2 вариант 1. О.Конттың пікірінше әлеуметтанудың қоғамдық өзгерістер мен құбылыстарды зерттейтін бөлігі қалай деп аталады ?
а/. әлеуметтік статика
б/. әлеуметтік динамика
О.Конттың пікірінше әлеуметтік құрылымның ең бастапқы негізі не ?
а/. отбасы
б/. топ
в/. тап
О.Конт билік бөлінісін қалай көрсетті ?
а/. заң шығару мен атқару билігі
б/. зиялы мен діни билік
в/. заң шығару, атқару, сот биліктері
Л.Кетле пікірінше әлеуметтік жағдайға тұрақты әсер етуші факторлар қалай деп аталады ?
а/. әлеуметтік константтар
б/. кездейсоқ факторлар
в/. орталық ағым
Г.Спенсер пікірінше адамдардың бірлескен өмірінің өзін-өзі ұйымдастыру механизмдері …
а/. мемлекет бойында жинақталады
б/.әлеуметтік институттарда жинақталады
в/. жеке адамдар өзара байланысында пайда болады
Г.Спенсер пікірінше мемлекет құрған күш не ?
а/. адамдар ұйымдасуы
б/. соғыс пен еңбек
в/. адам санасының дамуы
К.Маркс пікіріне сәйкес адамзат дамуының бір формациядан екіншіге алмасу қорытындысы неде ?
а/. өндіріс күштері мен өндірістік қатынастар арасындағы қайшылық
б/. саяси тоқырау
в/. басқа дамыған ел жаулап алуы
Л. Гумплович пікірінше мемлекет…
а/. қоғамдық шарт нәтижесінде құрылды
б/. жаулап алу нәтижесінде құрылды
в/. отырықшылық өмірге көшу нәтижесінде құрылды
Г. Ратценхофер адамның өз тұқымын жалғастыру мен қорғау мүддесін қалай деп атады ?
а/. әлеуметтік мүдде
б/. жеке мүдде
в/. прокреативтік мүдде
г/.трансценденттік мүдде
У.Самнер ойынша қоғам дамуының рухани негізі неде ?
а/. жеке адамдар түсініктері
б/. ұлттық әдет-ғұрыптар
в/. жалпы адамзаттық құндылықтар
Әлеуметтік үрдістердің қоғамдық сана ықпалымен туып, дамығандығын жақтайтын тұжырым қалай деп аталады ?
а/. жеке-даралық тұжырымы
б/. топтық тұжырым
в/. социетарлық тұжырым
Л.Уорд шығармашылық рухты, жаңалыққа бейімділікті өркениеттің психикалық факторларының қай тобына жатқызды ?
А. саналы күш I объективті-табиғи фактор
Б. санасыз күш II субъективті-психологиялық фактор
а/. А-I, Б-II б/. А -II Б-I
Ағылшын социолог-ғалымы У.Мак-Дугалл адам негізгі инстинктері мен сезімдерінің қанша жұбын бөліп шығарды ?
а/. екі жұп
б/. бес жұп
в/. жеті жұп
Ф.Тард пікірінше соқыр сенім, қызбалық, жалған мақсат төмендегі адамдар тобының қайсына тән ?
а/. бірлестік
б/. әлеуметтік топ
в/. тап
г/. тобыр
Г.Лебон пікірінше адам іс-әрекетінің жасырын қоздырушыларын /инстинкті әрекеттер/ не қалыптастырады ?
а/. теориялық оқып-үйрену
б/. қолданбалы тәжірибе жинау
в/.мұрагерлік әсер
З.Фрейд теориясына сәйкес адам өмірі үздіксіз күрес…
а/. байлар мен кедейлер арасындағы
б/. адамның жеке ойы мен қоғамдық пікір арасындағы
в/. жыныстық қанағат алу мен моралдық шектеу арасындағы
З.Фрейдтің атақты либидо түсінігі, бұл…
а/. сана-психикалық энергия
б/. жыныстық-психикалық энергия
в/. әдет-психикалық энергия
Баланың өз анасына санасыз, жыныстық сезімін З.Фрейд қалай деп атады ?
а/. Ахиллес комплексі
б/. Эдип комплексі
в/. Зевс комплексі
Италия социолог-ғалымы В.Парето пікірінше әлеуметтану қандай ғылыми сала болуы тиіс
а/. теориялық
б/. логика-эксперименттік
в/. қолданбалы-тәжірибелік
В.Парето барлық әлеуметтік әрекеттерді екі топқа бөлді. Саясат, экономика, ғылыми аймақтардағы мақсат пен оны іске асыру құралдары бірлігіне негізделген әлеуметтік әрекеттер қай топқа жатады
а/. логикалық әрекеттер
б/. логикаға сыйымсыз әрекеттер
Әлеуметтік өмірдегі ақша ролі мен қызметін зерттеуге арналған тұңғыш еңбек "Ақша философиясының" авторы кім ?
а/. В. Дильтея
б/. Г. Зиммель
в/. Г.Лебон
Ф.Теннис пікірінше адам еркінің екі түрі бар. Соның бірі адамдар қарым-қатынасына жағдай жасайды. Сол қайсысы ?
а/. жаратылыстық ерік
б/. саналы ерік
Неміс социолог-ғалымы Л.Фон Визер пікірінше әлеуметтану қандай ғылыми салалармен тығыз байланысты дамуы тиіс ?
а/. экономика, тарих /әлеуметтік ғылымдар/
б/. психология, биология /жаратылыстық ғылымдар /
Э.Дюркгейм ойынша жаңа заманда адамдардың ұжымдық сана-сезімі біртұтастығын әлсірететін басты фактор не ?
а/. діннің әлсіреуі
б/. көптеген идеологиялық ағымдардың пайда болуы
в/. еңбек бөлінісінің дамуы
Э.Дюркгейм қолданған аномия ұғымы нені білдіреді ?
а/. адамдар мінез-құлқын реттеудің адамгершілік, моральдық механизмдерінің болмауы
б/. адамдар мінез-құлқын реттеудің құқықтық механизмдерінің болмауы
в/. адамдар мінез-құлқының күшпен реттелуі
М.Вебер әлеуметтік әрекеттің төрт түрін көрсетті. Келесі анықтама: "Сыртқы ортадан белгілі бір мінез-құлық түрін күту және бұл күтілісті өз мақсатына жету құралы ретінде пайдалану" қайсысына тән ?
а/. мақсатты-рационалды
б/. құнды-рационалды
в/. аффективтік
г/. дәстүрлі
М. Вебердің келесі анықтамасы: "Этикалық құндылықтарды бастамаға алып, өз мінез-құлқын басқалармен үйлестіру" әлеуметтік әрекеттің қай түріне тән?
а/. мақсатты-рационалды
б/. құнды-рационалды
в/. аффективтік
г/. дәстүрлі
М.Вебер пікірінше өнеркәсіпті қоғамның дәстүрлі қоғамнан басты айырмашылығы неде ?
а/. формалды-рационалды ойлау бастамасының болуы
б/. өндіріс орындарының болуы
в/. жетілген басқару нысаны мен әлеуметтік құрылымның болуы
П.Сорокин пікірінше әлеуметтік үрдістер мен өзгерістерді әлеуметтанудың қай бөлімі зерттеуі тиіс ?
а/. әлеуметтік сұрыптау
б/. әлеуметтік механика
в/. әлеуметтік генетика
Чикаго мектебі социологтарының пікірінше әлеуметтік жағдай өзіне үш өзара байланысты элементті қосады. Әлеуметтік нормалар мен құндылықтар осылардың қайсысына жатады ?
а/. объективті жағдайлар
б/. жеке адам мен топ бастамасы
в/. әрекет істеуші тұлғаның жағдайды пайымдауы
Т.Парсонс пікірінше пайда болған жағдайды шешуге сәйкес екі қызмет түрі болады. Біреуі тұтынысты қанағаттандырып, бір стандартты мінез-құлық түрін беруге бағытталған. Осы қызмет түрі қалай деп аталады ?
а/. мотивациялық қолдау
б/. мінез-құлық мүмкіндіктері
Г.Маркузе пікірінше революциялық күш-қуаты мол әлеуметтік топ, бұл…