Құрастырғандар: тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Шынтемірова Баян Ғаббасқызы



бет74/80
Дата05.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#1935
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80
3 вариант

  1. О. Конттың пікірінше пайдалы ойлау желісінің пайда болуы адамзат ақыл-ойы дамуының қай кезеңіне тән ?

а/. теологиялық кезең
б/. метафизикалық кезең
в/. позитивтік кезең

  1. О.Конт әлеуметтанулық зерттеу әдістерінің қайсысының болашағы зор деп дәлелдеді ?

а/. анкеттік сұрақ
б/. эксперимент
в/. құжаттарды сұрыптау
г/. бақылау

  1. Д.С. Милль пікірінше әлеуметтік қарым-қатынастарда не бастама болып табылады ?

а/. адамның жаратылыстық-табиғи қасиеттері
б/. әлеуметтік орта тәрбиесі

  1. Г.Спенсер пікірінше адамның биологиялық және психологиялық ерекшеліктері қоғамдық даму факторының қай тобына жатады ?

а/. бастапқы факторлар
б/. қосымша факторлар
5. К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымын қандай екі тапқа жіктеді ?
а/. жоғарғы, орта, төменгі тап
б/. қанаушылар мен қаналушылар
в/. тектілер мен тексіздер

  1. К.Маркс пен Ф. Энгельс пікірінше қоғам, адам үшін ең сәтті басқару формасы қандай ?

а/. республикалық басқару
б/. пролетариат диктатурасы
в/. монархиялық басқару

  1. Л. Гумплович ойынша әлеуметтік егестер…

а/. адамдардың табиғи жағдайы
б/. материалдық қажеттілігін қанағаттандыру
в/. рухани қажеттігін қанағаттандыру

  1. Г.Ратценхофер нәсілдердің өмір үшін күресін қалай бағалады ?

а/. адамзаттық жануарлық инстинктерінің белең алуы
б/. қалыпты әлеуметтік үрдіс
в/. еуропалық нәсілдердің өз үстемдігін іске асыруы
9. У.Самнер ойынша қоғам дегеніміз…
а/. бақталас топтар конгломераты
б/. адамдар бірлестігі
в/. әлеуметтік құрылым мен жіктеліс.

  1. Л.Уорд барлық адамзат эволюциясының ең шыңы болып табылатын биологиялық және әлеуметтік жетістікті қалай деп атады ?

а/. социогения
б/. гендік инженерия
в/. гендерлік теңдік

  1. У.Мак-Дугалл пікірінше адамның "мен", "өзім" деген түсініктерін қалыптастыратын сезім?

а/. сүйіспеншілік сезім
б/. эгоистік сезім
в/. қорқыныш сезімі
г/. қызығушылық сезімі

  1. Г.Лебон тұжырымына сәйкес тобырда адам жеке қасиеттерін …

а/. сақтайды
б/. жаңа деңгейге көтереді
в/. жоғалтады

  1. Г.Лебон ойынша бір мезгілдей жалпы халық сүйіспеншілігі мен жауыздығы, халық сенімі мен сенімсіздігі қай құрылысқа тән ?

а/. капиталистік
б/. социалистік
в/. феодалдық

  1. З.Фрейд ойынша адам өмірінде үш ұстаным болады, соның ішіндегі ең басты әлеуметтік-психикалық ұстаным не ?

а/. тұрақтылық ұстанымы
б/. қанағат алу ұстанымы
в/. шындық ұстанымы

  1. З.Фрейд пікірінше адамның жыныстық энергиясын өз өмірінің сан салаларына бөлінуіне, сөйтіп оның қоғамда жетістікке жетуіне көмектесетін сақтау механизмі қалай деп аталады ?

а/. сублимация
б/. регрессия
в/. проекция
г/. рационализм

  1. В.Парето пікірінше қоғамда үлкен жетістікке жеткен адамдардың екі тобына екі кәсіпкерлік қасиет тән. Осыларды жұптастыр.

А. түлкілер I алыпсатар
Б. арыстандар II рантье
а/. А - I Б- II
б/. А-II Б- I

  1. В.Парето пікірінше адамдар санасын басқару, өзгерту /манипуляция/ қасиеттері адамдар бірлестігінің қайсысына

тән ?
а/. әлеуметтік топ
б/. мүдделік топ
в/. элита

  1. Г.Зиммель жекелеген әлеуметтік зерттеулерді әлеуметтік құндылықтарға айналдырып қоғам өмірінде қолданысқа келтіретін білім аймағын қалай атады ?

а/. әлеуметтік теориялар
б/. әлеуметтік метафизика

  1. Э. Дюркгейм өз діни тұжырымдарында құдайды…

а/. барлық діндерді біріктіруші ретінде бағалады
б/. діни жүйенің басты негізі ретінде жоққа шығарды
в/. барлық адамзатқа біреу болу қажеттігін көрсетті

  1. Э.Дюркгейм ойынша адамның биологиялық жаратылысы, оның әлеуметтік жаратылысымен…

а/. қарама-қайшылықта болады
б/. жұптастық, білестікте болады
в/. бір-бірінен бөлек дамиды

  1. М.Вебер түсінігі бойынша саяси басшылардың заңды үстемдігін қамтамасыз ететін басқару аппараты, бұл…

а/. меритократия
б/. бюрократия
в/. номенклатура

  1. М.Вебер саяси үстемдікті үш түрге жіктеді. Соның ішіндегі барлығы үшін пайдалы мақсаттарды іске асыру үшін, бір-бірімен келісіп жұмыс істеуге негізделген саяси үстемдік түрі қандай ?

а/. дәстүрлі үстемдік
б/. харизматтық үстемдік
в/. заңды үстемдік

  1. М.Вебер пікірінше өркениетті қоғамдарға діни табыну рәміздерінің қандай түрі тән ?

а/. аскеттік-әрекеттік
б/. мистика-табынушылық
в/. интеллект-догматтық

  1. П.Сорокин ойынша адамдардың әлеуметтік қарым-қатынастарға түсуіне әсер ететін факторлар жүйесі үш комплекске бөлінеді. Аштық, қанағатсыздық, жыныстық қажеттілік және т.б. осы комплекстердің қайсысына жатады ?

а/. санасыз рефлекстер
б/. биосаналы реттеушілер
в/. социосаналы реттеушілер

  1. П.Сорокин пікірінше танып-білу іс-әрекеттері қорытындысында пайда болатын құндылық не ?

а/. ақиқат
б/. әдемілік
в/. қайырымдылық
г/. пайда

  1. Т.Парсонс жеке адамдардың қоғамдық жүйеде атқаратын қызметтерін қандай ұғыммен белгіледі ?

а/. әлеуметтік мәртебе
б/. әлеуметтік рол
в/. әлеуметтік әрекет

  1. Американ социолог-ғалым Ю.Хабермас әлеуметтік танымның үш түрін көрсетті. Адамзат қарым-қатынасы барысында мақсаттар мен құндылықтар жасауға бағытталған таным түрін қалай деп атады ?

а/. техникалық таным
б/. қолданбалы-тәжірибелік таным
в/. эмансипация-байланыстық таным

  1. Американ социолог-ғалымы Ч.Р.Миллс өзінің "Билік етуші элита" еңбегінде билік етуші элитаға қандай анықтама берді ?

а/. тек саяси басқару
б/. саяси және экономикалық элита одағы
в/. өнеркәсіптік, саяси, әскери-бюрократиялық элита одағы

  1. Неміс социолог-ғалымы Р. Дарендорф пікірінше әлеуметтік жанжалдардың қозғаушы күші не болып табылады ?

а/. экономикалық қатынастар
б/. әлеуметтік қатынастар
в/. саяси қатынастар

  1. Социология ғылымына адам бойындағы агрессивті мінез-құлықты зерттеу бағыты "драйв" терминін енгізген теориялық бағыт қалай деп аталады ?

а/. фрустрация-агрессия теориясы
б/. әлеуметтік агрессия теориясы
в/. әлеуметтік әсер теориясы
г/. агрессияны әлеуметтік түсіндіру теориясы

  1. Швейцар социолог-ғалымы К.Юнг адам санасының құрылымын төрт түрге бөлді. Адамзат ата-бабасының өмірді, адам мәні мен құдай мәнін түсінудегі ақыл-ойы адам санасының қай бөлігін құрайды ?

а/. жеке саналы істер бастамасы
б/.ұжымдық саналы істер бастамасы
в/. жеке инстинкті істер бастамасы
г/. ұжымдық инстинкті істер бастамасы

  1. Американ социолог-ғалымы К.Хорни әлеуметтік өмірдегі адам мінез-құлқы моделінің үш түрін көрсетті. Өзін қорғау мен қауымға жататындығын дәлелдеу ережелерін ұстанатын мінез-құлық түрі қалай деп аталады ?

а/. адамдарға ұмтылыс сезімі
б/. адамдардан қашу сезімі
в/. адамдарға қарсы тұру сезімі

  1. Американ социолог-ғалымы Дж. Морено әлеуметтік зерттеу қорытындыларын сан және графика түрінде көрсетуді қандай терминмен белгіледі ?

а/. социометрикалық тест
б/. социометрия
в/. социограмма

  1. Американ социолог-ғалымы Т.Веблен пікірінше ғылыми элита және басқару элитасының идеологиясына айналған құндылықтар жүйесі, бұл…

а/. либерализм
б/. технократизм
в/. консерватизм
г/. социализм



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет