Құрастырған: Қозыбағаров А. И. қоғамдық пәндер оқытушысы


Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құру (ТМД)



бет12/13
Дата26.08.2017
өлшемі2,07 Mb.
#27842
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құру (ТМД). 1990 және 1991 жылдары еліміздегі басты мәселелердің бірі жаңа Одақтық келісімге қол қою болды. Жаңа келісім шартқа 1991 жылы 20 тамызда қол қою көзделген еді. 1991 жылы тамыздың 19-ы мен 21-і арасында Кеңестер Одағында әскери төңкеріс әрекеті жасалды. Төңкерісті ұйымдастырушылар Г. Янаев, О. Бакланов, В. Павлов елде төтенше комитет құрды. Олар ел Президенті М. С. Горбачевті үш тәулік бойы Форостағы демалыс үйінде қамауда ұстап, өз еркімен Президенттік өкілдігінен бас тартуды талап еткен. Сонымен бір мезгілде, 19-20 күндері әскери бөлімдер күшімен Россия жоғарғы Кеңесінің үйін басып алуға бірнеше рет әрекет жасады. Ельцин бастаған Россия басшыларын халық қолдады. Соның нәтижесінде төңкерісшілер Ақ үйді басып ала алмады.Бұл күндері Қазақстанда жағдай бір қалыпты болды. 20 тамызда Н.Назарбаев арнайы мәлімдеме жасап, төтенше комитетінің іс-әрекеттерінің ешқандай заңға, Конституцияға сәйкес келмейтінін ашық айтты. Осы оқиғадан кейін Одақтық шартқа басқаша көзқарас туды. Бұл оқиға Одақтың ыдырауын шапшаңдатты. 1991 жылы 8 желтоқсанда Белоруссияда Россия, Белоруссия, Украина басшылары тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы келісімге қол қойды. Сонымен бірге 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда тоғыз мемлекеттен тұратын тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылды. Алматы кездесуінде КСРО-ның ыдырап, ТМД-ның құрылғаны туралы Декларация қабылданды.Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін «Тәуелсіздік туралы заңын» жариялады. Оның негізгі тұжырымдарын қысқартып айтатын болсақ, 1 бабында былай дейді: Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқтық мемлекет. Ол өз территориясында үкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді. 2-ші бап: Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттерімен өзара қатынас халықаралық құқ принциптері бойынша құрады. 3-ші бап: Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. 4-ші бап: Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында бітұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылды. 5-ші бап: Жер және оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, экономикалық және ғылыми техникалық потенциал Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің негізін құрай отырып, тек қана соның меншігінде болады.
Қазақстанның саяси-құқықтық құрылымының қалыптасуы.
Тәуелсіз Қазақстандағы саяси реформалар. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін саяси саладғы мақсаттар мынадай басты міндеттерге жұмылдырылды. Күшті Президенттік басқару бағытындағы мемлекеттің дамуы, көппартиялық жүйені құру; тұрақты экономикалық реформаны қамтамсыз ету; көп бағытты әскери-саяси және экономикалық одақтармен келісімдерге келу, демократиялық құқықтар мен адам бостандығын сақтай отырып, Қазақстанның әлемдігі саяси салмағын көтеру, әлемдік қатынаста Қазақстанның геосаяси жағдайын пайдалану болды.Мемлекеттік елтаңбалардың заңды түрде қалыптастыру жұмыстары басталды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде Жоғарғы Кеңес суретші Шәкен Ниязбеков жасаған мемлекеттік елтаңбаны, архитекторлар Жандарбек Малибеков пен Шота Уалиханов жасаған мемлекеттік елтаңбаларға жоғарғы баға берді. Ән ұранның авторлары Мұзафар Әлімбаев, Қадір Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева болды. 1992 жылы 4 маусымда жоғарғы Кеңес жаңа мемлекеттік рәміздерді бекітті. Осы жылдардағы саяси өмірдегі басты міндеттердің бірі еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау болды. Конституция халықтың талқылауына ұсынылды. Жоғарғы Кеңесте және халық арасында: экономикалық мәселелер, жерге жеке меншік. Қазақстанның әкімшілік-территориялық құрылымы, мемлекеттік тіл төңірегіндегі пікірлер қызу талқыланды. 1993 жылы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Бұл бірінші Конституциямыз, елімізде демократияны дамытуда, құқықтық мемлекеттің заңдық базарларын қалыптастыруда, Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен байланысын дамытуда үлкен роль атқарды.Сонымен бірге бұл Конституциядағы көптеген әлеуметтік жеңілдіктер, экономикадағы нарықтың заңдарымен сәйкес келмеді. Сондай-ақ еліміздегі Президент билігін күшейту және заң шығару саласын жетілдіру қажеттігі де туындады.Соған орай 1995 жылы шілде айының басында бүкіл халықтық талқылауға жаңа Конституцияның жобасы ұсынылды. Бүкіл халықтық талқылаудан кейін 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституциясының жобасы бойынша Республикалық референдум болды. Бүкіл халықтық референдумда дауыс берген халықтың 89% жаңа Конституцияны қабылдауға дауыс берді. 30 тамыз мемлекеттік мереке, Конституция күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституцияның мынадай негізгі баптары бойынша өзгешеліктер бар. Президенттік басқаруға байланысты, заң шығарушы парламентке байланысты, жерге байланысты, халыққа білім беруге байланысты, денсаулық сақтауға байланысты және тілге байланысты.1995 жылы 29 сәуірде Президенттің өкілеттілігін 2000 жылға дейін ұзарту туралы бүкіл халықтық референдум болды. Референдумға қатысқан халықтың 95% Президенттің өкілеттілігін ұзартуға дауыс берді.

Қазақстандағы көп партиялық жүйенің қалыптасуы. Еліміздегі демократиялық процестердің жандануына байланысты 80-жылдардың аяғы 90-жылдардың бас кезінде Республикамызда түрлі бағыттағы қозғалыстар мен партиялар құрылды. Олар: экологиялық бағыттағы «Невада-Семей» қозғалысы, Балқаш пен Арал проблемалары жөніндегі комитет, Азат қозғалысы, белгілі бір ұлттың немесе ұлттық топтардың мүддесін көздейтін «Единство», «Алаш», «Желтоқсан», Қазақстан социал-демократиялық, Халық конгрессі тәрізді партиялар еді. 90 жылдардағы құрылған саяси қозғалыстардың бірі «Азат» қозғалысы еді. Халқымыздың тәуелсіздік алуы жолындағы қажырлы еңбек еткен саяси қозғалыстардың бірі «Азат» ұйымы болғандықтан оның жарғысына тоқтала кетейік.

  1. Қазақстанның «Азат» республикалық қозғалысы еріктілік негізде Қазақстан азаматтарының басын қосатын саяси ұйымы. «Азат» Қазақстан жерінде гуманистық, әлеуметтік мұраттар мен ұлттық әділеттілікті мақсат ететін иманжүзді қазіргі дәуірге сай ұлттық демократиялық тәуелсіз мемлекет орнату жолында күреседі.

  2. Қазақстанның толық саяси және экономикалық тәуелсіздігіне жету, ел басқаруда «Халық үкіметі» принципін қатаң сақтау, ұлттың өзін-өзі билеу саясатын іс жүзіне асыру, олардың саяси-әлеуметтік қамқоршысы болу «Азат» қозғалысының басты мақсаты.

Осы құрылған партиялармен қозғалыстардың ішінде ұлтаралық тыныштықты бұзып, келеңсіз қылықтарымен көрінгендері де болмай қалған жоқ. Мәселен, «Единство» партиясының қабылданған құжаттарында, партия халықтың барлық топтарын біріктіреді, ұлтына қарап бөлінуге жол бермейді, қозғалыс ұлтшылдықтың, шовинизмнің, ұлтына қарай артықшылық жасаудың кез келген көріністеріне қарсы күреседі делінген. Ал іс жүзінде олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне қарсы күресуде. Тек славян халықтарының мүддесін көтеруде.1994 жылға дейін Қазақстанда арнайы әділет министрлігінің тіркеуінен өткен мынандай партиялар мен қозғалыстар болды. Партиялар: Қазақстан социалистік партиясы, Қазақстан Республикалық партиясы, Қазақстан Халық Конгресі партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы. Қозғалыстар: «Невада-Семей», «Азат»,«Қазақстан жұмысшы қозғалысы», «Лад» республикалық славян қозғалысы. 1995 жылдан бастап елімізде жаңадан құрылған саяси партиялар пайда болды. 1995 жылы қаңтар айында Қазақстанның «Өрлеу» партиясы құрылды. Партия еліміздің әлеуметтік қорғансыз бөлігі: әйелдер, мүгедектер, зиялы еңбек қызметкерлерінің мүддесін қорғайды делінген. 1995 жылдың бас кезінде Қазақстанның аграрлық партиясы құрылды. Оның басты мақсаты ауыл шаруашылығы саласы халқының әлеуметтік-экономикалық және саяси мүддесін қорғау болды. Сонымен бірге 1999 жылы елімізде «Отан», Азаматтық партия сияқты жаңа партиялар да пайда болып, саяси процесстерге белсене араласуда. Бұлардың қатарын 2002 жылы наурыз айында құрылған «Ақ жол», 2003 жылы желтоқсан айында құрылған «Асар» партиялары толықтыра түсті. Сонымен, Тәуелсіздік алғаннан бергі саяси процестерді қортындылайтын болсақ, ол бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезең (1991-1993 жж.) бұрынғы саяси жүйені өзгертіп, жаңа саяси жүйені қалыптастыруға бағыт алынды. Бір партияның билігі жойылып, көппартиялық жүйе енгізілді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кеңейтілді. Елімізді парламенттік-президенттік басқару формасы қалыптасты. Екінші кезең (1994-1995 жж.) саяси жүйедегі еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, психологиялық, геосаяси, ұлттық ерекшеліктерін қарастыру процессі жүргізілді. Алғаш рет еліміздегі Жоғарғы Кеңеске баламалы түрде сайлау өткізіліп, жергілікті жерлердегі өкілетті билік өкілдері қалыптасты. Үшінші кезеңде (1996-1998 жж.) 1995 жылы референдумда қабылданған Конституция, Президенттік басқару формасына өтуде заңдық тұрғыдан бекітіп, алдағы уақыттағы саяси жүйенің даму бағытын айқындап берді. Елімізде екі палаталы кәсіпқой Парламент және басқа да саяси жүйе институттары құрылды.Төртінші жаңа кезең 1998 жылдың қыркүйегіне бастау алады. Бұл кезең Президенттің Қазақстан халқына арналған жолдауын жария етуден және 1998 жылы күзде еліміздің Конституциясына және басқа заңдық актілеріне өзгеріс енгізуден, Парламенттің құқықтарын кеңейтуден басталды. Сайлау жүйесіне реформа да жүргізілді.

Рухани даму. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қоғам өмірінің өзекті салаларының бірі ретінде мәдениет құрылысы саласына айрықша назар аударыла бастады. Өйткені, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бұрын қағажу көрген тілімізді, өнерімізді, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді, жалпы мәдениетіміздің даму деңгейі көтеріп, қолдау аясын кеңейтуге мүмкіндік туды. Мемлекетіміздегі мәдени құрылысының үлкен бір бөлігі – білім саласы. Сондықтан-да, тәуелсіздік жылдары қазақ балабақшалары мен қазақ мектептерін ашу жолында көптеген жұмыстар атқарылды. Мәселен, 1989 жылмен 1993 жыл аралығында 4 жылда қазақ мектептерінің саны 839-ға көбейген. Сонымен қатар, Республикамыздағы білім беру саласында проблемалық мәселелер де болды. Оның себептері мен кемшіліктері әр алуан болатын. Ең бастысы, Қазақстан республикасы «Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы» заңының 7-бабының 3 тармағының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 39-тармағының 2,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік және білім беру жүйесінің ғимараттарын жалға беруге болмайтындығының өрескел бұзылғандығы болды. Нарық заңын сылтауратып, көптеген басшылық орындарында отырған шенеуніктердің балабақшаларды, орта мектептерді жеке меншікке сатуы немесе жалға беруі білім беру саласындағы жағдайды ұшықтыра түсті. Президент Н.Назарбаев 1997 жылы Республика активінің жиналысы алдында сөйлеген сөзінде халыққа білім беру жөніндегі бүгінгі күні жіберіліп отырған кемшіліктерді дереу түзетуді, жалпыға міндетті оқумен қамтамасыз етуді, жағдайы төмен ауыл мектептеріне жәрдем беруді талап етті. Экономикамыз қиын жағдайда тұрғанына қарамастан, мемлекет тарапынан мектептерді компьютерлендіруге 22 миллион АҚШ доллары бөлінетін және 1998 жылдан бастап мектептердің компьютерлермен жабдықталынатыны айтылды. Республикамыз нарық қатынасы өтуіне байланысты, білім беру жүйесі елеулі өзгеріске ұшырады. Нарық заңына сай мемлекеттік оқу орындарымен қатар, жеке меншік оқу орындары пайда болды. Республикамызда оқу жоспары сан-салалы балабақшалар, мектептер, лицейлер, колледждер, жоғары оқу орындары көптеп ашылды. Тәуелсіз Республикамыз білім саласы бойынша шет мемлекеттермен тікелей байланысқа көшті. Соның нәтижесінде жастарымыздың шетелдерде білім алуына мүмкіндік туды. Осыған сай «Шетелде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық степендияларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 5 қарашада №1394 қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес Президенттің «Болашақ» атты 250 халықаралық степендиясы белгіленді. Алайда, шетелдерде озық, жетекші жастарды іріктеп жіберудің алғашқы кезеңінен бастап-ақ, осы іске жауапты білім, мәдениет Министрліктері тарапынан және республикамыздың жоғары оқу орындары басшылары тарапынан елеулі кемшіліктер жіберілді. Мәселен, Білім Министрлігі Президенттің қаулысын орындау мақсатында нақты жоспарланған, айқын шаралар қолданбаған. Әрбір степендиятпен келісім-шарт сауатты жасалмаған. Степендияттарды іріктеуде әдеп нормаларына ауытқып, тамыр-таныстыққа жол берілген. Соның салдарынан үш жыл ішінде шетелге жіберген 30 степендият сабаққа үлгермеуі себебінен оқудан шығарылып, 21-елге қайтып оралмады. Еліміздегі жүргізіліп отырған мәдениет құрылысы саласында ғылымның орны ерекше болып отыр. Дүние жүзіндегі көптеген елдер экономикадағы елеулі жетістікке осы ғылым мен білімнің арқасында жетіп отырғаны белгілі. Қазіргі таңда ел экономикасын көтерудің бірден-бір жолы ғылымды дамыту, оған айрықша көңіл бөлу болып отыр. Осыған сай ең бірінші кезекте республикамыздағы барлық ғылыми-техникалық орталықтар мен мекемелердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, тәуелсіз мемлекетіміздің мүддесіне қызмет ететін келелі ғылыми орталықтарын құру болды. Республика Президентінің жарлығымен: экология және табиғи ұлттық орталығы, радиоэлектроника және байланыстар жөніндегі ұлттық орталық, информатика және есептеу техникасы жөніндегі орталық, биотехнология жөніндегі ұлтық орталық, механика мен машина жасау орталығы, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты және басқа ғылыми мекемелер мен зерттеу орталықтары құрылды. Салалық ғылым академиялары жүйесі кеңейтіліп, 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы инженерлік және ауыл шаруашылық академиялары жұмыс істей бастады. Мәдени құндылықтарымыз ажырамас бөлігінің бір саласы көркем әдебиет пен өнеріміз тәуелсіздік жылдары үлкен өзгерістерге ұшырады. Республикамыздың мәдени өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі 1992 жылы маусым айында бүкіл дүниежүзілік қазақтардың бірінші құрылтайы болды. Осы бастаманың жалғасы бүкіл дүние жүзілік қазақтардың үшінші құрылтайы 2002 жылы қараша айында Түркістан қаласында өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кеңестік дәуірде жазықсыз жазаланып атылып кеткен А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердиевтің, М. Жұмабаевтың, Х. Досмұхамедовтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың әдеби мұралары жарыққа шықты. 1995 жылы ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 150 жылдығы дүние жүзінде аталып өтілді, 1996 жылы ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы республикамызда кеңінен аталып өтілді, ал 1997 жылы қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойының аталып өтілуі және осы салада біршама істердің атқарылуы нәтижесінде, рухани құндылықтарымыз молая түсті.
Қазақстан нарықтық экономика жылдарында.

Экономикалық даму.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты жұмыс істеп отырған кәсіпорындар бірінен соң бірі тоқтап жатты, соған орай, жұмыссыздық көбейіп кетті, тұрмысқа қажетті тауарлардың жаппай тапшылығы үдей түсті. Асқынған инфляция шарықтап кетті. Мәселен 1991-1993 жылдар аралығында еліміздегі инфляция деңгейі 2.200 пайызға дейін өскен. Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты, нарықтық экономика жолына 1992 жылдың қаңтар айынан аяқ басты. Алғашқы кезде елімізде өзара байланысып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:

- экономиканы тұрақтандыру және дағдарыстан шығару;

- нарықтық қатынастарды құру және дамыту.

Еліміздің алғашқы кездегі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 1992 жылы жарияланған «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» және 1993 жылы көрген «Қоғамның идеялық бірігуі - Қазақстанның дамуының кепіл» деген еңбектерінде жарияланды. Олар:



  • реформаларды ойдағыдай жүзеге асырудың сөзсіз саяси шарты ретінде тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты қамтамсыз етуі;

  • меншіктің мемлекеттік және мемлекетті емес нысандарын қамтитын әлеуметтік рыноктың шартты және практикалық базасын жасау;

  • өзінің барлық азаматтарының жеткілікті әл-әуқат дәрежесін қамтамасыз ететін қоғам құру;

  • адамның еркіндігі мен құқтарын сақтау, дүниежүзілік экономикада бекем шептерге ие болу негізінде Қазақстанның дүние жүзілік қауымдастықтағы лайықты беделін қалыптастыру;

  • демократиялық өзгерістерді тереңдету, саясатта алуан пікірлікті қамтамасыз ету;

  • Қазақстанның дамуы үшін шетел инвестициясын тарту және пайдалану;

  • Ұлттық валютаны енгізу және оның ішкі, сыртқы еркін айналымын қамтамасыз ету.

Сонымен елімізде жүргізілген экономикалық реформаның алғашқы кезеңі. 1992-1993 жылдардың аралығы болып табылады. Бұл кезең экономиканы түбегейлі қайта құрудан, яғни жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуден басталып, ұлттық валютамызды енгізгенге дейін аралықты қамтиды. Нарықтық экономиканың заңдық базасы құрылды. Сыртқы экономикалық қатынас, оның ішінде шетел капиталын тарту, банкі саласын қалыптастыру шаралары жүргізілді. Экономикалық реформаның екінші кезеңі 1993 жылы қараша айында ұлттық валютамызды енгізуден және өзіміздің макроэкономикалық саясатымызды қалыптастырудан басталды. Ұлттық теңгеміздің енгізілуі еліміздің экономикалық және саяси өміріндегі үлкен маңызды оқиға болды. Еліміз 1992 жылдан бастап нарықтық қатынасқа көшкеннен кейін мемлекеттік нысандар жаппай жекешелендірілді. Өйткені, жекешеледіру экономикалық реформалар саясатының басты бағыттарының бірі болды. Содан бергі аралықта республика бойынша жеке кәсіпорындардың үлес салмағы 80 пайыз, соның ішінде өнеркәсіпте – 86, ауыл шаруашылығында – 95, құрылыста – 84, көлікте – 96 пайыз. Ұлттық өнім өндірісінің ортақ көлеміндегі жеке сектордың үлесі 50 пайыз, оның ішінде өнеркәсіпте – 40, ауыл шаруашылығында - 90 пайызға жуық, құрылыста – 60, саудада – 85 пайыз болып отыр. Сөйтіп, ел экономикасында жеке сектор басым болып отыр. Сөйтіп, ел экономикасында жеке сектор басым болып отыр. Қазіргі уақытта «Жеке меншік кәсіпорындарда 4,7 млн. адам жұмыс істейді, бұл экономикада жалпы еңбекпен қамтылғандардың 77 пайызын құрайды. Елімізде миллионға жуық азамат еңбек ететін 400 мыңдай шағын және орта бизнес нысандары жұмыс істейді. Республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, негізінен алғанда шикізат кешенінің даму бағытын тікелей байланысты болып отыр. Олай дейтініміз Қазақстан әлеміндегі шикізат қоры бай елдердің қатарына жатады және экономикасы шикізат өндіруге бағытталған. Қазақстан фольфрам, ванадий, уран және барий қоры жөнінде бірінші орын алса, әлемдік мыс қорының 10 пайызын, қорғасынның – 19, мырыштың – 13, темірдің – 10, көмірдің – 9, марганецтің – 25, хромий кендерінің – 30 пайызын иеленіп отыр. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы экономикалық дамуда көптеген қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, ілгері дамып келеді. Жетістіктері баршылық. Мәселен, 2000 жылы ішкі жалпы өкімінің өсімі 9,6% болды. Өндіріс көлемі – 14,6%, жүк тасымалдау – 13,3%, сыртқы тауар айналымы – 56,7% өсті. 2000 жылы елдің экономикалық өсімі 10%-ға жуық көтерілді. 2001 жылы бұл көрсеткіш 12%-ға артты. Соның нәтижесінде әлеуметтік сала бойынша жалақы мен зейнетақы деңгейін көтеріп, ТМД елдері арасында алдыңғы қатарға шығуға мүмкіндік туды. Қазақстанның ішкі экономикасын көтеру арқылы инвестициялық ахуалын жақсартуға негіз қаланды. Он жылдың ішінде еліміздің экономикасына 18,5 млрд. доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылды.
Қазақстанның сыртқы саясаты және шетелдермен қарым-қатынастары.
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін өз шекарасының мызғымастығы және қауіпсіздігін бірінші кезекке қойды. Сыртқы саясат саласында жас тәуелсіз мемлекеттің алдында күрделі міндеттер тұрды. Бұл міндеттер туралы Нұрсұлтан Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде былай деп жазды: «Біріншіден, біздің мемлекетіміздің шын сипатын танытуымыз керек болды. Екіншіден, Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуіміз қажет болды. Үшіншіден, әлемдік шаруашылық жүргізу мен экономикалық байланыстарға белсене араласуымыз қажет болды. Біздің сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңі осындай өрелі міндеттерді жүзеге асырудан басталды».Қазақстан барлық ядролық зымырандарды Ресейге алып кетуге келісім берді. Осындай салиқалы саясаттың нәтижесінде дүние жүзілік қауымдастықтың Қазақстанға деген сенімі артты. Өз кезегінде Қазақстан да ұлы мемлекеттерден өз қауіпсіздігіне кепілдік беруді талап етті. 1994 жылы желтоқсан айында АҚШ, Ұлыбритания және Ресей Қазақстанның шекарасының мызғымастығы және оған қарсы ядролық қаруды қолданбайтындығы туралы келісімге қол қойды.Қазақстанды сыртқы саясат саласында қуаттап дем берген ең алғашқы мемлекет – Түркия мемлекеті болды. Түбіміз бір, тіліміз бір, мәдениетіміз ұқсас Түркия елі Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып таныды. Қазақстан Түркиямен дипломатиялық және экономикалық қатынасты дамытуға маңыз бере отырып, 1991 жылдың қыркүйек айында қазақ-түрік іскерлік кеңесін құрды. Кеңес 73 қазақстандық және 183 түркиялық кәсіпорындар ассоциация, фирма, банк, биржалардың басын біріктірді. Олардың қатарында «Қарағанды көмір», «Екібастұз көмір», «Маңғыстау мұнай өндірістік бірлестікетері» және тағы басқа ірі өндіріс фондары бар.Қазақстан Репсубликасы өзінің сыртқы саясат үлкен мемлекет Қытаймен қарым-қатынасқа үлкен мән беруде. Кеңестер дәуірінде Қытаймен арадағы қатынас ушығып кеткен болатын. Сонымен бірге Қазақстанның Қытаймен арадағы шекарасы 1740 километрге созылып жатыр. 1992 жылы тамыз айында Қазақстан мен Қытай арасында, ұзақ мерзімге арналған келісімге қол қойылды. Қытайда Қазақстан елшілігінің ашылуы, Қазақстан-Қытай шекара келісіміне қол жетуі – Республикамыздың сыртқы қатынастарға зор табысы. 1995 жылғы ақпанда ҚХР-дың Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдік бергені екі елдің қарым-қатынасын одан әрі баянды ете түсті.Қазақстан Республикасының АҚШ, Канада және Батыс Европадағы дамыған елдермен дипломатиялық және экономикалық қатынасын дамытудың маңызы зор. 1992 жылғы мамырда Президент Н.Назарбаевтың АҚШ-қа барған сапарында Президент Дж. Буш екеуі үш келісімге қол қойды. Бұл келісімдер сауда, экономикалық және инвестициялар саласындағы байланыстарды кеңейту үшін құқтық негіз қалады.Францияның «Эльф Акитен», Англияның «Бритиш газ», Италияның «Аджип» сияқты компанияларымен мұнай және газ өндіру үшін іскерлік байланыстар жасалуда.Сонымен қатар, тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерімен Қазақстан арасында шекараның ашықтығы, азаматтардың жүріп-тұру бостандығы сақталып отыр. 1996 жылы желтоқсан айында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Республикалары арасында мәңгілік достық қол қойылды. Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды

Курс бойынша студенттердің өз бетімен орындайтын рефераттар мен баяндамалардың тақырыптары:
1. Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары.

2. Қазақстандық археологтар және олардың қызметі.

3. Қазақстандағы тас дәуірінің ескерткіштері.

4. Андронов мәдениеті.

5. Қола дәуірі адамдарының діни түсініктері мен өнері.

6. Қола дәуіріндегі Қазақстанның археологиялық ескерткіштері.

7. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.

8. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан тайпалары.

9. «Алтын адам» ескерткіші.

10. Ежелгі парсы және грек жазба деректеріндегі сақтардың тарихы.

11. Ғұн тәңірқұттары және олардың саясаты.

12. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.

13. Үйсін мемлекеті.

14. Қаңлы мемлекеті.

15. Үйсіндер мен қаңлылардың ескерткіштері.

16. Ерте орта ғасырлардағы (VI-XII ғғ.) Қазақстан қалалары.

17. Ерте ортағасырлық Қазақстанның рухани мәдениеті.

18. Әбу Насыр әл Фараби және оның әлемдік ғылымға қосқан үлесі.

19. Ұлы Жібек жолы және оның қазақстандық тармақтары.

20. Қыпшақ хандығы.

21. Қарахандар мемлекетіндегі феодалдық қатынастар.

22. Алтын Орда мемлекеті.

23. Мұхаммед Хайдар Дулати тағылымы.

24. Қазақ халқының шығу тегі туралы.

25. Қозыбасы – Қазақ хандығының туы тігілген жер.

26. Қазақ хандары.

27. ХVI-ХVIІ ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті.

28. Көшпелі қазақтардың елшілігі.

29. Қазақ-жоңғар қатынастары.

30. Тәуке хан және оның «Жеті Жарғысы».

31. Қазақ билері.

32. Қазақтарды жоңғар басқыншылығына қарсы күресіндегі қазақ батырлары.

33. Қазақ жерлерінің Ресей империясы құрамына қосылуы.

34. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы.

35. ХVIІІ ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.

36. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс.

37. ХІХ ғасырдағы қазақ-қытай байланыстары.

38. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.

39. Шоқан Уәлиханов және оның ғылыми қызметі.

40. ХІХ ғ.-ң екінші жартысындағы Қазақстандағы өлкетану және ғылыми зерттеу

ұйымдарының қызметі.

41. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қатынас жолдары мен сауданың жағдайы.

42. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктер.

43. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтар және олардың ерліктері.

44. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарындағы Қазақстан.

45. ХХ ғ.-ң екінші жартысындағы Қазақстанның экологиялық проблемалары.

46. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты мен халықаралық жағдайы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет