңа тақырыпты бекіту 20 мин (22%)
1. Аурухана ішілік инфекциялар дегеніміз не?
2. Аурухана ішілік инфекцияларды алдын-алу жөніндегі шаралар?
- санитарлық
- сәлеттік жоспарлау
- иммундау
11. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
- оқушылардың білім деңгейін бағалау
- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
12. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
15- тақырып
1. Сабақтың тақырыбы: Жеке бас гигиенасы.
2. Сағат саны:2 сағат
3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ
4. Сабақтың мақсаты:
- оқыту: оқыушыларға жеке бас гигиенасын сақтауды, үйрету және оқыту.
- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау
- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту
5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы
- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары
- оқыту орыны: оқу бөлмесі
7. Әдебиеттер:
негізгі
1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009
3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.
3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер
гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.
4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы
государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-
Вашингтон, 2000 ж.
5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.
қосымша
1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»
2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.
3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық
негіздері», Алматы, 2002 ж.
4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.
5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,
Алматы, 1999 ж.
6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам
санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990
8. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.
Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 мин (16%)
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)
Жеке адам гигиенасы қоғам гигиенасының бір бөлігі. Гигиенаның, медицинаның кез келген жетістігі егер адам жеке бас гигиенасын сақтамай, өзінің денсаулығына немқұрайды қараса, адам денсаулығын сақтай алмайды.
Физиолог Павлов И.П айтқан: қазіргі кездегі адамдардың өмір сүру ұзақтығы 100 жылдан кем болмау керек, егер ондай болмаса, яғни адамдар өздерінің денсаулығына дұрыс көңіл бөлмегені.
Салауатты өмір сүруге қазіргі кездегі ғылыми- техникалық жетістіктердің адам ағзасына теріс әсерін (гиподинамия, жүйке- психикасына күш түсіретін жұмыстар) жою және ағзаның жаңа факторлары мен қоршаған ортаның жаңа жағдайларына адамның бейімделуін жоғарылату жатады.
Жеке бас гигиенасы түсінігіне мыналар кіреді: күн тәртібі, тамақтану, терінің күтімі, ауыз қуысының күтімі, дұрыс киіну, дене тәрбиесі, үйдің санитарлық жағдайы, тұрмыстық аспаптарды қолдану (теледидар, шаңсорғыш, газ плитасы) және тұрмыстық химия тауараларын қолдану, тұрмыста, еңбек кезіндегі, дем алу және ұйқы кезіндегі жеке бас гигиенасы мәселелері және т.б. Бұл тақырыптардың көбісі оқулықтың алдыңғы тарауларында айтылып өткен, айтылмаған мәселелер туралы осы тарауда айтылады.
Адамның терісі ағзада газ және жылу алмасу қызметін атқарады. Зат алмасудың соңғы қалдықтарын, су буларын, тер, май және бактерицидті заттарды ағзадан шығарады. Терінің беткі қабатында ультракүлгін сәулелердің әсерінен «Д» витаминінің синтезі жүреді. Адамның терісі ағзаны метеорологиялық, механикалық, химиялық факторлардың әсерінен және микроорганизмдерден қорғайды. Терінің тазалығы мен шынығу деңгейі
жоғарыда айтылған қызметтің бәрін жақсы атқаруда маңызды орын алады.
Егер адамның терісі нашар бапталса, ол жерде микроорганизмдердің әсерінен органикалық заттар ыдырап, иісі жаман, ұшқыш қосылыстар пайда болады. Ыдырағаннан пайда болған заттар теріні тітіркендіреді, шаңдар май және тер шығатын жолдарды бітеп қалады да микроорганизмдер мен саңырауқұлақтардың көбеюіне жағдай туындатады. Соның салдарынан дерматиттер, іріңді және басқа да тері аурулары пайда болады. Адамның терісі ластанған жағдайда, оның тыныс алуы 10-15% нашарлайды. Терінің тазалығы сақталмаған жағдайда адамдардың киімдері қатты ластанады да ауа өткізгіштігі нашарлайды.
Терінің тазалығын сақтау үшін үнемі жуынып - шайынып жүру керек. Жуыну үшін сабын және жөке қолданса, адамның терісі жақсы тазаланады. Сабын таңдағанда құрамында бос сілтісі көп сабындар теріні жақсы майсыздандырады және теріні кеуіп кетуден сақтайды. Адамның терісі құрғақ болса немесе беткі қабаты жұқа болса, сабынды соғұрлым аз қолданған дұрыс. Сабындардың ішінде ең нәзік әсер беретіні « Детский» сабын болып саналады. Иіс сабындардың құрамындағы бос сілітілердің мөлшері 0,05% - дан көп болмау керек. Ал кір сабынның құрамында бос сілті 2% мөлшерінде болады. Сабынға бактерицидті заттар қосу арқылы залалсыздандыратын сабын шығарады. Оны емдеу- сауықтыру мекемелерінде қолданады. Сусабындардың құрамына сабыннан басқа эмульгаторлар мен көбіктендіретін қоспалар, ароматизаторлар мен бояғыштар қосылады. Сусабынның қарқынды көбіктенуі, оның жуғыш әсерін күшейтеді. Соңғы кездері синтетикалық жуғыш заттар кеңінен қолданылып жүр: ұнтақ, паста, сұйықтар. Синтетикалық жуғыш заттардың сабынға қарағанда көптеген артықшылықтары бар: олардың әсері судың қаттылығына байланысты емес, жоғары деңгейде белсенді, судың төмен температурасында (20-30 ˚С) адамның қолын аз тітіркендіреді және майсыздандырады, киімдердің ұзақ киілуіне әсер етеді. Жуғыш және тазалағыш заттар адамның ағзасына әр түрлі әсер ететіндігіне байланысты, оларды тек сыртындағы жапсырмадағы жазуға сай қолдану керек. Барлық жуғыш тәне тазалағыш заттар гигиеналық сыннан тексеріліп, қабылданады, ол кезде олардың құрамында тітіркендіргіш заттар, уытты заттар және аллергенді заттардың бар - жоқтығы анықталады.
Теріні, шашты таза ұстау үшін адам сабын және сусабын қолданып үнемі жуынып, іш киімдерін ауыстырып тұру керек. Дененің ашық жерлері тез ластанады, сондықтан бетті, мойынды күніне екі рет жуып тұру керек. Адамның қолы микроорганизмдер, гельминт жұмыртқалары және кір көп жиналатын жер болып саналады. Қол арқылы олар адамның денесінің басқа жерлеріне тасымалданады. Сондықтан жұмыс соңында, дәретханадан кейін және тамақ ішер алдын қолды екі рет сабындап жуу керек. Адамның терісі таза болса, теріден бактерицидті зат бөлініп шығып, теріде өзін - өзі стерильдеу процесі жүреді. Адамның қолындағы микроорганизмдердің 95% - ы тырнақтың астында болады. Оны толық тазалау үшін қолды щеткамен сабындап жуу керек. Аяқтың терісі тері бездеріне бай болады. Аяқ киім ауа жібермейтін матриалдан дайындалған болса немесе аяқты қысатын болса, аяқтағы шұлық кір болса, аяқ терлей береді. Аяқ терісі дұрыс бапталмаған жағдайда бармақтардың арасында жиналған кір микроорганизмдердің көмегімен ыдырап, май қышқылдары, ұшқыш зат, жаман иіс бөліп шығарады және аяқтың терісінде іріңді жаралар және эпидермофития туындатады. Аяқтың қатты терлеуінің алдын алу үшін кешке аяқты салқын сумен жуып, содан кейін аяқты 5 % - ды формалин ертіндісімен сүрту керек. Ол процедураны аптасына 1-2 рет қайталап тұру керек. Шұлықты жиі ауыстырып тұру керек және синтетика материалдан тоқылған шұлықтарды қолданбау керек.
Киім гигиенасы. Адамдар киімді қоғамның дамуының ерте кезеңдерінде қолдана бастады. Киім адамның денесін ауа райының әр түрлі қолайсыз жағдайларынан және әр түрлі факторлардың әсерінен қорғайды.
Киімнің гигиеналық қасиеті материалға, пішілгеніне және матаны дайындауға байланысты болады. Ең алдымен киімде жылу сақтау қасиеті болу керек. Сол жердің климатына, жыл мезгіліне және ауа райына сай болу керек.
Физиологиялық зерттеулер көрсеткендей, адам өзін 28-32 ˚С температурада жақсы сезінеді. Киімнің көмегімен адам өзінің денесінің айналасында жасанды жолмен реттелетін микроклимат жасайды, ол кезде адам қоршаған ортаның метеорологиялық өзгерістерін аз сезінеді. Егер киім дұрыс киілген болса, киім астындағы микроклимат мынадай болады: ауа температурасы
29-32 ˚С, ал салыстырмалы ылғалдылық 30- 40%.
Киімнің жылулық қорғау қасиеті матаның жылу өткізгіштігіне және қалыңдығына байланысты болады. Қалың және үлпілдек маталар (жүннен дайындалған маталар, сукна ) жылу ұстағыштығы жоғары маталар, ал тығыз, жұқа маталардың жылу ұстағыштық қасиеті нашар болып саналады.
Киімнің пішілуі де маңызды орын алады. Қыстық киімдер адамның денесінің барлық бөліктерін жауып, адамның денесінде жылудың ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді.
Киімге қойылатын маңызды гигиеналық талаптарға оның ауа өткізгіштігі жатады. Ол киімнің астында ауаның жылжуын және ауа алмасуды қамтамасыз етеді. Киімнің астындағы ауа алмасу теріден бөлініп шыққан су буларының және газ тәрізді заттардың шығарылуына әсер етеді. Киімнің ауа өткізгіштігі әсіресе күннің ыстық кездерінде, жылудың көп мөлшері тері арқылы шығарылатын кезде маңызды орын алады. Ауа өткізгіштігі жақсы маталарға мыналар жатады: кеуекті, тоқыма және жібек.
Ауа температурасы төмен, қатты жел соғатын жақтарда киімнің астындағы ауа температурасы сыртқы температурамен алмасып тұрады, сондықтан адамның денесі салқындайды. Теңізшілер, ұшқыштар, мотоциклистер, солтүстік жақта тұратын адамдар тек жылу ұстатын ғана емес, сонымен қатар желді ұстайтын киімдер ( жүннен, терідер және т.б.) кию керек.
Киімнің гигиеналық қасиеті суланған кезде төмендейді. Сулы киім, әсіресе аяқ киім жылу жоғалтуды тездетеді, ол көбіне адамдарда салқындап ауруды, үсіп қалуды туындатады.
Киім адамның денесін қыспауы, жылжуды шектемеуі, тыныс алуды және қан айналымын бұзбауы керек. Сонымен қатар теріні тітіркендіріп, қажамау керек.
Іш киімдерді және төсек жаймаларды 7-10 күнде бір рет жуып тұру керек.
Қазіргі кезде маталардың көбісі синтетикалық жолмен алынады. Біздің елімізде әр синтетикалық жолмен алынатын мата тексеріліп, оны киім тігуге, қолдануға болатындығы анықталады. Синтетикалық материалдан дайындалған киім және аяқ киімдер ауаға ұшыш зиянды заттар және жаман иіс бөлмеу керек. Синтетикалық материалдан тігілген киімдер адамның терісімен жанасқан кезде аллергия, тітіркендіру туындатпау керек және құрамында тері арқылы адамның ағзасына енетін уытты заттардың қалдық мөлшері болмау керек.
Синтетикалық материалдардың жетіспеушілігіне су өткізбейтіндігі және бойына сіңіріп алу (сорбциялық) қасиетінің аздығы жатады.
Қазіргі кезде табиғи және жасанды талшықтарды қолданып аралас маталар кеңінен шығарылып жатыр, мысалы, жүн- лавсан, жүн- нейлон, зығыр - лавсан. Балалар киімдерін тігуге қолданылатын маталардан құрамында синтетикалық талшықтар араласқан маталар қолдануға тыйым салынады.
11. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 минут (22%)
1. Жеке бас гигиенасының негізгі мақсаты?
2. Киім гигиенасы?
3. Шаш күтімі?
4. Тері күтімі?
12. Сабақты қорытындылау: 5 минут (6%)
- оқушылардың білім деңгейін бағалау
- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
13. Үйге тапсырма беру: 5 минут (6%)
Достарыңызбен бөлісу: |