Құрастырғандар : Желдибаева Ш. Е., Примбетова А. Б. Тараз – 2017 алғы сөЗ



бет10/12
Дата08.06.2018
өлшемі270,73 Kb.
#41602
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

2- нұсқа

1.Сөйлемдерден қаратпа сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылғанын анықтаңыз. 


A) Алмас, екеуіміз баққа барайық. 
B) Алмас екеуіміз баққа барайық. 
C) Алмас екеуіміз, баққа барайық. 
D) Алмас екеуіміз баққа, барайық. 
E) Алмас екеуіміз! баққа барайық. 
2.Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз. 
Арман, сен ауылға барасың ба? 
А) сен 
В) Арман. 
С) барасың ба 
D) ауылға 
Е) Сен барасың ба 
3.Қаратпа сөздің анықтамасын көрсетіңіз. 
А) Аяқталмаған ойды білдіреді. 
В) Заттың атын білдіреді. 
С) Біреудің назарын өзіне қарату мақсатында айтылатын сөздер. 
D) Айтушының көңіл-күйін, әртүрлі эмоциясын білдіретін сөздер. 
Е) Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының түрлі көзқарасын білдіретін сөздер. 
4.Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз. 
Оля, сен ауылда демаласың ба? 
А) Оля. 
В) сен
С) демаласың
D) ба
Е) ауылда
5.Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді сөйлемді анықтаңыз. 
А) Балам-ай теледидардың алдында ұйықтап қалыпсың ғой. 
В) Балам-ай, теледидардың алдында ұйықтап қалыпсың ғой. 
С) Балам-ай, теледидардың алдында ұйықтап қалыпсың ғой. 
D) Балам-ай теледидардың алдында ұйықтап, қалыпсың ғой. 
Е) Балам-ай теледидардың, алдында ұйықтап қалыпсың ғой. 
6.Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз. 
Апа, қазір кино басталады, теледидарды қосайыншы. 
А) қазір
В) басталады 
С) теледидарды
D) қосайыншы
Е) апа 
7.Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз. 
Балалар, музыканың дауысын жай қойыңдар. 
А) музыканың 
В) дауысын 
С) қойыңдар
D) балалар
Е) жай 
8.Орыс тіліндегі баламасын табыңыз. 
Қаратпа сөз. 
А) прямая речь 
В) диалог
С) слова автора 
D) обращение 
Е) прилагательное 
9.Қаратпа сөзі бар сөйлемді анықтаңыз. 
А) Алмас, екеуіміз баққа барайық. 
В) Ауылдың табиғаты қандай тамаша! 
С) Сен өзенге барасың ба? 
D) Бүгін тауға шығамыз ба? 
Е) Орманға жидек теруге барамыз. 
10.Қаратпа сөздер қандай сөздер тобына жататынын белгілеңіз. 
А) Қыстырма сөздер тобына жатады. 
В) Одағайлар тобына жатады. 
С) Біріккен сөздерге жатады. 
D) Қысқарған сөздерге жатады. 
Е) Оқшау сөздер тобына жатады. 
11.Сөздің орысша баламасын белгілеңіз. 
Қаратпа сөз. 
А) диалог
В) прямая речь 
С) глагол 
D) обращение 
Е) слова автора 
12.Қаратпа сөз бар сөйлемді анықтаңыз. 
A) Балалар музыка тыңдап отыр. 
B) Балалар, музыканың дауысын жай қойыңдар. 
C) Балалардың ойнаған музыкасы тамаша. 
D) Балалар музыка тыңдауды жақсы көреді. 
E) Балаларды музыкамен тәрбиелеу керек. 
13.«Қаратпа сөз» - орыс тіліндегі баламасын анықтаңыз. 
A) Обращение. 
B) Междометие. 
C) Вводные слова. 
D) Вводные предложения. 
E) Обособленные слова. 
14.Қаратпа сөздің сөйлемдегі орнын анықтаңыз. 
A) Сөйлемнің тек басында тұрады. 
B) Сөйлемнің тек соңында тұрады. 
C) Сөйлемнің басында, ортасында және соңында тұрады. 
D) Сөйлемнің тек ортасында тұрады. 
E) Жеке сөйлем болып тұрады. 
15.Сөйлемнің басындағы қаратпа сөзді анықтаңыз. 
A) Оқушылар қысқы каникулда шетелге барды. 
B) Оқушылар кітаптарыңды ұқыпты ұстаңдар! 
C) Көріскенше қош болыңдар бауырлар. 
D) Қай жылы ата тудыңыз? 
E) Ертең балалар театрға барамыз. 
16.Сөйлемнің ортасындағы қаратпа сөзді анықтаңыз. 
A) Біріншіден теледидар балалар денсаулығына зиян келтіреді. 
B) Балалар үлкендерді сыйлаңдар. 
C) Келіңдер қыздар көмектесіңдер. 
D) Асқар қалаға қашан келдің? 
E) Балалар ертең театрға барамыз. 
17.Сөйлемнің соңындағы қаратпа сөзді анықтаңыз. 
A) Сен теледидарды көп қарайсың ба? 
B) Бауырларым келдіңдер ме?! 
C) Көріскенше қош болыңдар бауырлар. 
D) Қай жылы ата тудыңыз? 
E) Ертең балалар театрға барамыз. 
18.Қаратпа сөздің сөйледегі қызметін анықтаңыз. 
A) Қаратпа сөз сөйлем мүшесі болмайды. 
B) Қаратпа сөз бастауыш болады. 
C) Қаратпа сөз баяндауыш болады. 
D) Қаратпа сөз толықтауыш болады. 
E) Қаратпа сөз анықтауыш болады. 
19.Қаратпа сөз бар сөйлемді анықтаңыз. 
A) Әрине, оның айтқаны дұрыс. 
B) Жарайсыңдар, жігіттер. 
C) Шіркін, ақын болсаң осындай бол. 
D) Сізде, рас, жұмысым бар еді. 
E) Қазақтың даласы, шіркін, кең байтақ қой! 
20.Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз. 
Асан, сенің бүгін кешке қолың бос па? 
A) қаратпа
B) қыстырма
C) одағай
D) еліктеу
E) бірыңғай мүше 
21.Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздерді көрсетіңіз. 
A) одағай сөздер
B) жалпылауыш сөз
C) қыстырма сөздер 
D) айтқындауыш 
E) қаратпа сөздер
22.Қаратпа сөз бар сөйлемде қойылатын тыныс белгісін анықтаңыз. 
A) нүкте
B) сұрау белгісі 
C) сызықша 
D) үтір 
E) тырнақша 
23.Сөйлем басында келген қаратпа сөзді табыңыз. 
A) Ұялма, балам, жоғары шық... 
B) Жігіттер, ертең жиналыс болады. 
C) Ендігі кезек сенде, қарағым. 
D) Мерекелерің құтты болсын, қыздар. 
E) Мынау қай ауыл, қалқам? 
24.Қаратпа сөзді сөйлемді белгілеңіз.
A) Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастайды.
B) Керуен басы - Жәнібек!
C) Ойла, шырағым, еліңнің жайын.
D) Теңіз толқыны күшейді.
E) Жауынды күз.
25.Қаратпа сөзді табыңыз.
A) Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастайды.
B) Керуен басы – Жәнібек!
C) Оған қарағым келмейді.
D) Теңіз толқыны күшейді.
E) Айналайын, шырағым, сенбісің?

Синтаксис

Сөйлем мүшелері

1- нұсқа

1. Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

А) Ұлы жібек жолы- сауда жолы.

В) Ұлы жібек жолы өтті.

С)Қытайдың жібегі осы жолмен тасмалданған.

Д) Ұлы жібек жолы қазақтың кең даласын басып өтті.

Е) Ұлы жібек жолында талай сауда көздері ашылды.

2. Бастауышы тұйық етістік, баяндауышы зат есімнен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Тез жазу керек.

В) Оның ойы – тез қайту.

С) Еске салу – жақсы.

Д) Айту - біздің парызымыз.

Е) Келуді қойды.

3. Дара бастауыш бар сөйлемді белгілеңіз.

А) Еңбек еткен ер атанар.

В) Ертең құрылыс жұмысы басталады.

С) Біз бірлікті ойлаймыз.

Д) Үй іші жым-жырт болды.

Е) Қазақ халқы егемендік алды.

4. Бастауышы тәуелдік жалғауында тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Келе жатқан үшеу екен.

В) Інім маған көмектесті.

С) Нұрлан мектепте оқиды.

Д) Біз Қазақстанда тұрамыз.

Е) Ертең жаңбыр жауады.

5. Анықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Досым кітап сатып алды.

В) Табиғатты қорғауды өзіңнен баста.

С) Көлдің деңгейі төмендеген.

Д) Көлдер ластанып жатыр.

Е) Ол бізбен кездесті.

6. Толықтауышты табыңыз. Досым қызық кітап сатып алды.

А) қызық

В) матып

С) досым

Д) алды

Е) кітап

7. Жақсыз сөйлемде болмайтын сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

А) баяндауыш

В) пысықтауыш

С) анықтауыш

Д) толықтауыш

Е) бастауыш

8. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді белгілеңіз.

А) күрделі

В) жақсыз

С) атаулы

Д) жалаң

Е) жайылма

9. Мақсат пысықтауышты табыңыз.

Бауыржан досымен бірге Алматыға оқуға барды.

А) барды

В) оқуға

С) Алматыға

Д) досымен

Е) Бауыржан

10.Сөйлемде қимыл-әрекеттің жай-күйін, мезгілін, мекенін білдіретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз

А) пысықтауыш

В) толықтауыш

С) баяндауыш

Д) анықтауыш

Е) бастауыш

11. Кімдер? Нелер? сұрақтары қай сөйлем мүшесіне қойылатынын көрсетіңіз.

А) толықтауыш

В) пысықтауыш

С) анықтауыш

Д) бастауыш

Е) баяндауыш

12. Пысықтауыштың сұрағың табыңыз.

А) не істеді?

В) қай?

С) қандай?

Д) кімдер?

Е) қайда?

13. Сөйлемнің баяндауышын толықтырыңыз.

Біз бұлақтардың көзін ... .

А) мол болады

В) болмайды

С) қараған

Д) аштық

Е) қорғауы тиіс

14. Себеп – салдар пысықтауышты табыңыз.

Қара алтынды игеру үшін көп жұмыс жасалып жатыр.

А) жұмыс

В) көп

С) игеру үшін

Д) жасалып жатыр

Е) қара алтынды

15. Сөйлемде есімше қандай сөйлем мүшесі екенін белгілеңіз.

Менің айтар сөзім-осы.

А) толықтауыш

В) баяндауыш

С) бастауыш

Д) анықтауыш

Е) пысықтауыш

16. Атау мен ілік септіктен басқа септік сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

А) баяндауыш

В) пысықтауыш

С) толықтауыш

Д) анықтауыш

Е) бастауыш

17. Анықтауышты табыңыз.

Жер бетінде таза су ресурстары көп емес.

А) таза

В) жер бетінде

С) су


Д) ресурстары

Е) көп емес

18. Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.

Қымыз қандағы гемоглобинді көбейтеді.

А) есімдік

В) етістік

С) сын есім

Д) сан есім

Е) зат есім

19. Бастауышы жоқ жай сөйлемнің түрін белгілеңіз.

А) жақсыз

В) жақты

С) жалаң

Д) толымсыз

Е) толымды

20. Тек тұрлаусыз мүшелерді анықтаңыз.

А) толықтауыш, бастауыш

В) анықтауыш, толықтауыш

С) баяндауыш, анықтауыш

Д) бастауыш, баяндауыш

Е) пысықтауыш, баяндауыш

21. Толықтауыш қай септікте тұрғанын көрсетіңіз. Ол бізбен кездесті.

А) барыс септік

В) шығыс септік

С) ілік септік

Д) табыс септік

Е) көмектес септік

22. Қазақ тілінде сөйлемнің соңында келетін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

А) анықтауыш

В) пысықтауыш

С) бастауыш

Д) толықтауыш

Е) баяндауыш

23. Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді көрсетіңіз.

Біз кеше мұражайға бардық.

А) Біз мұражайға.

В) Біз бардық.

С) Мұражайға бардық.

Д) Мұражайға кеше.

Е) Кеше бардық.

24. Қайда? Қалай? Қашан? қай сөйлем мүшесінің сұрақтары екенін көрсетіңіз.

А) баяндауыш

В) пысықтауыш

С) анықтауыш

Д) толықтауыш

Е) бастауыш

25. Пысықтауыштың түрін табыңыз.

А) қатыстық

В) жанама

С) салыстырмалы

Д) тура

Е) мақсат



2-нұсқа

1. Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

А) баяндауыш

В) бастауыш

С) пысықтауыш

Д) анықтауыш

Е) толықтауыш

2. Жанама толықтауышты табыңыз.

«Кәсіпкерлер кәсіптеріне қаржыны өздері табады».

А) кәсіптеріне

В) қаржыны

С) өздері

Д) табады

Е) кәсіпкерлер

3. Сөйлемнің неше тұрлаусыз мүшесі барын табыңыз.

А) 2


В) 4

С) 3


Д) 5

Е) 1


4. Сөйлемнің соңындағы сын есім сөйлемнің қандай мүшесі болатынын белгілеңіз

А) бастауыш

В) баяндауыш

С) анықтауыш

Д) тысықтауыш

Е) толықтауыш

5.Сөйлем мүшелерінің санын анықтаңыз.

А) 5.


В) 4.

С) 3.


Д) 2.

Е) 6.


6. Толықтауыштың сұрақтарын анықтаңыз.

А) кіммен? немен?

В) қалай? қайдан?

С) қайтты? не істеді?

Д) кім? не?

Е) нешінші? қайсы?

7. Сөйлемді заттық жағынан толықтырып тұратын сөйлем мүшесін табыңыз.

А) бастауыш

В) толықтауыш

С) пысықтауыш

Д) анықтауыш

Е) баяндауыш

8. «Әже баспалдақпен баяу көтерілді.» Пысықтауыштың түрін табыңыз.

А) мезгіл

В) қимыл-сын

С) мақсат

Д) себеп

Е) мекен


9. Не істеді? Не қылды? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесін табыңыз.

А) пысықтауыш

В) бастауыш

С) баяндауыш

Д) толықтауыш

Е) анықтауыш

10. Толықтауыш мағынасына қарай қалай бөлінеді.

А) тура, жанама

В) дара, күрделі

С) толықтауыш, пысықтауыш

Д) негізгі, туынды

Е) бастауыш, баяндауыш

11. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін табыңыз.

А) анықтауыш

В) баяндауыш

С) толықтауыш

Д) пысықтауыш

Е) бастауыш

12. Анықтауышы жоқ сөйлемді табыңыз.

А) Ұлы адамдардың еңбегін бағалай білу керек.

В) Германия суды Швециядан сатып алады.

С) Жер шарының көп бөлігін ащы су алып жатыр.

Д) Үлкен қалаларда адамдар жиі ауырады.

Е) Таза сусыз өмір жоқ .

13. Бастауыштың сұрақтарын көрсетіңіз.

А) не істеді? не істеу керек?

В) кімге? неге?

С) кім? не?

Д) қандай? қай?

Е) қалай? қашан?

14. Тура толықтауышты табыңыз.

Сәуле дүкеннен қызық кітап сатып алды.

А) сәуле

В) дүкеннен

С) кітап

Д) сатып алды

Е) қызық

15. Нені? сұрағына жауап беретін сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) Орманда көп балалар жүр.

В) Шешем сағатты досыма сыйлады.

С) Олар сабаққа жақсы дайындалды.

Д) Шешем базардан келді.

Е) Менің досым ауылда тұрады.

16. Еліктеу сөзден жасалған зат есім қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.



Оның құлағына гүріл естілді.

А) баяндауыш

В) бастауыш

С) толықтауыш

Д) пысықтауыш

Е) анықтауыш

17. Дара бастауышы бар сөйлемді табыңыз.

А) Республика сарайы адамға лық толды.

В) Ұлжан-сыншыл адам.

С) Төрт жердегі төрт-он алты.

Д) Келе жатқан-Жамал.

Е) Оның еңбегі жанды.

18. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.

А) Далада қар бар.

В) Бұлар қыста келіп кеткен.

С) Бостандық өздігімен келмейді.

Д) Ауыл жастары мұндай затқа қызықпайды.

Е) Олар Абаймен көп ақылдасты.

19. Пысықтауышты табыңыз.

«Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 16 жылдығын тойлайды.

А) Тойлады.

В) Қазақстан.

С) Тәуелсіздігінің.

Д) Биыл.

Е) 16 жылдығын.

20. Анықтауыш қатысып тұрған тіркесті табыңыз.

А) Кешке қарай.

В) Жалғыздың үні.

С) Қуанғанынан күлді.

Д) Еріктен тыс.

Е) Жүгіріп келді.

21. Бірыңғай толықтауышты табыңыз.

А) Өмірді сүйген-өмірден орын табады.

В) Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.

С) Бозторғайлар жер бауырлай ұшады.

Д) Ақан жастайынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болды.

Е) Тәрбие тілден басталады.

22. Үстеу – қай сөйлеммүшесі, белгілеңіз.



Қайтатын күнім – ертең.

А) толықтауыш

В) анықтауыш

С) пысықтауыш

Д) баяндауыш

Е) бастауыш

23. Толықтауыш қатысқан қатарды табыңыз.

А) Мен жазда келдім.

В) Алға қарай тез адымда.

С) Ол да барар.

Д) Асанда кітап бар.

Е) Жуырда келмекші.

24. Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.

Ыза мен ашу қысып, қалш-қалш етеді.

А) пысықтауыш

В) анықтауыш

С) баяндауыш

Д) толықтауыш.

Е) бастауыш

25. Тура толықтауышты табыңыз.

А) Биыл егін бітік шықты.

В) Асан қаладан кеше келді.

С) Киім үйде ілулі тұр.

Д) Оны шайға қандырды.

Е) Ол ауылға барды



Жай сөйлем

1- нұсқа

1. Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын сөйлем түрін табыңыз.

А) жайылма

В) толымды

С) атаулы

Д) жалаң

Е) жақсыз

2. Атаулы сөйлемді табыңыз.

А) Таулар бұлтпен тірескен.

В) Қазақстанның жері кең-байтақ.

С) Көгілдір көлде аққу қалқиды.

Д) Таулы аумақтарының табиғаты аса сұлу.

Е) Жап-жасыл дала.

3. Бастауышы зат есімнен болған жақты сөйлемді табыңыз.

А) Олар туралы оқығанмын.

В) Олар 1991 жылы ғарышқа ұшты.

С) Үлкендер бір ауыздан қолдады.

Д) Біз Жер-Ана жыламаса дейміз.

Е) Адам туған жерін аңсайды.

4. Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сусыз-өмір жоқ.

В) Табиғат-тірі дүние.

С) Су-тіршілік көзі.

Д) Балқаш-көлі ең таза көл.

Е) Орман ауаны-тазартпайды.

5. Толымсыз сөйлемді табыңыз.

А) Теледидар өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді.

В) Сен теледидар алдында ұзақ отырғаның үшін ата-анаңнан ескерту аласың. С) Ол бағдарлама қанша уақытқа созылуы керек?

Д) Теледидарды көп қарайсың ба?

Е) Балаларға арналған жеке бағдарлама болуы керек.

6. Сөйлемді аяқтаңыз. Табиғатты ... !

А) қайтар

В) қорға

С) өткіз

Д) апат

Е) күрес


7. Сөйлем мүшелері талданбайтын сөйлем түрін белгілеңіз.

А) атаулы

В) жақты

С) жайылма

Д) жақсыз

Е) жалаң


8. Жай сөйлемнің түрін ажыратыңыз. Қыс. Күн суық.

А) атаулы

В) жалаң

С) жақсыз

Д) жайылма

Е) толымды

9. Жалаң сөйлемді табыңыз.

А) Таң атты.

В) Мен мектепке жиналдым.

С) Оқу басталатын уақыт та тез жетті.

Д) Мұғалім балаларды тізім бойынша тексерді.

Е) Бүгінгі мереке маған ұнады.

10. Сөйлемнің түрін көрсетіңіз. Түн. Тыныштық.

А) жақты

В) жақсыз

С) атаулы

Д) жайылма

Е) жалаң


11. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Гүлдей бер, туған жерім.

А) құрмалас

В) лепті

С) сұраулы

Д) жалаң

Е) толымсыз

12. Сөйлемді аяқтаңыз: Қыста ... ... .

А) Боран соғады.

В) Жидек піседі.

С) Қар ериді.

Д) Көк шығады.

Е) Жапырақтар сарғаяды.

13. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Саған ертең мектепке бармауға тура келеді.

В) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық.

С) Біз демократиялық істерді жүзеге асырамыз.

Д) Елімізде өзгерістер көп.

Е) Елімізде көптеген кәсіпорындар пайда болды.

14. Ойды аяқтаңыз: Табиғат адамдардан қамқорлық ... .

А) көрсетеді

В) қабылдайды

С) қажет етпейді

Д) күтеді

Е) талап етпейді

15. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Еңбек жазды.

А) сұраулы

В) толымсыз

С) жалаң

Д) лепті

Е) хабарлы

16. Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Бақылау жұмысы болды.

В) Мен келдім кеше.

С) Өлең білемін туралы Астана.

Д) Әжеме барамыз кешке.

Е) Теңге жасалған ерекше.

17. Сөйлемнің түрін табыңыз. Қыс. Аппақ қар.

А) толымды

В) толымсыз

С) жалаң

Д) жайылма

Е) атаулы

18. Сөйлемді толықтырыңыз. Мақал-мәтелдер біздің халық ауыз әдебиетінің ұрпаққа қалдырған... байлығы.

А) әдемі

В) тұңғыш

С) мұра

Д) көркемдік

Е) рухани

19. Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.

А) Сыныптан мұғалім жаңа ғана шығып кетті.

В) Сыныптан шығып кетті мұғалім жаңа ғана.

С) Мұғалім шығып кетті жаңа ғана сыныптан.

Д) Мұғалім сыныптан жаңа ғана шығып кетті.

Е) Сыныптан мұғалім шығып кетті жаңа ғана.

20. Бастауышы бар жақты сөйлемді көрсетіңіз.

А) Уақытын жоспарлай білуі керек.

В) Кәсіпкерлік жылдам дамыды.

С) Жұмысты тез орындаймыз.

Д) Бүгін жұмысқа шықтық.

Е) Нарықтық экономикаға бет бұрдық..

21. Жалаң сөйлемді табыңыз.

А) Ол үнемі кешігіп жүреді.

В) Уақыт еш нәрсені де мойындамайды.

С) Оқу басталатын уақыт та тез жетті.

Д) Ісіңнің өрге басуы өзіңе ғана байланысты.

Е) Уақыт жоқ.

22. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Кәсіпкерлік жылдам дамыды.

А) салалас

В) сабақтас

С) атаулы

Д) жақсыз

Е) жақты


23. Атаулы сөйлемді табыңыз.

А) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық.

В) Қыс. Сары аяз.

С) Бұл жерде суға түсуге болмайды.

Д) Менің жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келеді.

Е) Саған ертең мектепке бармауға тура келеді.

24. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Тудың көгілдір түсі ненің белгісі?

А) сұраулы

В) жалаң

С) жақсыз

Д) хабарлы

Е) толымсыз

25. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) жайылма

В) толымсыз

С) атаулы

Д) жалаң

Е) толымды



2-нұсқа

1. Толымсыз сөйлемді табыңыз.

А) Мен спорт клубына барамын.

В) Үйде отырамын.

С) Мен мектепке келемін.

Д) Мен аға- інілеріммен саяжайға барамын.

Е) Мен дүйсенбіде шахмат үйірмесіне барамын.

2. Сөйлемді толықтырыңыз. Мұғалім бізбен сөйлес... тұр.

А) -кісі

В) -мен

С) -ге

Д) -іп


Е) үшін

3. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.

А) Оның музыкалық мәдениеті өте бай.

В) Мен таңға дейін отырдым.

С) Олардың әндерін бәріміз тыңдаймыз.

Д) Ол оқып жүр.

Е) Олар қаржыны да мол табады.

4. Сөйлемді аяқтаңыз. Көктемнің алғашқы гүлі - ... .

А) қалампыр

В) раушан

С) көкнәр

Д) бәйшешек

Е) қызғалдақ

5. Сөйлем ішінен жалаң сөйлемді табыңыз.

А) Еліміз Елтаңбасымен еңселі.

В) Айту-менің парызым.

С) Халық бар жерде – тіл де бар.

Д) Елдіктің белгісі іспетті.

Е) Зерттеулер бар.

6. Жайылма сөйлемді табыңыз.

А) Тоқтар Әубәкіров-ғарышкер.

В) Мұқанов Мұрат-құрылысшы.

С) Жетісу- жер жаннаты.

Д) Ол-шындық.

Е) Әр халықтың тарихында ерекше қадірлі жерлер бар.

7. Құрамына қарай жай сөйлем түрлерінің жалпы санын көрсетіңіз.

А) 7

В) 3


С) 2

Д) 5


Е) 9

8. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.

А) Теңге үнемді сүйеді.

В) Ақша-халық байлығы.

С) Тиыннан теңге құралады.

Д) Теңге ұлттық-валюта.

Е) Ақшаны үнемдей біл.

9. Сөйлемді аяқтаңыз: Балалар қыста шанамен ... .

А) сүйрейді

В) сырғанайды

С) отырады

Д) секіреді

Е) тұрады

10. Атаулы сөйлемді табыңыз.

А) Аппақ қар.

В) Олар кешігіп келді.

С) Оқушылар үйге келді.

Д) Мен әлі отырмын.

Е) Сабақ басталды.

11. Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрін атаңыз.

А) сұраулы

В) толымды

С) атаулы

Д) жақты

Е) толымсыз

12.Сөйлемді толықтырыңыз.

Наурыз мейрамында әрбір үйге ... келеді деген сенім бар.

А) аяз ата

В) мұғалім

С) қыдыр ата

Д) қонақ

Е) қарша қыз

13.Жайылма сөйлемнің құрамын анықтаңыз.

А) Тұрлаулы мүшелер, тұрлаусыз мүшелер.

В) Толықтауыш, пысықтауыш.

С) Бастауыш, анықтауыш.

Д) Анықтауыш, баяндауыш.

Е) Тұрлаулы мүшелер.

14. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ол кеш келді.

В) Мектебің қайда орналасқан?

С) Туған жер қандай байтақ.

Д) Асқар бүгін ерте келді.

Е) Ауылға ертең барамын.

15. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 25 қазан - ... .

А) Ынтымақ күні.

В) Конституция күні.

С) Тәуелсіздік күні.

Д) Республика күні.

Е) Жеңіс күні.

16. Жақты сөйлемді табыңыз.

А) Жұмысты тез орындағымыз келеді.

В) Оның Астанада оқығысы келеді.

С) Ертең сабаққа барғысы келмейді.

Д) Қазақстан жылдам дамыды.

Е) Қыс мезгілі.

17. Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрін анықтаңыз.

А) жалаң

В) хабарлы

С) атаулы

Д) жақты

Е) толымды

18. Сөйлем түрін анықтаңыз. Мен бүгін мектепке келдім.

А) атаулы сөйлем

В) жақсыз сөйлем

С) жақты сөйлем

Д) құрмалас сөйлем

Е) сұраулы сөйлем

19. Анықтауышты сөйлемді табыңыз.

А) Болашағына сенеміз.

В) Ол Отанын сүйеді.

С) Тиыннан теңге құралады.

Д) Астанаға кеше келдім.

Е) Ол өлең оқуға құмар.

20. Атаулы сөйлемді табыңыз.

А) Ағасы бардың - жағасы бар.

В) Киімін жинастырды.

С) Інісі бардың - тынысы бар.

Д) Таң мезгілі.

Е) Ел іші - өнер кеніші.

21. Сөйлемді аяқтаңыз: Театр - ... .

А) мүсін

В) еңбек

С) мұражай

Д) өнер

Е) ескерткіш

22. Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді анықтаңыз.

А) атаулы

В) жалаң

С) жақсыз

Д) толымсыз

Е) жайылма

23. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Жаз. Егіс даласы.

В) Менің сабақ оқығым келеді.

С) Мен ауылға бардым.

Д) Ертең осы жерге кел.

Е) Балам, қайдан келдің?

24. Сөйлемді толықтырыңыз: «Мұраттың көзі ... .»

А) қоңыр

В) төрт

С) аласа

Д) биік

Е) ащы


25. Таң қалу, қуану сияқты сезімдерді көрсететін сөйлем түрін табыңыз.

А) жақсыз

В) лепті сөйлем

С) толымды

Д) жақты

Е) атаулы↓ Показать еще коментарии ↓




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет