Құрастырған п.ғ. к., доцент Ерғалиева Г. А



бет17/21
Дата06.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#64447
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
1.Саммерхилл мектебі – тәуелсіз тәрбие жүйесі.Саммерхилл мектебі 1921 жылы Лейтонда негізі қаланды. Ол Лонданнан 100 митт жерде ғана орналасқан болатын. Бұл мектептің негізін салушы ағылшын педагогы Александр Нейлл (1883-1973). Саммерхилл туралы британдық білім беру Министрлігі « бұл мектеп бүкіл әлемге педагогикалық эксперименттер төңкерістік жолмен келетін және оның директорының жарыққа шыққан, кең танымал , әрі талқылауда жүрген ойлары өмірде іске асып жатқандығымен бұл мектеп танымал» деп жазды.
Саммерхилл – 4 бөліктен тұратын интрнаттық мектеп, таза ауадағы ойынға арналған айналасы жасыл аймақ. Балалар жас ерекшелігіне қарай топтарда тәрбиешілермен тұрды. Негізгі бөлікте асхана, жапсыру шеберханасы, қол өнерге арналған кішкентай бөлме мен қыздарға арналған жатын бөлме орналасты. Ең кішкентай балаларда тұрғын жайы бар және класс бөлмелері бар бөлек үй болды. Ер балаларға арналған жатын бөлме, қалған кластар және кейбір персональдың бөлмелері басқа үйлерде орналасты. Ер балалар мен қыздар 2-4 орындық бөлмелерде тұрды. Тек бірнеше үлкен балалар ғана бөлек тұрды. Кластар үлкен болған жоқ, бірақ топпен оқытуға жеткілікті еді. Тұрмыс жағдайлары өте жақсы толған жоқ, бірақ министірліктегі инспекторлардың есебіндегідей балалар өздерін жақсы сезінді және ауырған жоқ.
Мектептің қаржы жағдайы біршама қолайсыздықта болды, өйткені ол жалпы мемлекеттік білім беру жүйесінен тысқар жатты және министрліктен шағын ғана дотация алды. Мектепке негізінен қоғамның орта буынының балаларын қабылдады. Нейлл бай жанұяның балаларын алмауға тырысты. Ол баланың өз мәніне ол үлкен ақша мен қымбат киімге оранып тұрса жету қиын деп санады. Мектепке қоғамның кедей буынынан балаларды тарту үшін, Нейлл өте төмен ақы белгіледі. Нәтижесінде үнемі қаржылай қиыншылықтар , өте төмен жалақы болды.
Алғашында Нейлл мектебіне жанұясы мен мектебінде қиыншылықтары бар балалар жиі түсіп отырды. Саммерхиллге ата-аналар қайта тәрбиелеу мен***ресоциализация үшін теріп, кейін қарапайым мектепке қайтарып жүрді. Осылайша Саммерхилл ребилитациялық қызмет атқарды. Уақыт өте келе жағдай өзгерді, Саммерхиллдің болашағына сенген ата-аналар балаларын бере бастады.
Алғашқы жылдары мұнда қыздар аз болды, әдетте мұнда сол кездегі қыздар мектебінде қиын болғандар келді.Кейін қыздар көбейді, бірақ ер балалармен салыстырғанда аздау болды. балаларды үш жасерекшелік топқа бөлді: 5-7 жас, 8-10 жас, 11-15-16 жас.
Саммерхиллде өзін-өзі қызметкөрсетуге тартпай-ақ персонал жеткілікті болды. Мәселен 1964 жылы 75 балаға 25 персонал кеді, оның екеуі мұғалімдер еді.
Нейлл мұғалімдерді мұқият таңдады. Ол кәсіби маманданғанынан басқа, мұғалімнің әзілі, дамыған қауымдастық сезімі, Саммерхиллдегі жүйеге бейімділігі бар мінез сапаларына баса назар аударды. «Сізді бала жарым деп атаса, сіздің реакцияңыз қандай болады?» деген сұрақтың жауабына көп мән берілетін.Нейлл қолынан іс келетін, қол жұмысынан қашпайтын, еіктің қисайғанын түзей алатын немесе жардың тесігін бітей алатын кандидаттарды қолдады.
Мұғалімнің негізгі міндеті оқыту болды. тұрғын жайлардағы балалардың қамқорлығын тәрбиеші атқарды. Бірақ мұғалімдер сабақтан тыс жұмыстарды өз еріктерімен орындады: ойнады, қойылымдар даярлады, үй тапсырмасын орындауға көмектесті.
Мектептің күнделікті өмірі былай болатын:
8.15 пен 9.00 таңғы ас, 9.30 дейін төсек жинау. 9.30 сабақ басталып 13.00- ге дейін созылды.
Түсқайтадағы уақыт бос болды. Балалар нені қаласа соны жасады. Біреулері гангстерлер мен полицей болып ойнаса, біреулері спорттық ойын ұйымдастырды, үшіншілері радио тыңдады, сурет салды, бояды, велосипедпен сырғанады, шеберханада жұмыс жасап, қайық, ойыншық пистолет жасады немесе велосипед жөндеді.
16 сағатта – бесін. 17 сағатта әртүрлі жұмыстар басталды. Кішкентайлары әдетте ертегі оқыса ,орта буындағы балалар өнер бөлмесінде жұмыс жасағанды ұнатты. Онда олар сурет салып, линолеумнан, теріден картинка, бұйымдар жасаумен, өз қойылымдарына киімдер даярлап, кәрзеңкелер мен құмыралар жасады. Үлкендері темір және ағаш шеберханасында уақыттарын өткізетін. Балалар не істейтіндіктерін өздері шешетін. Тәрбиешілер тек кеңес бере алатын, бірақ ешқашан дайын бағдарлама ұсынбайтын.
Бірақ кешкі уақыттың өтуіне белгілі бір тәртіп қойылды. Дүйсенбіде балалар киноға баратын, сәрсенбіде персонал мен үлкен тәрбиеленушілер лекция тыңдады. Сәрсенбіде би кештері өткізілді.бейсенбі күнгі кешке ештеңе белгіленбегендіктен үлкендері жиі киноға барды. Жұмаға театрландырған қойылымдар қойылатын.сенбі өте маңызды күн болды , өйткені бұл күні апта сайынғы жалпы мектептің өзін-өзі басқару жиналыс болатын. Сосын би, қыста - театральдық қойылым.
Саммерхилл мектебінің өмірі бір қарағанда ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы басқа Батыс Еуропалық мектептерден айырмашылығы болмады. Алайда оған оның өмір барысының сипаты мен тұжырымдамасы бойынша қарастырсақ, бұл мектептің ерекше болғанын көруге болады. Александр Нейлл авторитарлық тәрбиенің қарсыласы болды. Сонымен бірге ол адамзаттың болашағы балаларға қандай тәрбиеші келетініне байланыстылығына толығымен тәуелді деп санады. Егер олар қатал басушы педагогиканың жақтастары болса, онда адамзат соғыс пен қылмыстан көз ашпайды. Жек көру үнемі жек көруді тудырады. «Жалғыз жол – бұл махаббат жолы». Саммерхиллді Нейлл жасай отырып ол саналы түрде өзінің мектебінің тұжырымдамасын тәртіп пен зорлыққа қарама-қарсы қойды. Мектепті негіздеуде ол жалғыз мақсат көздеді – бала бақыты. Негізгі жол ретінде баланың мектепке бейімделуі емес, мектептің балаға бейімделуін көрді. Саммерхилл мектебінің концепциясының негізінде бала табиғаты қайырымды, оны қоғам мен тәрбие бұзады деген.
Дәстүрлі мектеп баланы үлкендердің қандай болу керек деген көзқарасына икемдейді, бірақ бақытқа кепілдік бермейді. Оқытуда өздерінің темпі мен әдістерін байлап, кішкентай кезден баланы бұйрықтар мен тыйымдар шеңберімен байлап, табиғи дамуын шектейді, үлкендер санасыз түрде баланың өзімен-өзі болу, ойынға құқын, шығармашылық пен балалық құқын есепке алмайды.
Нейлл әр бала қайталанбас даралық, өмірді сүю қабілеті бар және өз қызығушылықтарын таба алады деп санады. Егер оған мұмкіндік берсе ол өзінің жеке ерекшелігіне қарай дамиды. Оған тек толық тәуелсіздік беру керек
Бұрынғы мектептер оқушының ақыл-ой дамуына бағытталған еді. Нейлл эмоциональдық өмір ақыл-ойға қарағанда анағұрлым маңызды деп есептеді. Ол невротикалық ғалымды тәрбиелегенше бақытты қарауылшықты тәрбиелеген дұрыс деп сенді. Мектептің басты міндеті балаға ата-ана немесе педагогтардың тәрбие мақсатымен өмір сүру емес, өз өмірімен өмір сүруге мүмкіндік беру .
Сезім белсенді өмір позициясымен, шығармашылықпен бөлінбестей байланыста және ол ақыл-ой дамуына қолайлы жағдай жасайтынына сенімді бол отырып, Нейлл балалар үшін саммерхиллде тәуелсіз өзін-өзі ашылуға мүмкіндік жасады. Қоғамның барлық жағдайы, ережелер мен тыйымдарды ол кейінге тастап, балалардың мінез-құлқын реттейтін жалғыз ереже қалдырды. Ол- өзара сезімді құрметтеу. Бала өзін қалай ұстағысы келсе солай ұстады, тек басқа адамның сезіміне жара салмауы қажет немесе оған зиян келтірмеуі керек.
Нейлл Саммерхиллде мектепке кішкене «бүлініп», яғни ыза мен агрессия кешенімен келген балаларға терапеялық қызметте көрсетті. Мұндай жағдайларда ол тәрбиешілердің алдына мұндай балаларды ерекше қамқорлыққа алу міндетін қоятын, олар өзін қауіпсіздікте сезінсін, оларға ешқандай қауіп төніп тұрмағанын ұғынсын, оларды қабылдағанын және жақсы көретінін білсін.
Балалар би, музыка, сурет, живопись, театр, таза ауадағы қозғалыс арқылы тәуелсіз табиғи түрде өз эмоцияларын шығару мүмкіндігі болды. Демократикалық тұлғааралық қарым-қатынас жүйесінде бола отырып, жүрекжарды, бірақ ұсақ қамқорлықта емес айналада, балалар үлкендер алдындағы қорқыныштан тез ажырап, рухани жетіліп және өмірден қуаныш пен қызығушылық таба білді. Балалар қорқынышты немесе шеттетуді сезінбеді, сондықтан олар үлкендерге өздерінің мәселелерімен келетін. Тіпті біреу кінәлі болғанның өзінде, ол қорықпады.
Тағы да бір маңызды педагогикалық принцип өзін-өзі реттеу принципі Бала қай кезде тамақ ішкісі келсе, сол кезде тамақтануы қажет. Белгілі бір тамақты белгілі бір мөлшерде ішкізуге болмайды. Егер балада мүмкіндік болса, ол ешкімнің көмегінсіз қанша азық керек болса , соншасын таңдап алады. Балаға қандай да бір киімді кидіруге болмайды; ол өзіде ауа райына қарай икемделеді:егер салқындықты сезінсе , жылырақ киінеді, егер оған ыстық болса, свитерін шешеді.
Нейлл Саммерхиллде балалар қай кезде ұйықтағысы келсе сол кезде жатуға мүмкіндік берді.
Өзін-өзі реттеу принципі мектептің барлық өміріне қатысты еді және ол үлкендерге қатыссыз мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Мысалы, кез-келген бір оқушы үнемі сабаққа келмесе топ өзінің көңілі толмайтынын білдіре алды және жолдастарынан оқуға қатысатыны жөнінде уәде алды немесе тіптен келмей қоюын өтіне алатын, өйткені ол барлығына кедергі келтіреді.
Тәуелсіздік дегеніміз әр бала мен үлкен адамның өзіне қатысты шешім қабылдай алуы, бірақ өзгеге зиян келтірмейтіндей болуы қажет, өзгенің қызығушылық шекарасынан аспауы қажет.
Бала өзі алған білімді қолдана білуі қажет, алынған білім өмірлік мәселелерді шешуде пайдалы болуы қажет. Оқыту оның индивидуальдығы мен мінезіне қарағанда соншалықты байланысты емес. Барлық адамға ғылым бірдей қажет емес. Бұл қызығушылық пен туа біткен қабілетке байланысты. Нейллдің ойы бойынша бала үлкен адам сияқты қай кезде үйренгісі келеді сол кезде үйренеді. Баланың қызығушылығы бұл жағдайда тұлғаның өзінше өмірлік күші. Нейлл қызығушылықты тек оқыту үрдісінің потенциялдық мотивация құралы деп қарастырған жоқ, сонымен бірге алдымен адамзат табиғатының бөлінбес бөлшегі, онымен адам дүниеге келіп және оны өмір бойы ту қып ұстайды. Осыдан келіп Нейллдің қызығушылықты қалыптастыруға болмайды деген көзқарасы туды.
Нейлл өзінің тәрбиеленушілерінің ешкімнің көмегінсіз ішкі қажеттіліктеріне барынша жауап беретін өз өмірінің мақсатын табуына саналы түрде ұмтылды. Егер бұл оқуға қатысты болса , ол оқушыларға барынша жақсы білім беруге тырысты және жоғары оқу орнына түсуге жағдай, мүмкіндік жасауға тырысты. Нейлл әртүрлі емтихандарға қарсы болды және ол әрі қарай оқығысы келетіндерге ғана ұйымдастырылды.
Емтиханнан бас тартудың табиғи жалғасы бағалау жүйесінен бас тарту еді. Білім өз алдына мәнді көрсеткіш болуды қойып, оның орнына шығармашылық, ойлап табушылық мен ерекшелік қабылданды.
Нейлл мектептің мақсаты балаға жазу, сызу, санауды үйрету. Қалғандары баланың қажеттілігі мен қызығушылығына байланысты.
Саммерхилл демократиялық және өзін-өзі басқаратын мектеп болды.
15-апта
№15 кредит сағат
№15 дәріс тақырыбы: Қазіргі ғылымның мәселелері.

  1. Индустриялы қоғам дәуіріндегі білім берудің дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлары.

  2. Дамыған елдердің әлеуметтік-мәдени саясатының контекстінде білім берудің мәселелері

  3. Білім беруді ізгілендіру – басым міндет.

  4. Білім берудегі интеграциялық үрдістер: халықаралық ұйымдардың рөлі


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет