Құрастырғандар: тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Шынтемірова Баян Ғаббасқызы


ӘЛЕУМЕТТАНУ ТАРИХЫ ПӘНІНЕН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ



бет72/80
Дата05.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#1935
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80
ӘЛЕУМЕТТАНУ ТАРИХЫ ПӘНІНЕН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


1 вариант
1. Әлеуметтанудың жеке ғылым саласы ретінде негізін қалаған ойшыл кім ?
а/. М. Вебер
б/. Э.Дюркгейм
в/. О.Конт
г/. Г.Спенсер

  1. О. Конттың пікірінше, қазіргі уақытта адамзат ақыл-ойы өз дамуының қай кезеңін бастан кешіруде ?

а/. теологиялық кезең
б/. метафизикалық кезең
в/. позитивтік кезең

  1. Ломбер Кетле пікірінше әлеуметтік құбылыстар.

а/. жаңадан пайда болып отырады
б/. қайталанып отыру заңдылығына ие

  1. Д.С. Милль пікірінше әлеуметтік қарым-қатынас.

а/. кездейсоқ әрекеттер жиынтығы
б/. адамдар ұйымдарының саналы әрекеттері
в/. жеке адамдар байланыстары

  1. Г.Спенсер пікірінше қоғам дамуы қандай циклдерден тұрады ?

а/. даму мен күйреу
б/. үздіксіз даму
в/. жағырафиялық орын алмасу

  1. К.Маркстің қоғамдық-экономикалық формация теориясына сәйкес адамзат қоғамы дамуының ең шыңы қай формация ?

а/. алғашқы қауымдық
б/. құл иеленушілік
в/. феодалдық
г/. капиталистік
д/. коммунистік

  1. Л. Гумплович тайпаларды әлеуметтік топтардың қай түріне жатқызды ?

а/. күрделі
б/. қарапайым

  1. Г. Ратценхофер ойынша қоғамның үрдістерді реттеуші фактор не?

а/. топтық мүдде
б/. мемлекет мүддесі
в/. адамның ішкі мүддесі

  1. У. Самнер пікірінше әлеуметтік теңсіздік…

а/. әлеуметтік күрес нәтижесі
б/. қоғамның жаратылыстық жағдайы
в/. кейбір адамдар жалқаулығының нәтижесі

  1. А.Смолл пікірінше әлеуметтік егестердің бастапқы тасушылары…

а/. мемлекет пен оның органдары
б/. әлеуметтік топтар мен институттар
в/. жеке адамдар

  1. Л.Уорд пікірінше адамға тән негізгі әлеуметтік сұраныс…

а/. рахат алуды күшейту мен қасіретті азайту
б/. ұйымдасып өмір сүруге бейімділік
в/. басқаларды аяу мен қолдау

  1. Ф.Гиддинс пікірінше әлеуметтік мінез-құлықты қоғамдағы басқа саяси, экономикалық, діни мінез-құлық түрлерінен ерекшелендіретін сана, бұл…

а/. құқықтық сана
б/. саяси сана
в/. ру, туыстық сана
г/. қоғамдық сана

  1. У.Мак-Дугалл енгізген сыртқы әлеуметтік орта өзгерістеріне адам реакциясын көрсететін ұғымды көрсет

а/. афференттік /қабылдаушы/ арна
б/. эфференттік /қозғаушы / арна

  1. Француз социолог-ғалымы Ф. Тард ойынша тарихи үрдістің қозғаушы күші болып табылатын жойылмайтын психикалық ұмтылыс…

а/. еліктеу
б/. қабылдау
в/. сену
г/. жақсы көру

  1. Француз социолог-ғалымы Г.Лебон ойынша еуропа қоғамында тобыр белсенділігі кезеңі қай уақытта қалыптасты ?

а/. Х1Х ғ басы
б/. Х1Х ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы
в/. ХХ ғ. екінші жартысы

  1. Психосұрыптау теориясының негізін қалаушы З.Фрейд адам дамуындағы екі ғаламдық инстинктті көрсетті. Агрессия, өлім, жою инстинктісін қалай деп атады ?

а/. эрос
б/. танатос

  1. З.Фрейд ойынша адамдарды бірлесіп өмір сүру ережелерін /мыс: құқық, мораль/ жасауға мәжбүр еткен сезім не ?

а/. кінә мен қорқыныш сезімі
б/. басқаларды құрметтеу сезімі
в/. сүйіспеншілік пен пайда сезімі

  1. З.Фрейд жауыздық, қирату мен күш қолдануға санасыз ұмтылатын адамдар тобын қалай деп атады ?

а/. тобыр /толпа/
б/. бұқара /масса/

  1. В.Парето ойынша адам өмірінде ақыл мен сезімнің қайсысы басты болады ?

а/. ақыл басты
б/. сезім басты

  1. В.Парето адамдардың өз шыни мақсаттары мен іс-әрекеттерін идеология көмегімен жасыруын қалай деп атады ?

а/. деривация
б/. манипуляция
в/. резидум

  1. Неміс социолог-ғылыми В.Дильтея қоғамның рационалды /пайда/, мақсатты дамуына күмән келтірді. Себебі…

а/. адамзат дамуы сезімдік факторларға негізделген
б/. адамзат дамуы қасиетті күштер әсерінен
в/. адамзат дамуын бақылау мүлдем мүмкін емес

  1. Екі ұлы ойшыл К.Маркс пен Г.Зиммель адамның өз еңбегінен жатсыну /отчуждение/ құбылысын зерттеді. Олардың пікірін жұптастыр

А. К. Маркс I жатсыну мәдени-психологиялық үрдіс
Б. Г.Зиммель II жатсыну әлеуметтік-экономикалық үрдіс
а/. А-I, Б -II
б/. А-II, Б-I

  1. Неміс социолог-ғалымы Ф.Теннистің тарихи үрдіс тұжырымдамасы ұғымдарын жұптастыр

А. қауым I шарт, саясат, қоғамдық пікір
Б. қоғам II келісім, дәстүр, дін
а/. А -I, Б-II
б/. А-II, Б-I

  1. Л.Фон Визер әлеуметтік құрылымдардың төрт тобын бөліп шығарды. Мемлекет, шіркеуді осы топтардың қайсысына жатқызды ?

а/. нақты тобыр
б/. абстрактылы тобыр
в/. әлеуметтік ұжым
г/. абстрактылы ұжым

  1. Француз социолог-ғалымы Э.Дюркгейм қоғам түсінігін зерттеуде екі ағым тудырды. Осыларды жұптастыр.

А. натуралистік ағым I қоғам табиғат бөлшегі
Б. әлеуметтік реализм II қоғам өз алдына жеке, табиғат еркінен тыс пайда болған құрылым
а/. А-I, Б-II б/.А-II, Б-I
26. Э. Дюркгейм пікірінше барлық қоғамдарда кездесетін қылмыс бұл адамзат жай-күйінің…
а/. қалыпты жағдайы
б/. шектен шыққан өрескелдік
в/. өте кауіпті ағым

  1. Неміс социолог-ғалымы М.Вебер анықтамасына сәйкес әлеуметтану бұл…

а/. қоғам, әлеуметтік құрылымды зерттейді
б/. мемлекет, адамдар ұйымдарын зерттейді
в/. адамдар мінез-құлқының бастамасы үлгілі түрлерді зерттейді

  1. М.Вебер пікірінше әлеуметтік әрекеттің ең басты екі белгісі қандай ?

а/. күш қолдану мен сендіру
б/. үгіттеу мен назар аудармау
в/. субъективті мағына мен басқаларға бағытталу

  1. Орыс социолог-ғалымы П.Сорокин әлеуметтану ғылымын үш теориялық бөлікке бөлді. Соның ішінде қоғамдық өмір эволюциясы теориясын зерттеу бөлімі қайсысы ?

а/. әлеуметтік сұрыптау
б/. әлеуметтік механика
в/. әлеуметтік генетика

  1. ХХ ғ. пайда болған эмпириялық әлеуметтану екі ағымға бөлінеді. Біреуінің мақсаты қоғам өмірінің жекелеген аймақтары турасында ғылыми білім жүйесін жасау. Осы мақсат қай ағымға тән ?

а/. академиялық ағым
б/. қолданбалы ағым

  1. Американ социологтар У.Томас пен Ф.Знанецкий жеке адам типологиясын жасады. Жеке бастамалары бір-бірімен әлсіз байланысқан, өз тұғыры жоқ адамды қай түрге жатқызды ?

а/. мещанин
б/. богем
в/. интеллект

  1. Р.Парк пікірінше адамның көш-қон /миграция/ үрдісі қоғамдық тәртіптердің қай түріне жатады ?

а/. саяси
б/. экономикалық
в/. экологиялық

  1. Қазіргі заманғы қай әлеуметтанулық теория ірі қалалар мен қала жүйелерін адамдардың биологиялық, мәдени, шаруашылық ерекшеліктері ескерілген биотикалық зоналарға бөлуді ұсынды ?

а/. функционализм теориясы
б/. символикалық интеракционизм
в/. чикаго мектебі
г/. айырбас теориясы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет